Сабақтың тақырыбы: Абай шығармаларына иллюстрация жасау

Сабақтың мақсаты: Оқушыларға әдеби шығарма желісіне ілесе отырып сурет салуға үйрету; оқушының көркемдік талғамын қалыптастыру.Тәрбиелігі: адамгершілікке, сұлулыққа ( табиғат сұлулығын түсінуге, бейнелей білуге) тәрбиелеу; Абай шығармаларын түсінудегі бейнелеу өнерінің ролі туралы айту. Табиғатқақамқорлық жасауға тәрбиелеу.Дамытушылығы: оқушының қабілетін дамыта отырып, жеке тұлға қалыптастыру, әдеби шығарма желісіне иллюстрацияжасауға бейімдеу.
Раздел Изобразительное искусство и Мировая художественная культура (ИЗО и МХК)
Класс 6 класс
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат doc
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Батыс Қазақстан облысы

Тасқала ауданы

Ы.Алтынсарин атындағы ЖББОМ

Бірінші санатты бейнелеу өнері және сызу пәнінің мұғалімі

Насемов Нурлан Тулегенович

Сабақтың тақырыбы: Абай шығармаларына иллюстрация жасау.

Сабақтың мақсаты: Оқушыларға әдеби шығарма желісіне ілесе отырып

сурет салуға үйрету; оқушының көркемдік талғамын қалыптастыру.

Тәрбиелігі: адамгершілікке, сұлулыққа ( табиғат сұлулығын түсінуге,

бейнелей білуге) тәрбиелеу; Абай шығармаларын түсінудегі

бейнелеу өнерінің ролі туралы айту.

Табиғатқа қамқорлық жасауға тәрбиелеу.

Дамытушылығы: оқушының қабілетін дамыта отырып, жеке

тұлға қалыптастыру, әдеби шығарма желісіне иллюстрация

жасауға бейімдеу.

Сабақтың әдісі: әңгімелеу, сұрақ-жауап, шығармашылық жұмыс.

Сабақтың түрі: Жаңа тақырыпты таныстыру сабағы.

Көрнекілігі: суреттер альбомы, суретшілер шығармалары мен

иллюстрациялар, презентация.

Пәнаралық байланыс: бейнелеу өнері, музыка, қазақ әдебиеті.

Сабақтың міндеті:

Кеңістіктегі сұлу табиғаттың көзбен көріп көңілмен қабылдаған көріністерін суретке салу.

Сабаққа керекті құрал-жабдықтар:

1.Оқушылар үшін: сурет альбомы, ТМ, М қарындаштары, өшіргіш,

түрлі түсті қарындаштар, ұштағыш, жұмыс дәптері,

бейнелеу өнері оқулығы;

2. Пән мұғалімі үшін: жергілікті суретшілердің жұмыстары, иллюстрациялар.

3. Техникалық құралдар: компьютер, интерактивтік тақта.

Сабақтың жоспары:

  1. Ұйымдастыру.

  2. Мақсат қою.

3. Проблемалық сұрақ

4.Жаңа сабақтың тақырыбын ашу.

5.Жаңа тақырыпты өз беттерінше меңгерту

6. Шығармашылық жұмыс

7. Сабақты бекіту, қортындылау.

8.Бағалау

9.Үйге тапсырма.

САБАҚТЫҢ БАРЫСЫ:

І - ұйымдастыру:

Пән кабинетінің гигиеналық талапқа сайлығын тексеру, құрал-жабдықтарының толықтығын тексеру, сабақта жоқ оқушыларды белгілеу

(кезекші түгендеп, тізімін мұғалімге өткізеді).

Үй жұмысын тексеріп бағалау «Кітап графикасы».

ІІ - Оқушылардың қызығушылығын ояту:

Балалар, біз алдымен біраз әңгімелесіп алайық.

- Балалар! Бұл портретте кім бейнеленген? (Абай Қ.)

- Абай Қ. туралы не білесіңдер?

(Ұлы ақын, ойшыл, ағартушы, композитор, аудармашы).

Абай Қ.- «Масғұт», «Әзімнің әңгімесі», «Ескендір» поэмаларымен қатар көптеген табиғат пен махаббат туралы лирикалық өлең, әндердің авторы.

Тақтада көрсетілген суреттермен жұмыс. Балалар! Тақтадан қандай суреттерді көріп отырмыз? (табиғат көріністері)

- Табиғат көрінісін бейнелейтін шығарманы қалай аталады? (Пейзаж)

- Пейзажшы деп кімді айтамыз? (Табиғат көрінісін бейнелейтін суретшіні)

Табиғат деген сөзді топтастырайық

Ай, күн Су Жануарлар

Сабақтың тақырыбы: Абай шығармаларына иллюстрация жасау.Сабақтың тақырыбы: Абай шығармаларына иллюстрация жасау.Сабақтың тақырыбы: Абай шығармаларына иллюстрация жасау.

Сабақтың тақырыбы: Абай шығармаларына иллюстрация жасау.

Ағаш Өсімдік

Сабақтың тақырыбы: Абай шығармаларына иллюстрация жасау.Сабақтың тақырыбы: Абай шығармаларына иллюстрация жасау.

