Түстану. Негізгі және қосымша түстер. «Күз нақыштары». 2 сынып

Раздел Изобразительное искусство и Мировая художественная культура (ИЗО и МХК)
Класс 2 класс
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Сынып

2

Күн


Пән

Бейнелеу өнері

Бөлімі

Кескіндеме

Сағат

3

Тақырып

Түстану. Негізгі және қосымша түстер. «Күз нақыштары»

Мақсат


Шығармашылық эмоциясын суретпен беру білімін қалыптастыру; Негізгі және қосымша түстер туралы ақпарат беру.

А) білімділік: Оқушылардың көркемдік-графикалық: кескіндеудің мәнерлеу мүмкіндіктерін қолдану; жылы және суық колорит туралы білімді пайдалану дағдыларын қалыптастыру.

Б) дамытушылық: Сабақ оқытудың негізгі үрдісін есте қалдыру,оқушы санасына терең сіңіру, эстетикалық талғамын, ой қиялын дамыту.

В) тәрбиелік: Сұлулық тәрбиесі, табиғат пен өнердегі сұлулықты түсіне білу.

Көрнекілік

проектордан көрнелік көрсету, демонстациялық материал, суретші репродукциялары.

Әдіс-тәсіл:

Ауызекі баяндау, сарамандық тапсырма


Өткен сабақты қайталау:


  1. Ә. Қастеевтің қандай шығармаларын білесіздер?

  2. Сурет салу кезеңдері туралы не айтасыздар?

  3. Бейнелеу өнерінің түрлерін талдау және сипаттау.

  4. Сарамандық тапсырманы тексеру.

Сабақтың барысы :

  1. Ұйымдастыру кезеңі

  2. Жаңа сабақ

Түстану. Негізгі және қосымша түстер. «Күз нақыштары». 2 сынып

Исаак Ильич Левитанның портреті




Түстану. Негізгі және қосымша түстер. «Күз нақыштары». 2 сынып

«Алтын күз»



Түстану. Негізгі және қосымша түстер. «Күз нақыштары». 2 сынып

«Күз»

Түстану. Негізгі және қосымша түстер. «Күз нақыштары». 2 сынып

Туман Жунабаевтың шығармасы

Оқушылармен сәлемдесу. Оқушылардың сабаққа даярлығын тексеру және назарын сабаққа аудару.

«Күз нақыштары» тақырыбына әңгіме өткізу. Бұл сабақта күзің тамаша көрінісі сипатталады. Туған өлке жаңа қырынан , яғни түрлі түсті бояумен сан алуан нұсқада жаңаша түрге енеді.

Исаак Ильич Левитан 1860 жылдың тамыз айында Кибартай деген Литваның шағын қаласында дүниеге келген. Исаактың суретші болып қалыптасуына ағасының ықпалы көп тиді. Ол Исаактың этюд салар кезде қасынан тастамай, көркем сурет көрмелеріне ертіп, өзімен бірге ала кететін.

«Алтын күз», «Күз. Тұман» деп аталатын Исаак Ильич Левитанның суретінен біз түрліше құбылып, түрленген күздің көрінісін көреміз. Алтын зер жамылған ақ қайыңның жұмсақ шұғыласы «Күз. Тұман» суретінде күмістей ақ тұманға сіңіп кеткен. «Алтын күзде» Күзгі табиғаттың тамылжыған ажары ашыла түске. Мұнда сары, алтын түстес, қызғылт сары жылы бояулар аспанның және күзгі өзеннің суық көгілдір түсімен үйлесімде берілген.

Сурет көшірмелеріне қарай отырып, суретшілердің суретіндегі әдемілікке таң-тамаша боламыз.

Сұрақ:

  1. Өз қалаңыздың немесе ауылыңыздың табиғаты қандай?

  2. Қандай түстерді байқайсыз?

  3. Жыл мезгілдерін атаңыздар.

  4. Ерекшелігі қандай?

Оқушылар өз жауабын айтып, әңгімеге араласып, өз байқағандарын, өз пікірлерін айтады.

Көркем материалдар арқылы табиғат құбылыстары жайлы түсіндіріледі.

Сұрақ:

  1. Табиғат құбылысының басты элементі қандай? (жер, су, аспан)

  2. Олар қалай бейнеленеді?

Кескіндеу техникасы. Виктор Шаталовтың тірек сызбасы бойынша кескіндеу техникасы түсіндіріледі.

Кескіндеу техникасы:

Майлы кескіндеме

Сулы кескіндеме

Темпера

Балауыз кескіндеме

Акварель

Гуашь

Тушь және т.б.

Пастоздық кескіндеме- итальян тілінен аударғанда - «қамыр тәріздес» деген мағынаны білдіреді.

Кескіндеу өнерінде қою паста -бояуды грунтқа тегіс жақпау негізінде туындайтын бояу қабатының сапасы. Сурет беті бұдырлы, кейде тіптен едәуір бұдырлы болады. Қылқалам немесе мастихин көмегімен жасалған бұдырлардың формасы сол күйінде жиі сақталады. Ең шығыңқы жері жарыққа шағылысып,сәулеленіп тұрады. Туындының эмоциялық бейнелілігін күшейтуге , әсіресе айналадағы заттардың бейнесін нанымды түре көрсетуге, бояудың бейнелеу мүмкіндіктерін ашуға ықпал етеді.

Сарамандық тапсырма

Түстану. Негізгі және қосымша түстер. «Күз нақыштары». 2 сынып


Сабақты бекіту


  1. Суретші-кескіндемеші Исаак Левитанның өнері туралы не білдіңіздер?

  2. Сабақтан қандай әсер алдыңыздар?

  3. Алған білімдерін өздері ауызша бағалайды.

Үй жұмысы :


Сарамандық тапсырманы аяқтау. Келесі сабаққа: альбом, акварель және түрлі түсті қарындаштар алып келу.

Сабақты бағалау :


Сабақ соңында оқушылар жұмысын бағалау және өте жақсы жазылған суреттерді мадақтау.


Пән мұғалімі: Нәдірбекова А.С.

© 2010-2022