Сабақтың тақырыбы: Еңбек қауіпсіздігі ережелерін сақтау. Еңбек мәдениет ережесі

Раздел Изобразительное искусство и Мировая художественная культура (ИЗО и МХК)
Класс 3 класс
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Сабақтың тақырыбы: Еңбек қауіпсіздігі ережелерін сақтау. Еңбек мәдениет ережесіСабақтың тақырыбы: Еңбек қауіпсіздігі ережелерін сақтау. Еңбек мәдениет ережесіСабақтың тақырыбы: Еңбек қауіпсіздігі ережелерін сақтау. Еңбек мәдениет ережесіСабақтың тақырыбы: Еңбек қауіпсіздігі ережелерін сақтау. Еңбек мәдениет ережесіСабақтың тақырыбы: Еңбек қауіпсіздігі ережелерін сақтау. Еңбек мәдениет ережесіСабақтың тақырыбы: Еңбек қауіпсіздігі ережелерін сақтау. Еңбек мәдениет ережесіСабақтың тақырыбы: Еңбек қауіпсіздігі ережелерін сақтау. Еңбек мәдениет ережесіСабақтың тақырыбы: Еңбек қауіпсіздігі ережелерін сақтау. Еңбек мәдениет ережесіСабақтың тақырыбы: Еңбек қауіпсіздігі ережелерін сақтау. Еңбек мәдениет ережесіСабақтың тақырыбы: Еңбек қауіпсіздігі ережелерін сақтау. Еңбек мәдениет ережесіСабақтың тақырыбы: Еңбек қауіпсіздігі ережелерін сақтау. Еңбек мәдениет ережесіСабақтың тақырыбы: Еңбек қауіпсіздігі ережелерін сақтау. Еңбек мәдениет ережесіСабақтың тақырыбы: Еңбек қауіпсіздігі ережелерін сақтау. Еңбек мәдениет ережесіСабақтың тақырыбы: Еңбек қауіпсіздігі ережелерін сақтау. Еңбек мәдениет ережесіСабақтың тақырыбы: Еңбек қауіпсіздігі ережелерін сақтау. Еңбек мәдениет ережесіСабақтың тақырыбы: Еңбек қауіпсіздігі ережелерін сақтау. Еңбек мәдениет ережесіСабақтың тақырыбы: Еңбек қауіпсіздігі ережелерін сақтау. Еңбек мәдениет ережесіСабақтың тақырыбы: Еңбек қауіпсіздігі ережелерін сақтау. Еңбек мәдениет ережесі.

Сабақтың мақсаты: Жұмыс орнын дайындау және еңбек қауіпсіздігін сақтау ережесі жайлы түсінік беру, есте сақтау қабілетін дамыту, ұқыптылыққа тәрбиелеу.

Сабақ типі: жаңа білімдерді меңгеру сабағы.

Әдісі: түсіндіру, әңгімелеу

Көрнекілігі: суреттер.

Сабақтың барысы:

І Ұйымдастыру кезеңі: сабаққа дайындық.

ІІ Мақсатын қою кезеңі: Тақырыбын, мақсатын хабарлау.

Жұмыс орнын дайындау және еңбек қауіпсіздігін сақтау ережесі.

Жаңа материалды түсіндіру кезеңі

Жұмыс орнын дайындау және еңбек қауіпсіздігін сақтау ережесі жайлы түсінік беру. - сабаққа арнаулы киіммен келу /алжапқыш, жеңсе немесе халат, жаулық немесе телпек/; - құрал жабдықтарды, сурет, сызба, жазу жазатын жұмыс дәптерлерін ретке келтіріп отыру; - тек дұрыс құралмен ғана жұмыс жасау, оларды өзінің тиісті жерінде ғана пайдалану; - техника қауіпсіздігінің ережесі бұзылған жағдайда, жараланғанда дереу хабарлау.

Жаңа материалды меңгергенін тексеру кезеңі:

1. Оқушыларға оқыту: іштей, дауыстап - тізбектей;

2. Сұрақтарға жауап алу . 3. Тапсырмаларды орындау.

Бекіту кезеңі:Қорытындылау.

