Ұлттық киімдер 4 сынып

Амирова Гульжан МедетовнаБейнелеу өнері 4 сыныпСабақтың тақырыбы: а) білімділігі: оқушылардың сәндік қолданбалы өнері жайында білімдерін толықтыру, бейнелеуге баулу; Пәнаралық байланыс: еңбек, тарих, әдебиетСабақтың типі: Жаңа білімді меңгерту сабағы Сабақтың әдісі: СТО стратегиялары: «Жигсо»,«Ойлан,жұптас,бөліс», «Ақылдың алты қалпағы»,«Post-it» Көрнекілігі: ұлттық киім үлгілерінің суреттері, үлестірмелі парақтар,интерактивті тақта. Қажетті құрал - жабдықтар: қарындаш, формат, субояқ, қылқал...
Раздел Изобразительное искусство и Мировая художественная культура (ИЗО и МХК)
Класс 4 класс
Тип Рабочие программы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Ұлттық киімдер 4 сыныпҰлттық киімдер 4 сыныпҰлттық киімдер 4 сыныпАмирова Гульжан Медетовна Бейнелеу өнері 4 сынып

Сабақтың тақырыбы: «Қазақтың ұлттық киімдері»
Сабақтың мақсаты:
а) білімділігі: оқушылардың сәндік қолданбалы өнері жайында білімдерін толықтыру, қазақ халқының ұлттық киім үлгілерімен,түрлерімен таныстыру…

б) дамытушылығы: оқушылардың ой - өрісін дамыту, ұлттық киім түрлерін дұрыс бейнелеуге баулу;
в) тәрбиелігі: оқушылардың эстетикалық талғамын арттыруға, ұлттық дәстүрге тәрбиелеу.
Пәнаралық байланыс: еңбек, тарих, әдебиет

Сабақтың типі: Жаңа білімді меңгерту сабағы
Сабақтың түрі: аралас сабақ
Сабақтың әдісі: СТО стратегиялары: «Жигсо», «Ойлан,жұптас,бөліс», «Ақылдың алты қалпағы», «Post-it»
Көрнекілігі: ұлттық киім үлгілерінің суреттері, үлестірмелі парақтар,интерактивті тақта.
Қажетті құрал - жабдықтар: қарындаш, формат, субояқ, қылқалам, акварель бояуы.

  1. Ұйымдастыру кезеңі.

Түстер арқылы топтастыру Ою - өрнек түстері:

: ақ түс - әділеттіліктің, шындықтың, тазалықтың;

жасыл түс - көктемнің, жастықтың;

қызыл түс - күннің, оттың;

сары түс - даналықтың, білімділіктің;

көк түс - судың, ашық аспанның символдарын білдіреді.

3. «Өз-өздерін бағалау» бетшесімен үлестіру. 1 минут

Оқушының аты жөні.

Жеке жұмыс

3 ұпай

Ой толғаныс

5 ұпай

Топтық жұмыс.

3ұпай

Жұптық жұмыс

4 ұпай

Жалпы ұпай.


12-15 ұпай- Өте жақсы. 9-11 ұпай - Жақсы. 5-9 ұпай - Қанағаттанарлық.


  1. Үй тапсырмасын тексеру.

1. Сәндік қолданбалы өнер дегеніміз не?
2.Киіз үй жабдықтарын ата?
3.Ісмер дегеніміз не?
4.Ою - өрнектер неше топқа бөлінеді?

5. Аңдарың дене бітіміне байланысты өрнектер.
6. Құстарға байланысты өрнектер.
7. Жер - суға байланысты өрнектер.
8. Аспан әлеміне байланысты өрнектер.
9. Түрлі жәндіктерге байланысты өрнектер.
10. Адам қаңқасына байланысты өрнектер.
11. Қару - жарақтарға байланысты өрнектер.
12. Геометриялық өрнектер.


3. Сөзжұмбақ «Ою - өрнек»
1. Адамның көркем бейнесі. (Портрет)
2. Жансыз заттарды бейнелеу.(Натюрморт)
3. Әрбір ұлттың тарихымен сабақтаса дамып келе жатқан халықтық көркем туынды. (Қолөнер)
4. Бояу езуге, араластыруға пайдаланатын жұқа тақтайша.( Палитра)
5. Қазіргі заман талабына сай өте қажетті өнердің бір саласы.(Дизайн )
6. Зәулім ғимарат, құрылыстарда бедерлеу мен нақыш өнері.(Сәулет)
7. Бір түсті бояу, қарындаш, көмір, т. б бейнелеу өнерінің құралдарымен орындалған көркем шығарма. (Графика)

3. Жаңа тақырып.

