Бейнелеу өнері пәнінен сабақ жоспары: Менің Қазақстаным

Қазақстанның сәулет өнеріні ескерткіштерімен танысу. Суреттің орындалу техникасы, заңдылықтары жайлы ұғымдарын қалыптастыру, оқушы алған білімі өз дамуына әсер ету өмірде алған білімін қолдана алу. Оқушылардың қызығушылығын ояту. Жаңа тақырыпқа  оқушылардың білетін білімі арқылы кіру. Оқушылардың өздерін-өздері оқыту арқылы білім беруге ықпал жасау, сыни тұрғыдан ойлау процестері арқылы әр баланы қамтуға жағдай жасау. Жаңа сабаққа белгілі бір ой қорытындылар жасау. Қазақстанның сәулет өнері жайл...
Раздел Изобразительное искусство и Мировая художественная культура (ИЗО и МХК)
Класс -
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Сабақ жүргізген мұғалімнің аты-жөні

Жұлдыз Аманбаева

4 сынып

Ақмола облысы Бурабай ауданы Сәкен Сефуллин атындағы орта мектеп

8 апта

22.10.14

3 сабақ 15.30.-16.15 №31 дәрісхана

Сабақтың атауы

Менің Қазақстаным.

Сілтеме

Жеделов, Шапкина, Королькова. 4 сынып оқулығы Слайдтар

Жалпы мақсаттары

Қазақстанның сәулет өнеріні ескерткіштерімен танысу. Суреттің орындалу техникасы, заңдылықтары жайлы ұғымдарын қалыптастыру, оқушы алған білімі өз дамуына әсер ету өмірде алған білімін қолдана алу.

Міндеттері

1. Оқушылардың қызығушылығын ояту

2. Жаңа тақырыпқа оқушылардың білетін білімі арқылы кіру

3. Оқушылардың өздерін-өздері оқыту арқылы білім беруге ықпал жасау, сыни тұрғыдан ойлау процестері арқылы әр баланы қамтуға жағдай жасау

4. Жаңа сабаққа белгілі бір ой қорытындылар жасау

Сабақта туындаған негізгі идеялар

1.Оқушының өмірдегі біліміне, білетініне, сүйену

2.Жаңа теориялық ақпаратты беру арқылы оқушыға жаңа ойлау дағдысын, мәнерін, амалдарын қалыптастыруға ықпал жасау

3. Проблемалық сұрақтарды шешуге итермелеу арқылы СТО

Күтілетін нәтиже

1.Қазақстанның сәулет өнері жайлы ұғым , білімінің негізін қалау.

2.Жаңа теориялық ақпаратты беру арқылы оқушыларды сәулет өнері туралы өздерінің білімдерін кеңейту

3.Жаңа түсінікті пайдаланудың мүмкіндіктеріқандай деген жаңа сабаққа үлкен қызығушылық тудыру

Тапсырмалар wiki беттерінен жүктелген дереккөздер

Бейнелеу өнері оқулығы, Google сайтынан алынған кесенелер көрсетілген суреттер, Kerekinfo.kz алынған фотолар Домалақ ана, Қозы Көрпеш Баян сұлу, Қожа Ахмет Ияссауи, Айша бибі кесенелерінің суреттері, Яндекс Кесенелер туралы мәліметтер.

1 сабақ Тақырыбы: Қазақстандағы сәулет өнерінің ескерткіштері

Оқытуға арналған мектептің жалпы қабылданған ғылыми стандартын анықтау

Сабақта қолданылатын ұғымдар

Балаларға арналған идея немесе идеяны балалар қалай ұғынды?

Оқыту сұранысын анықтау. Оқыту қажеттіліктерін анықтаңыз?

Қазақстан сәулет өнерінің ескеркіштерінің маңыздылығы. Кесенелердің киелілігі, құрылымдағы симетриясы.

Кесене, симметрия, архитектура, перспектива, экстерьер, мазар, мавзолей, некрополь

Бейнелеу өнерінің түрлерін жанрлармен шатастырады

Бейнелеу өнерінің бір түрі ретінде қарастыру

Орындалу техникасын өзгерту

Сабақтың жүрілуі бойынша мұғалімнің жазбалары: Мұғалімдер немен айналысады және оқушылар немен айналысады.

Оқушыларды ұйымдастыру, сәлемдесу / 0,5мин/

Сто сұрақтары

Сабақ барысында жасалған мұғалім мен оқушылардың іс-әрекеті

Сабақтың маңыздылығы не?

-оқушылар не алады?

-бұрынғы білімін қалай пайдалана алады?

-өмірден алған тәжірибесінің әсері?

-сабақтың болашақта оқушыға қандай пайдасы бар?

-оқушы ой қозғау арқылы тақырыпқа әкелу

-Тақырып жайлы бұрынғы білетіндерін анықтау, соған сүйену жолдарын табу

І Қызығушылығын ояту. Слайд1

Балалар, біз бүгін басқаша жұмыс істейміз!