Үйге тапсырма беру кезеңі:1. 4-5 бет түсініп оқу.2. Бағалау







Сабақтың тақырыбы: Табиғатты бақыла,үйрен. Қиялыңа қанат бітір!

Сабақтың мақсаты: Оқушыларға табиғатты бақылап,қызықтап,көрген білгендерін ойға түйіп, әр түрлі қиял ғажайыптар жасауға үйрету, қиял - ғажайыптар жайлы түсінік беру.Оларға қиялдағы кейіпкерлерді құрастыру тәсілін үйрету. Білімін, тілін дамыту. Еңбексүйгіштікке тәрбиелеу.

Сабақ типі: жаңа білімдерді меңгеру сабағы.

Әдісі: түсіндіру,әңгімелеу

Көрнекілігі: Суреттер, бүр, жаңғақ,бұтақ,қауырсын, желім,түйме.

Сабақ барысы:

I. Ұйымдастыру кезеңі: Сабаққа дайындықтарын қадағалау.

ІІ.Үй тапсырмасын тексеру,мадақтау,бағалау.

IIІ. Жаңа материалды түсіндіру кезеңі:

1. Мұғалімнің түсіндірмесі.

Табиғат құпияларын түсіну оңай емес.Оны қызығып,бақылағанда меңгеруге болады.

-Табиғи материалдарға нелер жатады?

-Табиғи материалдан жасалған ойыншықтар мен бөлшектерді қалай біріктіріп едік?

ІV. Қорыту: Қорытындылау. Бүгін сабақта не істедік?

V. Үйге тапсырма: 7-8 бет жұмыстарын аяқтау.VІ.Бағалау

Сабақтың тақырыбы: Схема бойынша көжек құрастыру.

Сабақтың мақсаты: Көжек құрастыру жайлы түсінік беру. Танымдық қабілеттерін дамыту. Тазалыққа тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: аралас.

Көрнекілігі: суреттер, үлестірмелер.

Әдісі: түсіндіру, әңгімелеу, сұрақ-жауап.

Сабақтың барысы:

І Ұйымдастыру кезеңі. Сабаққа дайындықтарын тексеру.

ІІ Үй тапсырмасын тексеру, сұрау.

1.Сұрақтарға жауап алу.

Табиғат және адам қолымен жасалған әлемнің байланысын түсіндір.

ІІІ. Жаңа сабақты түсіндіру:

Ұлу қабыршағының екі жартысын желімдеу үшін «момент» желімін пайдаланған дұрыс. 2. Ұлу қабыршағынан ойыншықтар, жапсырмалар және әдемі әшекейлер жасауға болады. Қоян туралы әңгіме құра (2 - сурет). Құраған әңгімеңе халық ертегілерінен үзінділер, мақал - мәтелдер кіргізуіңе болады.

Материалдар: көлемі мен түсі әртүрлі ұлу қабыршағы, гүл тұқымы, ермексаз.

Керек заттар: лак, қатырма қағаздан жасалған тұғыр немесе тақтай, қылқалам.

1. Бұйым жасаудың реті схема түрінде берілген.

2. Барлық бөліктер біріктірілгеннен кейін құйрығын жалғау керек.

3. Ең соңынан дайын болған бұйымға лак жағылады.

VI. Жаңа сабақты қорыту:

1. Әр түрлі материалдан композиция жаса. Композиция мазмұны «Дала» деген тақырыппен үндесуі тиіс.

2. Сұрақтар мен тапсырмаларды орындау.

Схема дегеніміз не? Онымен қалай жұмыс істеу керек екенін түсіндір.

V. Үйге тапсырма: 12 - 13 бет оқу.

VІ. Бағалау.

Сабақтың тақырыбы: Мозайка

Сабақтың мақсаты:Шығармашылық арқылы өмірге деген құштарлығын арттыру,жақсы

іске баулу.

1.Білімділік:Оқушыларға мозайка ұғымына кеңес беру,түсініктерін қалыптастыру,

білімдерін кеңейту.

2.Дамытушылық:Оқушылардың ойлауын,шығармашылық қабілеттерін өнерлерін дамыту.

