Композицияның түстік шешімін орындау

Раздел Изобразительное искусство и Мировая художественная культура (ИЗО и МХК)
Класс -
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Қаралды __________

____________2016 ж

Бейнелеу өнері 6- сыныптар 11.01.2016

Сабақтың тақырыбы: Композицияның түстік шешімін орындау

Сабақтың мақсаты: тақырып бойынша түсінік беру

Тәрбиелік : ұқыптылыққа , әдемілікке тәрбиелеу

Дамытушылық : оқушылардың ой өрісін дамыту, сабаққа деген ынтасын арттыру

Құрал жабдық, көрнекіліктер:

Сабақтың түрі: аралас сабақ

Әдіс тәсілдері: түсіндіру, сурет салу

Сабақтың барысы : ұйымдастыру

а) оқушылармен амандасу

б) сыныптың сабаққа қатысын тесеру

в) үй тапсырмасын тексеру

Жаңа сабақ: суретшілер графикалық , мүсін , кескіндемелік сурет салуда сызықтық, форманы құруда құрылымдық, тепе -теңдік ( пропорция), көлем, жарық пен көлеңке ,көңіл күй мен жай жапсарды беруге тырысады. Көркем шығарма бөліктерінің орналасуы және олардың бірлігі композиция деп аталады.

Суретшілер сурет салу барысында композиция көмегі арқылы өздерінің ойларымен сезімін білдіріп, өмір шындығын, қиялын көрсетіп, заттың қозғалыстағы немесе бірқалыпты қозғалыссыз тұрған қалпын бейнелеуге жол ашады.

Композицияның негізгі әсерлі құралдарына ритм, симметрия, асимметрия, тепе - теңдік , контраст және нюанс жатады.

Әрбір бейненің жазықтық және көлем жиектері шектеулі әрі олардың белгілі бір өлшемі мен пішімі бар. Ол суретшіге шығарманың идеясын ашуға және жалпы ойын білдіруге көмектеседі. Демек пішім мен өлшемді анықтап алу композицияның бірден - бір элементі болып табылады.

Келесі кезең жазықтық немесе көлемді пішін бетіне негізгі масса ,топ заттарды яғни бейненің барлық негізгі элеметтерін орналастыру. Шығарма авторлары бейненің топ, заттары мен жеке бөліктерін үйлестіре отырып,картина сурет немесе мүсін өнерінің көркемдік идеясы мен жалпы айтайын деген ойын білдіреді.

Композицияда әр дайым нақты сызықтар мен пішіндер сондайақ уақталған әрі ұсақтары да кездеседі. Кез келген шығармада болатын сызық , түс және көлем жүйесі композицияның маңызды элементі болатын белгілі бір ырғақ пен қозғалыстың тууына себепкер болады.

Тақырыпты бекіту : композиция дегеніміз не?

Композицияның әсерлі құралдарын ата.

Үйге тапсырма : пейзаж композициясын орындау



© 2010-2022