Жануарлар мүсіні

Бейнелеу өнері   1- сынып  15.02.2014 жыл. Сабақтың тақырыбы:  Жануарлар мүсіні. Балықтар. Сабақтың мақсаты : Білімділігі:  Оқушыларға  балықтардың тіршілігі, олардың сыртқы құрылысы туралы оқушыларға түсінік беру, мүсінің жасауға үйрету  Дамытушылық: Оқушылардың  сабаққа деген қызығушылықтарын арттыра отырып, өз ойларын еркін жеткізе білуге дағдыландыру.  Тәрбиелік: Оқушылардың қиялдарын, көркемдік , шығармашылық қабілеттерін дамыту.  Сабақтың түрі:аралас сабақ  Сабақтың көрнекіліктері: балықтар суреті,балықтарды жабсыратын шаблон.  Қажетті құралдар: ермексаз, тақташа  Сабақтың барысы:  І.Ұйымдастыру к...   -Бүгінгі сабағымыздың тақырыбын анықтау үшін біз мына сөзжұмбақты шешуіміз қажет.  Қанаты бар ұшпайды,  Жұрт айламен ұстайды. (Балық)  -Тамаша.Қанеки хормен шыққан сөзді оқып жіберейікші.(Балық)  -Ендеше біздің бүгін өтетін тақырыбымыз «Жануарларды мүсіндеу.Балықтар«екен. 2) Жаңа сабақты түсіндіру  Мұғалімнің түсіндірмесі  Балықтар дүние жүзіндегі кез келген су қоймасында (мұхит, теңіз,көлдер,өзендерде )тіршілік етеді.Балықтар - омыртқалы жануарлар. Балықтар тек суда ғана тіршілік етеді, сондық...
Раздел Изобразительное искусство и Мировая художественная культура (ИЗО и МХК)
Класс -
Тип Рабочие программы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Бейнелеу өнері 1- сынып 15.02.2014 жыл.
Сабақтың тақырыбы: Жануарлар мүсіні. Балықтар.
Сабақтың мақсаты :

Білімділігі: Оқушыларға балықтардың тіршілігі, олардың сыртқы құрылысы туралы оқушыларға түсінік беру, мүсінің жасауға үйрету
Дамытушылық: Оқушылардың сабаққа деген қызығушылықтарын арттыра отырып, өз ойларын еркін жеткізе білуге дағдыландыру.
Тәрбиелік: Оқушылардың қиялдарын, көркемдік , шығармашылық қабілеттерін дамыту.
Сабақтың түрі:аралас сабақ
Сабақтың көрнекіліктері: балықтар суреті,балықтарды жабсыратын шаблон.
Қажетті құралдар: ермексаз, тақташа
Сабақтың барысы:
І.Ұйымдастыру кезеңі.
1) Сабаққа дайындықтарын тексеру
-Балалар,казір бізде бейнелеу өнері сабағы.Қанеки оқу-құралдарымызды реттеп сабаққа дайындалайық.
2) Ойын «Түсті нүктелер»
Балалар, қазір біз ойын ойнаймыз. Мен түрлі түсті магниттерді бір қатарға тізіп жапсырамын. Сендер сол ретін естеріне сақтандар, ал одан кейін араластырып жіберемін. Сендердің міндеттерін сол алғашқы ретімен қайтадан орнына келтіру.
II. Жаңа сабақ
1) Сабақтың мақсатын жариялау
Ендеше,бүгінгі сабағымыз қызықты өту үшін сендерге және өзіме сәттілік тілеймін.
- Балалар, сендер қандай жануарларды білесіңдер?
- Үй және жабайы жануарлар.
- Үй жануарларын атап беріндерші?
- Ал жабайы жануарлар?
Жақсы. Балалар, бүгін біз мүсін өнерімен танысамыз. Мүсін - бейнелеу өнерінің бір түрі. Мүсін - кеңістікте жан-жақты бейнеленген, сомдалған көркем шығарма.
Бейнелеу өнерінде жануарларды бейнелесек - ол анималистік жанр болып табылады. Анималистік жанр (лат. anіmat - хайуанат деген сөзінен шыққан) - графикадағы, кескіндемедегі, мүсіндегі жан-жануарлар бейнеленетін мәнер. Қазақстан суретшілері А. ж-да елеулі шығармалар берген. Мыс., Ә.Қастеев "Бие сауу" (1936), Ә.Ысмайылов "Дала жайрандары" (1972), С. Айтбаев "Жайлаудағы түйелер" (1976) картиналарын осы жанрға жатқызуға болады.