3.Тәрбиелік:Оқушыларды ұқыптылыққа,еңбекқорлыққа,ұжымшылдыққа,өзін-өзі бағалай

білуге тәрбиелеу.

Сабақтың типі:аралас сабақ

Сабақтың әдіс-тәсілдері:сұрақ-жауап,түсіндіру,баяндау.

Көрнекіліктер:оқулық,кеспе қағаздар,қарындаш,қайшы.

Сабақтың барысы:

I.Ұйымдастыру бөлімі

М:Оқушылармен амандасу,класты түгелдеу,сабаққа дайындау.

II.Үй тапсырмасын тексеру

М:Үйге қандай тапсырма берілді?

О:Әр түрлі қағаздардан гүл шоқтарын жасау

М:Гул шоқтарын барлығымыз жасадық па?

III.Жаңа материалды түсіндіру

Мозайка-бір немесе одан да көп материалдың ұсақ бөліктерінен жасалған сурет. Мозайканың алғаш пайда болған уақытын дәл айту қиын.Азияда қазба жұмыстар кезінде көктас пен

бақалшақтан жасалған мозайкалар табылған.Римде әр түрлі тастардан жасалған мозайкамен

еден,қабірлерді сәндеген.Соған қарағанда мозайканы ерте кезден кездеседі.

Жұмыстың орындалу реті:

1.Алдымен түрлі -түсті қарындаштарды дайындап аламыз.

2.Олардың ұштарын шығарамыз.

3.Өзімізге ұнаған әртүрлі бейнелерді желімнің көмегімен жапсырамыз.

Енді өз жасаған бейнелеріңіз туралы анықтама беріңіздер.Бүгінгі сабақта танысқан мозайка

тақырыбына байланысты сұрақтарға жауап берелік

1.Мозайка дегеніміз не?

2.Алғаш қай елдерден табылған?

VI.Қорытынды.Үйге тапсырма.

Өз жұмыстарыңды аяқтау.Жұмыс орнымызды жинау.

Бағалау

Тақырыбы: Қауырсыннан құрастыру

Мақсаты: Оқушыларға қауырсыннан түрлі өсімдіктердің, жануарлардың бейнесін жасауды үйрету. Еңбекке деген қызығушылығын дамыту Ұйымшылдыққа, ізденімпаздыққа тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: аралас

Сабақтың әдіс-тәсілдері: түсіндіру,суреттеу,оқып білу.

Көрнекілігі: суреттер,үлгілер.

Сабақтың барысы:

I.Ұйымдастыру сәті.

Психологиялық дайындық.

II. Үй тапсырмасын тексеру.

III. Жаңа материалды түсіндіру.

Қауырсынды неден алуға болатынын, оның шаруашылықта пайдасын жайлы айтып түсіндіру.

Сарамандық жұмыс.

Керекті заттар:

Қауырсын, қайшы, желім, сым, губка,шырпы.

Сабағын ұзынырақ етіп сымнан аламыз. Оны жасыл қағазбен ораймыз. Сегіз кішкене, сегіз үлкен қауырсын аламызда жіңішке сымға жабыстырамыз. Осылай оны безендіреміз гүл дайын.

IV.Жаңа материалды бекіту.

Сұрақтар қою:

1.Кітаптағы бейнелер жайлы не айтасың?

2.Мамықтан желім пайдаланбай апликация құрастыр?

Шығармашылық жұмыс.

1.Суретке қарап күшікті өзің жасап көр.

2.Оған қандай қауырсындар пайдаланасың?

3.Жасаған күшігіңді достарыңа сыйла.

V. Қорытынды.Үй тапсырмасын беру.

Рефлекция: -Қауырсынды қайдан аламыз?

-Бүгінгі сабақтан не үйрендік?

Үйге:жұмыстарды аяқтап кед.

VI. Бағалау.




Сабақтың тақырыбы: Қауырсыннан бейне құрастыру

Мақсаты:Оқушылардың өз ойымен гүл құрастыру,оны желімдеуді түсіндіру.Оқушылардың ой-өрісін талғамын,пәнге деген қызығушылығын арттыру. Ұйымшылдыққа,ұқыптылыққа,жауапкершілікке тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: аралас

Сабақтың әдіс-тәсілдері: түсіндіру,сұрақ-жауап,шығармашылық тапсырма.

