Наурыз-жыл басы атты тақырыпты композициялық тәсілмен бейнелеу

23 Ж.Қизатов атындағы мектеп лицей Бейнелеу өнері және сызу пәнінің мұғалімі Елманов Батырхан Сайлаубекович Дарынды балалармен жұмыс ”Наурыз-жыл басы” атты тақырыпты композициялық тәсілмен бейнелеу Қызылорда қаласы Өнердегі әрбір шығарма өмірдің жаңа бір қырын ашып бергенде ғана нағыз өнерге жатады. Л. Н. Толстой.Мақсаты: Оқушыларға қазақтың ұлттық төл мерекесі “НАУРЫЗ” жайында толық мағлұмат беру. Жас ұрпақтың эстетикалық, рухани-адамгершілік мәдениетін қалыптастыра отырып, олардың ұлттық өнер туралы, салт-дәстурлер туралы білімдерін бір жүйеге түсіріп,шығармашылық қиялын дамыту.Түстерді ажыратып, оларды бейнелеу өнерінде шебер қолдана білуге үйрету.Міндеттері: • Көркемсурет арқылы ұлттық және әлемдік сурет өнеріне қызығушылықтарын арттыру. • Композициялық бейнелеу тәсілдері арқылы тақырыпты толық талдау, алған білімін өз ойымен салыстыра отырып, зерттеу. • Оқушыларға сурет өнері, эстетика арқылы рухани-адамгершілік және шығармашылық қабілеттерін дамыту. Ерекшеліктері: Бейнелеу өнері — дүниені көзбен көріп, түйсіну негізінде бейнелейтін пластикалық өнердің бір саласы. Бейнелеу өнеріне негізінен кескіндеме мүсін, графика жатады. .. Бейнелеу өнерінің көркемдеу құралдарына сурет, түрлі түс, пластика, жарық пен көлеңке, композиция, ырғақ жатады.
Раздел Изобразительное искусство и Мировая художественная культура (ИЗО и МХК)
Класс -
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

№23 Ж.Қизатов атындағы мектеп лицей

Бейнелеу өнері және сызу пәнінің мұғалімі

Елманов Батырхан Сайлаубекович







Дарынды балалармен жұмыс

"Наурыз-жыл басы"



атты тақырыпты композициялық тәсілмен бейнелеу









Қызылорда қаласы



Өнердегі әрбір шығарма өмірдің жаңа бір қырын ашып бергенде ғана нағыз өнерге жатады.

Л. Н. Толстой.









Мақсаты:

Оқушыларға қазақтың ұлттық төл мерекесі "НАУРЫЗ" жайында толық мағлұмат беру.

Жас ұрпақтың эстетикалық, рухани-адамгершілік мәдениетін қалыптастыра отырып, олардың ұлттық өнер туралы, салт-дәстурлер туралы білімдерін бір жүйеге түсіріп,шығармашылық қиялын дамыту.Түстерді ажыратып, оларды бейнелеу өнерінде шебер қолдана білуге үйрету.

Міндеттері:

  • Көркемсурет арқылы ұлттық және әлемдік сурет өнеріне қызығушылықтарын арттыру.

  • Композициялық бейнелеу тәсілдері арқылы тақырыпты толық талдау, алған білімін өз ойымен салыстыра отырып, зерттеу.

  • Оқушыларға сурет өнері, эстетика арқылы рухани-адамгершілік және шығармашылық қабілеттерін дамыту.



Идеясы:

Қазіргі уақыт жаһандану заманы, ел мен елдің, ұлт пен ұлыстардың бір-бірімен әлеуметтік, экономикалық, мәдени-рухани салада бәсекеге түсіп тұрған кезі. Алдағы наурыз тойлары да танымға бағытталулары керек. Бұл - үлкен ұғым. Таным дегенде әуелі адам өзін, өз шама-шарқын тануы керек. Бұл ұлт пен ұлысқа да қатысты. Өзіңді жеке адам, ұлт есебінде танып алған соң барып: «Маған қосымша мынадай керек, ол ұлтымның танымында, дәстүрінде бар ма екен?» дей аласың. Наурыз тойын өткізгенде де, құр ән салу, би билеу, тоя тамақ ішу, шаршап-шалдыққанша қыдыру емес, білмегенді білуге, көрмегенді көруге, таным көкжиегімізді кеңейтуге ұмтылуымыз керек. Соңғысы тыныштық пен келісімді, ұлт болып, ұлыс болып ұйысуды, белгілі бір идея мен мұрат-мақсаттарға ұмтылысты қажет етеді.

