Сикырлы саусактар атты шыгармашылык сайыс

Раздел Изобразительное искусство и Мировая художественная культура (ИЗО и МХК)
Класс -
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Ұйымдастырылған оқу іс - әрекетінің технологиялық картасы

Білім беру саласы: Шығармашылық

Тақырыбы: «Сиқырлы саусақтар»

Ұйымдастырылған оқу іс - әрекеті: Бейнелеу

Тобы: Ересектер (Балдәурен, Шаттық , Балауса) топаралық ата- аналар

Түрі: Сайыс

Мақсаты: Ата - аналарға бейнелеу өнерінің қыр-сырын жан-жақты таныстыру. Олардың дүниетанымын, эстетикалық талғамын кеңейту. Сурет салу дағдысын, логикалық ойлау, еске түсіру, елестету қабілеттерін және шығармашылығын арттыру. Өнерді құрмет тұту, оған сүйіспеншілігін арттыру. Өнерге баулу, шығармашылыққа тәрбиелеу.Жылдамдыққа,жеңіске жетуге деген талпынысын арттыру.
Әдісі: сайыс, сұрақ-жауап, құрастыру, тақырыпқа сурет салу.
Көрнекілігі: құрастырма суреттер, суреттер.
Құрал-жабдықтар: плакат, қарындаштар, акварель бояулары, қылқалам,балауыз шам.

Сайыстың барысы:

Армысыздар құрметті қонақтар, сайысымызға қатысушы ата- аналар!

Бүгінгі бейнелеу өнері ұйымдастырылған оқу іс - әрекеті бойынша ересек топаралық ата- аналарының арасындағы «Сиқырлы саусақтар » атты шығармашылық сайысымызға қош келдіңіздер.

Жүзден жүйрікті, мыңнан тұлпарды анықтайтын әділқазы алқасымен танысайық.

1. _______________________________________________________________

2. _______________________________________________________________

3. ________________________________________________________________

Өнер десе өртеніп жанып тұрар,

Сусындап сол өнерден қанып тұрар.

Сегіз қырлы, бір сырлы сайыскерлер,

Кез келді өзін-өзі таныстырар, - дей келе сайысқа түспекші ата - аналарымызбен танысып алайық.(Ата- аналар өздерін таныстырып өтеді)

Сайыстың өткізілу барысымен, ережелерімен таныстырылады.

Сайыс кезеңдері:

  1. «Кім тапқыр?»(байлаулы тұрған көзбен қыз келбетін бейнелеу)

  2. Портрет шебері (ата- аналар өз балаларын бейнелеу)

  3. Жасырын сурет (түнгі қаланы балауыз шам арқылы шығару)

Кезеңдермен таныс болсақ сайысымызды бастайық.

1 кезең. Ата-аналардың көздері байлаулы тұрған күйінде қыз келбетін бейнелеп,түсініксіз болған жағдайда түсіндіріп беру тапсырылады.

Сикырлы саусактар атты шыгармашылык сайысСикырлы саусактар атты шыгармашылык сайысСикырлы саусактар атты шыгармашылык сайыс

2 кезең.Ата- аналарға қарама- қарсы бағытта отырып өз балаларының суретін салу тапсырылады.

Сикырлы саусактар атты шыгармашылык сайыс

3 кезең. Жасырын суретті субояқ көмегімен шығарып алу. Балауыз шам арқылы нобайын салу

Сикырлы саусактар атты шыгармашылык сайысСикырлы саусактар атты шыгармашылык сайыс

  • Сайысты қорытындылау.

  • Жалпы ұпай сандарын шығару арқылы жеңімпаз ата -ананы анықтау.

  • Номинациялар бойынша марапаттау

Сіздерге көп - көп рахмет! Біздің осымен «Сиқырлы саусақтар» атты шығармашылық сайысымыз өз мәресіне жетті.

Мұғалім: Дінисламова Ақтоты

© 2010-2022