Сабақтың барысы:

I.Ұйымдастыру сәті.

Психологиялық дайындық.

Гүл өсірсең терлеп

Мұны аты еңбек

Кесте тіксең зерлеп

Мұны аты еңбек.

Қиындықтың бәрін

Еңбек қана жеңбек.

II. Үй тапсырмасын тексеру.

III.Жаңа материалды түсіндіру

Қауырсыннан құрастыруға жалпы шолу.Мұқият қараңдаршы,шеберлердің қолынан шыққан,қауырсыннан жасалған бұйымдар қандай әдемі.Олардың табиғаттан үйренгендігі бірден көзге түседі.Жұмыс барысында әртүрлі құс қауырсындарын пайдалануға болады.Жұмысты бастамас бұрын қауырсынды жуып,кептіріп тарау керек.Қазақ халқы дәстүрі

бойынша домбыраға түскиіздерді,балалар кеудешесіне үкі қауырсыны тағылады.

Сарамандық жұмысы

Сабағын ұзынырақ сым темірден жасаймыз.Оны гарфирмен жасыл қағаз жолағымен ораймыз.Сегіз кішкене сегіз қауырсынмен таңдап аламыз.Жіңішке алты сым темірді гарфирменсары қағазбен сызамыз.Дайын болған аталық бөлігін сабағына жіппен байлаймызҮлкен сегіз қауырсынды кішкене жапырақшалармен сәл төменірек орналастырып,қағазбен ораймыз.

IV..Жаңа материалды бекіту

Балалар 2-3 суреттер бойынша не айтуға болады?

Қорытынды.

-Мозайка дегеніміз не?

-Қауырсыннан бейнені қалай құрастырады екенбіз?

Жұмыс орнын жинау.

Үйге: Қауырсыннан бейне құрастыру

Бағалау

Тақырыбы: Қайың қабығынан құрастыру.

Мақсаты: Қайың туралы түсінік беру. Еңбекке деген қызығушылығын дамыту. Ұйымшылдыққа , ізденімпаздыққа тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: аралас

Сабақтың әдіс-тәсілдері: түсіндіру,суреттеу,оқып білу.

Көрнекілігі: суреттер,үлгілер.

Сабақтың барысы:

I.Ұйымдастыру сәті.

Психологиялық дайындық.

II. Үй тапсырмасын тексеру.

III. Жаңа материалды түсіндіру.

Оқушыларға қайың туралы мағлұмат беру.

Сарамандық жұмыс.

Оқушыларға қайыңның сынған бұтағын алып келіп қабығын ашудың жолдарын көрсету.

Ескерту:

Қайың қабығын аршу кезінде қолға қолғап кию керек.

Аппликация орындалу реті:

Заттың кейіпкердің бейнесін анықтау

Сурет, нобай түрінде белгіле.

Негіз түс таңдап, композиция құр.

ПВА желімін пайдаланып композицияны негізттүске жапсыр.

Аппликацияны салмақ түсіру арқылы кептір.

IV.Жаңа материалды бекіту.

Сұрақтар қою:

1.Суреттерге зейін қойып қара. Түстер бір-бірімен үйлесім тапқан ба?

2.Қайың қайда өседі?

Шығармашылық жұмыс.

1.Өз ойыңмен қиял аппликация жасап көр?

V. Қорытынды.Үй тапсырмасын беру.

Рефлекция: -Қайың қабағын калай аршу керек

-Бүгінгі сабақтан не үйрендік?

Үйге:Жұмысты аяөтап келу

VI. Бағалау.




Күні:

Тақырыбы: Қиял-аппликация.

Мақсаты: Қайың туралы түсінік беру. Еңбекке деген қызығушылығын дамыту. Ұйымшылдыққа , ізденімпаздыққа тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: аралас

Сабақтың әдіс-тәсілдері: түсіндіру,суреттеу,оқып білу.

Көрнекілігі: суреттер,үлгілер.

