Бейнелеу өнері пәнінен Вазадағы гүл натюрмортының композициясы

Раздел Изобразительное искусство и Мировая художественная культура (ИЗО и МХК)
Класс 5 класс
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Сабақтың тақырыбы: «Вазадағы гүл» натюрмортының композициясы.

Сабақтың мақсаты:
а) Білімділік: Пән бойынша білім - білік дағдыларын қалыптастыру.
ә) Дамытушылық: Жеке тұлғаны дамыту.
б) Тәрбиелілік Сұлулық тәрбиесі.

Құрал - жабдықтар, көрнекті құралдар: Түрлі - түсті қарындаштар, фломастер, акварель, қылқалам, палитра, күз көрінісі бейнеленген натюрморт композициялары, ақ қағаз, және тағы басқа.

Сабақтың өту барысы:
1. Ұйымдастыру кезеңі.
2. Үйге берілген тапсырманы тексеру.
3. Жаңа тақырыпты түсіндіру.
4. Тапсырмаларды орындау.
5. Сабақты бекіту.
6. Үйге тапсырма.

Сабақтың барысы:
Оқушыларға түстік тон, түстердің үйлесуі жайлы тереңірек мағлұмат береміз. Живописьтік шешім - бұл тек бояу түсі ғана емес, сонымен қатар ол түрлі түсті заттардың бір жерде орналасуынан пайда болатын күрделі үйлесімділік. Живописьтік шығармада түстердің өзара үйлесіп, жарасып келуі колорит болып табылады, «колорит» - латын сөзі, ол «бояу түсі» деген мағынаны білдіреді. Живописьтік шығарманың өте ұтымды, көз тартарлық, сезім терберлік болуы және түстердің өзара үйлесіп, жарасымды шығуы оның колориті болады.
Сенің композицияңның сәтті шығуына парақтың өлшемі мен пішімін дұрыс таңдау қаншалықты маңызды екенін білесің. Ол үшін түрлі пішімге бірнеше нобай салып көр.
Пішіні мен өлшемдері әр түрлі құмыра суретін сал. Олар парақтың пішіміне сәйкес болуы тиіс. Гүл шоқтарының әр түрлі болуын қадағала.
. Бірте - бірте қайшы келді - ау деген түстердің өзін суретші бояулардың үйлесім табуы үшін біртұтас жүйеге келтіреді. Суретші суретті қандай да бір ортақ түсте салмақ болып, ойлағанда бір - біріне жақын түстерді қолданады. Бірақ ойлаған жерден шығу үшін де сол түстердің қиылысып келуін көздеп, қарам - қайшы түстерді қолданады. Қажет болған түсті тапқан суретшілер өз суреттерінің көрушіге әсерін мейлінше күшейтуге мүмкіндік алады. Суреттердің живописьтік шешімі тек реңге түс арқылы ғана белгіленбейді, суретшінің түпнұсқасында өз өнерінің әсер, ықпалын күшейтуге керекті өзге де құралдар бар.
Сабақ барысында оқушыларға олардың күзгі бояу яғни, бау - бақша өсімдіктерімен, көкөніс түрлерімен таныстырамын, сабақтың негізгі мақсатымен таныстырамын. Ол мақсат - балаларға таныс күзгі ағаш жапырақтары мен бау - бақша өсімдіктерінің жапырақтарын бейнелеу.
Сабақтың мақсатына байланысты негізгі бөлімін мына төмендегідей жалғастырамын: - балалар, сендер күзгі ағаштар, бау - бақша өсімдіктерімен, көкөніс түрлерімен танысып, суреттерін салдыңдар. Енді солардың түстерін айқындап, бейнелейік. Ол үшін, ең алдымен, осы сабақтың тақырыбына байланысты көрнекі құралдарды қарап көрейік. Мына суретте өсіп тұрған күзгі жемістер бейнеленген - деп балалардың көңілін жалпыдан нақтыға аударамын. Бұдан да басқа суретші жұмыстарын көрсетуге болады.
Нобайларды мұқият қарап шық. Ішіндегі ен жақсысын таңдап ал. Өзіңе ұнаған нобайды көшіргі қағаз арқылы бірнеше қайтара салып шық. Олардың әр түрлі түстер гаммасындағы бірнеше нұсқасын жаса. Әрбір нобайдың көңіл күйін анықта. Ол үшін қарама - қарсы немесе жақын түстер гаммасын таңдағаның дұрыс.
- Ал енді осылардың ішінен жүзімнің жапырағын ерекше қарап ал, суретін салуға дайындал, ең алдымен қағаз бетіне дұрыс орналастыруды ойла. Содан кейін барып қарындашпен жеңіл сызықтар арқылы жапырақтың жиектерін, негізгі тармақтарын белгілейсіңдер, - деп дайындаймын.
Түсті нобаймен жұмысты аяқтаған соң, композицияларды тағы талқыла. Өзіңе ұнаған нұсқаны таңдап ал. Үлкен өлшемді натюрморт жаз.

