Бейнелеу өнері пәнінен Жас суретшілер тақырыбында сыныптан тыс шара жоспары. 5-6 сынып

Раздел Изобразительное искусство и Мировая художественная культура (ИЗО и МХК)
Класс 6 класс
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат doc
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:



Жалпы білім беретін Ақбұлақ орта мектебі













Ашық сабақ

Сабақтың тақырыбы: «Ғажайып суретшілер әлемінде»

(Сыныптан тыс шара)













Пән мұғалімі: Е.С. Утегалиев











2013-2014 оқу жылы

«Ғажайып суретшілер әлемінде» сайысы

(сыныптан тыс шара)

Мақсаты: Оқушыларға бейнелеу өнерінің қыр-сырын жан-жақты үйрету.

Олардың дүниетанымын, эстетикалық талғамын кеңейту.

Сурет салу дағдысын, логикалық ойлау, еске түсіру, елестету қабілеттерін және

шығармашылығын арттыру.

Өнерді құрмет тұту, оған сүйіспеншілігін арттыру. Өнерге баулу, шығармашылыққа

тәрбиелеу.
Түрі: дәстүрлі емес
Әдісі: топтық сайыс, сұрақ-жауап, топпен жұмыс, құрастыру, тақырыпқа сурет салу.
Көрнекілігі: Өнер жайлы нақыл сөздер, слайдтар, құрастырма суреттер, суреттер.
Құрал-жабдықтар: плакат, қарындаштар, қайшы, желім, акварель бояулары, қылқалам.

Сайыстың барысы:

Армысыздар құрметті ұстаздар, сайысымызға қатысушы жас өркен!

Бүгінгі бейнелеу өнері сабағынан 5-6 сынып оқушылары арасындағы «Ғажайып суретшілер әлемі» атты сайыс сабағына қош келдіңіздер.

Жүзден жүйрікті, мыңнан тұлпарды анықтайтын әділқазы алқасымен танысайық.

  1. К.М.Давлетьярова-мектеп директоры

  2. Қ.А.Акдавлетова - технология пәнінің мұғалімі

  3. А.К. Шундыбаева - қазақ тілі мен әдебиеті пәндерінің мұғалімі

  4. М.С. Авраева - жас мамандар бірлестігінің жетекшісі

Ортамызда екі топ сайысқа түспекші.

І топ «Бояулар»

ІІ топ «Қарындаш»

Өнер десе өртеніп жанып тұрар,

Сусындап сол өнерден қанып тұрар.

Сегіз қырлы, бір сырлы сайыскерлер,

Кез келді өзін-өзі таныстырар, - дей келе сайысқа түспекші екі топпен танысайық.

«Бояулар» тобы:

Көрікті ашық бояумыз.

Өнерге ғашық баламыз.

Бәрінің өңін келтірер

Сурет болмас бояусыз.

Топ мүшелері:

  1. Бақыт Ару

  2. Социал Камила

  3. Болат Айдар

  4. Дильмагамбетов Бақтияр

  5. Нұржанова Наргиза

  6. Камзағалиев Данияр

«Қарындаш» тобы:

Біздің есім «Қарындаш»,

Өнерсіз бала қарны аш.

Сайысқа келген достарым,

Сурет сал, міне қарындаш.

Топ мүшелері:

  1. Бақытжан Дәулетжан

  2. Кабышев Жанат

  3. Бектауов бағдат

  4. Жеңіс Бәтима

  5. Қайыржан Ізбасар

  6. Кенжеғалиев Бауыржан

Өнерпазды жарау аттай баптасын,

Халқымыздың асыл мұрасын сақтасын.

Өнерімен танылып бүлдіршіндер,

Ел сенімін еңбекпенен ақтасын, - деп сайыстың түрлерімен таныстырып өтейін.

Сайыс кезеңдері:

1. «Сан сұраққа саяхат» сұраққа жауап беру.

2. «Кім шапшаң, кім жылдам?»

3. Сөздерден түс аттарын шығару.

4. Үй тапсырмасын қорғау.

5. Сурет салу сайысы (топпен жұмыс)

6. Қорытынды.

Кезеңдермен таныс болсақ сайысымызды бастайық.

І кезең. «Сан сұраққа саяхат» сұраққа жауап беру

Әр топқа алты сұрақтан қойылады. Соған жауап берейік.

І топқа:

  1. Бейнелеу өнері дегеніміз не? (Айналамыздағы өмір көріністерін жазықтықта әрі кеңістікте бейнелеу арқылы суреттейтін өнер түрі)

  2. Табиғат көрінісін бейнелейтін шығарма. (Пейзаж)

  3. Суға тез еритін бояу. (Акварель)

  4. Қарындаш дегеніміз не? (Сырты ағаштан, өзегі графиттен жасалған сурет салу құралы)

  5. Аспан мен жердің қиылысатын сызығын не дейміз? (көкжиек сызығы)

  6. Су әлемін бейнелейтін жанр қалай аталады? (маринистік жанр)

ІІ топқа:

  1. Бейнелеу өнерінің түрлерін ата. (кескіндеме, графика, мүсін, сәулет өнері, қолданбалы сәндік өнер)

  2. Адам келбетін бейнелейтін жанр қалай аталады? (портрет)

  3. Түстер неше түрге бөлінеді және қандай? (2-ге, жылы және суық)

  4. Жануарларды бейнелейтін көркем шығарма. (анималистік жанр)

  5. Қалам, тушьпен салынған өнер не деп аталады? (графика)

  6. Натюрморт деген не? (Жансыз заттар бейнеленген көркем шығарма)

2 кезең

Кім жылдам табады,

Заттардың бейнесін.

Бір-бірімен суреттер,

Табу керек үйлесім.

- деп сайысымыздың «Кім шапшаң, кім жылдам?» кезеңіне берейік.

Қиылған суреттерді құрастырып, ненің бейнесі екенін табу.

3 кезең.

Сөздерден түс аттарын шығару.

І топқа:

ЛЫЗЫҚ (ҚЫЗЫЛ), АҚРА (ҚАРА), ДІРГІЛКӨ (КӨГІЛДІР), ЫРҚОҢ (ҚОҢЫР), РҰС (СҰР)

ІІ топқа:

ЛЫСАЖ (ЖАСЫЛ), ЫРСА (САРЫ), КӨКСИЯ (СИЯКӨК), ГІНКҮЛ (КҮЛГІН), ҒЫШҚЫЗ (ҚЫЗҒЫШ)

4. Үй тапсырмасын қорғау.

5. Сурет салу сайысы (топпен жұмыс) - 5 минут уақыт беріледі.

Алдарыңызға Камзағалиева Маржанды әнімен ортаға шақырамыз.

6. Қорытынды.

Сайысты қорытындылау.

Сайысқа қатысушы топтарды марапаттау.

© 2010-2022