Сабақтың барысы:

I.Ұйымдастыру сәті.

Психологиялық дайындық.

II. Үй тапсырмасын тексеру.

III. Жаңа материалды түсіндіру.

Оқушыларға қайың туралы мағлұмат беру.

Сарамандық жұмыс.

Оқушыларға қайыңның сынған бұтағын алып келіп қабығын ашудың жолдарын көрсету.

Ескерту:

Қайың қабығын аршу кезінде қолға қолғап кию керек.

Аппликация орындалу реті:

Заттың кейіпкердің бейнесін анықтау

Сурет, нобай түрінде белгіле.

Негіз түс таңдап, композиция құр.

ПВА желімін пайдаланып композицияны негізттүске жапсыр.

Аппликацияны салмақ түсіру арқылы кептір.

IV.Жаңа материалды бекіту.

Сұрақтар қою:

1.Суреттерге зейін қойып қара. Түстер бір-бірімен үйлесім тапқан ба?

2.Қайың қайда өседі?

Шығармашылық жұмыс.

1.Өз ойыңмен қиял аппликация жасап көр?

V. Қорытынды.Үй тапсырмасын беру.

Рефлекция: -Қайың қабағын калай аршу керек

-Бүгінгі сабақтан не үйрендік?

Үйге:Жұмысты аяөтап келу

VI. Бағалау.



Пәні:еңбекке баулу.

Күні:

Сабақтың тақырыбы: Қағаз қалай жасалады?

Мақсаты:Оқушыларға қағаз қалай жасалатыны туралы түсіндіру.Қағаз туралы мәлімет беру.Оқушылардың ой-өрісін,талғамын,пәнге деген қызығушылығын арттыру.Ұйымшылдыққа,ұқыптылыққа,жауапкершілікке тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: аралас

Сабақтың әдіс-тәсілдері: түсіндіру,сұрақ-жауап,шығармашылық тапсырма.

Сабақтың барысы:

I.Ұйымдастыру сәті.

Психологиялық дайындық.

Гүл өсірсең терлеп

Мұны аты еңбек

Кесте тіксең зерлеп

Мұны аты еңбек.

Қиындықтың бәрін

Еңбек қана жеңбек.

II. Үй тапсырмасын тексеру.

III.Жаңа материалды түсіндіру

Қағаз-жазуға,сызуға,сурет салуға және түрлі қажеттілікпен жарайтын ағаштан жасалған материал.Қағаз дайындау кезеңдерін кесте түрінде көрсетуге болады.

1.Ағаш дайындау

2.Ағашты орманнан әкету

3.Қағаз фабрикаларында қағаз жасау

Қағаз жасайтын шикізатты дайындау үшін ағаштарды кеседі.Бұтақ,жапырақ,тамырынан тазартады.Сонан соң ұсақталғанша үгетеді,ол ұнтағын шыққанша майдалана береді.дымқыл әрі борпылдақ ұнтақ машинадан өтіп,тығыз да теп-тегіс аппақ қағазға айналады.Бұрын пайдаланылған қағаз қалдықтарын өңдеу арқылы қағазбен қатырма қағаз жасалады.

Сарамандық жұмыс

1.Өзіңе ұнайтын түстегі қатырма қағазды таңдап ал

2.Сол түске сәйкес келетін тағы қағазды ал

3.Ені 1см болатындай қағазды керегінше қиып ал

4.Алдымен өзіңе қнайтын себеттің суретін сал.

5.Сурет бойынша қағазды тігінен,көлденнен қойып,желімде.

6.Осылайша,әрі қарай жалғастыр.

IV..Жаңа материалды бекіту

1.Қағаздың қандай түрлерін білесің?

2.Қағаздың қандай қасиеттері бар?

3.Қағаз қалдықтарынан не жасауға болады?

4.Қағаздың адам өміріндегі маңыздылығы?

Қорытынды.Үйге тапсырма

Жұмыс орнын жинау.

Үйге:қағаздан гүл жасау.

Бағалау



Пәні:еңбекке баулу.