-Бүгінгі сабағымыздың тақырыбын анықтау үшін біз мына сөзжұмбақты шешуіміз қажет.
Қанаты бар ұшпайды,
Жұрт айламен ұстайды. (Балық)
-Тамаша.Қанеки хормен шыққан сөзді оқып жіберейікші.(Балық)
-Ендеше біздің бүгін өтетін тақырыбымыз «Жануарларды мүсіндеу.Балықтар»екен.
2) Жаңа сабақты түсіндіру
Мұғалімнің түсіндірмесі
Балықтар дүние жүзіндегі кез келген су қоймасында (мұхит, теңіз,көлдер,өзендерде )тіршілік етеді.Балықтар - омыртқалы жануарлар. Балықтар тек суда ғана тіршілік етеді, сондықтан олардың дене пішіні мекен ететін орны мен тіршілік жағдайларына байланысты алуан түрлі болып келеді. Енді балықтың сыртқы құрылысына назар аударайық.(Балықтың суретін көрсету)
1.Балықтардың денесі қабыршықтан тұрады.
2.Балықтар өмір бойы желбезек арқылы тыныс алады.
Бастың артқы және бүйір жағында жалпақ желбезек қақпалары болады. Желбезектер осы қақпақтардың астында орналасқан.
3.Жүзбе қанаттары тепе-теңдікті сақтап,бағытын анықтай алады,яғни балықтың жүзу кезіндегі түрлі қимылдары, олардың қанаттарының түрліше қозғалуына байланысты. Балықтар қос қанаттары арқылы су ішінде денесін бұрып отырады. Егер қос қанаттарын денесіне таяп байласақ, олар бауырын судың бетіне қаратып қалқып су бетіне шығады
4.Балықтардың ілгері қарай қозғалуына құйрық қанаты басты органы болып табылады, ол денені басқару қызметін атқарады.
5.Барлық сүйекті балықтардың торсылдағы болады.Ол судың төмеңгі қабаттарына дейін баруға мүмкіндік жасайды.
Балықтардың адам өміріндегі маңызы өте зор. Балықтан тіршіліктік маңызы бар пайдалы витамин, қоректік ұн тыңайтқыштық түктер де өндіріледі.Жылына миллиондаған балықтар уланады да,балықтардың саны азаюда.Сондықтан арнайы су қоймаларында балықтар қолдан көбейтіледі.
-Балалар,сендер қандай өзендерді білесіңдер?Ал біздің жақта қандай өзен ағады?
Ертіс өзені
-Ертіс өзенінде қандай балықтар бар екен?
ІІІ.Сергіту сәті
Бойды бүкпей тік ұста,
еркін тұрып тыныста
жай оң қолды, оң жаққа,
жай сол қолды, сол жаққа
қолды айналдыр бұлданбай


екі шеңбер сызғандай
сәл тынығып байқа да
он шақты рет қайтала
IV. Оқушылардың жұмыстары
-Ал енді ,Біз сендермен мынадай жұмыс жасап көрейік.Қазір біз балық мүсінің орындаймыз. Мүсін ол бейнелеу өнерінің бір түрі. Балықтың денесің, балықтың қанаты,құйрығын,көзін,мұрнын қосып ермексаздан жасауға болады.Ол сендердің қиялдарына байланысты .(балалардың балықтарын тақтаға іліп қою)
Ү.Сабақты бекіту

Ү.Қорытындылау.


