Қазақ халқының ою-өрнектері

Бейнелеу өнері 3 сыныпта  Тақырып; Қазақ халықның ою- өрнектері.  Сабақтың мақсаты;Қазақ халқының ою-өрнек өнерін дәрістеу.  Білімділігі; оқушыларға ою- өрнектер туралы түсінік беру, ою-өрнектерді ою әдістерін үйрету.  Дамытушылығы; ұлттық өнер туралы білімдерін бір жүйеге түсіріп; шығармашылық қиялын дамыту.  Тәрбиелігі; оқушылардың қол өнерге декген қызығыушылығын оятып, ұқыптылыққа, талғамға сай жұмыс жасай білуге  тәрбиелеу.  Түрі; аралас сабақ.  Көрнекілігі; ою-өрнектер түрлерінің плакаттары, қол өнер бұйымдары, суреттер, буклеттер.  Пәнаралық байланыс; технология, биология, сурет, геометрия.  Қажетті құралдар; мата түрлері, түсті қағаздар, қарандаш, қайшы, желім.
Раздел Изобразительное искусство и Мировая художественная культура (ИЗО и МХК)
Класс -
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат doc
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Қарағанды облысы

Осакаров ауданы

Шұңқыркөл №11орта мектебінің

бейнелеу пәні мұғалімі

Слямова Кенжетай Бейсембековна

Бейнелеу өнері 3 сыныпта

Тақырып; Қазақ халықның ою- өрнектері.

Сабақтың мақсаты;Қазақ халқының ою-өрнек өнерін дәрістеу.

Білімділігі; оқушыларға ою- өрнектер туралы түсінік беру, ою-өрнектерді ою әдістерін үйрету.

Дамытушылығы; ұлттық өнер туралы білімдерін бір жүйеге түсіріп; шығармашылық қиялын дамыту.

Тәрбиелігі; оқушылардың қол өнерге декген қызығыушылығын оятып, ұқыптылыққа, талғамға сай жұмыс жасай білуге тәрбиелеу.

Түрі; аралас сабақ.

Көрнекілігі; ою-өрнектер түрлерінің плакаттары, қол өнер бұйымдары, суреттер, буклеттер.

Пәнаралық байланыс; технология, биология, сурет, геометрия.

Қажетті құралдар; мата түрлері, түсті қағаздар, қарандаш, қайшы, желім.

Сабақтың барысы;

І. Ұйымдастыру.

Оқушыларды сабаққа дайындау. Құрал-жабдықтарын алдырып, жоқ оқущыларды түгендеу. Оқушылардың назарын сабаққа аудару.

ІІ, үй тапсырмасын текскру.

Ою-өрнек түрлері.

( Сұрақ- жауап арқылы үй тапсырмасын сұрау )

  1. ою деген не?

  2. өрнектің оюдан қандай ерекшелігі бар?

  3. ұлттық ою- өрнегімізбің басты ерекшелігі бар?

ІІІ. Жаңа сабақ.

Ою-өрнек өнері әлемнің барлық халықтарына тән өте ертеден келе жатқан халықтың мұрасы болып саналады. Бір өрнекке салып қиып алған үлгіні ою дейді.

« Ою-өрнек» - ( латынның ornamet- әсемдеу, сәндеу деген сөзінен шыққан)

Үйлесімдік пен бірқалаыпқа түскен элементтерден тұратын нақыштар.

Қазақ халқының ою-өрнектерінің түрлері де, атаулары да көп. Ертедегі ата- бабаларымыз ою- өрнерінің өзіндік қыр- сырын жете меңгере білген. Ертедегі қазақ оюларының мазмұны жағынан іріктесек, негізінен үш түрлі ұғым бейнеленген;

  • біріншіден, мал өсіру мен аңшылық;

  • екіншіден, жер, су, көшіп қону;

  • үшіншіден, күнделікті өмірде кездесетін әр түрлі заттардың бейнесін береді.

Ою - белгілі бір затты ою ( тас, темір, ағаш), кесу (ағаш, сүйек), тігу ( былғары, тері), қию ( қағаз, мата ) тәсілдері арқылы жүзеге асады.

... баяғыда алысқа ұзатылған қыз артында қалған ауылына кестеленген кішігірім бет орамалды керуеншілерден сәлемдеме ретиінде беріп жібереді. Орамалдың бетінде ұшқан құс пен жаңа бүршік атып келе жатқан гүл бейнеленіпті. Мұны көрген ата-анасы;

-Е-е қызымыз әуедегі құстай емін-еркін, жайраңдап өмір сүріп жүр екен,- деп, мәз болысады.