Күні:

Сабақтың тақырыбы: Сызба техника тілі.Сызба сызықтары

Мақсаты:Оқушыларға сызбалардың түрлерімен және сызу тәсілдерін үйрету түсіндіру.Оқушылардың ой-өрісін талғамын,пәнге деген қызығушылығын арттыру. Ұйымшылдыққа,ұқыптылыққа,жауапкершілікке тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: аралас

Сабақтың әдіс-тәсілдері: түсіндіру,сұрақ-жауап,шығармашылық тапсырма.

Сабақтың барысы:

I.Ұйымдастыру сәті.

Психологиялық дайындық.

Гүл өсірсең терлеп

Мұны аты еңбек

Кесте тіксең зерлеп

Мұны аты еңбек.

Қиындықтың бәрін

Еңбек қана жеңбек.

II. Үй тапсырмасын тексеру.

III.Жаңа материалды түсіндіру

Сызба -техника тілі.Ол-заттың жазықтықта бейнеленуі.Затты сызбада сызады.Егер сызба қолмен сызылса,онда оны нобай деп атайды.

Түзу жуан сызық.Онымен көзге көрінетін контур сызықтарын белгілейді.

Түзу жіңішке сызық.Мұнымен өлшемдерін көрсетеді.

Штрихпунктирлі үзік сызық.Онымен бүгілеу сызықтарын,осьтік және центрлік сызықтарды белгілейді.

Сарамандық жұмысы

Суретті,нобайды,сызбаны талдау арқылы бөлшектің құрылымын көзге елестетеміз:

-бөлшек-материалдың тұтас бір бөлігінің дайындалған.

-құрылым-белгілі бір құрылғы

-бөлшек элементтері-жекелеген бөліктер.

IV..Жаңа материалды бекіту

Балалар 2-3 суреттер бойынша не айтуға болады?

Қорытынды.Үйге тапсырма

-Мозайка дегеніміз не?

-Қауырсыннан бейнені қалай құрастырады екенбіз?

-Нобай дегеніміз не?

Жұмыс орнын жинау.

Үйге: Қауырсыннан бейне құрастыру

Бағалау



Күні:

Тақырыбы: Белгілеу мен өлшеу.

Мақсаты:Белгілеу мен өлшеудің жолдарын, құралдарын үйрету.. Еңбекке деген қызығушылығын дамыту. Ұйымшылдыққа , ізденімпаздыққа тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: аралас

Сабақтың әдіс-тәсілдері: түсіндіру,суреттеу,оқып білу.

Көрнекілігі: суреттер,үлгілер.

Сабақтың барысы:

I.Ұйымдастыру сәті.

Психологиялық дайындық.

II. Үй тапсырмасын тексеру.

III. Жаңа материалды түсіндіру.

Сызықтардың түрлерімен таныстыру.

Сарамандық жұмыс.

Дөңгелектің қалып үлгісін бастырып қыю.

Циркульді пайдалануды үйрену. Жұмыстар жасау.

Ескерту:

Циркульді партаға тастама. Оның инесін төмен қаратып, қорапқа салып қой.

IV.Жаңа материалды бекіту.

Сұрақтар қою:

1.Үшбұрыштың шаршыдан қандай айырмашылығы бар?

2.Қалай ойлайсың қалып үлгі жабдыққа жата ма?

3.Қалыпшылар қанда жұмыс атқарады?

Шығармашылық жұмыс.

1.Өз ойыңмен қиял аппликация жасап көр?

V. Қорытынды.Үй тапсырмасын беру.

Рефлекция: -Қайың қабағын калай аршу керек

-Бүгінгі сабақтан не үйрендік?

Үйге:Жұмысты аяөтап келу

VI. Бағалау.




Cабақтың тақырыбы: Шеңберді пайдаланып құрастыру. Терезесі бар көңілді ашық хаттар құрастыру. Қауіпсіздік ережесі.

Сабақтың мақсаты: Қағаздан шеңберді пайдаланып қалпақ, телпек құрастыруды үйрету, оқушыларға қағаздан, қатырма қағаздарды пайдаланып терезесі бар көңілді ашықхаттар жасауды үйрету. Білімін, ой-өрісін дамыту, ұқыптылыққа тәрбиелеу.

