• Преподавателю
  • ИЗО, МХК
  • "Сабақ жоспары; Кескіндемедегі табиғат пен адам бейнелері. «Туған жер аясында». (5 класс)"

"Сабақ жоспары; Кескіндемедегі табиғат пен адам бейнелері. «Туған жер аясында». (5 класс)"

Раздел Изобразительное искусство и Мировая художественная культура (ИЗО и МХК)
Класс 5 класс
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Класы: 5 «а», «ә»;

Сабақтың тақырыбы: Кескіндемедегі табиғат пен адам бейнелері. «Туған жер аясында».

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: Қазақстанның көркем табиғатымен танысу, табиғат көріністерін бейнелеуге үйрету.

Дамытушылық: Оқушылардың пейзаж жанры бойынша алған білімдерін дамыту.

Тәрбиелік: Туған табиғатты аялауға, қорғауға үйрету. Қоршаған ортаға деген экологиялық тәрбиені қалыптастыру.

Көрнекілігі: Плакаттар, суреттер.

Құралдар: акварель, гуашь, қылқалам, альбом, қалам.

Әдісі: Түсіндіру, баяндау, сүрақ-жауап, топтық жұмыс.

Сабақтың өту барысы:

I. Ұйымдастыру кезеңі. (амандасу, түгендеу)

II. Үйге берілген тапсырманы тексеру.

III. Жаңа сабаққа көңіл аудару.

Балалар бүгінгі сабағымыздың тақырыбы: «Кескіндемедегі табиғатты бейнелеу».

Шіркін сурет сабағы,

Ауылды еске салады.

Мың құбылтып бояймын,

Туып өскен даланы-деп бүгін табиғат суретін саламыз.

Бейнелеу өнерінде сурет салудың бірнеше түрі бар.

Затқа қарап сурет салу.

Елестету арқылы сурет салу.

Еске сақтап сурет салу.

Суретші болу үшін осының үш түрінде дұрыс игеру керек.

Бүгін, біздер осылардың ішінен елестету арқылы сурет салуға тоқталамыз.

Елестету арқылы сурет салу дегеніміз суретші өиялы, құбылысты нақты бейнелеуі болып табылады. Мұндай бейнелеуге табиғат көріністерін бейнелеу, ертегі кейіпкерлерің кітаптан оқып, түсінгені бойынша бейнелеу, ән, күй, терме, өлең шумақтарын тыңдау арқылы композициялық суреттер салу жатады.

Табиғат көріністерін бейнелеу, ол табиғат аясына серуенге шыққанда, су жағасына демалуға барғанда, табиғаттың әдемі, әсем, сұлұ жерлерін бейнелеу. Мұны пейзаж деп атайды.
Пейзаж дегеніміз не?

Пейзаж -франсуз сөзі, бұл ландшафты, табиғатты бейнелеу. Пейзаж дербес жанр ретінде Қытайда , Жапонияда және басқа шығыс елдерінде, сондай-ақ Европада дамыған. Пейзаж өнері әр алуан. Кейбір пейзаждар табиғаттың өмірде бір нақты көрінісін бейнелесе,енді біреулері суретшінің қиялынан туады. Ондай шығармалардың бәрінде де суретшілер табиғаттың мінез-құлқын айнытпай беруге тырысады.

XVII ғасырдан бастап суретшілер бірыңғай табиғат көрінісін бейнелейтін картиналар жазуды бастады. ӘсіресеXVII ғасырдың басында орыс суретшілері пейзаж жанрында көркем шығармалар орындауда зор табысқа жетті. Ф. Васильевтің «Жаңбыр алдында», К. Юонның «Қыс соңы». С.Герасимовтың «Жаз өтті», И. Айвазовскийдің «Тоғызыншы болл», т.б. көркем шығармалары Қазақстанның сұлу табиғатының көрінісін паш етті.

Табиғат көрінісі бейнелеген суретші шығармаларын көрсету.

Ә. Қастеев «Менің Отаным» 1959ж.

Ә.Қастеев «Биік таудағы мұз айдыны» 1955ж.

Пейзаж-табиғат көрінісін бейнелеу деген ұғым. Табиғаттың алуан түрлі болуы бейнелеу өнерінде пейзаждық жанрдың көптеген түрінің қалыптасуына ықпал етті.

Пейзаж түрлері:

1. Ауыл пейзажы.

2. Саябақ пейзажы.

3. Қала пейзажы.

4. Теңіз пейзажы.

5. Сәулет пейзажы.

6. Индустриялық пейзаж.

Ауыл пейзажы (Ү.Әжиевтің «Асы жайлауы» картинасы) ауыл өмірін, оның айналасындағы табиғатпен шынайы байланысын бейнелейді.

Саябақ пейзажында (В.Батуриннің «Ясная полянадағы гүлдер» картинасы) адамдар демалу үшін арнайы жасалған табиғат аясы беріледі. Мұндағы табиғат бірде геометриялық тәртіпке қатаң бағындырылған. Бірде табиғи пішіндер, сәндік мүсіндер сәулеті әсем үйлесім тауып, еркін орналасқандай болып көрінеді.

Қала пейзажында(О. Нұржұмаевтың « Түнгі субұрқақ» картинасы) адамзат қолымен салынған биік ғимараттар, көшелер, даңғылдар, алаңдар, жағалаулар және басқа да көрікті жерлер бейнеленеді.
Сәулет пейзажы(А. Остроумова -Лебедеваның «Крюков арнасы» картинасы) қалалық пейзажға ұқсас келеді. Олардың арасындағы айырмашылық -сәулет пейзажында суретші сәулет ескерткіштерін табиғат аясында бейнелейді.

Индустриялық пейзаж (К. Моненің «Сен-Лазар вокзалы» Картинасы) суретші зауыттар мен фабрикаларды. Бөгеттер мен электр бекеттерін,теміржол тараптарын салған жасампаз адамның рөлі мен маңызын көрсетуге тырысады.

Оқушыларды топқа бөлу.

IV. Тапсырманы орындау.

Оқушылардың өз бетімен жұмыс жасауы.

I топ Қыс

II Алтын күз

III Көктем

V. Қорытынды: Жасалған жұмыстарына көрме жасап бағалау.

VI. Үйге тапсырма беру: Табиғат бейнесің еске сақтап салу.

© 2010-2022