Сонымен,
1.балықтар қайда өмір сүреді екен?
2.балық қалай тыныс алады.
3.Қанаты,құйрығы қандай қызмет атқарады?
4.қандай балықтармен таныстық?
5,Сендерге бүгінгі сабақ ұнады ма?
6.несімен?
-Бүгінгі сабақтан естелік ретінде мен сендерге алтын балықтар сыйлағым келіп тұр.Сабаққа белсенді қатысқандарын үшін алғысымды білдіремін.
Бағалау.
Үйге тапсырма:

ермексаздан бұйым жасау







БЕЙНЕЛЕУ ӨНЕРІНІҢ ТҮРЛЕРІ

ADMIN · НОЯ 1ST, 2013 · 0 COMMENT

Жануарлар мүсініСабақтың тақырыбы:

Бейнелеу өнерінің түрлері

Сабақтың мақсаты:

а) Білімділік: Оқушыларға тың мәліметтер беріп, білімді

қалыптастыру, жаңа мағлұмат беру және т.б.

ә) Дамытушылық: Сабақ оқытудың негізгі үрдісін есте қалдыру, оқушы санасына терең сіңіру.

б) Тәрбиелілік: Сурет салдыру арқылы оларды тазалыққа, ұқыптылыққа үйрету.

Құрал-жабдықтар, көрнекті құралдар:Альбомдар, плакаттар, Қарындаштар, ақ қағаз, 5-сынып оқулығы және тағы басқа.

Сабақтың өту барысы:

  1. Ұйымдастыру кезеңі.

  2. Үйге берілген тапсырманы тексеру.

  3. Жаңа тақырыпты түсіндіру.

  4. Тапсырмаларды орындау.

  5. Сабақты бекіту.

  6. Үйге тапсырма.

Сабақтың барысы:

Оқушыларға бейнелеу өнерінің түрлерін терең таныстырамын. Бейнелеу өнері өмірді қолмен ұстап, көзбен көргендей етіп, көркем бейнелер арқылы баяндайды. Көркем шығармалар айналамыздағы дүниені жақсырақ, толығырақ түсінуге үйретіп қана қоймай, ол біздің ой-санамыз бен түйсік-сезімімізге тікелей әсер етеді. Сол себепті біз бейнелеу өнері туындыларын әр деңгейде қабылдаймыз. Олардың мазмұнына мән беріп қараймыз. Бейнелеу өнерінің адам үшін берері мол. Көркем шығармалар арқылы өткен өмір тарихына назар аударып, оны көз алдымызға елестете аламыз. Бейнелеу өнерінің ерекшелігі - суретшінің өз көзімен көріп, түсінген шындығын сол сәтімен айқын көрсетуінде. Суретші образдардың, өмір шындығының типтік жағын таңдап ала отырып, заманның тыныс-тіршілігін жинақтап, жан-жақты бейнелейді. Адамзат өмірінде бейнелеу өнерінің маңызы өте үлкен, оның қоғам өміріндегі рөлі де аса зор. Суретшінің сұлулықты дұрыс түсіне білуінің маңызы зор. Біреулер кемелдікке суреттің композициялық құрылысы арқылы, енді біреулері живописьтік құрылысы арқылы ие болады. Бәрін бірдей үйлестіріп келтіру барлық адамның қолынан келе бермейді. Әр суретшінің шығармасы оның өзіндік ерекше белгілерімен, қолтаңбасымен айқындалады.

Бейнелеу өнері алуан түрлі де, алуан қырлы. 19 ғ-ға дейін сәулет, мүсін және живопись өнердің басты үш түрі болып есептеледі. Ал 19 ғ. Аяғына қарай графика қызметтік және қосалқы түрден өнердің жеке және мүлдем дербес бір түріне айналды. Соңғы 20 жылда өнердің дизайн сияқты түрі де өте айқын бейнесін тапты.