-Жақында біз қандай мерекені атап өтеміз? (наурыз мейрамы)

Дұрыс, осындай мерекелік іс-шараларда адамдар қандай киімдер киеді? (ұлттық киімдер)

Мына суреттердегі қай ұлттың киімдері деп ойлайсыңдар (қазақ халқының)

Дұрыс айтасыңдар, сонымен бүгінгі сабағымыздың тақырыбы қандай деп ойлайсыңдар?

Қазақтың ұлттық киімдері

< Жаңа сабақты меңгеру.
Қазақы киім көненің көзі. Қазақ киімдері көп, үлгісі де көп. Кейбірінің сырт көріністерімен атаулары өзбек, қырғыз ағайындардың киімдеріне ұқсас болғанымен, біздің халықтың киім пішіндері мен нақыштары өзгеше.
Қазақ киімдерін күнделікті тұрмыстық және салтанаттық - сәндік деп екіге бөлуге болады. Біріншісі арзанқол, бірақ шаруа жұмысқа берік, қарапайым үлгіде тігілсе, ал екіншісі бағалы, көргенде көз тартатын әдемі, сапалы маталармен сәнді пішіліп, үлгісіне лайық безендіріліп әсем тігіледі. Жалпы алғанда, қазақы киімдер етек - жеңі мол, қарапайым жұмысқа, жүріп - тұруға үйлесімді, дене сымбатын ашады. Енисей жазуларының таңбаларынан құстарға, басқа да жан - жануарлардың бейнесі мен ізіне ұқсаған ою - өрнектерді табуға болады.
Презентацияны қорғау. Оқушылар шығармашылығы: (зерттеу жұмыстары)
І Топ басшысы «Ұлттық бас киім»,

ІІ топ басшысы «Ұлттық киімдер»

ІІІ топ «Ұлттық аяқ киім» тақырыптарындағы дайындаған мәліметтерін слайд арқылы айтып шығады.


«ЖИГСО»стратегиясы

Оқушыларды 1,2,3 сандарына санау арқылы жұмыс тобына бөліну.

Постер қорғау:І топ. Бас киім. Бөрік Тымақ Сәукеле Тақия
ІІ топ. Киім Шапан Тон, ішік Кимешек Көйлек Қамзол Жейде Шалбар
ІІІ топ. Аяқ киім Мәсі Кебіс Әйелдер етігі Ерлер етігі

ІҮ. Сергіту сәті. Қара жорға биі

ІІІ. Қолдану. 6 минут

«Ойлан, жұптас, бөліс» стратегиясы.

Практикалық жұмыс: топқа тапсырма беру.
1 жұп: Ер адамның сырт киімдерін бейнелеу.
2 жұп: Әйел адамның сырт киімдерін бейнелеу.
3 жұп: Қазақтың ұлттық бас киімдерін бейнелеу.


4 жұп: жұмбақ шешу.
1. Адамның сәні, онсыз жоқ мәні. /киім/
2. Дорбаға тығып бас жағын,
Байлай салдым бас жағын. /тымақ/
3. Іші егіс, сырты тегіс. /тон/
4. Аузы бір құбыр. /шалбар/
5. Дөңгелек өзі, төртеу көзі,
Ұстайды мықтап, тұрғанды сырттан. /түйме/
6. Әшекейлі күбіні,
Үюлі тұрған шөмеле,
Кигіздім биік төбеге. /сәукеле/

5 жұп: «Қолөнер» сөз жұмбағын шешу.
1. Дөңгелек шеңбер етіп иілген, киіз үйдің ең жоғарғы сүйегі?
2. Жеңсіз жеңіл киім?
3. Сәндік үшін білекке тағатын әшекейлі бұйым?
4. Жеті түрлі дәнді - дақылдардан сүт қосып пісірілген сұйық ас?
5. Сурет салып тоқылған киім?
6. Нәрестеге арналып жасалған ағаш төсек?
7. Теріден жасалған, қымыз құятын ыдыс?

6 жұп. Семантикалық карта.

Р/с

Киімдер

Бас киім

Аяқ киім

қолөнер

1

Кимешек

2

Сәукеле

3

кебіс

4

мәсі

5

Ою-өрнек

6

тымақ



Ү. Жинақтау. «Қарлы кесек» әдісі. 2 минутҰлттық киімдер 4 сыныпҰлттық киімдер 4 сынып

І топ ІІ топ.Ұлттық киімдер 4 сынып

ІІІ топ



Сарапшы :барлық топтардың жұмысын қорытындылап, пікірін айтады, қай топтар тапсырмаларын жүйелі орындағанын сынайды.