Сабақтың тақырыбы: Абай шығармаларына иллюстрация жасау.Сабақтың тақырыбы: Абай шығармаларына иллюстрация жасау.

Таулар Құстар

Балалар! Осы табиғатқа байланысты қай ақын жазушылардың шығармаларын көп білесіңдер? (Абай Қ.)

Дұрыс, сонымен біздің бүгінгі сабағымыздың тақырыбы:

Абай шығармаларына иллюстрация жасау.

Мақсатымыз: әдеби шығарма желісіне ілесе отырып сурет салуға үйрену, әдеби шығарма желісіне иллюстрация жасау.

ІІІ - Материалды түсіндіру кезеңі.

Ұлы ақын, суреткер - Абай Кұнанбаевтың (1845-1904).

8 мыңдай өлең жолы,

45 қара сөзі, дастандары, аудармалары, лирикалық өлеңдері бар.

Соның ішінде біз бүгін табиғат лирикасына тоқталамыз. «Жаз», «Жазғытұрым», «Күз», «Қыс», «Желсіз түнде жарық ай»,

«Жаз»

Жаздығүн шілде болғанда,

Көк орай шалғын бәйшешек

Ұзарып өсіп толғанда;

Күркіреп жатқан өзенге

Көшіп ауыл қонғанда...

«Жазғытұрым»

Жазғытұрым қалмайды қыстың сызы,

Масатыдай құлпылар жердің жүзі.

Жан-жануар, адамзат анталаса,

Ата-анадай елжірер күннің көз.

«Қыс»

Ұшпадай бөркін киген оқшырайтып,

Аязбен қызарып ажарланды.

Бұлыттай қасы жауып екі көзің,

Басын сіліксе, қар жауып мазаңды алды.



«Желсіз түнде жарық ай»

Желсіз түнде жарық ай,

Сәулесі суда дірілдеп,

Ауылдың жаны терең сай,

Тасыған өзен гүрілдеп.

Бір оқушыға «Желсіз түнде жарық ай» өлеңін оқуға тапсыру.

Абайдың «Желсіз түнде жарық ай» өлеңін оқығанда жазғы тамаша табиғатты көз алдымызға келтіреміз (елестетеміз).

Бұл өленде Абай нені айқын өрнектеп бейнелеген?

Әрине, құпия мен жұмбақ сырға толы тамаша табиғат! Желсіз тынық жылы түн. Айнала жым-жырт. Аспанда толықсып толған ай сәулесін шашып, бүкіл

далаға нұрын төгіп тұр. Су бетіндегі айдың сәулесі өзен бетін көгілдір-сары алтын түске бөлеп, діріл қағады.

Ағаш жапырағы өздерімен-өздері сыбдырласып, түннің тыныштығына құлақ салғандай. Жер беті ерекше сұлулыққа бөленгендей.

Ақынның «Желсіз түнде жарық ай» өлеңінде ғажайып сырлы үн ғана емес, түрлі-түсті бояулардан жасалған келісті бір дүниені жанымызбен сезіп, көзімізбен көргендей боламыз.

Ал енді осы көріністі қағаз бетінде салып көрейік. Ол үшін бізге суреттің негізгі тақырыбын ашу керек. Демек, бұл бейнелеу өнері тілінде табиғатты бейнелеу дегенді білдіреді. Өзен, су, жер, қалын ағаш- мұның барлығы бір бүтін көріністі құрайды.

Оқушыларға түстерді таңдата отырып топқа бөлу.

Сабақтың тақырыбы: Абай шығармаларына иллюстрация жасау.Сабақтың тақырыбы: Абай шығармаларына иллюстрация жасау.Сабақтың тақырыбы: Абай шығармаларына иллюстрация жасау.Сабақтың тақырыбы: Абай шығармаларына иллюстрация жасау.

IV - Практикалық жұмыс:

Оқушыларды өз бетімен жұмыстарын ұйымдастыру ретінде Абайдың «Жаз», «Күз», «Қыс», «Желсіз түнде жарық ай» өлеңдері үйлестіріліп, сурет салулары тапсырылады.

(Осы тұста Абайдың «Желсіз түнде жарық ай», «Айттым сәлем, Қаламқас», «Көзімнің қарасы» өлеңдері айтылып тұрады ).

Оқушылардың үлгілі жұмыстарын жинап алып оларды талдап, сын - ескертпелер айтып, кемшіліктерін түзеу жолдарын үйрету арқылы сабақты қорытындылау.

V - Қорытынды.

Оқушылардың жұмыстарын бағалау.

Жаңа сабаққа байланысты сұрақ қою.

1. Иллюстрация дегеніміз не?

(кітап безендіруде қолданылатын көркемсурет)

2. Өлеңдерде табиғаттың қай кездегі көріністері суреттелген?

3. Бүгінгі сабақта біз қандай тақырыпта сурет салдық?

( Абай шығармаларына иллюстрация жасау, «Жаз», «Күз», «Қыс»,

«Желсіз түнде жарық ай» ).

VІ - Үйге тапсырма:

Абай өлеңдеріне еркін таңдау бойынша сурет салу.

© 2010-2022