Пейзаж. Қыс көрінісін бейнелеу

Сабақтың тақырыбы: Пейзаж. Қыс көрінісі Сабақ тың мақсаты: Білімділігі:қысқы табиғат әсемдігін көре білуге баулу. Қыс айларындағы табиғат өзгерістерін құбылыст...
Раздел Изобразительное искусство и Мировая художественная культура (ИЗО и МХК)
Класс -
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Сабақтың тақырыбы: Пейзаж. Қыс көрінісі Сабақ тың мақсаты: Білімділігі:қысқы табиғат әсемдігін көре білуге баулу. Қыс айларындағы табиғат өзгерістерін құбылыстарын бейнелеуге үйрету . Тәрбиелік мәні:Оқушылардың туған жердің табиғатын аялауға елін жерін сүюге оны қорғауға тәрбиелеу. Дамытушылығы:Бояу түстері арқылы салынған суреттері бойынша оқушының ой өрісін қиялын дамыту шығармашылық қабілеттерін өрістету сурет салуға икемділік дағдыларын қалыптастыру.Живопись өнерінің пейзаж жанры туралы білімдерін тереңдету.

Сабақтың көрнекіліктері: Қыс көрінісін бейнелейтін плакаттар , интерактивті тақта ,слайд.

Құрал жабдықтар:Сурет дәптер , акварель бояуы, түрлі түсті карандаштар, кетіргіш. Сабақтың түрі:Аралас сабақ Сабақтың әдісі:Түсіндіру,көрсету,сұрақ жауап,INSERT әдісі. Сабақтың барысы:

Ұйымдастыру кезеңі

Жаңа сабаққа дайындық

Жаңа сабақ

Оқушылармен өзіндік жұмыс

Сабақты қорыту

Бағалау

Ұйымдастыру кезеңі

Оқушылармен амандасу Оқушыларды түгендеу. құрал жабдықтарын тексеру Үй тапсырмасын бағалау,

1 Ұйымдастыру кезеңі

Оқушылармен амандасу,оқушыларды түгелдеу,құрал жабықтарын тексеру,назарларын сабаққа аудару.

2 Жаңа сабаққа даяарлық

Балалар, біз бүгін « Пейзаж. Қыс көрінісі» атты жаңа сабағымызды бастаймыз. Сабақ бастамас бұрын қағаз, қарындаш, өшіргіш, акварель бояуын, қылқаламдарды дайындап алайық. Енді қыс көрінісінің салыну жолдарына, бояу тәсілдеріне үңілейік.

3Жаңа сабақ

Бейнелеу өнері неше түрге бөлінеді. ( графика, живопись, мүсін, сәндік қолданбалы өнер, сәулет өнері)

Осы өнер түрлерінің қайсысы боя түрлерін көп қажет етеді? (бояу түрлерін живопись кескіндеме өнерінде қолданамыз)

Живопись деген не? (живопись жазықтық бетінде бояу түрлері арқылы орындалатын көркем шығарма)

Живопись орындалу ерекшеліктеріне қарай бірнеше жанрға бөлінеді? Натюрморт, Потрет,Тарихи жанр, Батальдық жанр, Маринистік жанр, Анималистік жанр, Пейзаж жанры. (оқушыларға слайдтағы сурет боынша көрсетіп түсіндіреді.)

Живопись өнерінің пейзаж жанрына тоқталамыз.

Пейзаж жанры табиғат көрінісін бейнелеген көркем шығарма.

Жылдың төрт мезгілі бар. Олар: қыс, күз, жаз, көктем. Біз бүгін сабағымызда қыс мезгіліне тоқталамыз. Қыс қызықтарына не жетсін! Достарыңмен уақытты көңілді өткізген тамаша ақ қой! Қар лақтырып ойнау, қар қамалын тұрғызу, шаңғы тебу, шанамен сырғанау, аққала соғу. Қысқы орман табиғаты, қысқы дала көріністері де алуан түрлі. Табиғат көрінісін бейнелеуде алыс, жақын, астында, үстінде, жанында ұғымдарын қалыптастыратын перспектива заңдылықтарын міндетті түрде білуіміз керек. Бірінші зат бізден неғұрлым алыс тұрса, ол соғұрлым кішкентай болып көрінеді.

