Сабақтың тақырыбы: «Қазақтың ұлттық киімдері»

Сабақтың тақырыбы: «Қазақтың ұлттық киімдері» Сабақтың мақсаты:а) Білімділігі: Оқушыларға қазақ халқының ұлттық киімдерінің ерекшеліктері, түрлері пайдалану және тұтыну ерекшеліктері туралы түсінік беру .Оқушылардың сәндік қолданбалы өнері жайында білімдерін толтыру, көне киімдер жайында түсінік беру;б) Дамытушылығы: Оқушылардың эстетикалық талғамын арттырып ,ұлттық киім тарихын зерттеуге қызығушылығын арттыру ,ойын, қиялын,тілін дамыту. Оқушылардың ұлттық киім түрлерін дұрыс бейнелеуге баулу;...
Раздел Изобразительное искусство и Мировая художественная культура (ИЗО и МХК)
Класс -
Тип Рабочие программы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Сабақтың тақырыбы: «Қазақтың ұлттық киімдері»Сабақтың тақырыбы: «Қазақтың ұлттық киімдері»Сабақтың тақырыбы: «Қазақтың ұлттық киімдері»
Сабақтың мақсаты:
а) Білімділігі: Оқушыларға қазақ халқының ұлттық киімдерінің ерекшеліктері, түрлері пайдалану және тұтыну ерекшеліктері туралы түсінік беру .Оқушылардың сәндік қолданбалы өнері жайында білімдерін толтыру, көне киімдер жайында түсінік беру;

б) Дамытушылығы: Оқушылардың эстетикалық талғамын арттырып ,ұлттық киім тарихын зерттеуге қызығушылығын арттыру ,ойын, қиялын,тілін дамыту. Оқушылардың ұлттық киім түрлерін дұрыс бейнелеуге баулу;

в) Тәрбиелігі:Өз халқының салт - дәстүрін сыйлауға, құрметтеуге мақтан етуге, өркендетуге тәрбиелеу. Оқушылардың эстетикалық талғамын арттыруға, ұлттық дәстүрге тәрбиелеу.
Пәнаралық байланыс: еңбек, дүниетану, қазақ тілі, музыка, орыс тілі.
Сабақтың түрі: аралас сабақ
Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап, түсіндіру, баяндау, сөздерге СТК .
Көрнекілігі: ұлттық киімдер түрлері , түстер, жұмбақтар.
Қажетті құрал - жабдықтар: қарындаш, формат, қылқалам,

Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі: оқушылармен амандасу, түгелдеу, сабаққа назарын аудару.
Мейірімді жүрекпен,

Ақ пейілді тілекпен,

Амандасып алайық

Бір жадырап қалайық. ( Сәттілік тілеу.)

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру: оқушылар білім жетілдіру мақсатында сұрақтарға жауап береді.
Түстер неше топқа бөлінеді?

1.Негізгі: қызыл,сары, көк.

2.Қосымша түс негізгі түстердің қосындысы арқылы алынады.

3.Салқын: көк, жасыл, күлгін, көгілдір.

4.Жылы: қызыл,сары,қызғылт сары, қоңыр, жасыл.

5.Ахромат: ақ, қара.

Тарихи жанр дегеніміз не?

Пейзаж дегеніміз не?

Ісмер дегеніміз не?
Мифтік жанр дегеніміз не?

ІІІ.Жаңа сабаққа өту

Ақ қағаздардың ішкі жағына суретпен сөз берілген, осы сөздерге фонетикалық талдау жасау.Әр сөзге математикалық тәсілмен мінездеме беру

1.Тілдің қатысына қарай (жуан- жіңішке)

3(2е,ә.) Жіңішке тіл алды Сәу-ке-ле. 7 әріп, 7дыбыс

Сәукеле= 7.О-------------------------------- баб ба ба 3 буын.

Жуан О жоқ

2.Жақтың қатысына қарай ( ашық қысаң) Бө-рік. 5 әріп, 5дыбыс

(1 ө) ашық тіл алды жіңішке ба баб 2 буын

Бөрік= 5.О-------------------------

(1 і ) қысаң тіл алды жіңішке

3. Ерін мен езудің қатысына қарай (еріндік езулік) Қам-зол

(1 а) езулік ашық тіл арты баб баб

Қамзол=6.О--------------------- 6 әріп, 6дыбыс

(1 о)еріндік ашық тіл арты 2 буын

4.Үн мен салдырдың қатысына қарай (дауыссыз дыбыстарды талдау)

2 (к ,ш) қатаң тек салдырдан тұрады

Кимешек=7.О--------------------

(1 м) үнді салдырдан гөрі үн басым

Ұяң 0 жоқ ұяңда үннен гөрі салдыр басым

Ки-ме-шек 7 әріп, 7 дыбыс , 3 буын

ба ба баб

-Оқушылар қандай сөздер жаздыңдар:

- сәукеле,бөрік, қамзол , кимешек.

-Енді осы сөздерге жазылған суреттерді бір -біріне жалғап көрейік.

Ненің суреті пайда болды?

-Ұлттық көйлектің

-Міне балалар бүгін сендермен өтетін жаңа сабағымыз

Қазақтың ұлттық киімдері

Жаңа сабақты меңгеру.
Қазақы киім көненің көзі. Қазақ киімдері көп, үлгісі де көп. Кейбірінің сырт көріністерімен атаулары өзбек, қырғыз ағайындардың киімдеріне ұқсас болғанымен, біздің халықтың киім пішіндері мен нақыштары өзгеше.
Қазақ киімдерін күнделікті тұрмыстық және салтанаттық - сәндік деп екіге бөлуге болады. Біріншісі арзанқол, бірақ шаруа жұмысқа берік, қарапайым үлгіде тігілсе, ал екіншісі бағалы, көргенде көз тартатын әдемі, сапалы маталармен сәнді пішіліп, үлгісіне лайық безендіріліп әсем тігіледі. Жалпы алғанда, қазақы киімдер етек - жеңі мол, қарапайым жұмысқа, жүріп - тұруға үйлесімді, дене сымбатын ашады.