«Ақылдың алты қалпағы »

Әр топқа түрлі түсті қалпақтар таратылады. Сол қалпақ түсі негізінде пікірлерін қорытындылайды.

1.Ақ қалпақ-ұлттық киімдердің мәнін ашады.

2.Қызыл қалпақ- киімнің тарихи маңыздылығы

3.Қара қалпақ-ұлттық киімді толықтырып, қайта қарастыратын кемшін тұстарына ұсыныс жасау.

4.Сары қалпақ-Ұлттық киімнің үш тиімділігін айту

5.Жасыл қалпақ- Ұлттық киімді өрбітуге ұсыныс

6.Көк қалпақ-.ұлттық киім туралы түйінҰлттық киімдер 4 сынып



Рефлексия. POST-IT стикер

1

2

3


Не нәрсе оңай болды?

Не нәрсе қиын болды?

Не білгің келеді? - сұрақтарына жауаптарын стикерге жазып, кестеге ілу.

Бағалау

Үйге тапсырма

Қорытындылау : «Қазақстандағы Халықтар Ассамблеясына 20 жыл» .Презентация

ҮІІ.Оқушылардың білімін бағалау. Бағалау бетшесін ескере отырып бағалау. 1 минут


ҮІІІ Үйге тапсырма: Басқа ұлттық киімдер туралы мәлімет іздестіру.







Ұлттық бас киім

Бас киім. Қазақ қауымының әдетінде ер мен әйелдің бас киімі де әр басқа. Ерге тән бас киімдер: тақия, бөрік, тымақ, құлақты бөрік (құлақшын), қалпақ, шалма, шыткүлапара (башлық), жалбағай. Оларды теріден, ан терілерінен, тыстық маталар сырып тігеді. Әйел бас киімдері: кимешек, жаулық, күндік, шаршы, сәукеле, желек, шәлі бүркеніш, бергек т. б. Бұлар көбінесе іштік жеңіл матадан, ал қатипа тақия, құндыз бөрік, шошақ бөріктер ең қымбатты аң терілерінен тігіледі.

Қазақ ғұрпында бас киім көріктілік пен сәнділікті, баршылықты білдіретін қасиетті киім саналған. Қазақтың «дос аяғыңа қарайды, дұшпан басыңа қарайды» дейтін мақалы осы жайдан қалыптасқан. Сол сияқты сыпайылық көрсеткенде, біреуден біреу кешірім өтінгенде, аяққа жығылғанда бас киімді шешіп немесе бөрігін аяқ астына тастап аһ ұру да осы бас киімді қастерлеуден туған. Қысқы, жазғы бас киімдер бір бөлек, той жиындарда, жорықтарда киетін бас киім бір белек болып түрліше тігілетін. Тымақ пен бөрікті көбінесе мәриден, елтіріден, сеңсеңнен, лақ терісінен, пұшпақтан т. б. мал терілерінен жасап тыстайды, арасына жүн салып сыриды. Қыстыгүні киетін түлкі терісінен жасаған тымақты барқыт, пүліш, атлас, шұға сияқты жылы, әрі қымбат маталармен тыстаған.

Жекей тымақ - жаз бен күзде киетін әрі сәнді, әрі жеңіл елтірі тымақты айтады. Жекей - сәнді деген сөз. Жекей тымақты дүрия, шағи сияқты жібек маталармен тыстап, кейде оның артқы етегін көтере түріп, кейде алдыңғы бір жақ құлағын алға келтіре әнтек шекеге салып киетін. Бөрікті де әр түрлі үлгіде қозы, қой, түрлі аң терілерінен тігеді. Бөріктің түрмесі кейде жалпақ, кейде жұмыр етіліп жасалады. Ал оңтүстік аймақтарда қой терісінен тігілген түрмесі үлкен бөрік киеді. Бөріктің неғұрлым жүнді де жылы түрлері Орал, Гурьев жағында жиі кездеседі. Жетісу, Семей, Өскемен жағында жаллпақ және биік түрмелі үлгілері кеп. Бұрын ақын, әнші, сауыққой салдар мен өнерпаз жастар өте сәнді тігілген шошақ төбелі құндыз бөрікке үкі тағып киетін. Тақияның да үлгілері мен атаулары көп. Етегі аласа, төбесі төрт сай болып келетін кестелі шошақ тақиялар оңтүстікте көбірек кездессе, аласа етекті, төбесі киіз үй сияқты тегеріш тақиялар орта жүзде көбірек кездеседі. Ал жалпақ төбелі, етегі биік тақия мен тостаған сияқты қаптама тақиялар кіші жүзге тән. Ерлер киетін тақияда теңге, моншақ, тана болмайды. Оның есесіне олар «мүйіз», «атерін», «шырмауық» сияқты өрнектермен кестеленеді, қолмен «таңдай», ирек», «қабырға» тігістерімен әдеміленіп сырылады. Кейде ақиллардың дәл төбесінде сол матаның езінен істеген түіртпек шошағы болады. Оған бозбалалар, салдар, күйеулер ашақ, үкі, күлте, шоқ тағып сәндеп киеді.