Мүсін - бейнелеу өнерінің бір түрі. Ол адамдарды да, хайуанаттарды да, түрлі заттарды да бейнелейді. Оның сәулет өнерімен ортақ жайттары бар. Мүсін биіктік, ендік, аумақтық деп аталатын үш өлшемнен тұрады және ол қатты әрі ұзақ сақталатын материалдардан, яғни ағаштан, тастан, кеуделік мүсін металдан да жасалады. Бюст, статуя немесе бейнелер тобын жасау үшін көп уақыт және көп еңбек керек, әсіресе мүсінді тастан шапқан кезде, тіпті жай дене күшінің өзі көп қажет. Мүсін - ең ежелгі өнердің бірі. Біз бұдан мыңдаған жылдар бұрын Мысыр, Грек шеберлерінің қолынан шыққан тамаша туындыларды білеміз. Мүсін өнері латынша «скульптура» деп те аталады. Ол «қашау» деген мағынаны білдіреді. Әр өнердің төңірегіміздегі дүниені өзінше бейнелеп, өзінше түсіндіретін өз тілі бар. Сурет өнерінің түрі - бояу. Ал мүсінші өз шығармасын тастан, мәрмәрдан қашайды не саздан жасайды. Ол өз ойын картинадағыдай бір жызықтық бетінде бейнелеймей, кеңістікте сомдайды. Суретші сияқты мүсінші де өзі бейнелеп отырған адамның мінез-құлық, ішкі сырын ашуға тырысады. Оны біз бет әлпетінен, қимыл-қозғалыстарынан аңғарамыз, тіпті мүсіндегі адамның үстіндегі киімнің әр қыртысына дейін оның жан дүниесінен бірер сыр танытып тұрады. Көптген мүсіншілер ағашты қолданады. Мәселен, мүсінші С. Коненковтың таңғажайып «Орман адамдарының» мүсіндері және В. Мухинаның небір әсем шығармалары ағаштан қашалып жасалған. Металдан мүсін жасау үшін алдымен оның моделі жасалады, сонан соң барып сол бойынша қола мен шойыннан мүсіннің өзі құйылады. Сурет өнерінің шығармалары сияқты мүсін өнерінің туындылары да көлемі жағынан шағын, станокты және монументтік түрлерге бөлінеді.

Статуя - адам барлық бойымен тұтас бейнеленген монументтік мүсін. Мүсіннің әсемдік құралдары графикамен, әсіресе живописьпен салыстырғанда өте шектеулі, яғни мүсінші композицияға қоршаған ортаны кіргізе алмайды, кеңістік тереңдігін бере алмайды, бәрі де фигуралардың өзімен - олардың формаларының жинақталуымен, материалымен, фактурамен білдірілуі тиіс. Қаланың сәулетімен, оның алаң, көшелерінің кеңістігімен байланысты болып келетін монументтік мүсінде образдың жинақтылығы, оның аллегориялығы ерекше айқын көрінеді.

Ескерткіштер ұзақ ғасырларға арнап салынады, сондықтан олардың бірегей де біртұтас образы өз уақытының үлкен идеяларын нақтылы түрде көрсетуге тиіс. Мүсіндер өздерінің формалары жағынан қарапайым да айқын болуы, алыстан оңай қабылданатындай әсерлі силуэтке ие болуы тиіс. Мүсінге материал таңдау да ешқашан кездейсоқ болмайды. Бұл - образдың құрама сипаттамаларының бірі, суретші жұмысты ой елегінен өткізе отырып, оған арналған белгілі материалды да міндетті түрде есте сақтайды.

Живопись - бейнелеу өнерінің неғұрлым бай әрі кемел түрі, онда бейнелеудің сан алуан құралдары қолданылады. Суретшілер өнердің ұшы-қиярсыз осы саласына өздері сүйген әуен-тақырыптарды таңдап алады. Біреулері портрет жазғанды ұнатады, екіншілері пейзажды, үшіншілері тарихи, соғыс немес тұрмыстық көріністерді бейнелеуге құштар. Бейнелеу өнгерінің бұлай сипатталуы оның жанрларға бөлінуі деп аталады. «Жанр» - француз сөзі, «түр» немесе «тек» деген мағынаны білдіреді.

Үйге тапсырма беру: Бейнелеу өнерінің түрлерімен тереңірек танысу.



© 2010-2022