Бейнелеу өнері пәнінен Ою-өрнек түрлері. Ою элементтерімен танысу, шығу тарихы

Раздел Изобразительное искусство и Мировая художественная культура (ИЗО и МХК)
Класс 6 класс
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Сабақтың тақырыбы: «Ою-өрнек түрлері. Ою элементтерімен танысу, шығу тарихы»

Сабақтың мақсаты: Оқушыларға ою-өрнек туралы білім беру, оюдың түрлерін, шығу тарихын әңгімелеу. Қазақтың ұлттық ою-өрнегімен, халық өнерімен таныстырып, қастерлеуге тәрбиелеу, ою оюды үйрету, өз бетінше жұмыс жасауды меңгерту.

-Оқушылардың шығармашылық қабілетін дамыту мақсатында қыз балаларды әдемілікке, сұлулыққа баулу, талғамдарының жоғары болуын дамыту.

-Сабаққа қызығушылық ынтасын арттыру, оқушыларды шапшаңдыққа, өз бетінше еңбектенуге және ежелгі салт-дәстүрге баулып, тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: Аралас сабақ.

Пәнаралық байланыс: Сызу, бейнелеу, математика, қазақ әдебиеті, тарих.

Сабақтың көрнекілігі: Ою-өрнек түрлері, тұрмыстық бұйымдар, буклеттер, мақал-мәтелдер, тірек-сызбалар, жұмбақтар, журналдар.

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру бөлімі

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру.

ІІІ. Жаңа сабақ бөлімі.

1.Кіріспе

2. Саяхат «Әжей ауылы»

3. Саяхат «Ғұлама ата»

4. «Оюдан ертегісі»

5. Сабақты бекіту

6. Үйге тапсырма

7. Сарамандық жұмыс

8. Қорытындылау

9. Бағалау

Кіріспе:

Адамдар ертеден - ақ өз жерін қоршаған дүниені тасқа бейнеленген, біртін келе киім-кешектеріне, қолданылатын заттардың сурет ретінде салған. Осылай бірте-бірте ою-өрнек пайда болды. Ал біздің халқымыздың тіршілігінде ою-өрнектің алатын орны үлкен. Ол ұрпақтан-ұрпаққа жалғасып, дамып келе жатқан бірден-бір өнер. Шеберлер ою-өрнектің тілін, сырын, тарихын өте жақсы түсіне білген. Ата-бабадан қалған ою-өрнекті, мәдени шежіремізді сақтап, барынша ұлықтауымыз қажет.

Ою-өрнекті, кімнен үйрендіңіз деген сауалға атақты суретші Әбілхан Қастеев:

Таудың бұлағынан,

Қойдың құлағынан,

Анамның киізінен

Ешкінің мүйізінен, - деп табиғаттың нағыз өнер екенін, сол өнерден үлгі ала біліңдер деген астарлы оймен жауап беріпті.

Ою-өрнек үш топқа бөлінеді:

Өсімдік типтес ою-өрнектер

- гүлі

- сабағы

- жапырағы

Зооморфтық ою-өрнектер

- жануар

- аң

- құс, балық

Космологиялық ою-өрнектер

- дөңгелек

- ирек

- шимай торкөз

Ою-өрнектің атауы мен түрі өте көп. Ғалымдар бүгінге дейін 200-дей түрін анықтаған. Солардың ішінде ең көп таралғаны - мүйіз тектес ою.

Саяхат «Әжей ауылы»

«Өнер - таусылмас азық, жұмаиас байлық» дейді халық. Қазақтың қолөнері халқымыздың ғасырлардан қалған асыл қазынасы. Бабаларымыздан қалған қандай қазына бар? Оның бірі - ою - өрнек, оларды жоғалтпай әрі қарай жалғастыру біздің міндетіміз.

Бүгін біз әжей ауылына саяхатқа шығамыз. «Қарты бар үйдің қазынасы бар». Ертеде халқымыз тұтынған нәрселерінің бәрін оюмен әшекейлеп безендірген.

Міне, балалар, біздер әжей ауылына барып, көптеген мағлұмат алдық. Сондықтан біздер еңбек, қолөнер туралы өлеңдерімізді айтайық:

1.Саусақтары майысып,

Түрлі ою ойысып

Шебер болар ма екенсің!