Сырт киім

Бас киім

Киімнің негізгі түрлері

Аяқ киім

Шалбар


Тапсырманы орындай отырып төмендегі жұмбақтарға жауап берейік.
1. Адамның сәні, онсыз жоқ мәні. /киім/
2. Дорбаға тығып бас жағын,
Байлай салдым бас жағын. /тымақ/
3. Іші егіс, сырты тегіс. /тон/
4. Аузы бір құбыр. /шалбар/
5. Дөңгелек өзі, төртеу көзі,
Ұстайды мықтап, тұрғанды сырттан. /түйме/
6. Әшекейлі күбіні,
Үюлі тұрған шөмеле,
Кигіздім биік төбеге. /сәукеле/
Сергіту сәті: «Күн мен жаңбыр» .
Сөздік оқушыларға көмек ретінде

Дәстүр- традиция

Ұлттық- национальный

Сәнді-модный

Біркиер-праздничные

Ыңғайлы-удобный

Алтын адам - 1970 ж. басында Есік қорғанында - сақтар тайпасының жас көсемінің зираты табылды.
Қорған қазбалары Қазақстанды 5 ғ. ЗБ мекен еткен ежелгі тайпалардың мәдениеті, өнері, діні жайлы құнды деректер берді.
Алтын адам - Алматы облысындағы Есік қаласының солтүстігіндегі Есік өзенінің сол жақ жағалауындағы темір дәуірінен сақталған сақ обасынан табылған алтын киімді сақ жауынгерінің мүрдесі (5 ғасыр). 1969 - 1970 жылы археолог Кемел Ақышев тапқан. Алтын адам киімі 4 мыңға жуық алтын әшекейлермен безендірілген. Әшекейлер барыс, бұлан, таутеке, арқар, ат, түрлі құс бейнелерін беретін «хайуанат нақышында» жасалған. Бас сүйектің сол жағынан жаһұт тастармен әшекейленген алтын сырға табылды. Бас киімі кейінгі қазақ киімі үлгілеріне ұқсас, биік, шошақ төбелі, ұзындығы 70 см шамасында. Мойнында дөңгелек жүзік сияқты алтын алқа, іш көйлегі, көкірегінің тұсы, жеңі алтын тоғалармен өрнектелген, саусағында екі алтын жүзік, камзолы құрастырылмалы ауыр белбеумен буылған. Белбеуге аңға ұқсас бейнелер, 16 тоға жапсырылған, оң жағында қызыл қынапты ұзын семсер, сол жағында алтын пластиналар жапсырылған қынға салынған темір қанжар - ақинақ, шалбар балағы да алтын тоғалармен әшекейленген. Есік обасынан алынған археологиялық мәліметтерге қарап, бұл адамның біздің заманымыздан бұрынғы 5 - 4 ғасырларда өмір сүргені анықталды. Киім үлгісі, жерлеу рәсімі

Тәуелсіздік - қасиетті ұғым, сәулелі құбылыс. Сандаған ғасырлар мен замандар бойы бабаларымыздың асыл арманы болған. Тәуелсіздік ақ қанатты періште сипатында халқымыздың басына бақ болып қонды. 1995 жылы 13 шілде күні ҚР президенті Алматы қаласында Тәуелсіздік монументін орнату туралы қаулы қабылдады. Осы монументтің авторлар тобының жетекшісі Шот - Аман Ыдырысұлы Уәлихан. Тәуелсіздік монументі Алматы қаласындағы Республика алаңында Қ. Сәтбаев пен К. Байсейітова көшелерінің қиылысатын жерінде орналасқан. Монумент орналасқан ауданның ұзындығы 180 км жерді қамтиды.
Маңғыстаудың бедерлі құлпытастарға ұқсас оюлы Сынтас. Осы Сынтас үстінде бойы алты метрлік қанатты барысқа мінген «Алтын адамның» мүсіні тұр. Бұл көркем бейне ойдан алынбаған, негізінен Есік қорғанынан табылған атақты «Алтын адам» сипаты пайдаланылған. Үстіндегі сәнді, салтанатты дүниежүзілік дәрежедегі өнерлік туындыға жататын зергерлік бұйымдарға қарағанда бұл өзі ханзада болса керек. Ол патшаның баласы болса - онда оның әкесі билеген патшалық болғаны да даусыз

  • Қазақ әдебиетінің тұп-төркінін, даму жолын танып білу үшін алдымен халқымыздың өткен тарихынан, атап айтқанда түркі халықтарының ататегі болып табылатын сақ, ғұн, үйсін, қаңлы, оғыз, қыпшақтар тарихынан жақсы хабардар болу шарт. Сақтар ежелгі қазақстан тұрғындары

Орындалатын тапсырмалар:
шапан мен қамзол суретін салу .

ҚОЛӨНЕР
Сабақтың тақырыбы: «Қазақтың ұлттық киімдері»Сабақтың тақырыбы: «Қазақтың ұлттық киімдері»


  1. V. Сабақты қорытындылау: оқушылардың жұмысын тексеріп шығу. Жақсы салынған суреттерді үлгі етіп көрсетіп, талдау жасау, бағалау.
    VІ. Үйге тапсырма: Басқа ұлттық киімдер туралы мәлімет іздестіру.



© 2010-2022