Үй жануарларының төлдері

Мақсаты: үй жануарлары және оның төлдері туралы алған білімдерін толықтыру. Жануарлардың төлдерін ажырата білуге үйрету және сурет бойынша әңгіме құрату арқылы ақыл ойларын дамыту.Балалармен сәлемдесіп шаттық шеңберін жасайды. Орнымыздан тұрамыз, Күнге шаттана қараймыз.Сүт ішіп отырған мысықтың суретіне қарауды ұсынады. -Балалар суретке қызыға қарайды. Мысық туралы білуге талпынады. Тәрбиешіні тыңдайды. -Мынау мысық. Мысық сүт ішіп отыр. Себебі мысық сүтті жақсы көреді. Мысықтың түсі қара, екі к...
Раздел Изобразительное искусство и Мировая художественная культура (ИЗО и МХК)
Класс -
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Тақырыбы: Үй жануарларының төлдері.

Мақсаты: үй жануарлары және оның төлдері туралы алған білімдерін толықтыру. Жануарлардың төлдерін ажырата білуге үйрету және сурет бойынша әңгіме құрату арқылы ақыл ойларын дамыту.

Көрнекіліктер: жайлаудың суреті, үлестірмелі суреттер(үй жануарлары мен төдер ).

Сөздік жұмыс: төлі.

Балалармен сәлемдесіп шаттық шеңберін жасайды.

Орнымыздан тұрамыз,

Күнге шаттана қараймыз.

Қуана қолымызды соғамыз,

Осылай күнге жылу шашамыз.

Балаларды отырғызып, көңілдерін алдарындағы ойыншықтарға аударады.

-Балалар, осы ойыншықтарды білесіңдер ме?

-Ат, Сиыр, Қой, Түйе.

-Мынау не? Ал мынау ше?

-Үй жануарлары

-Балалар , бұлар қандай жануар?

Үй жауарларының пайдасы, түрлері туралы сұрайды.Төлдері туралы сұрайды.

-Балалар үй жануарлары туралы білетіндерін айтады, бір бірінің жауаптарын толықтырады.

Сүт ішіп отырған мысықтың суретіне қарауды ұсынады.

-Балалар суретке қызыға қарайды. Мысық туралы білуге талпынады. Тәрбиешіні тыңдайды.

-Мынау мысық. Мысық сүт ішіп отыр. Себебі мысық сүтті жақсы көреді.

Мысықтың түсі қара, екі көзі екі құлағы, төрт аяғы, құйрығы бар.

Е. Елубаевтың «Ала мысық» өлеңін оқып береді.

Беті қолын жуады.

Тышқандарды қуады,

Тазалықты сақтайды,

Апам оны мақтайды.

Өлеңнің мазмұнын түсінуге тырысады.

-Балалар, мысық қалай дыбыстайды? (Мияу, мияу).

Балалар мысықтың дыбысын салады. Қалай күтім жасайтындарын айтады.

Балалардан мысыққа қалай күтім жасайтынын сұрайды, білмесе айтады.

Сергіту сәті:

Тікірейіп құлағы,

Меннен бұрын тұрады.

Бойын жазып керіліп,

Беті қолын жуады.

Тәрбиешімен бірге қимыл қозғалыстар жасайды.

«Мысық нені жақсы көреді?»

Дидактикалық ойын.

Ойынды қызыға ойнайды.

Суреттен мысықтың нені жақсы көретінін сызба арқылы сызып көрсетеді.

«Мысық пен тышқан» қимылды ойын.

Мысық, мысық ұйықтайды,

Тышқан, тышқан жорғалайды: пи-пи

Рефлексиялық түзетушілік.

Тәрбиеші балалардың жауаптарын қорытады, білмегендерін үйретеді. Тілдері келмеген кейбір сөздерді қайталайды. Мысалы: мысық, мияулайды т.б.

Балалар мысық туралы біледі. Дұрыс айтып үйренеді.

Күтілетін нәтиже:

Біледі: мысық туралы.

Игереді: мысық туралы2-3 сөйлемнен тұратын қысқа әңгіме құрастыра білу дағдысын;

Меңгереді: мысықтың қалай дыбыстайтынын.



© 2010-2022