ҚМЖ бейнелеу өнері 4 сынып

Раздел Изобразительное искусство и Мировая художественная культура (ИЗО и МХК)
Класс 4 класс
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Бейнелеу өнері пәнінің мұғалімі - Рагизбаева Ш.Т. ШҚО,Ұлан ауданы, Қанай орта мектебі.

Сабақтың тақырыбы: Акварель, гуашь бояуларымен сурет салу әрекеттері 4- сынып

Сабақтың мақсаты: Оқушының сыни тұрғыдан ойлау арқылы логикалық ойлауларын жетілдіруге,бейнелеу өнерінде бояуларды қолдану тәсілдерін, эстетикалық талғамдарын дамытуға,нақты түсінік беруге,тазалық пен ұқыптылыққа тәрбиелеу.

Өзара білім алмаса алатын тиянақты шешім қабылдай білуді меңгерту.

Сабақ нәтижесі:Оқушылар гуашь, акварель бояуларымен жұмыс істеуді жалғастыра отырып, дамытады. Натюрморт салып үйренеді. Топта жұмыс жасауға дағдыланатын болады.

Құрал- жабдықтар: магниттіктақта, плакат, маркер.

Көрнекіліктер: суреттер, слайдтар

Әдісі: топпен жұмыс,топтастыру, сын тұрғысынан ойлау сұрақтарын қолдану,АКТ, формативті бағалау.

Сабақ кезеңдері

Мұғалім іс-әрекеті

Оқушы іс-әрекеті

1

Сабақ барысы

Ұйымдастыру кезеңі

Оқушылармен сәлемдесу

Шаттық шеңбері

Жылы шырай тілек білдіреді.

Кереге көз,доға сызықтар салынған сиктерлерді балалар таңдап алады Осы арқылы топқа бөлемін.

Топ ережесін айту.

Оқушылар жылы шырай білдіріп, топқа бөлінді.

2

Үй тапсырмасын сұрау

Инсерт әдісі арқылы бейнелеу өнерінің түрлерін еске түсіреді( дайын схема таратылады).

Схемаға мүмкіндігіне қарай бейнелеу өнеріндегі сызық түрлерін салуға тырысады.

3

Тұсаукесер

Слайд арқылы суреттегі ПЕЙЗАЖДА ҚАЙ ЖЫЛ МЕЗГІЛІ ЕКЕНІН АЖЫРАТУДЫ сұраймын.

Слайдты көріп ой айтады.

4

Жаңа сабақ

Олай болса балалар бүгінгі сабағымыз: Сызықтық және реңдік бейнелеу түрлерімен танысамыз.

Топтарға сұрақ беремін.

1-топтқа- Сызық түрлерін атаңдар?

2- топқа - Сызық түрлерін қағаз бетіне сызып көрсетіңдер? (жоғары деңгейлі оқушыларға)

Бәріне жалпы сұрақ: Заттың құрылымы, пішіні дегенді қалай түсінесіңдер?

Ой қозғауға тапсырма: түрлі түсті қағаздардан қиылған геометриялық фигуралардан зат құрастыру. А4 қағазына жабысырады.

Бәріне жалпы сұрақ:Штрих деген қанай сызық?

Тапсырма:Топтарға төртбұрыш, дөңгелек қималары таратылып, ішін штрихтау тапсырылады.

Сыни сұрақтар арқылы топтық жұмыс жасайды.



Постер қорғап бағалайды.

5

Мағынаны түсіну



Кеңістік бейне туралы суреттер көрсетіліп, тура және бұрыштық кеңістік бейне түсінік беріледі. Жаңа сөздер: тура,бұрыштық,ауалық кеңістік бейне,көз деңгейі, көкжиек сызығы, горизонт сызығы, тақтаға ілінеді.

Тапсырма:Топтарға біреуіне - жазық далада көрінетін шекті сызық,

екіншісіне- теңізде көрінетін шекті сызықты бейнелеп, сюжет құрастыру.

Постер қорғап бағалайды.

Көзалдына елестету арқылы сурет салып, бояуға үйренеді.

6

Сергіту сәті

Қимыл қозғалысына байланысты « Арайлы күн» әніне билеу.

Оқушылар барлығы жасайды.

7

Қорытындылау

Енді балалар бүгінгі сабақ бойынша ең алғыр , жақсы жұмыс жасаған, белсенділік танытқан оқушыларды атап дауыс беріп, қошеметтейміз. Оқушылардың атап көрсеткен оқушылары бүгінгі сабақтағы -талантты оқушылар.

Формативті бағалау.

Мадақтау

8

Үйге тапсырма беру

Тура және бұрыштық кеңістікте өз еркімен сюжет құрастырып, долбарлау.

Ойланады, ізденеді.

9

Бағалау

Әр топтан жақсы жұмыс жасаған оқушыларды мадақтау.

Рефлексия шыршасын безендіру.

Екі жұлдыз,бір тілек.




© 2010-2022