Урок по черчению Тіліктер белгілеу. Қарапайым және күрделі тілік. 9 класс

Раздел Изобразительное искусство и Мировая художественная культура (ИЗО и МХК)
Класс 9 класс
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Сабақ: №39

Сабақтың тақырыбы:

Тіліктер белгілеу. Қарапайым және күрделі тілік.

Сабақтың мақсаты:

а) Білімділік: Нәрсенің тіліктерін орындап, сызбаға орналастыруға

үйрету, өз беттерімен ізденіп жұмыс жасауға дағдыландыру,

өздерінше ой қорыта білуге, таным мүмкіндігін анықтап,

сауатты, сызбаларды көркем түсіре білуге үйрету.

ә) Дамытушылық: Шығармашылық жұмысты іздену барысында білімдерін

тереңдетіп, ой-қиялдарын, өз бетімен шешім қабылдау,

белсенділігін, танымдық қабілетін дамыту.

б) Тәрбиелілік: Өзіндік және логикалық ойлау қабілеттерін арттыру,

оқушыларды өз бетінше жұмыс істеуге, жетекшілік қасиетін

дарытуға, эстетикалық әсемдікті тани білуге үйрету.

Сабақтың көрнекілігі: А4 пішіміндегі қағаз, қарындаштар, сызғыш, өшіргіш, шеңберсызар және т.б.

Сабақтың өту барысы:

  1. Ұйымдастыру кезеңі.

  2. Үйге берілген тапсырманы тексеру.

  3. Жаңа тақырыпты түсіндіру.

  4. Тапсырмаларды орындау.

  5. Сабақты бекіту.

  6. Үйге тапсырма.

Сабақтың барысы:

1.Ұйымдастыру кезеңі: Оқушылармен амандасу, түгендеу, журнал толтыру, сабаққа даярлау, назарын аудару.Урок по черчению Тіліктер белгілеу. Қарапайым және күрделі тілік.9 класс

2.Үйге берілген тапырманы тексеру: №8 графикалық жұмыс.

3.Жаңа сабақ: Нәрсенің ішкі көрінбейтін беттерінің нұсқаларын сызбада үзілме сызықпен жүргізіп көрсетуге болады. Бірақ мұндай үзілме сызықтар сызбаны оқуды қиындатып жібереді. Көрінбейтін сызықтардың проекциялары көрінетін сызықтардың проекцияларымен бірігіп түсуі мүмкін. Ішкі құрылысы күрделі тетікбөлшек көріністеріне қарап, оның пішінін түсінуге болмайды. Оның үстіне көрінбейтін сызықтарға өлшемдерді және басқа да түрліше шартты белгілерді түсіруге болмайды. Сондықтан қимамен қатар тілік деп аталатын тағы да бір шартты кескін қолданылады. Тілік нәрсенің ішкі құрылысын сызбада анық және түсінікті етіп көрсетуге мүмкіндік береді. 133, а-суретте ішкі пішінін көрсету үшін тілікті керек ететін тетікбөлшектің көріністері берілген.

Қиюшы жазықтықтың орны сызбада қимадағыдай жуан үзік сызықпен көрсетіледі. Осы үзік сызыққа перпендикуляр екі нұсқама салынады. Нұсқамалар қима сызығының сыртқы шетінен 2-3 мм қашықтықта орналасулары тиіс. Нұсқамалардың сырт жағына орыс алфавитінің бас әрпі екі рет жазылады. Тіліктің жоғарғы жағына бұл әріптер сызықша арқылы жазылады. Егер қиюшы жазықтық тетікбөлшек симметрия жазықтығымен дәл келсе, тілікті сәйкес көріністің орнына орналастырады. Мұндайда қиюшы жазықтықтың орны сызбада көрсетілмейді, ал тілік белгіленбейді. Тілік пен қиманы шатастырмау керек. Олардың арасындағы айырмашылықты жақсы түсініп алған дұрыс. Қиманы салғанда тек қиюшы жазықтықтың тікелей өзінде жатқан фигура ғана көрсетілетіндігін білесіңдер. Ал тілікті салғанда қима фигурасына қиюшы жазықтықтың ар жағында жатқандарды да қосу керек. 134-суреттен екі кескіннің (қима мен тіліктің) арасындағы айырмашылық анық көрініп тұр.