Сондықтан менің алған идеям ұлттық тұрғыдан оқушыларға танымдық идеясын қалыптастыру.

Ерекшеліктері:

Бейнелеу өнері - дүниені көзбен көріп, түйсіну негізінде бейнелейтін пластикалық өнердің бір саласы. Бейнелеу өнеріне негізінен кескіндеме мүсін, графика жатады. .. Бейнелеу өнерінің көркемдеу құралдарына сурет, түрлі түс, пластика, жарық пен көлеңке, композиция, ырғақ жатады.

Бүгінгі жұмысымыздың көркемдеу құралы-композиция.

Композиция - құрамдас бөліктері бірлікте ұштастырылған, бір-біріне және жалпы мүддеге бағындырылған мақсатты көркем құрылым . Композиция әдістері өнердің өзіндік ерекшеліктеріне, шығарманың идеясына, авторлық ойтүйсігіне сәйкес туындайды. Композиция шығарманың ішкі құрылымымен бірге оның сыртқы орта мен көрермендер арасындағы қатынасын белгілейді.

Сондықтанда бейнелеу өнеріндегі композиция тәсілінің алатын орны ерекше. Қазақ халқымыздың ұлттық төл мерекесі "Наурыз-жыл басы" атты тақырыпты композициялық тәсілімен бейнелеу кезіндегі ерекшелігі, жас ұрпағымызды ұлттық салт-дәстүрімізді, ұлттық дәстүрлі ойындарымызды, алғашқы көктем айының ерешеліктерін бір тұтас көркем туынды етіп нақыштау.

Мазмұны:

Наурыз - ертеден келе жатқан мұсылман елдерінің ұлттық мейрамы. Наурыз сөзі иран тілінен аударғанда, ноу - «жаңа», руз - «күн» дегенді білдіреді. Яғни бұл сөз жаңа күн, жаңа жыл деген мағынада біздің елде қолданылады.

Осыдан бірнеше жыл бұрын Наурыз мерекесін тойлауға елімізде тыйым салынған. Наурыз жалпыұлттық мейрам болғандықтан, үкіметтің басшылығымен, тек 1988 жылдың көктемінен бастап Алматы, Астана сияқты қалаларда алғашқы рет тойлана бастады. Қазақ халқының ұмыт болған дәстүрі, көнеден келе жатқан салты қайта жаңғырып, қайта туғандай болды.

"Наурыз" мерекесі көктемде тойланады. Оның себебі, 21 наурыздан 22 наурызға қараған түні күн мен түн теңеседі. Тек Күн мен Түн ғана емес, сонымен қатар Жақсылық пен Жамандық, Қыс пен Жаздың теңесетін күні болып саналады. Ақ қар, көк мұз еріп, аяз кетіп, жылы шуақты күндер басталады. Қиын қыстан аман-есен шыққанына шүкіршілік еткен жұрт енді көктемді көңілді қарсы алып, басталған тіршіліктің қамына кіріспес алдында бойды бір жазып алады. Наурызда жұрт өздерінің аппақ көйлектері мен жаңа киімдерін, таза киімдерін киеді.

Наурызда пісірілетін ұлттық, дәстүрлі тағамның бір түрі - наурыз көже. Наурыз көже жеті түрлі тағамнан жасалады. Адамдар осы мерекеде үй-үйді аралайды. Ұлыстың Ұлы күні тұсаукесер, сүндет той, үйлену тойы, шілдехана сияқты салт-дәстүрлер орындалады.

Наурызда түнгі он екіден бастап, яғни, күн мен түннің теңескен уақытынан бастап, әр түрлі салт-дәстүрлер орындалады. Алтыбақан басында жастар түнімен күнімен түрлі ойындар ойнайды. Бұл кеште ән айтылады, би биленеді, танылмаған шешен қалмайды. Осы күні көкпар, аударыспақ, күрес, қыз қуу, алтыбақан, балтам тап, тең көтеру сияқты ұлттық дәстүрлі ойындар ойналады. Бұл да осы тойдың негізгі бір бөліміне жатады.

Наурызда таң ертең барлық халық таңнын атқанын күтеді. Қазақ халқының түсінігі бойынша, күннің көзі көрінгеннен бастап, екі сағат «күн сәті» деп аталады. Егер, осы күн сәтін тосып тұрса, сол адамға Наурыздың құты дариды.