ЖИГСО-1

Жанұя тобын құру

Жұмыс тобына бөліну

Жанұя тобына оралу

(түсінгендерін мүсіндеу, қорғау)

Оқушыларға сабақтың басында сабақ барысын түсіндіріп айтып өту

Сын тұрғысынан ойлау үшін мүмкіндіктер

-еркін ойлауға қан-дай мүмкіндіктер жасалды?

-өздігінен ізденуге қандай мүмкіндіктер жасалады?

Мұғалімнің іс-әрекеті

-әрі қарай не болатынына қызықтыру, белсенділіктерін ояту

-алатын білімінің көздерін жеткізу

-білімін, ақпаратты жүйелеуге үйрету

ІІ мағынаны тану

Жанұя тобында мәтін оқу Слайд2/1

/5 минут/

Жұмыс тобында пікір алмасу Слайд2/2

/5 минут/

Жанұя тобына оралу, түсінгендерін айту Слайд2/3

/4 минут/

Слайдтарды қарау Слайд3-6

Мағынаны ажыра-ту сатысы (жаңа ақпарат)

-оқушыларды белсе-не қатыстыру

-стратегияларды жүйелі қолдану арқылы оқушылар-дың жұмысын ұйымдастыру (сауал қоя білу, талдау жа-сай білу, баяндау және қызу ой талқы-сын жасай білу қабі-леттерін жетілдіру жолдарын беру)

-оқушылармен бір-лесіп жұмыс жасау, қарым-қатынас шеберлігін ұтымды пайдалана білу

-оқулықтан басқа ақпараттар көзін ашу

Оқушыларға таратылған мәтіндер

І - топқа Домалак ана кесенесі ХІ ғасырдың ескерткіші. Домалақ ана кесенесі Оңтүстік Қазақстан облысының оңтүстігі Қаратау бөктерінде Балабөген өзенінің бойында орналасқан. Кесене Али Сыланқызы Нуриланың мазарының үстінде салынған, Нурила апамыз халық арасында Домалақ ана деген атқа ие. Домалақ ана Байдибек атаның ең кенже әйелі. Ол өзінің ақылдылығымен, сабырлылығымен танымал, және жақсылық пен ананың символы болып табылады. Домалақ ана халық арасында дауларды шешуімен, тапқырлығымен танымал болған. Алғашында кесене 1456 жылы төрт куполды болып салынды. XI-XV ғасырлары Домалак ана кесенесі бірнеше рет қайта жөндеуден өткен болатын. ХХ ғасырда салынған кесене 6 бағаналы болған. Домалақ ана кесенесінің биіктігі 12 метр. Аңыз бойынша Домалақ ана кесенесінде екі қасиетті тас бар, осы екі тастың арасынан тек қана таза адам өте алады. Мұражайда қолдан жасалынған көптеген заттар сақталған.

ІІ - топқа Тараз жерінде әулиелі жерлер мен кесенелер көп. Олардың арасынан бірінші тілге тиек болатыны - атақты Айша бибі кесенесі. Ол ХІІ ғасырдағы сәулет өнерінің көрнекті ескерткіші болып саналады. Әулиелі Әулиеата өңіріне аяқ басқан адамның бәрі ең алдымен осы кесенеге келіп, тәу етпей кетпейді. Қараханидтер сәулет ескерткіштері ішінен бұл ескерткіш ең кереметі болып саналады. Ескерткіштің сыртқы бетіне қаланған кірпіштердің әртүрлілігінің өзі таңғалдырарлықтай… Аңыз бойынша, Айша бибі асқан сұлулығымен қатар, ақылдылығымен де елге есімі жайылған ару болған деседі. Ол әйгілі шығыс ақылшысы Зеңгі бабаның қызы болып келеді. Сұлу Айша мен батыр Қарахан арасындағы шексіз махаббат та осы күнге аңыз бойынша жеткен. Айша бибінің кім екені жөнінде ғасырлар сорабынан жеткен аңыз болмаса, тарихи деректер жоқтың қасы. Айтулы аңызға құлақ түрсек, Айша бибі киелі Түркістан жерінде жас батыр Қараханмен кездесіп, бірін-бірі ұнатқан екі жас бас қосып, өмірлік қосақ болуға уағ­даласады.

