Бейнелеу өнері пәнінен сабақ жоспары: Сәнді натюрморт салайық

Натюрмортты шағын топта бірігіп саламыз. Қағазға орналастыру заңдылықтары оқушылар өздері топта талқылайды. Суретте салынғанәр заттың пішіні қандай геометриялық денелерге ұқсастығына талдау жүргіземіз.  Әр заттың түсіне сәйкістендіріп жарық көлеңкесін ажыратып бояймыз. Сурет салынып болғаннан кейін шағын топтағы дарынды бала салған суреттеріне әңгіме құрастырады. Шағын топта өздері ақылдасып бір тұжырымға келеді. Сабақ бойы не туралы айтылғаны туралы бір шешімге келеді.   Шағын топтағы салған с...
Раздел Изобразительное искусство и Мировая художественная культура (ИЗО и МХК)
Класс -
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Сабақты құру және жоспарлау кестесі.

Сабақ жүргізген мұғалімнің аты-жөні

Жұлдыз Аманбаева

5 сынып

Ақмола облысы Бурабай ауданы Сәкен Сефуллин атындағы орта мектеп

12/13 апта

4 сабақ 10.40.-11.35 № дәрісхана

Сабақтың атауы

Сәнді натюрморт салайық.

Сілтеме

Қ. Болатбаев, Ұ Ибрагимов 5 сынып оқулығы Балалардың салған суреттері

Жалпы мақсаттары

Колданбалы сәндік өнері туралы айтып өту. Суық және жылы түстерді айыра білулерін үйрету. Оқушы алған білімі өз дамуына әсер ету өмірде алған білімін қолдана алу.

Міндеттері

1. Логикалық ойын ойнау арқылы оқушылардың қызығушылығын ояту.

2. Жаңа тақырыпқа оқушылардың білетін білімі арқылы кіру, барлық білетін түстерін қайталау.

3. Оқушылардың өздерін-өздері оқыту арқылы білім беруге ықпал жасау, сыни тұрғыдан ойлау процестері арқылы әр баланы қамтуға жағдай жасау.

4. Жаңа сабаққа белгілі бір ой қорытындылар жасау.

Сабақта туындаған негізгі идеялар

1.Оқушының өмірдегі біліміне, білетініне, сүйену

2.Жаңа теориялық ақпаратты беру арқылы оқушыға жаңа ойлау дағдысын, мәнерін, амалдарын қалыптастыруға ықпал жасау

3. Проблемалық сұрақтарды шешуге итермелеу арқылы СТО

Күтілетін нәтиже

1. ҚСО жайлы ұғым, білімінің негізін қалау.

2.Жаңа теориялық ақпаратты беру арқылы оқушыларды колорит туралы өздерінің білімдерін кеңейту

3.Жаңа түсінікті пайдаланудың мүмкіндіктері қандай деген жаңа сабаққа үлкен қызығушылық тудыру

Тапсырмалар

Бейнелеу өнері оқулығы.

Сабақтың жүрілуі бойынша мұғалімнің жазбалары: Мұғалімдер немен айналысады және оқушылар немен айналысады.

Оқушыларды ұйымдастыру, сәлемдесу

Сто сұрақтары

Сабақ барысында жасалған мұғалім мен оқушылардың іс-әрекеті

Сабақтың маңыздылығы не?

-оқушылар не алады?

-бұрынғы білімін қалай пайдалана алады?

-өмірден алған тәжірибесінің әсері?

-Мақсаты

-оқушы ой қозғау арқылы тақырыпқа әкелу

-тақырып жайлы бұрынғы білетіндерін анықтау, соған сүйену жолдарын табу

Оқушылардың логикалық ойларын дамытуға тағы мынандай ойындарды қолдануға болады. Оқушыларды кез келген түсті айтып, сол түсті бес нәрсені тез арада айтуларын талап ету. Бір минуттың ішінде бес нәрсені атай алмаған бала ойыннан шығады. Аталған нәрселерді қайталауға болмайды. Бала тез ойланған арқылы түстерді қайталайды.

Мұғалім сұрағы: Біз осы ойынды не үшін ойнадық? Қалай ойлайсыңдар? Ойлануға уақыт беріледі. Жауаптары қабылданады

Сын тұрғысынан ойлау үшін мүмкіндіктер

-еркін ойлауға қан-дай мүмкіндіктер жасалды?

-өздігінен ізденуге қандай мүмкіндіктер жасалады?

Мұғалімнің іс-әрекеті:

-әрі қарай не болатынына қызықтыру, белсенділіктерін ояту

-алатын білімінің пайдалылығына көздерін жеткізу

-білімін, ақпаратты жүйелеуге үйрету

ІІ мағынаны тану

  • Натюрморт жанрын қайталау.

  • Сәнді натюрморт туралы түсінік беру.

  • Натюрмортты дұрыс композиция құрастырып орындауға тапсырма беру.

  • Натюрмортты шағын топта дұрыс үйлестіріп суретін салуға тапсырма беру.

  • Сурет салу

Мағынаны ажыра-ту сатысы (жаңа ақпарат)

-оқушыларды белсе-не қатыстыру

-стратегияларды жүйелі қолдану арқылы оқушылар-дың жұмысын ұйымдастыру (сауал қоя білу, талдау жа-сай білу, баяндау және қызу ой талқы-сын жасай білу қабі-леттерін жетілдіру жолдарын беру)

-оқушылармен бір-лесіп жұмыс жасау, қарым-қатынас шеберлігін ұтымды пайдалана білу

Сурет салу, тапсыма орындау.

Бірнеше сәнді натюрморттардың суретін ұсыну. Сол суреттерге қарап дұрыс композиция құрастырып сәнді натюрморт салуға тапсырма беріледі. Балалар шағын топта сурет салады.

Сарамандық жұмыс:

Натюрмортты шағын топта бірігіп саламыз.

Қағазға орналастыру заңдылықтары оқушылар өздері топта талқылайды.

Суретте салынғанәр заттың пішіні қандай геометриялық денелерге ұқсастығына талдау жүргіземіз.

Әр заттың түсіне сәйкістендіріп жарық көлеңкесін ажыратып бояймыз.

Сурет салынып болғаннан кейін шағын топтағы дарынды бала салған суреттеріне әңгіме құрастырады. Шағын топта өздері ақылдасып бір тұжырымға келеді. Сабақ бойы не туралы айтылғаны туралы бір шешімге келеді.

Шағын топтағы салған суреттерін шығып бірге қорғайды.

Толғаныс (рефл-я)

-сабақта үйренген-дерін бекіту, қолдану жолдарын беру

-жаңадан үйренгенін пайдалана отырып, білімін жүйелеу

Оқушылардың ойларын сұрап, сыныппен ақылдасып, жасаған жұмысты қорытындылап, сабақты тұжырымдаймыз. Сабақты қорытындылау.

Бағалау парағы арқылы бірін-бірі бағалау.

Сабақтың соңында кері байланыс жасау.

Сабақты аяқтау түрлері

-бір пікірге келу...

-өз пікірін дәлелдеу...

-үйде жалғастыру...

Үйге тапсырма беру:

Келесі сабаққа қарындаш, бояу, қылқалам, су құятын ыдыс, альбом, әкелу.

Балалар сабақ бойы білгендерін, танысқандарын қорытындылайды.


© 2010-2022