Әйелдердің бас киімдері де бірнеше түрге белінеді. Олар: тақия, бөрік, орамал, жаулық, кимешек, күндік, сәукеле, желек, шәлі, бергек, қарқара және т. б. Қазақ ғұрпында ердің де, әйелдің де бас киімсіз жалаңбас жүруі ерсі саналған. Әсіресе әйелдер жалаңбас жүрмейтін.

Сәукеле әйелдің бас киімдерінің ішіндегі ең әшекейлісіде күрделісі. Сәукелені ұзатылатын қыздар және сол қызға еріп жүріп сыңсу айтатын нөкерлер киген. Қалыңдық күйеудің еліне барғанда да сәукелесімен барған. Келіншек оны той өткенше киіп отырып, той өткен соң сәукелені іліп қойып, оның орнына бергекті желек киетін. Сәукеленің негізі оның төбесі. Төбе не талдырма етіп қозы жүнінен арнайы басқан ақ киізден, не арасына қыл салып сырығын асыл матадан істеледі. Содан кейін төбені кестелеген, шет-шетіне құндыз жұрын ұстаған немесе алтын, күміс оқамен зерлеген тыспен тыстайды. Сәукеле төбесінің биіктігі екі сүйем, кейде одан да биік болады. Төбенің өн бойын алтын, күміс, меруерт, маржанмен, асыл тастармен өрнектеп, алтын жіппен әшекейлейді. Сәукеленің екі жақ самай тұсынан бетке жеткізе шолпы тәрізді ендіріп бірнеше қатар маржан тізілген салпыншақтарды бетмоншақ немесе сәукеленің бетмоншағы деп атайды. Сәукеленің төбесінде алтынмен, күміспен әшекейленген қатырғы болады. Тізілген моншақты, асыл матадан, ақ жібектен жүргізген желекті осы қатырғыға бекітеді. Мұны бергек деп атайды. Кейде бергекке тоты құстың бірер тал қауырсынын тігінен қыстырып бекітіп қояды, оны қарқара дейді. Сәукеленің арт құлағы шашқап тәрізді белге дейін жетеді. Сәукеленің ең сыртынан жауып қойған шашақты әшекейлі жібек мата бар, ол көйлектің етегі құсап, жерге сүйретіліп жүреді. Кейде батырлар да осындай, сәукеле тәрізді мол әшекейлі дулыға киетін. Оның темірмен, шынжыр тормен қапталған, әсем түрлері көп. Бұларды «жыға» деп атаған.

Кимешек - қазақ әйелдерінің киелі бас киімі.Әдетте кимешек ақ матадаң немесе ақ жібектен молдау пішіліп, адамның басын, иығын, кеудесі мен жаурынын жауып тұрады. Кимешекке қарап әйелдердің шырайын, жас мөлшерін, тұрмыс-жайын, тіпті жүріс-тұрысына дейін анық ажыратып алуға болады екен. Апаларымыздың ұқыптылығы мен салақтығы да кимешегінен көрінетін. Кимешектің түрі мен тарихи тұрпаты сан-алуан. Олар көбіне рулық-тайпалық өмір ерекшеліктеріне байланысты.