2. Қазағымның оюын

Біз де іздеп қарайық

Ою менен өрнектің

Әдемісін табайық

3. Ғасырға салт-дәстүрді

Халқымның жалғасуда

Бұғы мүйіз оюы сәндікпенен

Көз тартып ұрпақтарға алмасуда

4. Көрші әжей өнерлі

Барып тұтам шеберді

Құрмет тұтам шеберді

Ою-өрнек үйренем

5. Әжей кесте тігеді

Ойып түрлі оюды

Жібереді өрнегі

Шарықтынып өнерді

6. Оюларға сүйсініп

Қайран қалып тұрасың

Көре білсең түсініп

Одан көп сыр ұғасың

Саяхат «Ғұлама ата ауылы»

«Ауылыңда қартың болса, жазып қалған хатпен тең!» дегендей, біздер қазір мақал-мәтел таңдаймыз.

«Өнерлі елден, өнерлі бала туар».

«Өнерлі баланың он саусағы тең, өнерсіз баланың бір саусағы кем».

«Қыз еркем, кестесімен көркем, Ұл еркем, өнерімен көркем».

«Алтын балдақ - қол сәні, әшекей кесте - тән сәні».

«Балаңды өнерлі болсын десең, ұстаға қос».

«Ою-хан» ертегісі Суретті жұмбақ.

- Жарайды балалар, енді біздер ою хан еліне барамыз. (ертегі айтылады).

- Сурет талқыланады .

Оқушылар білімін бекіту:

Тест сұрақтары беріледі:

1. Ұлттық оюлар?

А) Айшық Б) Өркеш В) Қошқармүйіз

2. Ою-өрнектің неше түрі бар?

А) 200 Б) 300 В) 400

3. «Гүл» оюы нені бейнелейді?

А) Бейбітшілік Б) Қуаныш В) Тоқшылық

4. Аспан әлеміне байланысты ою-өрнек?

А) Айшық Б) Балта В) Көбелек

5. Құстарға байланысты өрнектер?

А) Жұлдыз Б) Қазтабан В) Айшық

6. Геометриялық оюды тап?

А) Қошқармүйіз Б) Гүл В) Сүйір

7. Ертеде ою-өрнекті матаға түсіру үшін қандай тәсіл қолданылған?

А) Қарындаш Б) Уыз В) Бор

8. «... аузына шөп алмайтын» момын теңеуі қай түлікке арналған ою-өрнекте кездеседі?

Көп нүктенің орнына қай түлікке арналған?

А) Итқұйрық Б) Сынықмүйіз В) қошқармүйіз

Үйге тапсырма:

-Ою түрлерінен буклет жасау.

- Өткенді еске алып, ойға төсем,

Сұрыптап тезге салып, көп ойланам,

Қолыма қайшы алып, ою оям, - деп

Бауыржан Момышұлы айтқандай, біз де келесі сарамандық жұмыс бөліміне көшеміз.

Сарамандық жұмыс:

Тақырыбы: «Ою-өрнектің эскизін сызу, қию»

1. Сабаққа байланысты құралдарын дайындау.

2. Техникалық қауіпсіздік ережесін еске түсіру

3. Қағазды үш бүктеп ою

4. Қошқармүйіз өрнегінің толық және жартылай үлгісі тақтаға ілінеді.

5. Сабақта түрлі-түсті қағаз бетіне қошқармүйіз өрнегінің жарты көрінісінң эскизін тез сызылып, оны қайшымен қиып көрсетіледі.

6. Алынған оюды басқа түсті қағазға желімдеп, үлгі оқушыларға көрсетіледі.

Халқымыздың сүйікті ақыны Ф.Оңғарсынованың өлеңінен үзінді.

Түрін - ай текеметтің асыл қандай!

Үңілдім үнсіз ғана басымды алмай

Келе ғой қошақаным өзіме деп,

Әжем кеп сипағандай шашымнан жай.

Күйімді кешсеңдер- ау сол беттегі

Тұрғандай ана көңіл тербеп мені.

Жан бітіп жайраңдады жан-жағымда

Қазақтың қошқармүйіз өрнектері, деп сабағымызды қорытындылаймыз.

Бағалау.


© 2010-2022