ІІІ - топқа Қожа Ахмет Ясауи кесенесі - Түркістан қаласында XIV ғасырдың соңында тұрғызылған архитектуралық ғимарат. Қожа Ахмет Ясауи дүние салғаннан кейін халықтың көп жиылуымен өзіне арнап соғылған кішкене мазарға жерленеді. Кеін бұл кесене мұсылмандардың жаппай тәуеп ету орнына айналды. Қожа Ахмет Ясауи кесенесі - аса үлкен порталды күмбезді құрылыс. Оның ені - 46,5 м, ұзындығы - 65 м. Ғимараттың орасан зор порталы (ені - 50 метрге жуық, порталдық аркасының ұзындығы - 18,2 м) және бірнеше күмбезі бар. Оның орталық залының төңірегіне түрлі мақсатқа арналған 35 бөлме салынған. Жамағатхана (мұнда қазан тұруы себепті қазандық деп аталған) күмбезінің ұшар басына дейін есептегендегі ғимараттың биіктігі - 37,5 метр. Сыртқы қабырғалардың қалындығы - 1,8-2 м, қазандық қабырғаларының қалындығы - 3 метр. Жалпы тұрқы симметриялы, жеке бөлшектері - ассиметриялы болып келетін бұл зәулім ғимарат 8 түрлі бөлмелер тобынан тұрады: Қазандық; Үлкен Ақсарай ;Кіші Ақсарай; Кітапхана; Асхана ;Көрхана.

ІV - топқа Қозы Көрпеш-Баян Сұлу мазары-сәулет өнерінің ескерткіші Мазар табаны төрт бұрышты таған түрінде (сырт жағынан ауд. 7,10x7,10м, ішкі жағынан 3,38x3,38м), жоғары қарай сүйірленіп, қүмбезделіп өрілген,биікт. 11.65м. Еденінен күмбезіне дейінгі биікт.4,35м. Қабырғасы гранит қалақ тастан сабан аралас балшықпен қаланған, қалындығы-1,86м. Кірер есігі шығысқа қаратылған. Мавзолейдің құрылыс материалы-жалпақ тастар пирамидалық үлгіге сәйкестене қаланған. Төрт жағының бірінде симметрияның сақталмауынан ойыс пайда болған. Бұл да төрт қырлы. Мавзолейдің авторы өз қолымен өрген құрылыстың өскін ұрпаққа қалдырар өнегесі мен өсиетінің келер заман құндылықтарымен жымдаса қабысуын жан-жақты ойластырғандай.

Толғаныс (рефл-я)

-сабақта үйренген-дерін бекіту, қолдану жолдарын беру

-жаңадан үйренгенін пайдалана отырып, білімін жүйелеу

жауап шешімі осыған байланысты жұмыс-тар беру арқылы түсінік деңгейін тексеру

ІІІ. Ой қорытынды

Сурет салу, салған суретті мүсіндеп рельеф жасау. Суреттері де, жасаған мүсіндері де өз ойларынша салған сурет болады. Алған білімдерін практикада қолдану.

/20 минут/ Слайд7/1

Суреттерін қорғау, топпен шығып әр оқушы өзінің білгенін айтады /2 минуттан төрт топқа 6 минут/


Бағалау (түрлері)

-оқушының өзін-өзі бағалауы

-топтың өзін-өзі бағалауы

-мұғалімнің бағалауы

-жалпы бағалау

-критерийлер арқылы бағалау

-сабақты қалай аяқтаудың жоспарлары

Бағалау: /1мин/

Өзін-өзі және достарын бағалау тақтаға суреттерінің астына жабыстыру арқылы.

Балалардың бірін бірі ұпайлармен бағалаудың қорытындысы бойынша бағаларын қою.

Балалар тақтадағы өздері тізіп қойған суреттеріне өздерінің ұпайлар қойған стикерлерін жабыстарды.


Сабақты аяқтау түрлері

-бір пікірге келу...

-өз пікірін дәлелдеу...

-үйде жалғастыру...

Үйге тапсырма беру:

Өздерің қалаған әр түрлі материал алып келіңдер

/1мин/

45 мин. Сабақтың соңы


Сабақ барысын ұйымдастырудағы қосымша іс-әрекеттер немесе сабақ бойынша өзгертулер

-оқушы алған білімінің деңгейін қандай дәлел арқылы білуге болады?

- оқушының білмегенін жеткізе аламыз ба?

-мүкіндіктер мен уақыт жеткілікті болды ма?

Оқушы алған білімінің деңгейін:

Оқушының белсенділігі, оған деген сенім, бірігіп жұмыс жасау ынтымақтастық арқылы дәлелдей аламын. Мысалы: оқушылар ақылдасып рельеф жасай бастағанда өзара түсінушілік пайда болды. Мұнда оқушылар ынтымақтаса отырып ілім беру үдерісіне белсенді араласуы, жеке тұлға ретінде өз-өзіне сеніммен қарап жұмыс жасауы (өзін-өзі бағалауы), білім берудегі жаңа мүмкіндіктерді (достарымен бірге жұмыс жасау) пайдалана алды. Бұл жердегі ең негізгі принцип сенім білдіру мен ынтымақтастық болды.

Бір ескеретін жағдай бүгінгі алған білімімен оның болашағын болжауға болмайды. Өйткені ол қозғалыс пен уақыт арқылы өсіп отыратын жеке тұлға.


/1200 сөз/

© 2010-2022