- Преподавателю
- ИЗО, МХК
- Санамақтар
Санамақтар
Раздел | Изобразительное искусство и Мировая художественная культура (ИЗО и МХК) |
Класс | - |
Тип | Другие методич. материалы |
Автор | Козыбай Ж.С. |
Дата | 17.04.2014 |
Формат | docx |
Изображения | Есть |
Ұйымдастыру-шы қозғаушы күш | Шаттық шеңберіне ұйымдастыру: Қуанамын мен де! Қуанасың сен де! Қуанайық бәріміз Арайлап атқан күнге!
Біз бақша гүлдеріміз, Күн сайын құлпырған. Өсіп өрге ұмтылған, Біз бүлдіршін ұл мен қыз! Есенсіздер ме, апайлар?
Далада қар борайды, Ақ мамыққа орайды. Мұз болады, қатады, Жып - жылтыр боп жатады
| Шаттық шеңберіне тұрып, қимылдармен жасайды
Қонақтармен сәлемдеседі. Суық, аяз
Өлеңді мұқият тыңдайды
Қыс мезгілінде Желтоқсан, қаңтар, ақпан Төртбұрыш, үшбұрыш. Дөңгелек
|
Ұйымдастыру-шы - ізденушілік | -Ендеше,сендердің қаншалықты білетіндеріңді байқау үшін, «Кім жылдам құрастырады?» деген ойын ойнайық. Қызыл, жасыл, сары, көк, Алуан түрлі пішіндер. Үшбұрыш - төбесі, Төртбұрыш - денесі, Терезесі - дөңгелек Тік төртбұрыш - аяғы
(Теледидардан санамақты суреттері - мен көрсетіп,тыңдату) Бір дегенім- бүркіт, Қалады аңдар үркіп, Екі дегенім - ешкі, Қорамызды тесті, Үш дегенім - үйім, Үйде жақсы күйім. Төрт дегенім - түлік, Жүрші мұны біліп. Бес дегенім - бесік Шықтық одан өсіп. -Балалар, не тыңдадыңдар? - Ненің суретін көрдіңдер? - Санамақ бірнеше түрге бөлінеді: 1 Саусақ санамақ 2 Күн санамақ 3 Сан санамақ 4 Ұлттық санамақ Жаңағы біздің тыңдағанымыз сан санамаққа жатады екен.
Сурет арқылы Апта деген атайдың 7 бірдей ұлы бар, күн аттарын атау. Балалар, бұл күн санамаққа жатады. Ғажайып сәт: (Ішке жылап Қонжық кіреді)
Қонжық - Мен досым Қоянның туған күніне бара жатып, сыйлығымды суға түсіріп алдым. Енді қалай барам, не сыйлаймын, балалар, маған көмек беріңдерші.
Аю маң - маң басады, Түлкі бұлаң қағады. Қасқыр ылаң салады, Қоян үркіп қашады. Орман іші көңілді Ағаштан қар төгілді
Қонжық - Балалар, сендерге көп рахмет, Мен сендерге ризамын. Сендермен дос болғаныма өте қуаныштымын. Сендердің мына сыйлықтарыңды алып, Қоян досыма барайын. Тағы да рахмет. Сау болыңдар! | Ойында пішіндерді дұрыс қойды
Құстың ұясын жасайды. Төртбұрыш, үшбұрыш. Дөңгелек, тіктөрбұрыш Иә. 3- ке дейін. 1 - 2 - 3
2 рет, 3 рет, 1 рет, 2 рет
Қайталап айтады
Санамақ Бүркіт, ешкі, үй, төрт түлік, бесік
7 күн бар Дүйсенбі, сейсенбі, сәрсенбі, бейсенбі, жұмв, сенбі, жексенбі Күн санамақты ретімен айтып шығады. Қонжық
Иә, Сәбізді
Қуаныш: Кел, санайық санамақ, Саусақтарды даралап, Бас бармағым - алғашқы, Балаң үйрек - жалғасы Ортан терек - атасы Шылдыр шүмек - анасы Шынашағым - балапан Бәріне ортақ - алақан. Ақтілек: Бір үйде біз нешеуміз? Кел, санайық екеуміз. Бас бармағым - атам, Балаң үйрек - әжем Ортан терек - -әкем Шылдыр шүмек - -анам Кішкентай бөбек - мен Бір үйде біз нешеуміз? Бір үйде біз бесеуміз
Қимылдармен жасайды
5 саусақ 5 саусақ
Иә Ақ қағаз бетіне қолдарын басып салып, Қонжыққа береді
Сау бол, Қонжық! |
|
Дид. ойын: «Сұраққа жауап тап» Шарты: Балалар кубикті төбесінен асыра лақтырғанда қандай түс бетіне түссе сол түстің тапсырмасын орындайды. Қызыл түс - ән айтады Жасыл түс - жұмбақ жасырады Сары түс - санамақ айтады Көк түс - тақпақ айтады.
Қол ұстасып тұрайық, Достық әнге салайық Көріскенше күн жақсы Сау - саламат болайық! | Бірге қайталап, еске түсіреді
Түстерді ажырата біліп, тапсырмаларды орындап, ойнайды.(Әділет -жұмбақ, Ақбота - ән, Зарина - санамақ, Иранғайып - тақпақ айтады)
Әнді бірге орындап, қоштасады. |
Күтілетін нәтиже:
Түсінуі: Балалардың санамақтар туралы түсініктері кеңейеді
Жаңғыртуы:Санамақ түрлерін ажыратуға үйренеді
Меңгеруі:Санамақтар айта біледі, Оқу іс - әрекетті меңгере алады.