Ашық хаттарды безендіру өнері ашық сабақ

Раздел Изобразительное искусство и Мировая художественная культура (ИЗО и МХК)
Класс -
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Тақырыбы: Ашық хаттарды безендіру өнері.
Мақсаты:

Білімділік:Оқушыларға ашық хаттар,олардың түрлері, жасау мазмұны туралы түсінік беру.
Дамытушылық: Оқушылардың ой-қиялын ,шығармашылық қабілеттерінің дамуына ықпал жасау.
Тәрбиелік: Адамгершілікке,мейірімділікке,ізгілікке,адамдарды құрметтей білуге, өзара бірлесіп жұмыс жасай білуге тәрбиелеу.

Күтілетін нәтиже: Оқушыларға ашық хаттар,олардың түрлері, жасау мазмұны туралы түсінік беріледі. Оқушылардың ой-қиялының,шығармашылық қабілеттерінің дамуына ықпал жасалынады.
Адамгершілікке,мейірімділікке,ізгілікке,адамдарды құрметтей білуі, өзара бірлесіп жұмыс жасай білуге тәрбиеленеді.

Негізгі идея: Ерте кезден адамдардың мереке қарсаңында бір-бірін ашық хаттар (открыткалар) арқылы құттықтау дәстүрі бар. Құттықтау ашық хаттар әдетте сурет пен мәтіннен тұрады.Сурет пен мәтін мазмұны жағынан ашық хат арқылы құттықтайтын мерекеге сәйкес келіп бір-бірімен түсі,стилі бойынша үйлесімді болуы шарт.

Әдісі: Галерея аралау,суреттер сөйлейді, бес жолды өлең, тірек сөздерден тілек құрастыру.

Көрнекілігі:суреттер,слайдтар.
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі. (3минут)
1. Оқушылардың назарын сабаққа аудару.

Балалар жарты шеңбер болып бүгінгі сабағымыздың жақсы өтуіне бір-бірімізге жақсы тілектер айтайық. Қолындағы жүрекшені кеуделеріне қояды. Енді маған қараңдаршы, мына ғажайып жүрекшені кеуде тұсымызға апарайық, жүрегіміздің соғысын сезінеміз бе?
- Ия!
- Ендеше, жүрегімізден шыққан жылы сөздерімізді айтайық.
2. Топқа бөлу.Сынып оқушылары түстер арқылы үш топқа топтастырылады.
ІІ.Үй тапсырмасын тексеру. «Галерея аралау» (5минут)
«Әріп таңбасының әсерлі мүмкіншіліктері.Сиқырлы әріптер» тақырыбындағы суреттер тақтаға ілініп,. «Үздік» деп танылған сурет стик жапсыру арқылы бағаланады.

ІІІ. Үй тапсырмасын бекіту үшін қосымша сұрақтар қойылады:

1.Адамның жазуына қарап ,оның мінезі мен көңіл- күйі жайлы мағлұмат алуға болады ма?
2.Оны зерттейтін ғылым қалай аталады?

3.Сүйір бұрышты , сорайған әріптер қандай мінезді білдіреді?

4.Біркелкі әріптер ше?

ІУ.Ой қозғау.

Бейнеролик көрсетіледі. (2 минут)

-Құттықтау хат қандай жағдайда жолданады?

- Құттықтау хат қандай сөздермен басталады?

-Қандай тілектер айтылады?

-Қандай сөздермен аяқталады?

ІУ. Кітаппен жұмыс.
У. Топтық жұмыс. (10 минут)

1-топ: Тірек сөздерді пайдаланып, өздеріңнің тілектеріңді білдіріңдер.

  • Мерейтой

  • Қуаныш иесі

  • Құрметті,аса қадірлі,қымбатты

  • Шын жүректен,ізгі тілекпен, шынайы көңілден, тілек білдіруші

  • Табыс

  • Амандық, саулық

  • Қажымас қайрат

  • Зор денсаулық.

  • Туған күн

2-топ: «Бес жолды өлең» әдісімен.

Тілектеріңді өлең шумақтарымен жеткізсеңдер.

3-топ: «Суреттер сөйлейді»әдісі.

«Адамдарға қуаныш сыйлайық» тақырыбындағы ашық хаттың жобалық суретін салу.

Топтар бір- бірін екі жұлдыз, бір ұсыныс арқылы бағалайды.

УІ.Жұмбақ жасыру (2 минут)

Ырыс, дәулет көзімін,
Берекенің өзімін.
- Балалар жұмбақтың жауабы не, білеміз бе?

(Есік қағылады)
- Балалар біреулер есік қағып тұр ма? (Қоян кіреді)
Қоян: - Сәлеметсіңдер ме, балалар! Мен сендерге сонау алыс жерден қонаққа келдім. Менің тапсырмамды орындайсыңдар ма?

-Маған күз мерекесіне арнап ашық хат жасауға көмектесіп жібересіңдер ме? (Қоян себетін беріп кетеді)

- Ал, енді балалар қоянға көмектесіп, тілегін орындайық.

УІІ. Жеке жұмыс. Шығармашылық жұмыс. «Әдемі ашық хаттар»(15 минут )
Өз қолдарыңмен күз мерекесіне арнап ашық хат жасаңдар.

Ашық хаттарды жасауға нұсқаулық беру.
1.Ашық хатты қандай мерекеге арнап жасап жатқаныңды ойлан.

2. Мәтінін дайындап ал.
3.Мәтінмен суретті дұрыс үйлестір.
4. Қызықты әрі әсерлі суреттерді таңдап ал.


УІІІ.Сабақты бекіту. (5 минут)

Сұрақтар қойылады:

  • Ең алғашқы ашық хат қай елде пайда болды?

  • Ашық хатты ерте кезде не үшін пайдаланған?

  • Құттықтау ашық хаттар нелерден тұрады?

  • Қандай мерекелерге арналған аық хаттарды білесіңдер?

  • Ең алғаш рет кімге арнап ашық хат жасадың?

ІХ. Рефлексия.

Кейінгі оқу: Ашық хаттарды безендіру өнері.

Кейінгі тапсырма:Ашық хат жайлы қызықты деректер жинау.Туған күн иесіне арнап ашық хат жасау.



© 2010-2022