Наурыз мейрамының тағы бір ерекшелігі - көрісу. Кісілер бір-бірімен көріскенде:

Наурыз құтты болсын!

Ақ мол болсын!

Қайда барсаң жол болсын!

Наурыз құт әкелсін!

Ұлыстың ұлы күні құтты болсын!

Ауылдағы ақсақалдар, қариялар балаларға бата береді. Наурыз күні адамдар бір-біріне ренжуге болмайды.

Егер осы күні үйіне қонақ келсе, оны құшақ жая қарсы алып, наурыз көжеден дәм таттырып, күту керек.











Орындау ерекшеліктері:

Оқушылар көркем туындыларын орындау кезінде аралас тәсілдерді қолдана отырып орындайды.

Аралас тәсіл - сурет көркем материалдардың бірнеше түрлерінен орындалады.Мәселен, акварель мен түрлі түсті қарындаш, балауыз бор немесе майлы пастель мен акварель, гуашь пен құрғақ пастель және т.б.

Осы тәсілдердің ішіндегі майлы пастель мен акварель түрлерін ала отырып жұмыс жасаймыз.

Акварель - бұл бояулар шие шайыры, кейде бал қосылған түсті пигменттен жасалады. Сумен араластырып, жұқа етіп жағылады.Олар тез ериді, сондықтан акварельмен сурет салу кезінде жіберілген қатені түзеу өте қиын.

Майлы пастель - өзіндік құрамымен ерекше.Балауыз және майлы пастель балауыз немесе майлы-балауызды құраммен араластырылған пигменттерден тұрады. Ашық түсті, қағазға оңай жағылады, бірақ араластыру қиын.

Орындау кезеңдері:

  1. Тақырып бойынша қағаз бетіне бірнеше нобайлар жасату.

  2. Өз қиялдарынан туған туындының құрылымын қағаз бетінен ықшамдап орналастыру.

  3. Бейнелейтін нәрселердін нақты пішіндері мен пропорцияларын табу.

  4. Түстердің өзара үйлесімділіктерін айқындау.

  5. Қағаз бетіне бейнеленген нәрселерді толық анықтай отырып, туындының жарасымдылығына аса назар аударып, толығымен аяқтау.















Нәтижесі:

  • Жұмыс барысында оқушылардың ойлау қабілеті, көргенін есте сақтау, шығармашылық қиял, көркемдік икемділігі, адамгершілік және сұлулық сезімі дамиды.

  • Дүние танымын қалыптастырады.

  • Шығармашылық белсенділігін арттырады.

  • Сонымен қатар жеке тұлғаны ұқыптылыққы, дербестікке, еңбек сүйгіштікке бейімдейді.

Оқушының тақырып бойынша орындаған жұмысының нәтижесі:

  • Көктемнің алғашқы гүлдерінің бірі-қызғалдақ.

  • Күн мен түннің, жақсы мен жаманаттың,қыс пен жаздың теңесулерінің символы.

  • Ұлттық қолөнеріміздің баға жетпес байлығы-Киіз үй.

  • Қазақтың төрт түлік малының бірі-ойсылқара.

  • Осы злементтерді біріктіріп тұрған қазақтың киелі-шаңырағы.атадан балаға мұра болып келе жатқан шаңырақ-ата-бабалар рухы, ұрпақтар сабақтастығы мәңгілік екенінің символы.

Бұл жұмысымыз гармониялық тәсілге жатады.

Наурыз- жыл басы атты тақырыпты композициялық тәсілмен бейнелеу

Қорытынды:

Қорыта келгенде, көптеген халықтардың салт-дәстүріне айналған өзіндік ерекшеліктері бар. Міне, қазақтың ұлттық Наурыз тойында осы салттың барлығы орындалып, еске түсіріледі. Бұл күні барлық зат тең дәрежеде тұрып, теңеледі. Бұл күн жаңа өмірді ашқандай, дүниедегі барлық зат жаңарады.



Пайданылған әдебиеттер:

  • НАУРЫЗ: жаңғырған салт-дәстүрлер (құрастырған М, Қазбеков) Алматы: Қазақстан, 1991.

  • Бейнелеу өнері. Болатбаев.Қ. Ибрагимов. Ұ. Алматы. Атамұра, 2001.

  • "Қош келдің, Наурыз!" "Ақ орда", "Өлке" баспасы, Алматы қаласы, 1993 жыл.



© 2010-2022