Кітап графикасы сабақ жоспары

Раздел Изобразительное искусство и Мировая художественная культура (ИЗО и МХК)
Класс -
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Сабақтың тақырыбы: Кітап графикасы.

Сабақтың мақсаты:

а) Білімділік: Кітап графикасы жайлы оқушыларды жаңа, тың

мәліметтермен таныстыру.

ә) Дамытушылық: Бағыт-бағдар бере отырып, өздігінен жұмыс істеуге

дағдыландыру, ой-өрістерін дамыту, қорытынды жасай

білуге үйрету.

б) Тәрбиелілік: Белсенділігін арттыра отырып, бір-біріне көмектесу

мақсатымен оқушыларды ұйымшыл болуға тәрбиелеу.

Күтілетін нәтиже: Кітап графикасы жайлы оқушыларды жаңа, тың мәліметтермен таныстырылады.Бағыт-бағдар бере отырып, өздігінен жұмыс істеуге дағдыландыру, ой-өрістері дамиды, қорытынды жасай білуге үйретіледі.Белсенділігін арттыра отырып, бір-біріне көмектесу мақсатымен оқушылар ұйымшыл болуға тәрбиеленеді.

Негізгі идея: Кітаптың әсем безендірілуі, оның ашық бояулармен нақышталуы бізді өзіне тартып, қызықтырады. Кітапты безендіру жұмыстары ең алдымен нобай (эскиз) жасаудан басталады.

l.Ұйымдастыру.

1. Оқушылардың назарын сабаққа аудару.

2. Топқа бөлу. Сынып оқушылары түстер арқылы үш топқа бөлінеді.(3 минут)

ІІ. Үй тапсырмасын сұрау.

«Сурет салу реттілігі» жайлы суреттерге саусақ сигналы арқылы бағалау.

ІІІ. Ой қозғау.

  • Кітапты кімдер безендіреді?

  • Кітапты безендіру үшін нені білку керек?

  • Кітап безендірушілеріді кімдер деп атайды?

ІУ. Кітаппен жұмыс.

Алматыда суретшілер тобы қалыптасып, кітап графикасымен айналысып келе жатқан суретші-графиктер Б. Машрапов, А. Дүзелханов, А. Ысқақов,

Қ. Төреқұлов т. б. кітап безендіру ісінде ойдағыдай еңбек етіп келеді.Суретшілер тек сурет салумен ғана шектелмейді. Олар біздің күнделікті қолданып жүрген бұйымдарымызды да жасау үшін жобалар жасайды. Мысалы, біз оқып білім алып жүрген оқулықтарымыздың дүниеге келуіне суретші-графиктердің қосқан үлесі мол. Суретші-графиктер кітаптың көлемін, сыртқы пішінін, ішкі безендіру жұмыстарын оның мазмұнына байланыстырып көркемдейді. Кітаптың әсем безендірілуі, оның ашық бояулармен нақышталуы бізді өзіне тартып, қызықтырады. Кітапты безендіру жұмыстары ең алдымен нобай (эскиз) жасаудан басталады. Ең алдымен оның пішімі (форматы) айқындалады. Сосын кітаптың ішкі мазмұнына сай оның мұқабасына сурет салынады немесе көркем жазумен әшекейленеді. Кітаптың алғашқы бетін ашқанда форзацты көреміз. Әдетте қосарбеті бір түсті болуы мүмкін немесе сурет салынады. Мына суретте көріп отырғандарың - сурет салынып, әшекейленген кітаптың қосарбеті. Кітаптың сыртқы мұқабасын жасау үшін сол кітаптың ішіндегі әңгіме, ертегі мазмұнын жақсы білуіміз керек. Содан кейін пішімді таңдап алып, мазмұнға сәйкес сурет салынады. Сурет қарындашпен орындалып, сосын бояумен жұмысты бастау керек. Салынған сурет композициясы, кітаптың аты, авторлардың аты-жөні, баспаның аты, жарық көрген жылы үйлесімді жарасымын тауып тұруы шарт.

Кітап графикасы сабақ жоспары





У. Топтық жұмыс. «Қызықты кітапты мұқабадан таниық»

Ертегі немесе әңгіме мазмұнына байланысты кітап мұқабасының жобалық суреін салу.

Екі жұлдыз, бір ұсыныс арқылы бағалау.

УІ. Жеке жұмыс. «Менің сүйікті ертегім» тақырыбында ертегі мазмұнына иллюстрация жасау.

УІІ.Үйге тапсырма беру: Кітапша жасау.



© 2010-2022