• Преподавателю
  • ИЗО, МХК
  • Баяндама: «Мектептің әлеуметтік-психологиялық компоненті қолайлы білім ортасын құру факторы»

Баяндама: «Мектептің әлеуметтік-психологиялық компоненті қолайлы білім ортасын құру факторы»

Мектептің әлеуметтік-психологиялық компоненті қолайлы білім ортасын құру факторы.    Білім ортасының әлеуметтік компоненті - бұл білім процесі субъектілерінің қатынасу түрі, яғни оның аясында топтық қажеттілік жүзеге асырылады, жеке адамдар арасындағы және топтық жанжалдар   пайда болады және шешімін табады. Осы процесте адамдар арасындағы жасырында, мағыналы қарым-қатынас жағдайлары айқын сипатты иеленеді: жарыс немесе жасырын бәсекелестік; жолдастық тұтастық немесе сыбайластық; дөрекі қысым немесе саналы тәртіп ». Білім ортасының дамытушы әлеуметтік компоненті психологиялық-педагогикалық феноменге толықтай сәйкес келеді, оны «әріптестер байланысының нәтижелі әдісі, өзара сенімді қарым-қатынас орнатуға және жалғастыруға жағдай жасайтын, тұлғалық потенциалды ашуға және бірлескен істің нәтижесіне қол жеткізетін әдіс деп атауға болады». Маңызды сипаттамалар арасында, мектептің ішкі жұмысының тиімділігіне баға бере алатын, мектеп ішіндегі психологиялық жағдайды айтуға болады. «Мектеп ішіндегі психологиялық жағдай»   ұғымы, білім процесіне қатысушылардың (оқушы, мұғалім және ата-аналар) топ ішіндегі қарым-қатынасымен мектеп өмірінің басты аспектілерімен, жалпы екпінімен және байланысу стилімен қанағаттанушылық дәрежесін көрсететін    қасиеттің динамикалық жалпыланған сипаттамасы ретінде анықтауға болады. Сонымен мектеп ішіндегі психологиялық жағдайды туғызатын кім? Отбасы, ата-ана баланың мінезімен, оның әдеттерінің, ортадағы қарым-қатынасының негізін қалайды. Әрине, отбасының салты баланың мектептегі тәртібіне әсер етеді. Егер үй ішінде ата-ана балаға дауыс көтеріп сөйлесе, мектепте де бала тек айқайды түсінеді немесе қатты дауысқа мән береді.
Раздел Изобразительное искусство и Мировая художественная культура (ИЗО и МХК)
Класс -
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат doc
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Мектептің әлеуметтік-психологиялық компоненті

қолайлы білім ортасын құру факторы .

Білім ортасының әлеуметтік компоненті - бұл білім процесі субъектілерінің қатынасу түрі, яғни оның аясында топтық қажеттілік жүзеге асырылады, жеке адамдар арасындағы және топтық жанжалдар пайда болады және шешімін табады. Осы процесте адамдар арасындағы жасырында, мағыналы қарым-қатынас жағдайлары айқын сипатты иеленеді: жарыс немесе жасырын бәсекелестік; жолдастық тұтастық немесе сыбайластық; дөрекі қысым немесе саналы тәртіп».

Білім ортасының дамытушы әлеуметтік компоненті психологиялық-педагогикалық феноменге толықтай сәйкес келеді, оны «әріптестер байланысының нәтижелі әдісі, өзара сенімді қарым-қатынас орнатуға және жалғастыруға жағдай жасайтын, тұлғалық потенциалды ашуға және бірлескен істің нәтижесіне қол жеткізетін әдіс деп атауға болады».

Маңызды сипаттамалар арасында, мектептің ішкі жұмысының тиімділігіне баға бере алатын, мектеп ішіндегі психологиялық жағдайды айтуға болады.

"Мектеп ішіндегі психологиялық жағдай" ұғымы, білім процесіне қатысушылардың (оқушы, мұғалім және ата-аналар) топ ішіндегі қарым-қатынасымен мектеп өмірінің басты аспектілерімен, жалпы екпінімен және байланысу стилімен қанағаттанушылық дәрежесін көрсететін қасиеттің динамикалық жалпыланған сипаттамасы ретінде анықтауға болады.

Сонымен мектеп ішіндегі психологиялық жағдайды туғызатын кім?

Отбасы, ата-ана баланың мінезімен, оның әдеттерінің, ортадағы қарым-қатынасының негізін қалайды. Әрине, отбасының салты баланың мектептегі тәртібіне әсер етеді. Егер үй ішінде ата-ана балаға дауыс көтеріп сөйлесе, мектепте де бала тек айқайды түсінеді немесе қатты дауысқа мән береді.


Бала мектепке келген сәттен бастап, баланың эмоциялық көңіл-күй тұрақтылығы және қызығушылығы педагогтың іс-әрекетіне тәуелді. Педагог бұл жерде «дүниетануды құрастырушы субъекті ретінде танылады».

