Атоматты (пулеметті) бөлшектеу және жинақтау. (Ашық сабақ) 10 сынып

         Күні: 24.01.2014 ж.          Сыныбы:  10          Пәні: Алғашқы Әскери Дайындық          Тақырыбы: Атоматты (пулеметті) бөлшектеу және  жинақтау.       Мақсаты:    Білімділік: оқушыларға автоматты бөлшектеу және жинақтау                         жолдарын үйрету.                       Дамытушылық: оқушылардың  есте сақтау қабілетін,                        аңғарымдылығын дамыту.                       Тәрбиелік: төзімділікке,  ұқыптылыққа,  отансүйгіштікке                        тәрбиел...
Раздел Изобразительное искусство и Мировая художественная культура (ИЗО и МХК)
Класс -
Тип Рабочие программы
Автор
Дата
Формат doc
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

71 орта мектеп


Атоматты (пулеметті) бөлшектеу және жинақтау. (Ашық сабақ) 10 сынып

Атоматты (пулеметті) бөлшектеу және жинақтау. (Ашық сабақ) 10 сынып





(Ашық сабақ)


10 сынып








АӘД оқытушы- ұйымдастырушысы: Алдажаров Дастан


2012 жыл

Күні: 27.12.2012 ж.

Сыныбы: 10

Пәні: Алғашқы Әскери Дайындық

Тақырыбы: Атоматты (пулеметті) бөлшектеу және жинақтау.

Мақсаты: Білімділік: оқушыларға автоматты бөлшектеу және жинақтау

жолдарын үйрету.

Дамытушылық: оқушылардың есте сақтау қабілетін,

аңғарымдылығын дамыту.

Тәрбиелік: төзімділікке, ұқыптылыққа, отансүйгіштікке

тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: жаңа сабақ.

Сабақтың типі: жаңа сабақты меңгерту.

Сабақтың әдісі: түсіндіру, көрсету арқылы ұғыну.

Көрнекілігі: АӘД оқулығы, электронды оқулық, АК- 74 макеті.

Сабақ барысы:

I. Ұйымдастыру кезеңі :

Оқушыларды сапқа тұрғызып, взвод командирінің рапортын қабылдау.

Оқушылармен әскери тәртіпте сәлемдесу.

Түгелдеу, формаларын тексеру.

II. Үй тапсырмасын сұрау.

1-сұрақ. Калашников автоматы мен пулеметі неге арналған?

2-сұрақ. Автомат пен пулеметтің механизмдері мен негізгі бөліктерін атаңдар?

3-сұрақ. Автоматтың (пулеметтің) автоматтық әрекеті неге негізделгенін айтыңдар?

III. Жаңа сабақ:

Жоспары:

1. Автоматты (пулеметті) толық емес бөлшектеу тәртібі.

2. Автоматты (пулеметті) толық емес бөлшектеуден кейін жинастыру реті.

Автоматты (пулеметті) бөлшектеу толық және толық емес болуы мүмкін: толық емес бөлшектеу - автоматты тазалау, майлау және тексеру үшін; толық бөлшектеу - жаңбыр мен қар астында қалғанда, не жөндеу кезінде автоматты қатты ластанудан тазалау үшін жүргізіледі. Автоматты (пулеметті) толық емес бөлшектеу мен жинақтау үстел үстінде немесе таза төсеніш жайылып жүргізіледі; бөлшектер мен механизмдер бөлшектенген ретімен қойылады. Оларды абайлап ұстап, бірінің үстіне бірін қоймай, күштемей және соққыламай жүргізу керек.

Автоматты (пулеметті) жинақтау кезінде оның бөлімдеріндегі нөмірлерді салыстыру керек; әр автоматтың (пулеметтің) ұңғы қорабындағы нөмір газ құбырындағы, бекітпе ергенегіндегі, бекітпедегі, ұңғы қорабы қақпағындағы және басқа бөліктеріндегі нөмірге сәйкес келуі керек.

Автоматты (пулеметті) толық емес бөлшектеу тәртібі:

Атоматты (пулеметті) бөлшектеу және жинақтау. (Ашық сабақ) 10 сыныпАтоматты (пулеметті) бөлшектеу және жинақтау. (Ашық сабақ) 10 сынып

Атоматты (пулеметті) бөлшектеу және жинақтау. (Ашық сабақ) 10 сынып

1) Оқжатарды бөлектеу.

Содан кейін оқтықта оқтың бар-жоғы тексеріледі, бұл үшін ауыстырғыш төменге түсіріледі, оны "АВ" (автоматты ату) немесе "ОД" (жекелей ату) жағдайына қойып, бекітпе жақтауының тұтқасы кейін жылжытылады, оқтықты тексеріп, бекіткіш жақтауы жіберіліп, шүріппе ұрыстық қайырудан босатылады.

2) Жабдықтар пеналын дүм ұясынан шығарып алу.

3) Сүмбіні алу.

4) Автоматтан ұңғылық тежеуіш-компенсаторын, пулеметтан жалын сөндіргішін бөліп алу.

5) Ұңғы қорапшасының қақпағын бөлектеу.

6) Қайтармалы механизмді бөліп алу.

7) Бекітпемен қоса бекітпе жақтауын алу.

8) Бекітпені бекітпе жақтауынан алу.

9) Ұңғы бастырмасымен газ түтігін босатып алу.

Автоматты (пулеметті) толық емес бөлшектеуден кейін жинастыру реті:

  1. Газ түтікшесін ұңғылық бастырмасымен қосу.

  2. Бекітпені бекітпе жақтауына қосу.

  3. Бекітпемен қоса бекітпе жақтауын ұңғы қорабына қосу.

  4. Қайтармалы механизмді қосу.

  5. Ұңғы қорабының қақпағын қосу.

  6. Шүріппені ұрыстық қайырмасынан босатып, сақтандырғышқа қою.

  7. Автоматқа ұңғылы тежеуіш -компенсаторды, пулеметке жалын сөндіргішті қосу.

  8. Сүмбіні қосу.

  9. Пеналды дүм ұясына салу.

  10. Оқжатарды автоматқа қосу.

IV. Сабақты бекіту сұрақтары:

  1. Автоматты (пулеметті) жартылай бөлшектеу не үшін жүргізіледі?

  2. Автоматты (пулеметті) жартылай бөлшектеуді ретімен айтып беріңдер.

  3. Автоматты жартылай бөлшектеудің пулеметті жартылай бөлшектеуге қарағанда қандай ерекшелігі бар?

V. Қорытынды:

Үйге тапсырма : § 4. 146-150 беттерді оқу, түсінік айту.

Бағалау .

Әскери тәртіпте қоштасу.




© 2010-2022