Қыздар тақиясы.Қыздар киетін тақия қолданылуына байла-нысты түрлі маталардан тігілген. Тақия түсі сырт киімге бешпентке не камзолға сәйкес болған. Етегі де жоғарғы бөлігі де алтын не күміс паршамен оюланады, кейде сәнді жіптерден зер төгіледі. Қыздар тақиясының жоғарғы жағы дөңгелек конус немесе төрт қырлы пирамида түрінде болып келеді. Төбесіне міндетті түрде үкінің не тотының қауырсыны тағылады. Сәнді тақияға шашақ тағылып , кесте салынып, оқа жүргізіліп, қыздардікіне үкі
тағылып, теңге, моншақтар тігіліп, жиектері шашақталып жасалған.
Тақияма таққаным тал-тал моншақ,
Кер биеге жарасар кер құлыншақ...
Тұсынан ауылыңның өттім, кеттім
Үкіңді шекеңдегі бермей кеттің... (Халық өлеңінен)
Бөрік.Ұлттық бас киім ішіндегі ең әдемі саналатыны бөрік - әйелдер де, еркектерге де арналған түрлері болады. Бөрікті қазақ жылдың қоңыр салқын, аумалы-төкпелі кезеңдері - көктем мен күзде киген. Өйткені ол киіп жүруге әрі жылы, әрі жеңіл. Бөрік үшін міндетті түрде қымбат терілер қажет. Қазақта бөріктің атауларын қандай аң терісінен «тігілгеніне» қарай атау дәстүрі бар. «Сусар бөрік», «Құндыз бөрік», «Кәмшат бөрік» деген атаулар содан қалған. Бөріктің төбесі көбінесе алтысай (қиық), төрт сай болып келеді. Оны тіккенде алдымен өлшеп алып, жұқа киізден төрт не алты сай етіп пішеді.Әр сайдың төбеде түйісетін ұштары ұшбұрыш тәрізді, етек жақтары тік төртбұрыш болып келеді.
Қамқаның бөрік кидім қиығынан,
Біреуге біреу күлер миығынан...
Басында түлкі бөрік түбіттеген
Болар ма сенен артық жігіт деген.
Сермейсің жел сөз десе емін-еркін,
Басыңа жарасады кәмшат бөркің! (Халық өлеңі)


Ұлттық бас киімдердің шығу тарихы. (Тарихи деректер).
Ұлттық бас киімдер - халқымыздың көнеден келе жатқан дәстүрлі мәдениетінің бірі, тұрмыс-салтының айнасы. Қазақ халқының қалыпта-суына байланысты бас киімдер түрлері өзгеріп отырды. Өмірде болған құбылыстар бас киім тігу өнерінде де өз көрінісін тауып отырды. Қазақ халқының әр дәуірде, түрлі кезең-кезеңде ойлап тапқан, тұрмысына сай өңдеп, жетілдіріп пайдаланып келген бас киім атаулары болды. Мысалы: бүгінгі тілдік қорымызда «біреудің қарқаралы бәйбішесі», немесе «қасабалы қызы» деген сөздер бар. Мұнда: бай адамның бәйбішесі малынып киінген кимешек түрімен желке жағы төмен қарай ұзын етіп түсірілген тақия түріндегі, қас сұлуға арналған сәнді бас киім үлгісі айтылып отыр. Қазақта бас киім ерекше қастерленген. Оны осы кезге дейін аса құрметті қонаққа ат мінгізіп, шапан жауып, бөрік кигізетін дәстүрден де аңғаруға болады.
ХХ ғасырдың алғашқы ширегіне дейін қазақтың ұлт ретіндегі бір ерекшелігі болды. Ол - қазақтық ешқашан жалаңбас жүрмегені. Қазақта әйел болсын, еркек болсын бас киіммен жүрген. Тіпті балаларға дейін тақия кигізіп, үкілеп қоятын болған.
Бас киімдер дайындалу тарихына көз жіберсек, ежелгі бас киім түрлеріне түлкінің терісі, камшат, сусар тағы басқа аңдардың пұшпағын пайдаланғанын көреміз. Бұдан көшпелі халқымыздың мал шаруашылығымен айналысып қана қоймай, аңшылықты да кәсіп еткенін білдік. Яғни тері, былғары, жұқа киіз қазақы киімнің дәстүрлі материалдары болған. Кейіннен киім - кешек тігуге, қазақ әуелде Үндістаннан әкелінетін шытты, батсайыны, Қытай, Орта Азия жібегін, барқытты, мәуітіні, масатыны, шұға-ны жаратқан. Бұл материалдардан қазақ арғы ата бабасы секілді, кезінде Оңтүстік Қазақстан арқылы өткен көне «Жібек жолындағы» айырбас саудадан таныс. Ал ХҮІІ ғасырдың аяғынан бастап қазақ даласына орыс тауарлары да келтіріле бастаған. Қазақ шеберлерінің өнері мен ісмерлігі арқасында, әрбір ұрпақтың талғамына сай өзгерістерге түскенімен, өзінің
нәрін, бояуын жоғалтпай бізге жеткен ұлттық қазақы бас киім тек өзінің пішімімен ғана емес, зерлі кестесімен, алтын оқасымен, қымбат бағалы тастарымен көз тартады. Бас киім нұсқаларының негізгі түрлері ғасырлар бойы өзгеріссіз келген.
Ал әлеуметтік айырмашылықтар киімнің молдығынан, жаратылған материалдарының құндылығынан, тігісінен, пішімінен, әшекейлерінен көрінеді.
Бас киімнің көне түрлеріне тоқталатын болсақ ер адамға арналған бас киім сан жағынан әр түрлі бола бермеген. Оның қалпақ, бөрік, тымақ, жалбағай (далбай), тақия деп аталатын бірнеше түрлері болған. Ауқатты адамдар төбесі сүйірлеу келген құндыз не сусар бөріктің үстіне барқытпен (көбіне күрең түсті) қапталған, алтын зерлермен кестеленген аса биік қалпақ киген. Ол этнографиялық әдебиетте айыр қалпақ, мұрақ деген атаумен белгілі. Ал әйел адамдар ір түрлі формадағы тақия, бөрік, кимешек түрлерін жас айырмашылықтарына байланысты киген. Қалыңдық бас киімі - сәукеле деп аталған, кейде оның орнына көне түркі бас киімінің негізгі элементтерін бойына сіңірген қасабаны (алтын зерлі) деген мағынаны береді. .