Сабақтың типі: жаңа білімдерді меңгеру сабағы.

Әдісі: түсіндіру,әңгімелеу

Көрнекілігі: Суреттер, әр түсті қағаз,қайшы,желім, циркуль.

Сабақ барысы:

I. Ұйымдасу кезеңі:Сабаққа дайындық.Қалпақ, телпек жасап алып,

оны дайын цилиндрге орнату немесе өзің цилиндр жаса.

ІІ.Үй тапсырмасын тексеру,қорыту.

IIІ. Жаңа сабақты түсіндіру :

1.Үлгі қалыпты үш рет қағазбен ораймыз.Әрбір орағаннан кейін желім жағамыз. Барлығы екі рет желімдейміз.

2. Ораудың шеттерінен кертік жасаймыз.

3. Қағаздың шетін жазып, дөңгелете желімдейміз.

4.Циркуль арқылы шеңбер сыз.

5. Сауыттың түбін жұқа қатырма қағаздан қиямыз.

6. Түбін ыдыстың негізіне желімдейміз.

7. Қалыбын алып тастаймыз, қағаз цилиндр дайын.

Оқушыларға оқыту: іштей, дауыстап-тізбектей 29 бет. 2. Сұрақтарға жауап алу.

1. Цилиндр жасау үшін не керек? 3. Қалпақ жасау үшін қанша бөлік керек?

Техника қауіпсіздік ережелерін қайталау. (қайшы, пышақ)

Ашықхат қандай болуы керек? Әрине көңілді.

2. Сурет бойынша жұмыс 31-32бет.

3. Күн бейнесі көтеріңкі күйден хабар береді. Терезе ашықхаттың жалпы композициясының ішіне кіруі тиіс. Алдымен қалың қағаздан өзімізге қажет өлшемдерді тік төртбұрыш етіп қиып аламыз. Терезенің пішіні мен өлшемдері әр түрлі болуы мүмкін. Дөңгелек терезені циркульмен сыз.1-3 суреттерде көрсетілген ашықхаттарда көбелек, фотосурет ішкі жағынан желімделген. Бейнебір көбелек гүлдерге қарай ұшып бара жатқандай.4-сурет 2-3 суреттердегі композицияның негізінде жасалады. Безендіру барысында аппликация, «оригами» фигураларын және өз шеберлігіңді пайдалануыңа болады.

Сергіту сәттері: Туған күнмен құттықтау ашықхаттарын құрастыр.

VІ. Қорыту.

1. Цилиндр жасау үшін не керек?

2. Қалпақ жасау үшін қанша бөлік керек?

3.Техника қауіпсіздік ережелерін қайталау. (қайшы, пышақ)

1.Оқушыларға оқыту: іштей, дауыстап-тізбектей. 2. Сұрақтарға жауап алу.

- Қағаз деген не? Қағаз - әр түрлі бұйымдар жасауға ыңғайлы материал.

- Қағазды қалай жасайды?

- Қағазбен қандай операцияларды жасай аласыңдар?

Техника қауіпсіздік ережелерін қайталау. (қайшы, пышақ): Қағаз дайындау. (кесу, тесу)

V. Үйге тапсырма : 1. 29-32 бет оқу.

VІ. Бағалау

Сабақтың тақырыбы: Қағаз кесінділерінен құрамақтар жасау.

Сабақтың мақсаты: Қағаз тілшелеріне әшекейлер жасауды үйрету. Білімін, ой - өрісін дамыту. Ұқыптылыққа тәрбиелеу.

Сабақтың типі: жаңа білімдерді меңгеру сабағы.

Әдісі: түсіндіру,әңгімелеу

Көрнекілігі: Суреттер, әр түсті қағаз кесінділерімен, қайшы,желім.

Сабақ барысы:

I. Ұйымдасу кезеңі:Сабаққа дайындық

II. Үй тапсырмасын тексеру,қорыту.

Шеңбер және ашықхаттарын тексеру,мадақтау.

IIІ. Жаңа сабақты түсіндіру:

Қағаз - әр түрлі бұйымдар жасауға ыңғайлы материал. Ол жақсы желімделеді. Қағаз кесінділерінен сопақша, үшкір немесе шеңбер тәрізді пішіндер құрастыруға болады.


