Сабақтың тақырыбы: «Ұлттық киім»

Сабақтың мақсаты: Білімділік мақсаты: Оқушылардың қазақтың ұлттық киімдері туралы алған мағлұматтарын естеріне түсіре отырып,  білімдерін бекіту. Дамытушылық мақсаты: Сауатты жазуға, дұрыс сөйлеуге, өз бетімен жұмыс істеуге үйрету, сөздік қорын дамыту және қазақ тілінде еркін сөйлей білу әрекеттерін жетілдіру. Тәрбиелік мәні: Мемлекеттік тілді құрметтеуге, отансүйгіштікке, адамгершілікке, әдептілікке тәрбиелеу. Қазақ тілі мен әдебиеті, тарихы, салт-дәстүрі, мен өнеріне қызығушылықтарын арттыру. Сабақтың өтілу түрі: Интерактивті сабақ,  сайыс сабақ. Әдіс-тәсілі: сұрақ-жауап, баяндау, әңгімелеу. Пәнаралық байланыс: әдебиет,тарих,этнография. Көрнекілігі: интербелсенді тақтада бейнеленген қазақтың ұлттық киімдері (шапан,қамзол,сәукеле,тымақ, аяқ киімдер)
Раздел Изобразительное искусство и Мировая художественная культура (ИЗО и МХК)
Класс -
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Сабақтың тақырыбы: «Ұлттық киім»

Сабақтың мақсаты:

Білімділік мақсаты:

Оқушылардың қазақтың ұлттық киімдері туралы алған мағлұматтарын естеріне түсіре отырып, білімдерін бекіту.

Дамытушылық мақсаты:

Сауатты жазуға, дұрыс сөйлеуге, өз бетімен жұмыс істеуге үйрету, сөздік қорын дамыту және қазақ тілінде еркін сөйлей білу әрекеттерін жетілдіру.

Тәрбиелік мәні:

Мемлекеттік тілді құрметтеуге, отансүйгіштікке, адамгершілікке, әдептілікке тәрбиелеу. Қазақ тілі мен әдебиеті, тарихы, салт-дәстүрі, мен өнеріне қызығушылықтарын арттыру.

Сабақтың өтілу түрі:

Интерактивті сабақ, сайыс сабақ.

Әдіс-тәсілі: сұрақ-жауап, баяндау, әңгімелеу.

Пәнаралық байланыс: әдебиет,тарих,этнография.

Көрнекілігі: интербелсенді тақтада бейнеленген қазақтың ұлттық киімдері (шапан,қамзол,сәукеле,тымақ, аяқ киімдер)

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі:

Құрметті ұстаздар,оқушылар бүгінгі біздің сайыс сабағымызға қош келдіңіздер!

(Интербелсенді тақтада ұлттық киімдер туралы суреттер, сұрақтар)

ІІ.Ой қозғау

«Ағаш көркі жапырақ, адам көркі шүберек» деген мақалдың маңызын қалай түсінесіздер?

- Мысалы: Әдемі киіну деген мағынаны білдіреді...........

Мұғалімнің сөзі:

Осындайда әр адам көркіне көрік қосқан сәнді киімдер есіңе оралады.

-Адамға киім не үшін керек?

-Киім адам денесін ауа райының қоршаған ортаның зиянды әсерінен қорғайтын бұйым.

Олардың бәрі де адамдардың ақыл-ойы мен эстетикалық талғамының еңбегінің жемісі.

-Киімнің қандай түрлерін білесіңдер?

-Бас киімдер, аяқ-киімдер,сыртқы киімдер,іштік киімдер.

-Назарларыңызды белсенді тақтаға аударыңыздар.

Белсенді тақтада әртүрлі киім суреттері бейнеленген, сол суреттерді топ-топқа дұрыс бөліңіздер.

-Кім дайын?

-Алдарыңыздағы интербелсенді тақтаға топпен жинаған киімдерді қалай атар едіңіздер?

-Ұлттық киімдер.

-Дұрыс.

ІІІ. Бүгін Сабақтың тақырыбы мен мақсатын хабарлау.

- Балалар, бүгінгі сабағымызда біз ұлттық киімдерді қайталаймыз.

Бүгінгі сабақтың мақсаты алған мағлұматтарымызды есімізге түсіре отырып, білімімізді бекіту, дұрыс сөйлеуге, өз бетімен жұмыс істеуге үйрену және сөздік қорымызды дамыту.

-Сайыс сабағы болғаннан кейін, екі топқа бөлінеміз ,екі қатар екі топ.

А тобы «Алғырлар»

Б тобы «Білгірлер»

Сайыстың шарттарымен танысайық.

. айналым «Танысу»

. айналым «Сен білесің бе?»