Үйге тапсырма беру: Суық және жылы түстерді қолдана отырып күзгі гүл шоғы натюрмортын бейнелеу







Сабақтың тақырыбы: Жазық фигуралардың аксонометриялық проекциялары.
Қайталау. Жаттығу. Аксонометриялық проекцияларды алу және оларды салу (фронталь диметриялық және изометриялық проекциялар).

Сабақтың мақсаты:
а) Білімділік: Оқушылардың білімін қалыптастырып қана қоймай, оларға тың мәліметтер беру.
ә) Дамытушылық: Жеке тұлғаны дамыту, талдау, салыстыра білу қабілеттерін дамыту.
б) Тәрбиелілік: Сызу арқылы оқушыларды тазалыққа, ұқыптылыққа үйрету.

Құрал - жабдықтар, көрнекті құралдар: А4 пішіміндегі қағаз, қарындаштар, сызғыш, өшіргіш, шеңберсызар және тағы басқа.

Сабақтың өту барысы:
1. Ұйымдастыру кезеңі.
2. Үйге берілген тапсырманы тексеру.
3. Жаңа тақырыпты түсіндіру.
4. Тапсырмаларды орындау.
5. Сабақты бекіту.
6. Үйге тапсырма.

Сабақтың барысы: Тетіктер мен машиналардың сызбаларына түсініктеме бергенде көрнекі кескіндерді пайдаланады (94 - сурет). Жазықтықта көрнекі кескіндерді салу үшін осы нәрселердің аксонометриялық проекцияларын салуды орындаймыз.
«Аксонометрия» - грек сөзі, «остер бойынша өлшеу» деген мағынаны білдіреді. Осы нәрселерді салғанда өлшемдерді (ұзындық, ен, және биіктік) х, у, және z остері бойынша өлшеп саламыз.
Проекциялаушы сәулелердің бағытына және нәрсенің сызықтық өлшемдерінің осьтер бойынша өзгеріп түсуіне байланысты аксонометриялық проекцияларды тік бұрышты және қиғаш бұрышты проекциялар деп екіге бөледі.
95 - сурет. Қиғаш бұрышты фронталь диметриялық проекцияның пайда болуы.

96 - сурет. Тік бұрышты изометриялық проекцияның пайда болуы.
Жазық фигуралардың аксонометриялық проекциялары



Жазық фигуралардың аксонометриялық проекцияларын орындау кезінде z осі болмайды. Мұндай салуды х және у осьтерін жүргізуден бастаймыз.. Осылайша салу кейінірек геометриялық денелердің аксонометриялық проекецияларын орындау барысында қажет болады.
Жазық жақты нәрселердің аксонометриялық проекциялары
Жазық жақты нәрселердің аксонометриялық проекцияларын салу кезінде үш: х, у және z осьтерін пайдаланады, себебі мұнда үш өлшем (ұзындық, ен және биіктік ) қатысады.
Мысал үшін сызбада бұған дейін екі көрінісі салынған тетікті алайық

Үйге тапсырма: Жазық жақты нәрселердің аксонометриялық проекцияларын салу ережесін игеру, жаттығу жұмысын орындау, сұрақтарға жауап беру.









Сабақтың тақырыбы: « Жаңбырлы күз»

Сабақтың мақсаты:
Білімділігі:Қазақстанның көркем табиғатымен танысу, табиғат көріністерін бейнелеуге үйрету.
Дамытушылығы: Оқушылардың пейзаж жанры бойынша алған білімдерін дамыту.
Тәрбиелік: Туған табиғатты аялауға, қорғауға үйрету. Қоршаған ортаға деген экологиялық тәрбиені қалыптастыру.
Көрнекілігі: Плакаттар , суреттер, слайд.
Құралдар: акварель, гуашь, қылқалам, альбом, қалам.
Әдісі: Түсіндіру, баяндау, сүрақ-жауап, топтық жұмыс.
Түрі: плэнер.
Типі: Меңгерген білімдерін дамыту.
Пәнаралық байланыс: музыка,география.

Сабақтың өту барысы:
I.Ұйымдастыру кезеңі.
Амандасу, түгендеу.
II.Үйге берілген тапсырманы тексеру.
III.Жаңа сабаққа көңіл аудару.
IV.Тапсырманы орындау.
V.Сабақты бекіту.
VI.Үйге тапсырма.