Ұлттық киімдер

Ер адамның киімдері: шапан, тон, шалбар, белдік... Әйел киімдері: койлек, қосетек көйлек, қамзол...
Қазақтың ұлт киімдерінің түрлері мен атаулары көп: кейде ұлы жүз, орта жүз, кіші жүз үлгілері деп, кейде әлгі жүздер ішіндегі рулардың аттарымен де айырып айтылады. Мысалы, арғын тымақ, найман тымақ, қызай бөрік, ноғай бөрік т. с. с. Кейде географиялық мекен атына қарай да ерекше мәнер үлгіге бөлінеді.қоңырат үлгісі, жетісу үлгісі, арқаның үлгісі және т. б. Мұндай бөліп атау киімдердің кеңдігі, ықшамдылығы, бойға қонымдылығы және әшекейлеу мәнерлерінің ерекшеліктеріне қарай да ажыратылады. Мысалға, шапан үлгісін алайық. Ұлы жүздің шапандары көбінесе жолақты, сырмалы, етек-жеңдері ұзын, ашық жағалы келеді. Оңтүстік елі өзбек, тәжік, ұйғыр халықтарымен көршілес, көпшілік кәсібі бақ өсіріп, егін салу болғандықтан бұлардың киім үлгісімен тігілу мәнеріне осы жағдайлар ықпал еткен. Орта жүздің шапандары көбінесе бір беткей матадан, сырусыз, сирек қабылып, етектері шалғайлы, жеңдері кең, жағалары шолақ ойма немесе түймелі болып келеді. Өйткені орта жүз қалаға жақын, орыс, татар халықтарымен аралас-құралас отырады. Кіші жүздің шапандары да шалғайлы, жеңдері ұзын және кең, жүн тартқан, бидайлаған қалың, қайырма жағалы болып келеді. Осындай ара-тұра айырмашылықтары бола тұра, солардың бәріне бірдей ортақ, ұлттық мәнер мен қазақша атаулары бар. Үш жүздің қайсысында болса да шапанға шабу қояды және оны барлық жерде шабу деп атайды. Жеңтүптері кең келеді де, оны жеңтүп, ойынды, қолтырмаш деп атайды. Үш жүздің қайсысы болса да шалбарға ау қояды, қолтыққа қолтырмаш салады. Қазақ киімдерінің ең ықшамды кішірек түрлері орта жүз бен ұлы жүзде, ал ең мол, үлкен үлгілері кіші жүз жақтан кездеседі.

Қазақ киімдері іштік, сырттық, сулық, бір киер делініп төрт топқа бөлінеді. Іштік киімдерге - көйлек, дамбал, желетке, қамзол, кәзекей, сырттық киімдерге - шапан, күпі, тон, шидем, сулық киімдерге - шекпен, қаптал шапан, брезент, кебенек, кенеп, сырттық жатады. Бір киер киім деп қымбат маталардан әшекейлеп тігілген, той-думандарға, жиын-топтарға барғанда, жат елге сапар шыққанда киетін сәнді киімдерді атаған. Қазақтың «таныған жерде бой сыйлы, танымаған жерде тон сыйлы» дейтін мәтелі де осыны аңғартады. Қазақ салтында ер жігіт егеске түсерде, соғысқа барарда киімдерінің ең жақсы көрнектісін киетін.

Халық арасында белгілі бір топтар үйде де, түзде де, күнделікті тұрмыста да ұдайы жақсы киініп жүрген. Олар бойжеткендер, бозбалалар, салдар, ән-күй, күрес өнерпаздары еді. Сол сияқты келіншектер де тұңғышын тапқанша өте сәнді киініп жүрген. Кестелі, зерлі, жалтырауық киімдерді қадырлы қарттардың да үнемі киіп жүруі ел рәсіміне тән сиымды салт деп саналған.