4.Тапсырмаларды орындау:

Қиюшы жазықтықтың санына қарай, тілік қарапайым және күрделі болып екі топқа бөлінеді. Тек бір қиюшы жазықтықтың көмегімен алынған тілікті қарапайым тілік деп атайды.

Егер сызбада тетікбөлшектің симметрия осі мен контур сызығының проекциясы дәл келсе, яғни симметрия осі басқа бір сызықтың проекциясымен беттесетін болса, онда көріністің жартысы мен оған сәйкес келетін тіліктің жартысын қосып біріктіруге болмайды. Бұл жағдайда көрініс пен тілік ирек сызықпен бөлінеді. Егер симметрия осімен дәл келетін сызық тесікте орналасқан болса, онда сызбада тіліктің жартысынан үлкен бөлігі көрсетіледі (141, а-сурет).

Урок по черчению Тіліктер белгілеу. Қарапайым және күрделі тілік.9 класс

Егер симметрия осімен бірігіп түсетін сызық тетікбөлшектің сыртқы бетінде орналасқан болса, онда көріністің үлкен бөлігі көрсетіледі (141, ә-сурет). 142-суретте беріктік үшін жасалған екі қанатшасы бар тетікбөлшек кескінделген. Қиюшы жазықтық осындай жұқа қабырғаны қуалай (көлденең емес) тілгенде қанатша кесілгенмен шартты түрде сызықталмайды

Екі немесе одан да көп қиюшы жазықтықтардың көмегімен алынған тіліктер күрделі

тіліктер деп аталады. Күрделі тілікте қиюшы жазықтықтың саны екеуден кем

болмайды. Осы қиюшы жазықтықтардың өзара орналасуына қарай күрделі тілік,

сатылы және сынық тілік болып екіге бөлінеді. Сатылы тілікте қиюшы жазықтықтар

өзара параллель болады, ал сынық тілікте олар доғал бұрыш жасап қиылысады.

Сынық тілікте қиюшы жазықтықтар өзара доғал бұрыш жасап қиылысады.

Осындай қиюшы жазықтықтардың біреуін олардың қиылысу сызығынан

айналдырып, екіншісімен беттестіреді. Егер беттескен қиюшы жазықтықтар негізгі

проекциялар жазықтықтарының біреуіне параллель болса, онда сынық тілік

көріністің орынына салынады.

5.Сабақты бекіту:

1.Тілік деп нені атаймыз?

2.Қандай тіліктер болады?

3.Қарапйым тілік деп нені атаймыз?

4.Күрделі тілік деп нені атаймыз?

6.Үйге тапсырма беру: 127 бет, 9-қосымша, 3-нұсқа А4 форматқа түсіріп келу











143-суретте тетікбөлшектің алдыңғы, үстіңгі және сол жақ көріністері берілген.Тапсырма: берілген тетікбөлшектің сызбасын сал.

Урок по черчению Тіліктер белгілеу. Қарапайым және күрделі тілік.9 класс






114, а-суретте бас және үстіңгі көріністері берілген нәрсенің сол жақ көрінісін салуды қарастырайық.

Урок по черчению Тіліктер белгілеу. Қарапайым және күрделі тілік.9 класс


15-суретте алдыңғы және үстіңгі көріністері берілген геометриялық денелердің сол жақ көріністерін сал. Олардың тікбұрышты изометриясын немесе қиғашбұрышты фронталь диметриясын тұрғыз.

Урок по черчению Тіліктер белгілеу. Қарапайым және күрделі тілік.9 класс







116-суретте алдыңғы және сол жақ көріністері берілген денелердің үстіңгі көріністерін сал. Одан кейін денелердің аксонометрияларын тұрғызып, оған дейін салынған үстіңгі көріністердің дұрыстығын тексер.Урок по черчению Тіліктер белгілеу. Қарапайым және күрделі тілік.9 класс

© 2010-2022