Оларды бір - біріне жалғап желімдесе және бояса, әдемі сәндік композиция шығады. Мұның бәрі сенің шеберлігіңе байланысты. Қалың қағаздан немесе жұмсақ қатырма қағаздан құрастырылған композиция майысып, мыжылмайды. Егер ақ қағаздан жасалса, онда ол өте әдемі көрінеді. Қызықты, сәнді композиция жасау үшін алдымен оның нобайын сызып алу керек.

1. Қағаз тілшелерінен әшекейлер жасау тәсілін түсіндіру.

- Қағаз тілшелерін не істеуге болады?(кесуге, өруге, бұрауға, әртүрлі құрастырма заттар жасайды).

2. Сурет бойынша жұмыс 33-34 бет.

3. Тілшені қалың қағаздан, жұмсақ қатырма қағаздан жасаса, ол майысып мыжылмайды. Егер ақ қағаздан жасалса, тілшелер әдемі көрінеді. Қағаз тілшелерінен шеңбер тәрізді, сопақша бұрыш пішіндер жасауға болады.

Қызықты, сәндік композицияларды ойша да құрастыра аламыз. Әсіресе әр түрлі механизмдер мен тасымал құралдары әдемі жасалады.

Сергіту сәттері.

ІV.Қорыту:

1. Оқушыларға оқыту: іштей, дауыстап-тізбектей 33 - 34 бет.

2. Сұрақтарға жауап алу.

- Қағаз деген не?

- Қағазды қалай жасайды?

- Қағазбен қандай операцияларды жасай аласыңдар?

- Қағазды немен кеседі?

- Қағаз тілшелерін не істеуге болады?

Оны қалай жасайды?

Техника қауіпсіздік ережелерін қайталау (қайшы, пышақ)

Қағаз тілшелерінен әшекейлер жасау.

V. Үйге тапсырма беру кезеңі: 33-34 бет оқу.

VІ. Бағалау

18.Сабақтың тақырыбы: Қағаздан гүл жасау. Өздік жұмыс.

Сабақтың мақсаты: Оқушыларға қағаздан гүлдер мен өрнектер құрастыруды үйрету. Ой - өрісін дамыту. Ұқыптылыққа, шапшаңдыққа тәрбиелеу.

Сабақтың типі: жаңа білімдерді меңгеру сабағы.

Әдісі: түсіндіру,әңгімелеу

Көрнекілігі: Суреттер.

Сабақ барысы:

I. Ұйымдасу кезеңі:

Сабаққа дайындық

II. Үй тапсырмасын тексеру,қорыту

Қағаз күлтелерінен жасалған құрамақтарды тексеру,мадақтау,бағалау.

IIІ. Жаңа сабақты түсіндіру:

Көк қағаздан бірдей етіп үш дөңгелек қиып аламыз.



Оны схемеда көрсетілгендей (1) етіп әрлейміз. Өсімдіктің аталығын (2) жіңішке сым темірден жасауға болады. Өсімдік аталығы табиғи түрде ұқсас болу үшін оны сұйық гипс ерітіндісіне саламыз. Содан кейін барлық үш дөңгелекті (3) гүл сабағының төменгі ұшы жағынан кигіземіз. Сабақты (5) жасыл түсті жұқа қағазбен ораймыз. Жапырақ (4) сабаққа жіңішке сыммен бекітіледі.

Өзіңе ұнайтын гүл құрастыр.



Сергіту сәттері.

VІ. Қорыту:

- Бүгін сабақта не істедік?

1.Сұрақтарға жауап беру.

- Моншақтан гүлдер мен өрнектер құрастыру үшін қандай заттар қажет?

- Бисер дегеніміз не?

- Олардан нелер жасауға болады?

Техника қауіпсіздік ережесін қайталау(қайшы, ине)

Өздік жұмыс: Ұсақ моншақтардан гүлдер мен өрнектер құрастыру.

V. Үйге тапсырма беру:35-36 бет оқу, балық жасау.

VІ. Бағалау



© 2010-2022