Бейнелеу өнері пәнінен сабақ жоспары: Қораптың суретін әр қырынан салу

Қораптарды геометриялық денелер ретінде қарастыру. Олардың басқа заттарға ұқсастығын талдау. Оларды қағаз бетіне дұрыс орналастырып салу. Жарық пен көлеңкелерін жазықтықта бейнелей алуларын жаттықтыру. Оқушы алған білімі өз дамуына әсер ету өмірде алған білімін қолдана алу. Берілген заттарды сурет дәптеріне дұрыс үйлестіріп салу талап етіледі. Тапсырма әр оқушыға жеке орындауға тапсырылады. Салып болғаннан кейін балалар суреттерін тақтаға апарып жабыстырады. Оқушылардың ойларын сұрап, сыныппен а...
Раздел Изобразительное искусство и Мировая художественная культура (ИЗО и МХК)
Класс -
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Сабақты құру және жоспарлау кестесі.

Сабақ жүргізген мұғалімнің аты-жөні

Жұлдыз Аманбаева

5 сынып

Ақмола облысы Бурабай ауданы Сәкен Сефуллин атындағы орта мектеп

6 апта

4 сабақ 10.40.-11.35 № дәрісхана

Сабақтың атауы

Қораптың суретін әр қырынан салу.

Сілтеме

Қ. Болатбаев, Ұ Ибрагимов 5 сынып оқулығы, ноутбук

Жалпы мақсаттары

Қораптарды геометриялық денелер ретінде қарастыру. Олардың басқа заттарға ұқсастығын талдау. Оларды қағаз бетіне дұрыс орналастырып салу. Жарық пен көлеңкелерін жазықтықта бейнелей алуларын жаттықтыру. Оқушы алған білімі өз дамуына әсер ету өмірде алған білімін қолдана алу.

Міндеттері

1. Логикалық ойын ойнау арқылы оқушылардың қызығушылығын ояту.

2. Жаңа тақырыпқа оқушылардың білетін білімі арқылы кіру, барлық білетін түстерін қайталау.

3. Оқушылардың өздерін-өздері оқыту арқылы білім беруге ықпал жасау, сыни тұрғыдан ойлау процестері арқылы әр баланы қамтуға жағдай жасау.

4. Жаңа сабаққа белгілі бір ой қорытындылар жасау.

Сабақта туындаған негізгі идеялар

1.Оқушының өмірдегі біліміне, білетініне, сүйену

2.Жаңа теориялық ақпаратты беру арқылы оқушыға жаңа ойлау дағдысын, мәнерін, амалдарын қалыптастыруға ықпал жасау

3. Проблемалық сұрақтарды шешуге итермелеу арқылы СТО

Күтілетін нәтиже

1. Геометриялық денелер жайлы ұғым, білімінің негізін қалау.

2.Жаңа теориялық ақпаратты беру арқылы оқушыларды үйлестіру туралы өздерінің білімдерін кеңейту

3.Жаңа түсінікті пайдаланудың мүмкіндіктері қандай деген жаңа сабаққа үлкен қызығушылық тудыру

Тапсырмалар

Бейнелеу өнері оқулығы.

Сабақтың жүрілуі бойынша мұғалімнің жазбалары: Мұғалімдер немен айналысады және оқушылар немен айналысады.

Оқушыларды ұйымдастыру, / сәлемдесу

Сто сұрақтары

Сабақ барысында жасалған мұғалім мен оқушылардың іс-әрекеті

Сабақтың маңыздылығы не?

-оқушылар не алады?

-бұрынғы білімін қалай пайдалана алады?

-өмірден алған тәжірибесінің әсері?

-Мақсаты

-оқушы ой қозғау (СТО) логикалық сұрақтар арқылы сабаққа көңілдерін аудару:

Біздікі болғанымен басқалар қолданатын нәрсе?

Жауабы: Есіміміз

Ұзарған сайын қысқаратын нәрсе не?

Жауабы: Өмір

Қай айда 28 күн бар?

Жауабы: Барлық айда

Мені ешкім түсінбейді, неге?

Жауабы: Өйткені ол ешкі ғой

Бірінші төрт аяқты, кейін екі аяқты, одан кейін үш аяқты ол не?

Жауабы: Адам

Король кімнің алдында тәжін шешеді?

Жауабы: Шаштараздың

Ұрғашы кенгуру қандай жағдайда қатты ашуланады?

Жауабы: Қалтасындағы баласы бұтына жіберіп қойған кезде

Суды елекпен қалай тасуға болады?

Жауабы: мұз қылып қатырып

  • Оқушыға берілген сұраққа жауап беру үшін қосымша уақыт алуына мүмкіндік беру

  • Оның өзара қарым-қатынастан алар пайдасын бақылау

  • Ауызекі сөйлеу дағдысы жетілген балалармен қарым-қатынас жасауына, олармен түрлі тақырыпта диалог құруына жағдай жасау.

Сын тұрғысынан ойлау үшін мүмкіндіктер

-еркін ойлауға қан-дай мүмкіндіктер жасалды?

-өздігінен ізденуге қандай мүмкіндіктер жасалады?

Мұғалімнің іс-әрекеті:

-әрі қарай не болатынына қызықтыру, белсенділіктерін ояту

-алатын білімінің пайдалылығына көздерін жеткізу

-білімін, ақпаратты жүйелеуге үйрету

Ой қозғау мақсатында сыныпқа қорап тәрізді геометриялық денелерді алып келемін.

ІІ мағынаны тану

  • Қораптар әкеліп алдарына әр қырларынан қоямын.

  • Балалар қызығушылықпен сұрақтар қоя бастайды.

  • Қойылған сұрақтарды барлық сыныппен талданады.

  • Заттардың пішімдерін, орналасуларын талдауға бағыт беріледі.

Мағынаны ажыра-ту сатысы (жаңа ақпарат)

-оқушыларды белсе-не қатыстыру

-оқушылармен бір-лесіп жұмыс жасау, қарым-қатынас шеберлігін ұтымды пайдалана білу

Сурет салу, тапсыма орындау.

Берілген заттарды сурет дәптеріне дұрыс үйлестіріп салу талап етіледі.

Тапсырма әр оқушыға жеке орындауға тапсырылады.

Салып болғаннан кейін балалар суреттерін тақтаға апарып жабыстырады.

Толғаныс (рефл-я)

-сабақта үйренген-дерін бекіту, қолдану жолдарын беру

Оқушылардың ойларын сұрап, сыныппен ақылдасып, жасаған жұмысты қорытындылап, сабақты тұжырымдаймыз. Сабақты қорытындылау.

Бағалау түрлері

Балалар бір бірінің жұмыстарын стикерлер жабыстыру арқылы бағалайды.

Сабақты аяқтау түрлері

-бір пікірге келу...

-өз пікірін дәлелдеу...

-үйде жалғастыру...

Үйге тапсырма беру:

Келесі сабаққа альбом, қарындаш, бояулар, палитра әкелу.

Балалар сабақ бойы білгендерін, танысқандарын қорытындылай келе айналадағы қоршаған заттарды сезіне білуді үйренеді. Үйде нобайлар салуға тапсырма беріледі.



© 2010-2022