Еркек киімдерінің ең қымбаттысы - аң терісінен істелген ішіктер. Олар аң түрлерінің атына сәйкес бұлғын ішік, жанат ішік, түлкі ішік, қасқыр ішік, күзен ішік болып бірнеше түрге бөлінген. Аң терісінен тігілген ішіктердің сыртын шұға, мауыт, үш топ барқыт, атлас, көк берен, манат, қырмызы торғын, ләмбек сияқты бағалы да ширақы маталармен тыстаған. Кейде осы материалдарды бірнеше түсті жібек жіптермен кестелеп, сумоншақ, маржан тізген жіптер бастырып, етек-жеңіне алтын, күміс зер ұстап, кейде бөлек тігілген кестелермен сыртынан қаптап киген. Ішіктер кейде әдіпті, оқалы, шет-шеті жұрындалған қайырма жағалы болып келген.

Шапан көбінесе жүн тартылып бидайланып тысталған. Кей жерде шапанды әуелі астар мен бидайын қабып алып, тысты соның үстіне бос жабу арқылы тыстаса, кей жерлерде тура тыстың үстінен қабыған, кейде сыритын болған. Мұндай шапанды «сырмалы шапан» деп атаған. Шапандар көбінесе қайырма жағалы, кейде тік жағалы бешпент түрінде кездеседі. Қайырма жаға шапанның бір түймесі, тік жағалы бешпент шапанның екі түймесі бар.

Тон көбінесе иленген күздік қой терілерінен тігіледі. Орта денелі адамдарға 11-12 қойдың терісінен тон шығады. Олардың шап терілері мен пұшпақ терілері, таңлықтары, мойын терілері бөлек алынады, яғни олар тон тігісіне пайдаланылмайды. Тондардың жүндері ішіне қарайды, ет жағы қынамен, қабықпен, томар бояумен боялады. Тонды тебен инемен басып тігіп, немесе шалып тігіп кестелейді. Кейде сыртына тыстық жапсырып қаптама тон да тігеді. Қаптама тондардың тыстарын әр түсті жіппен кестелеп, елтірі, сеңсең, аң терілерінен қайырма жаға жасап, етек-жеңіне жұрын ұстайды.

Жарғақ, тайжақы деген өң киімдерді тайдың, құлынның терісінен, жүнін сыртына қаратып істейді. Оларды да малмаға салып илеп, еттерін қырып, қабыққа, қынаға салып өңдерін басып ажарлайды. Шеттерінің әдіптерін кестелеп, жага-жеңдерін әшекейлейді. Кейде етегін, өңірін қаусырмасын қымбатты аң терісінен жұрындап қояды. Әдетте тайжақы мен құлын жарғақты бешпенттің, бешпент күпі сияқты жеңіл киімдердің сыртынан киеді.

Шалбарды барқыт, пүліш, шұға, тібен, шөшінше, шибарқыт, шегрен, ләмбөк, мәлескен, қырмызы, қамқа, көк мауыты сияқты ширақы маталардан, қой-ешкі терілерінен тігеді. Шалбардың бауы ышқырға өткізіледі, қалтасыз, кең балақ болып келеді. Оның кең тігілуі салт атқа мініп-тұруға, малдас құрып отыруға өте қолайлы болған. Шалбардың балағы кейде етік қонышының ішіне салынып, кейде қоныштың сыртында жүреді. Жеңіл шапан мен бешпенттің етегін де ышқыр астынан жіберіп, шалбарланып алатын. Шалбарланып жүру әсіресе аңшылар мен батырларға, балуандарға тән әдет еді. Шалбардың балағы екі жанынан ойық (жырық) болып істелетін де, ол кестеленіп қойылатын. Сондықтан да шалбар өте сәнді және көрікті киімдердің бірі саналған. Қой терісінің әр түрлерінен (жүндес, қырықпа, тақыр және т. б.), ешкі және құлын терілерінен, былғарыдан тігілген шалбарды көбінесе тыстамайды. Оны бір түске бояп, кестелейді, балағын құндыз, сусар сияқты аң терілерімен жұрындайды. Теріден тігілген шалбарды матамен тыстап та жүрген. Еркектер көбінесе сырт киімдерін түймесіз, тек белбеумен ғана киген. Белбеуді бірнеше метр матадан ораған. Белдікпен кісені қайыстан, былғарыдан қабаттап, күмісті мықтармен, білезіктермен, көзді күміс бұдырлармен сәндейтін. Бұлардан басқа құр, терме, шекпен белбеулер де болған. Оларды да өрнектеп, шашақтап, әдемілеп істеген.