Сабақтың барысы:
I.Ұйымдастыру кезеңі: Оқушылармен амандасып, оқу құралдарын түгендеу , сабаққа даярлау.
II.Үй тапсырмасы: Өткен сабақты карточка арқылы қайталау.
III. Жаңа сабақпен танысу: Балалар бүгінгі сабағымыздың тақырыбы: «Жаңбырлы күз»».
Шіркін сурет сабағы,
Ауылды еске салады.
Мың құбылтып бояймын,
Туып өскен даланы-деп бүгін жаңбырлы күзді бейнелейміз.
Бейнелеу өнерінде сурет салудың бірнеше түрі бар.
Затқа қарап сурет салу.
Елестету арқылы сурет салу.
Еске сақтап сурет салу.
Суретші болу үшін осының үш түрінде дұрыс игеру керек.
Бүгін, біздер осылардың ішінен елестету арқылы сурет салуға тоқталамыз.
Елестету арқылы сурет салу дегеніміз суретші өиялы, құбылысты нақты бейнелеуі болып табылады. Мұндай бейнелеуге табиғат көріністерін бейнелеу, ертегі кейіпкерлерің кітаптан оқып, түсінгені бойынша бейнелеу, ән, күй, терме, өлең шумақтарын тыңдау арқылы композициялық суреттер салу жатады.
Табиғат көріністерін бейнелеу, ол табиғат аясына серуенге шыққанда, көз алдымызға табиғаттың әр-түрлі құбылыстарын елестетіп, жаңбырлы күнді бейнелейміз. Мұны пейзаж деп атайды.
Пейзаж дегеніміз не?
Пейзаж -франсуз сөзі, бұл ландшафты, табиғатты бейнелеу. Пейзаж дербес жанр ретінде Қытайда , Жапонияда және басқа шығыс елдерінде, сондай-ақ Европада дамыған. Пейзаж өнері әр алуан. Кейбір пейзаждар табиғаттың өмірде бір нақты көрінісін бейнелесе,енді біреулері суретшінің қиялынан туады. Ондай шығармалардың бәрінде де суретшілер табиғаттың мінез-құлқын айнытпай беруге тырысады.
XVII ғасырдан бастап суретшілер бірыңғай табиғат көрінісін бейнелейтін картиналар жазуды бастады. ӘсіресеXVII ғасырдың басында орыс суретшілері пейзаж жанрында көркем шығармалар орындауда зор табысқа жетті. Ф. Васильевтің «Жаңбыр алдында», К. Юонның «Қыс соңы». С. Герасимовтың «Жаз өтті», И. Айвазовскийдің «Тоғызыншы болл», т.б. көркем шығармалары Қазақстанның сұлу табиғатының көрінісін паш етті.
Табиғат көрінісі бейнелеген суретші шығармаларын көрсету.
Ә. Қастеев «Менің Отаным» 1959ж.
Ә.Қастеев «Биік таудағы мұз айдыны» 1955ж.
Пейзаж-табиғат көрінісін бейнелеу деген ұғым. Табиғаттың алуан түрлі болуы бейнелеу өнерінде пейзаждық жанрдың көптеген түрінің қалыптасуына ықпал етті.
Пейзаж түрлеріи:
1. Ауыл пейзажы.
2. Саябақ пейзажы.
3. Қала пейзажы.
4. Теңіз пейзажы.
5. Сәулет пейзажы.
6. Индустриялық пейзаж.
Ауыл пейзажы (Ү.Әжиевтің «Асы жайлауы» картинасы) ауыл өмірін, оның айналасындағы табиғатпен шынайы байланысын бейнелейді.
Саябақ пейзажында (В. Батуриннің «Ясная полянадағы гүлдер» картинасы) адамдар демалу үшін арнайы жасалған табиғат аясы беріледі. Мұндағы табиғат бірде геометриялық тәртіпке қатаң бағындырылған. Бірде табиғи пішіндер, сәндік мүсіндер сәулеті әсем үйлесім тауып, еркін орналасқандай болып көрінеді.
Қала пейзажында(О. Нұржұмаевтың « Түнгі субұрқақ» картинасы) адамзат қолымен салынған биік ғимараттар, көшелер, даңғылдар, алаңдар, жағалаулар және басқа да көрікті жерлер бейнеленеді.
Сәулет пейзажы( А. Остроумова -Лебедеваның «Крюков арнасы» картинасы) қалалық пейзажға ұқсас келеді. Олардың арасындағы айырмашылық -сәулет пейзажында суретші сәулет ескерткіштерін табиғат аясында бейнелейді.
Индустриялық пейзаж (К. Моненің «Сен-Лазар вокзалы» Картинасы) суретші зауыттар мен фабрикаларды. Бөгеттер мен электр бекеттерін,теміржол тараптарын салған жасампаз адамның рөлі мен маңызын көрсетуге тырысады.


Оқушыларды топқа бөлу.

I топ Жомарт күз
II Алтын күз
III Күрен күз

IV.Оқушылардың өз бетімен жұмыс жасауы.

Ф. Шопеннің «Күз вальсі» тындалады.
Проблемалық сұрақ : осы музыкада табиғаттың қандай мезгілі суреттелген?Осы дыбыстардан қандай табиғат құбылысын байқауға болады? Композицияның әсерлі құралдарын ескере отырып, осы құбылыстарды қалай бейнелеуге болады?
Бұл музыкада қандай қозғалыс бар?
I топқа аспандағы құстарды. II топқа су бетіндегі құстарды. IIIтопқа жердегі күзгі жапырақтарды бейнелеу тапсырылады.
Тақтаға кезекпен орындалған жұмыстарын іліп, қорғайды және жұмыстарына тақырып ойлап табады. Әр топқа сұрақтар қойылады.
Оқушы жұмыстарындағы жетістіктер мен кемшіліктер көрсетіледі. Әр топтың басшысы өз оқушыларына баға қояды.
V. Қорытынды: Жасалған жұмыстарына көрме жасап бағалау.

VI. Үйге тапсырма беру:Табиғат бейнесің еске сақтап салу.

© 2010-2022