Бір-екі жыл өткен соң керуеншілер әлгі қыздан тағы бір бет орамал әкеледі.

Онда орамалдың жиегі бүрмеленіп, ортасына түрегеліп тұрған ер адам мен жүресінен отырған әйелдің бейнесі кестеленіпті. Мұны көрген ата-анасы;

  • қызымыз бұрынғы сауық- сайраннан, бас бостандығынан айырылып, торға түскен торғайдай болыпты, бейшараның күйеуі қатал адам екен. өзінен төмен ұстайтын көрінеді,- деп қынжылыпты.әр кестенің астарында алуан мағына бар екен.

Қолөнер дәстүрлерін қамқорлықпен сақтап дамытуға кеңес үкіметі тұсында да мән берілгенін айта кету керек. Оған СССР министрлер советінің 1966,1968, 1975,ы шыққан жарлықтың көркемөнер кәсібін дамыту мәселесіне арналған қаулылар, сондайақ республикамызда 1975 жылдың 25 наурызында қабылданған Қазақ ССР- інде халық көркем қолөнерінің одан әрі өркендету шаралары туралы қаулылар дәлел.

Қазақ халқының қолөнерінен тарихи этнографиялық тұрғыда сипаттайтын зертеулерге Х.Арғынбаевтың,М.С.Мұқановтың, Ә. Марғұланның, С. Қасимановтың, Ө. Жәнібековтың монографиялық еңбектерін жатқызуға болады

С. Қасиманов қазақ ұлттық қолөнерінің кейбір түрлерінің өзіндік ерекшеліктерін баяндау барысында ою-өрнек өнеріне де ерекше көңіл бөліп, оның 200-ге жуық түрін атап белгілі бір атауларға кеңінен тоқталды.

Қазақтың ою-өрнек үлгілерін мазмұнына, мағынасына қарай топтап жіктейді, ішінара қайсыбір ою-өрнектерге байланысты аңыз-әңгімелер, т.с.с. құнды мағлұматтар береді.

Ою-өрнек туралы, қанатты сөздер тақтаға көрнекті етіп жазылып қойылады.

Мысалы; «Адамды өнер танытар» «Өнер көзі - халықта» «Өнерді көп білген дана болар, өнерсіздің ісі шала болар» « Өнер талаптыдан туар», «Ою ойғанның-ойы ұшқар».

Бұл жерде эпидоскоп арқылы ою-өрнектердің табиғат көріністерінен туындағанын көрсету жөн,

  1. Ай, күн, жұлдыз, аспан әлеміне өрнектер( айшық, шеңбер, жұлдыз, төрт құлақ, шұғыла,т.б.)

  2. Малға, оның ізі мен мүйізіне байланысты өрнектер( мүйіз, қос мүйіз, түйе табан, өркеш, түйе мойын, тай тұяқ,т.б.)

  3. Құрт- құмырсқа мен аңдардың ізіне ұқсас өрнектер(Өрмекші, ирек, омыртқа, төрт құлақ,т.б.)

  4. Құстар, жер, су, өсімдік,гүл, жапырақ бейнелі өрнектер ( ағаш жапырақ, өткізбе шиыршық, гүл жуқазын,т.б.)

  5. Геометриялық фигураларға ұқсас өрнектер ( сүйір, ирек, балдақ, төрт үш гүл, қармақ,тұмарша,шынжара,т.б.)

Оқушылардың өнерге деген ынтасын арттыра отырып оюларды салу жолын үйретемін

  1. симметриялы қошқар мүйізді өрнектің салу жолдары көрсетілген плакатты іліп қоямын

  2. оқушылардың сол өрнекті өз сурет дәптерлеріне қалай салатынын көрсетемін.

  3. оқушыларды аралап, кеткен кемшіліктерін түзетіп шығамын

  4. бояу тәсілдері плакатта көрсетілгендіктен, қосымша түр-түстердің бір келкі әдемі түсірілуін үйретемін және таза орындалуын бақылаймын.

Қотындылау кезінде оқушылардың жаңа сабақта орындаған жұмыстарының жақсы, нашар жақтарын өздерін қатыстыра отырып, түсіндіріп ұғындыруға әрекет жасаймын.

Жалпы жаңа сабақты бекіту үшін сұрақ-жауап тәсілін қолданамын.

  1. Қазақтың ою-өрнектерінің түрлері қандай?

  2. Қандай заттарда қолданылып кеген?

  3. Өнер туралы қандай дана сөздер білесіңдер?

Сабақтың соңында қазақтың ою- өрнектерін жинап альбом жасауды, және үйде басқа өрнек түрін салып келуді тапсырамын.


© 2010-2022