Конспект урока на тему Сиқырлы орман

Сипаттама.    Менің бүгінгі сабағымда графиканың дәстүрлі емес тәсілі-«граттография», «граттаж» тәсіліне арналады.     «Граттография», «граттаж»- француз тілінен аударғанда «тырналап сурет салу» деген мағынаны білдіреді. Яғни, балауызды бетке тырналап сурет салу.    Балалар сурет салғанды жақсы көреді. Осындай тәсілмен қайталанбас қызықты жұмыстар жасауға болады.Мұндай шығармашылық жұмыстардан олардың эстетикалық талғамы, ойлау көкжиегі, қиялдау қабілеттері дамиды.     Бұл тәсілдің қиындық туды...
Раздел Изобразительное искусство и Мировая художественная культура (ИЗО и МХК)
Класс -
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Сабақтың тақырыбы: Сиқырлы орман

Мақсаты: білімділігі: «граттография» тәсілімен таныстыру және осы тәсілмен жұмыс жасай біліуге үйрету.

дамытушылық: оқушының қызығушылығын ,ынтасын арттыру; байқағыштық, есте сақтау, ойлау қабілеттерін дамыту; білім-білік дағдыларын кеңейту.

тәрбиелік: эстетикалық тәрбие беру; оқушыларды ұқыптылыққа, шыдамдылыққа, тазалыққа баулу.

Міндеті: -балалардың шығармашылық қабілетін дамыту;

-суреткерлік талғамын, композициялық ойын дамыту;

-ойлау-қиялдау қабілетін, саусақ қимылдарын дамыту;

-жаңа нәрселерді білуге деген құштарлығын арттыру.

Түрі: дәстүрлі емес

Әдісі: баяндау, сарамандық жұмыс

Пәнаралық байланыс: дүниетану

Көрнекілігі: осы тәсілмен жасалған жұмыстар

Қажетті құралдар: қатты картон қағаз, балауыз, тушь немесе гуашь, ұшты таяқша

Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру

ІІ. Үй тапсырмасы

ІІІ. Жаңа сабақ

ІҮ. Сергіту сәті

Ү. Сарамандық жұмыс

ҮІ. Бекіту

ҮІІ. Қорытынды

ҮІІІ. Үйге тапсырма

І. Оқушылармен сәлемдесу, сынып оқушыларының сабаққа қатысын түгендеу.

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру.

- Сонымен, балалар, қазақ суретшілерінен кімді білеміз?

- Енді, көрейік кімнің «Гүлшоғы» әдемі шықты екен?

- Гүлшоғы бейнелеу өнерінің қай жанрына жатады?

ІІІ. -Балалар, бүгін біз графиканың қызықты әдісі «Граттографиямен»-танысамыз. «Граттография»-француз тілінен аударғанда «тырналап сурет салу» деген мағынаны білдіреді. Яғни, балауызды бетке тырналап сурет салу.

Конспект урока на тему Сиқырлы орман Конспект урока на тему Сиқырлы орман

Конспект урока на тему Сиқырлы орманКонспект урока на тему Сиқырлы орман

Ең алғаш бұл тәсілді Ресейлік суретші Мстислав Добужинский 20 ғасырдың басында қолданған.

Бұл тәсілмен жұмыс жасау үшін:

1. Қатты қағаз бетіне балауызды жағып шығамыз

2. Балауыз жағылған беттің үстін қара тушпен бояп шығамыз

3. Дайын беттің үстіне ұшты таяқшамен тырналап сурет саламыз

Енді, бәріміз бірге,осы қызықты тәсілмен өз қолымызбен жұмыс жасап көрелік!

Сергіту. Балалар өлең жолдарының мазмұны бойынша қимылдар жасайды.

Пілдің басы жалпақ Кіп-кішкентай көзі

Құлағы дәу қалпақ Тұмсығы оның ирек

Дәу болғанмен өзі Жүреді ылғи билеп

Машықтық кезең Балалар, елестетіп көріңдерші, сендер ертегілер елінде сиқырлы орманда жүрсіңдер. Айнала тастай қараңғы. Зұлым сиқыршы айналаны сиқырлап тастаған. Сендер ол орманды қалай елестетер едіңдер? Оны қалай суреттер едіңдер? Ендеше, өзіңнің сиқырлы орманыңның суретін сал.

Бекіту Граттография дегеніміз не?

Ерекшелігі қандай екен?

Ең алғаш қолданған кім?

Қорытындылау. Балалар жұмыстарын өздеріне бағалату.

Үйге тапсырма. Жұмысты аяқтап келу






















© 2010-2022