Педагогтың оқу-тәрбие процессі кезінде жағымды ортаны құруда қай істі атап өтуге болады? Біріншіден - қарым-қатынастың ең жағымды жағдайымен қамтамасыз ету, балаға тұлға ретінде өзін-өзі толықтай көрсетуге мүмкіндік жасау. Баланы қарым қатынас жасауға бағыттаңыз. Осыған бірінші қажет болатын тәсіл - пластикалық қалыптың дұрыс таңдауы. Адам таңдайтын әр қалып, өз ішінде көп мәлімет сақтайды, әр бала сізді тез қабылдай алатындай болуы керек. Мысалы, педагог «арыстан қалпында» тұратын болса, осы жағдай балаларға қаңдай әсер етеді? Олар іштей «қысылады», көздерін түсіреді, мұғалімнің қөз қарасынан қорқады, соңдықтан олардың арасында сенімді қарым-қатынастың болмайтыны түсінікті. Тұлғалық қарым-қатынасты орнатудың ең басты шарты сенім екенін ұмытпауыңыз керек.

Екінші кезең - мәліметтің ұсынылуы. Осы кезеңде байланысудың екі түрі бар: мен және сен хабарламалары.

Сен - хабарламасы байланысты жиі бұзады, өйткені оқушыда өкпе, наз, реніш сезімі басым болады. Мен - хабарламасы баланың мінезін өзгерту мақсатында қолданылатын ең нәтижелі әдіс болып табылады. Бұл байланыста оқушы мен мұғалім арасындағы жайлы қарым-қатынас сақталады.

Үшінші кезең - дербес байланыстың орнатылуы. Адамға ең жағымды әсер - оқушының есімін толық атау екенін ұмытпау керек.

- Көзбен-көзді түйістіруді міндетті түрде қалыптастырыңыз. Адамның көз тігуі оның көңіл күйімен өзінің талаптарын көрсетеді.

Сабақтың басында сәлемдесу үшін балалардың тұруын талап етеміз. Осы уақытта біздің көзіміз шамамен бір деңгейде болады, бұл жағдай көзбен-көздің кездесуіне мүмкіндік береді.

- Келесі байланыс түрі жанасу екенін ұмытпау керек, ол оқушының басынан сипау, қолынан ұстау сияқты әрекеттерде кездеседі. Бұл байланыс түрі кең көлеміде бастауыш мектеп жасындағы оқушыларға қолданылады.

Әр оқушының назарын аударып, бағыттай отырып, педагог оқушылардың көңіл-күйінің жақсаруына жағдай жасайды және өз әрекетіне жауап ретінде, жағымды эмоциялық сезімдерін күшейтетін реакция тудыра алады.

- Эмпатикалық тыңдау әдісін қолданыңыз, оның мақсаты - оқушыларға олардың сезімдерімен күйзеліс сәттері педагогты толғандыратынын және осы мәселелерді шешуге талпынатынын ұғындырады;

- көбірек жағымды эмоцияларды көрсетіңіз;

- дербес қолдауды көмек ретінде пайдаланыңыз

- стресстік жағдайға жол бермеңіз

-жетістікке жетуде бала өз күшіне және қабілетіне сенетін жағдай орнату үшін өз оқушыларыңыздан көмек сұраңыз, окушыңызға ризашылық білдіріңіз;

- оқытуды және тәрбиелеуді жазалаусыз және айқайлаусыз іске асыруға тырысыңыз.

- көңіл-күйді тұрақтандыру әдісін қолданыңыз.

Сөнымен, жағымды психологиялық ахуал мұғаліммен оқушы арасындағы қарым-қатынас арқылы орнатылады.

Бірақ мұғалімнің тұлғалық өзгешеліктерін, оның өміріндегі жағдайларын ескере отыру керек. Мұғалім де қарапайым бір адам, оның да өз мінезі, шешеілмеген өз мәселелері бар. Мұғалімнің моральдық қанағаттанушылығы, өз жұмысына қызығушылығы, лайықты төлемақысы, жұмысының нәтижесін әріптестерімен, оқушылардың және ата-аналардың мойындауы, мектеп әкімшілігі тарапынан қолдау көрсетуі мектеп ішіндегі психологиялык жағдайды жақсартуға көмегін тигізеді.

Сондықтан мұғалім, ата-ана, оқушылардың барлығы мектеп ішіндегі ахуалды орнататынын ұмытпау керек және олардың бірлескен әрекеттерінің нәтижесіне байланысты болады.

Егер сыныптағы озық орынға көбірек әлеуметтік бейімделген оқушы немесе оқушылар тобы ие болса, осы жағдайда басқа оқушылар да оларға еліктейді. Осындай сыныпқа педагог қуаныш сезімімен кіреді, іс-әрекетімен оның күш-қуатының артуына әсер етеді, жаңа методикалық шешімдерді іздеуге шабыттандырады. Әлеуметтік бейімделмеген оқушы топтарымен жұмыс барысында, қарым-қатынас орнату деңгейі төмендеп кетеді, жұмыс барысында педагог психологиялық тұрғыдан шаршап шығады.

Психологиялық жайлылық принципы білім процессіндегі барлық стресстік жағдайдағы факторлардың шешуіне негізделген. Психологиялық жайлылық тек қана баланың адамгершілік дамуымен білімді меңгеруі үшін емес, оның дене тәрбиесінің дамуына да әсер етеді.

Мектеп - адамның биологиялық және әлеуметтік қалыптасу кезеңінде кездесетін алғашқы әлеуметтік институт болып саналады. Бала өсіп және қалыптасу кезеңінде денсаулыққа зиян тигізетін факторлар болмауы үшін, педагогтар, дәрігерлер, психологтар, ата-аналар, мектеп ұжымы әр баланың келешегінің толықтай дамытуына мүмкіндік беретін жол аша отырып, болашақ өмірге дайын болуы үшін көптеген жұмыстарды атқаруы керек.


© 2010-2022