Сабақ. Бейнелеу өнерінің даму тарихы

Раздел Изобразительное искусство и Мировая художественная культура (ИЗО и МХК)
Класс -
Тип Рабочие программы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Бейнелеу өнері 5-сынып

сабақ күні: Тексерілді:

Сабақтың тақырыбы: Бейнелеу өнерінің даму тарихы.

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: Оқушыларды өнердің шығу тарихымен таныстыру. Қазақстан жерінен табылған жартас бетіне салынған шығармашылық бейнелер жайлы түсініктер беру.

Дамытушылық:. Өнер шығармалары жайлы түсінігін кеңейту; жанрлар ерекшелігін ажырата білу қабілетін дамыту; өнерге қызығушылығын арттыру

Тәрбиелік:. Эстетикалық тәрбие беру; суретші шығармалары арқылы оқушыларды әсемдікке, сұлулыққа тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: жаңа сабақ

Сабақтың көрнекігілігі: Тамғалы жартас суреттерінен көріністер бейнеленген кестелер.

Пәнаралық байланыс: тарих

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру.

ІІ.Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру.

ІІІ. Жаңа сабақ.

Сурет салу өнерінің тарихы тереңде жатыр. Алғашқы қауым кезіндегі суретшілер тас немесе сүйек беттеріне айқын сызықтарымен түрлі бұйымдар, жануарлар, тіпті адам бейнесінде асқан шеберлікпен сала білген. Бұл жайлы Жетісу аймағындағы жартастардағы бейнелей шығармашылығы толық хабардар ете алады.

1950 жылдың аяғында Аңырақай тауынан Тамғалы жартас суреттері табылып, оны зерттеу 70-80 жылдарда басталды. Оқулықта берілген суреттегі адамдар бейнесі Тамғалы жартасының орталық бөлігінен алынған көріністен үщзінді болып табылады.

Алғашқы қоғам дамуы кезінде суретшілер әр түрлі бұйымдар мен жануарларды, тіпті адамдар бейнесін аса шеберлікпен тас бетіне немесе сүйеккке қашап, ою арқылы айқын сызықтармен түсіре білген. Бейнелеу өнері нің бір түрі ретінде Қазақстан аумағында пайда болып, қазіргі кезге дейін сақталған петроглифтерді бұған дәлел етіп айтуға болады. Петроглифтер дегеніміз тас бетіне қашап салынған бейнелер, таңбалар.

Тамғалы шатқалы Алматы қаласынан солтүстік-батысқа қарай 170 шақырымдай жердегі Аңырақай тауында орналасқан. Басты жартастағы суреттердің жалпы саны 2000-ға жуық. Петроглифтер жайлы алғашқы мәліметтерді Ш.Уалиханов жинақтаған. Оқулықта кестеде Тамғалы, Қарақыр, Қаратау шатқалдарындағы бейнелерден көріністер берілген.ІV Сабақты қорытындылау.

-бейнелу өнерінің тарихынан бүгінгі сабақтан нені білдіңдер?

V. Бағалау

VІ.Үйге тапсырма:Бейнелеу өнерінің даму тарихы.



© 2010-2022