«Персепектива» латының тасадан көру деген сөзінен шыққан.Қазақша ұғымы «көрініс» дегенге»келеді.Персектива ұғымын дұрыс білмесек,алыстағы,жақындағы заттар бірдей салынған болып шығады.

Сурет салу 3-кезеңге бөлінеді.

1 кезең Ең әуелі көкжиек сызығын көлденең жүргізген соң төменгі бөлігі жер беті болып есептеледі.Бірінші тауларды,тау етегіндегі ағаштарды қарындшпен салу керек.Екінші ағаштарды,өзінді,көпірді саламыз.Ал өзен төмендеген сайын кеңейте түсеміз.Жақын тұрған ағашты,шыршаны,қояандарды көрсетеміз.Екі қоян салынған кеңістікте салыстырмалы түрде бері орналасқан анық,көлемі үлкен болып саналады.

2 кезең Тау ағаш шырша өзен көпірдің көлеңкелерін де кеңістікте бейнелеп көрсету керек.Алыстағы көріністердің бояулары,сұйық және көмескілеу,кейбір жерлері қоюлау болып боялады.

3 Қалған боялмаған көріністерді толығымен бояп,пейзаждың толық көрінісін аяқтаймыз.

4Оқушылармен өзіндік жұмыс: Кескіндеме пәні сабағына байланысты тест алынады. Тест үлгілері:

1 Балама жауаптары бар тест

2Таңдамалы тест 3Толықтыруды қажет ететін тест

Тест үлгілері: 1Балама жауаптары бар тест, 1Негізгі түстер үшеу а)иә б)жоқ 2Акварель -суда еритін мөлдір бояу а)иә б) жоқ 3Белгілі-бір көңіл күйді білдіретін бірнеше түстер жиынтығы түстер гаммасы а) иә б) жоқ Таңдамалы тест 1Түстер шеңберінде бір-біріне қатар орналасқан бояу түстері а) қарама-қарсы түстер ә)қосымша түстер б)жақын түстер 2.Бояу араластыратын тақта а)пастель ә) палитра б)нобай 3.Қазақ халқының қымыз құятын ыдысы а)ожау ә)кесеқап б)торсық Толықтыруды қажет ететін тест 1. Бейнелеу өнерінде жансыз заттар мен бұйымдарды бейнелейтін көркем шығарманы .......................................................................................дейміз. 2.Түс және бояу мен алуан тәсілдер қолданылатын бейнелеу өнерінің түрін...........................................................................................дейміз. 3.Дайын болған суреттерді......................................................деп аталады. Тест сұрақтарының дұрыс жауаптары №Балама жауаптары бар тест 1.а) 2) б 3) жоқ Таңдамалы тест 1.б) 2. Ә) 3)б Толықтыруды қажет ететін тест 1.Натюрморт 2.Живопись 3.Нобай

Сабақты қорытындылау Жаңа сабақты қорытындылай келе біз «Пейзаж» «Қыс көрінісі» туралы және бейнелеу жолдарымен таныстық. Өтілген сабаққа қорытынды ретінде INSERT әдісі және сұрақ жауап арқылы жүргізіледі. 1.Біз бүгінгі сабақта не үйрендік? 2.Жыл мезгілдері нешеге бөлінеді?

3.Кімге қай жыл мезгілі ұнайды.? 4.Қыс мезгілінде табиғатта қандай құбылыстар болады? 5.Қыс мезгілі несімен көңілді?

Білемін

Үйрендім

Білгім келеді

Живопись өнері жайлы. Пейзаж деген не екендігін білдім,Қыс мезгілінің қызықтарымен таныстым.

Пейзаж «Қыс көрінісін»кезең бойынша жазықтық бетінде бейнелеуді немесе суреттеуді.Әр түрлітүстерді пайдалануды.

Жыл мезгілдерінің басқа техникамен салыну жолдарын

Бағалау Бүгінгі сабағымызға жақсы, белсенді қатысқан оқушыларды атап айтып,жақсы салынған суреттерді көрсетіп,мадақтау а

рқылы бағалау.







«Үстірт орта мектебі» ММ




Ашық сабақ

Бейнелеу өнері.4-сынып

Тақырыбы:Пейзаж.Қыс көрінісі




Дайындаған:Бейнелеу пәні мұғалімі Жақсыбаева А



18. О2 2015 оқу жылы

© 2010-2022