Ұйымдастырылған оқу әрекеттерінің технологиялық картасы. Сиқырлы балықтар

Ұйымдастырылған  оқу  әрекеттерінің  технологиялық  картасы.                          Оқыту саласы: «Шығармашылық» Білім беру аймағы: танымдылық, қатынас, денсаулық. Бөлімі: мүсіндеу. Тақырыбы:Сиқырлы балықтар. Мақсаты: Сопақ пішін туралы және сол пішіндес заттарды мүсіндеу білімдерін бекіту. Балаларды жасанды балшықпен таныстыру.Балалардың мүсіндеу іскерлік, дағдыларын жетілдіру: алақан арасына салып ысу, илеу, саусақтарымен шымшып созу,тегістеу. Балықтың ерекше белгілерін беру кезінде басқа м...
Раздел Изобразительное искусство и Мировая художественная культура (ИЗО и МХК)
Класс -
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Ұйымдастырылған оқу әрекеттерінің технологиялық картасы.

Оқыту саласы: «Шығармашылық»

Білім беру аймағы: танымдылық, қатынас, денсаулық.

Бөлімі: мүсіндеу.

Тақырыбы:Сиқырлы балықтар.

Мақсаты: Сопақ пішін туралы және сол пішіндес заттарды мүсіндеу білімдерін бекіту. Балаларды жасанды балшықпен таныстыру.Балалардың мүсіндеу іскерлік, дағдыларын жетілдіру: алақан арасына салып ысу, илеу, саусақтарымен шымшып созу,тегістеу. Балықтың ерекше белгілерін беру кезінде басқа материалдарды қолдана отырып жұмысты қосымша бөлшектермен толықтыру. Балалардың қиялын, шығармашылық ой - өрісін, әсемдікті қабылдауын дамыту. Қоршаған ортаға деген сүйіспеншілік сезімін оятып, тапқырлыққа тәрбиелеу.

Заттық дамыту ортасы: Пошташы, хат,мысық Леопольд, Жасанды балшық, таяқшалар, тақтайша, сүлгі, моншақ, түрлі жылтырақтар,балық пішінді конфеттер.

Билингвальды сыңары: Рыба,чешуя.

Әрекеттер кезеңі

Педагогтың әрекеті

Балалардың әрекеті

Ізденіс себебтері

Есік қағылып пошташы хат әкеліп береді.

Тәрбиеші хатты ашып оқиды.

«Құрметті балалар мен сендерді қала сыртындағы саяжайға қонаққа шақырамын. Балықтарға арнап жасаған тоғанымды көріп қызықтайсыңдар жұмбақ жасырамын.

Аузы бар, тілі жоқ,

Терісі бар, жүні жоқ.

Қанаты бар ұшпайды,

Су астында қыстайды.

Хаттың мазмұнын зейін қойып тыңдап, жұмбақтың шешуін

табады ( балық)

Балалар леопольдтың саяжайына қонаққа келеді.

Ұйымдастырылған ізденіс себептері

Балалар қараңдаршы Леопольд балықтарға арнап қандай керемет тоған жасаған. Демек мысық көлге балық аулауға кеткен екен ғой. Ойыншық балықтарды

алып көрсетеді.

- Қараңдаршы балықтың алуан түрі бар екен. Олар өзара ұқсаспа? Несімен ұқсайды? Балықтардың денесін не жапқан?

- Жаз мезгілі, балықтар туралы қандай тақпақтар білесіңдер?

- Балалар біз ғажайып, түрлі түсті реңді, өзгеше балықтар жасап, мысық Леопольдты таңқалдырайық. Мүсіндеу әдіс - тәсілін түсіндіру, көрсету. Балықтың алдымен денесін,сонан кейін қанаттары мен құйрығын жасау қажет.

Леопольд балықтарға арнап қандай керемет тоған жасағанын қарап шығып мысықтың көлге балық аулауға кеткенін біледі.


Ермек сазды алақан арасына салып жұмыртқа тәрізді сопақша етіп жалпақтасақ, денесі шығады. бір ұшын саусақпен үшкірлеп созып, жалпайтып ортасынан екі бөлікке кесіледі( құйрығы).

Арқасы мен ішінде шымшу арқылы қанаттарын жасаймыз (арқасында ұзын біреу, ішінде екеу: бастың жанында

біреуі,құйрық басталатын жерде екіншісі.Жайлап шымшып созу арқылы балықтың аузын жасаймыз.Балықты мүсіндеп болған соң денесіне түрлі жылтырақтарды жабыстырып қабыршығын, моншақпен көздері жасалынады.

Балалардың өз беттерінше жұмысы.

Жұмыс барысында балаларға балықтың құйрығының өзге бір ерекше пішін беруге, балықты әшекейлеуді өз беттерінше анықтауға бағыттаймын.

Сергіту сәті: (С.С.Т.)

Сәл дем алып,

Тыным ал.

Тақпақ тыңдап,

Ұғып ал.

Оң колымда бес саусақ,

Сол колымда бес саусақ.

Қосып едім екеуін,

Шыға келді майшабақ..

Ұшкыр балық бұл асқан,

Жүйткіп жүзер тынбастан. Тәрбиеші: Балалар, мүсіндеген әдемі балықтарыңды тоғанға апарып қойыңдар.

Қолында шелегі мен қармағы бар ән салып келе жатқан Леопольдтың даусы естіледі

(топқа өлең айтып кіреді).

Бәрінің денесі, басы, құйрығы, жоғарғы және төменгі қанаттары, аузы, көзі бар.

Балықтардың денелерін қабыршықтар жапқан.

Өзен жай ағады,

Жағасы балауса.

Балықтар қағады,

Қанатын жалауша


Балалардың саусақтарының нәзік қимылдары мен бұлшық еттері жетіліп, олардың сөйлеу тілі мен ойлау қабілеті дамиды.

Рефлексивті түзету әрекеттері

Қандай керемет балықтар. Өздері әр түрлі, әдемі екен. Сендерге

көп рахмет! Мені де сендерге берер сыйлығым бар.Балық пішінді конфетті балаларға таратып береді. Мені ұмытпай қонаққа кепіп тұрыңдар . Көріскенше сау болыңдар.

Көлдегі балықтарды

қызықтап қарап, жұмыстарды талдайды.

Күтілетін нәтиже:

Біледі: Сопақ пішін туралы және балықтардың ерекше белгілерін білу.

Игереді: Мүсіндеу іскерлік дағдылары болу: ысу, шымшып созу, тегістеу.

Меңгереді:Балықтың ерекше белгілерін бере отырып мүсіндеп, жұмысты қосымша материалдармен толықтыра алу (моншақтар, түрлі жылтырақтар).



© 2010-2022