. айналым «Сөз ойла, тез ойла»

.айналым «Ой түйін»

. айналым «Ой толғау»

Дұрыс жауап берген балаға асық беріледі.Асық санына байланысты білімдерің бағаланады.

.айналым «Танысу»

Топпен таныстыру.

.айналым «Сен білесің бе?» Слайд «Сәукеле»

.Қыз балаға сәукелені қай кезде кигізген?

Сәукеле-қызды ұзатқанда киетін бас киім.Сәукелені қыз ұзатылғанда күйеу еліне киіп бару үшін тіктіреді.Сәукеленің сырты қымбат матамен (барқыт,атлас) қапталып,шетін құндыз, кәмшәт терісімен айналдыра тігіледі. Сәукеленің төбесіне үкі тағады.

.Қыз баланың тақиясына неге қауырсын тағылады? Слайд «Тақия»

Көз тимеу үшін,сәндік үшін, оң жақта отырған қыз бала киеді.

.Тымақ неге қасиетті бас киім деп саналады? Слайд «Тымақ»

Тымақты іліп қояды,кез келген жерге тастай салмайды. Олай жасаса,бастан бақ таяды.

.Киімге байланысты қандай ырымдарды білесіңдер?

Қыз бала басына ақ орамал салмайды.Ақ орамал-жаулықтың белгісі.

Баскиімінің төбесін басып кимейді,сыйламайды, сатпайды.

айналым «Сөз ойла, тез ойла»

Интерактивті тақтадан тапсырманы көрсету. (Дәптерге жазбаша орындау).

. Сөйлемді толықтырыңдар және аяқтаңдар.

А) Қазақ халқы _демі б_йымдар ...

К_мешекті .... киген

Мәс_ аяқ ...

Б) Б_рік және үк_лі тақия...

сендер айналым грамматикалық білімдеріңді қандай деңгейде меңгергендеріңді көрсеттіңдер.

Келесі айналым «Ой түйін»

Тест сұрақтарына жауап беріңіздер? минут уақыт беріледі.

Тест асық арқылы бағаланады, сұраққа дұрыс жауап берген балаға асық беріледі.

.Қыз ұзатқанда киілетін бас киім?

А.бөрік

ә.сәукеле

б.жаулық

в.тақия

г.орамал

. Ерлердің бас киімдері?

А.жаулық

ә.жейде

б.орамал

в.сәукеле

г.тымақ

. «Тюбетейка» сөзінің қазақ тіліндегі баламасын тап.

А.тақия

ә.шопы

б.құлақшын

в.малақай

г. бөрік

. Аяқ киім түріне жататын сөзді тап.

А.қамзол

ә.құлақшын

б.шапан

в. мәсі

г.тон

Келесі айналым «Ой толғаныс» А) Мына суреттерге қарап әңгіме құраңдар ,уақыты минут,көлемі - сөйлем.

Интерактивті тақтада қазақтың ұлттық киімін киген ер жігіттің киімі және қыз бала бейнеленген.

Ұлттық киімінің өзектілігі туралы әңгіме қозғалады. Мысалы: «Есті қыз етегін жинап жүреді» деп халқымыз айтқандай, ұлттық киімнің тәрбие берер әсері өте мол. Ерте заманда қазақ халқы қыз баланың ұлттық киімдерін сәндеп тіккен. Киімдері ашық түсті болған.

Көйлектері ұзын жеңді, етектері кең, желбіректер тігілген.Камзол, шапандарын ою-өрнекпен безендірген. Бас киімдері: үкілі тақия, сәукеле, бөрік, тымақ. Зергерлік бұйымдардан білезік, алқа, сырға, шопы таққан.

Қазақ халқының ұлттық киімдері өте сәнді және көрікті. Ал қазіргі заманға сай киім үлгілерінің көбі әсіресе қыз баланың киімі сын көтере бермейді дегім келеді.

- Өте тамаша, сендердің суретпен де жақсы жұмыс істей алатындарыңа көзіміз жетті.

Қорытынды.

Ұлттық киімінің өзектілігі туралы әңгіме қозғап кетіңіздер.

Ұлттық киімінің тәрбиедегі ролі туралы жақсы ойлар айтылды.Біріншіден ұлттық киімінің алшақтап, ұмытылып кеткендігінен.Қазіргі ұрпақ теріс ағымның киімдеріне бет бұрыс жасауда.

Бет бұрыс мәселесі ең өзекті мәселе болып тұр. Сондықтан бұл тақырыпқа тереңірек көңіл бөлсек деймін.

Үй жұмысы:

-Ұлттық киімдерге буклет немесе өздеріңе ұнаған ұлттық киімге сурет салып келу.

Бағалау

Жиналған асықтар бойынша топтар бағаланады.

© 2010-2022