Әйел киімдерінің де әр аймақта әр түрлі үлгілер мен әр алуан атаулар бар. Солардың ішінде қазақ елінің бәріне тән түрлері: көйлек, кимешек, жаулық, сәукеле, желек, тақия, қамзол, кәзекей, кебіс-мәсі, көкірекше сияқты заттар. Әйел киімдері әшекей, ажар жағынан ел салты бойынша төрт топқа арналып тігілген. Олар қыз киімдері, келіншек киімдері, орта жастағы әйелдер мен қарт бәйбішелердің киімдері. Бұлардың әрқайсысының тігілу мәнері де әшекейі де әр қилы. Қыз киімдерінің кеуделері тар, қынамалы, омырауы мен жаға-жеңдері кестелі, көйлектері қос етекті, бас киімдері үкілі, моншақты,аяқ киімдері биік өкшелі, жеңіл және қай киімі болса да алтын, күміс, меруерт моншақтармен әшекейленеді. Қыздар көбінесе құндыз бөрік, қатипа тақия киіп, шолпы тағып жүреді. Қыздар төсін жасыру үшін кеудесін көкірекшемен қатты тартып тастап жүрген. Келіншектер бір құрсақ көтергенше қыз киімдерін кие береді. Бірақ олар бөрік, тақия кимейді, үкі тақпайды және жалаңбас жүрмейді. Құрсақ көтерген келіншектер киімдерін мол етіп тігеді. Олардың бас киімдері шаршы, сарала жаң, торғын шәлі, қызға қарағанда әшекей заттары аздау болып келеді. Орта жастағы әйелдер құбатөбел киінеді. Олардың көйлектері қос етексіз, белі мен жеңі кең болып бүріледі. Бұл жастағы әйелдер шаршыны орап тартады. Жақтарын оқаламайды, жәй кестелейді. Қарт әйелдердің киімі неғұрлым етекті, мол қаусырмалы, қалталы, әшекейлерінің көбі тана, түйме, тіс шұқуыш, қапсырма, оқалы өңір сияқты заттар болған. Олар шолпы тақпаған, алқа салмаған. Ал оқалы жақ, көксауыр кебіс, кестелі мәсі, білезік, сырға, сақина, күміс түйме, теңге сияқты әшекейлі заттарды қай жастағы әйелдер болсын тағына берген.

Әйел киімдерінің ең бастысы көйлек, одан кейін сәукеле, бөрік, тақия, кимешек-жаулық, бергек сияқты бас киімдер мен қамзол, кәзекей, желетке. Әйел көйлегінің кеудесі мен етегі екі бөлек тігіліп, соңынан етекті кеудеге бүріп қосатын. Кеуденің етекке қосылған жерін көйлектің белі немесе бүрмесі деп атайды. Әйел көйлегінің кеудесі тар, етегі кең болады. Өңірі бүрмеге дейін ашық, оның асты-үсті әдіптеліп сырып өрнектеледі, мұны «қақпа» деп атайды. Ана болған әйел осы қақпа арқылы бала емізеді. Көйлектің жағасы тік шығарылып ол артынан, кейде бір жақ иық үстінен түймеленеді. Ал қыз-келіншектердің көйлегінің жағасы кестеленеді немесе қол инемен көркемдеп қайып тігіледі. Кейде жағаның үстіңгі шетін бүрмелеп желбірлеп қояды. Қыз-келіншек көйлегінің жағасының өңіріне бірнеше түймені тізіп қадайды.

Қыздар мен жас әйелдердің ең бір сәнді киімі қос етек көйлек. Қос етек көйлек әдетте ақ түсті қымбат жібектен, асыл матадан тігіліп таза жүннен тоқылады. Мұндай көйлекті қыс киюге арнайды да, бір киер көйлек санайды. Қос етек көйлек әдетте ұзын, кең, оның жеңінің ұшы мен жағасы, белі бүрмеленіп, қатпарлы желбір салынады. Әйел көйлегін ерекше сәндеп тұратын қосымша заттардың бірі омырауға не тігіп, не түйме, түйреуіш, ілгектермен жапсырып қоятын «өңір» деген зат. Өңір жағаның алдыңғы жаң түбінен бел бүрмесіне дейін, ені екі жақ қолтың тігісіне жетеді. Өңірді асыл матадан бөлек тігеді. Шет-шетін кестелеп, зерлер салып шашақтап, бетіне неше түрлі асыл тас, меруерт-моншақ, алтын не күмістен алқа, теңге, бастырма, жылтыраған үзбелі салпыншақтар қадайды. Өңірді кеудеше, көкірекше, төстік, алқа деп те атай береді.







© 2010-2022