Металмен жұмыс 6 -сынып

 Сабақтың мақсаттары:  Білімділік: оқушылар технология сабағында металдың қасиеттерін терең меңгеруге үйрету.  Дамытушылық: оқушылардың есте сақтау интеллектуалды ойлау қабілетін және қызығушылығын арттыру.  Тәрбиелік: оқушылардың технология сабағына деген қызығушылығын арттыра отырып темір ұстасының мамандығына және еңбекқорлыққа, тиянақтылыққа тәрбиелеу.  Сабақтың түрі: практикалық сабақ  Сабақ өту әдісі: жұқа қаңылтырдын ою-өрнек жасау.  Өткізетін жері: «Мектеп шеберханасы»  Қажетті мат...
Раздел Изобразительное искусство и Мировая художественная культура (ИЗО и МХК)
Класс -
Тип Рабочие программы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Пән: Технология

Сынып: 6

Тарау: Металмен жұмыс

Сабақтың мақсаттары:

Білімділік: оқушылар технология сабағында металдың қасиеттерін терең меңгеруге үйрету.

Дамытушылық: оқушылардың есте сақтау интеллектуалды ойлау қабілетін және қызығушылығын арттыру.

Тәрбиелік: оқушылардың технология сабағына деген қызығушылығын арттыра отырып темір ұстасының мамандығына және еңбекқорлыққа, тиянақтылыққа тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: практикалық сабақ

Сабақ өту әдісі: жұқа қаңылтырдын ою-өрнек жасау.

Өткізетін жері: «Мектеп шеберханасы»

Қажетті материал: қаңылтыр қайшы, маркер, формат, сызғыш, қолғап.

Сабақтың жүрісі:

1. Ұйымдастыру: (5 минут)

• Оқушыларды түгендеу

• Құрал саймандарын түгендеу

• Техника қауіпсіздігін сақтау

2. Өткен сабақты қайталау: (10 минту)

• Металдардың түрлері

• Металдардың қаттылығы мен жұмсақтығы

• Металл және металл емес бұйымдар

3. Практикалық жұмыс:

Оқушыларды бір верстакқа екіден отырады. Қаңылтыр, қайшы, тістеуік оң жақтарында орналасады. Формат, қарындаш, сызғыш, маркер оқушының алдында тұру керек. Қаңылтырды имес бұрын оюдың түрлеріне тоқтала кетуіміз керек. Қазақтың кеңінен таралған «қошқар» мүйізінен бастап. Оюдың әр түрлеріне тоқталайық. Қошқармүйіз, мүйіз қосмүйіз. Өсімдік оюларына гүл, шырмауық, жауқазын, үш жапырақ. Геометриялық оюларға, шеңбер, төрт құлақ, төртбұрыш, үшбұрыш, ромб жатады. Ал космос оюларына ай, жұлдыздар, күн жатады. Ал жануарларға аңдар мен құстар және жәндіктер жатады.

Қаңылтырдан жасалған материалдарды өңдеу үшін оларды алдын ала қайшымен қияды. Металды қолмен түзететін құралдардың қатарына басы дөңгелек темір бплға немесе ағаш балға жатады. Қалыңдығы 0,5 мм металды ағаш балғамен түзетеді.

- Майысқан жолақ металдың бір жағын қолғап арқылы сол қолымен ұстап, төстің үстіне қойып түзетеміз. Түзелген қағылтырды басынан тістеуікпен майыстыра отырып әр түрлі формаға келтіруге болады. Қаңылтырды имес бұрын әр түрлі геометриялық формалардың ішіне де орналастыруға болады. Ол үшін қағазға компоновкасының эскизін салып алған жөн.

4. Бағалау.

5. Қортындылау

6. Үйге тапсырма «Гүл» оюын қаңылтырдан жасап келу.



© 2010-2022