Разработка урока на тему Наурыз эмблемасы

Раздел Изобразительное искусство и Мировая художественная культура (ИЗО и МХК)
Класс 5 класс
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Разработка урока на тему Наурыз эмблемасыРазработка урока на тему Наурыз эмблемасыРазработка урока на тему Наурыз эмблемасыРазработка урока на тему Наурыз эмблемасыРазработка урока на тему Наурыз эмблемасыРазработка урока на тему Наурыз эмблемасыРазработка урока на тему Наурыз эмблемасыРазработка урока на тему Наурыз эмблемасыБейнелеу өнері 5 сынып

Тақырыбы: Наурыз эмблемасы.

Мақсаты: Оқушыларға Наурыз мерекесі туралы мәлімет беру, Наурыз эмблемасын бейнелеуге үйрету.

Міндеттері: Білімділік: Оқушыларға Қазақ халқының ұлы мерекесі Наурыз мейрамы жөнінде түсінік беру, Наурыз эмблемасын бейнелеуге үйрету.

Дамытушылық: Қазақ халқының ұлы мерекесі Наурыз мейрамы туралы білімдерін дамыту, Paint- та сурет салуға дағдыландыру.

Тәрбиешілік: Халқымыздың салт - дәстүрін бойларына дарыту арқылы, шынайылыққа, адамгершілікке, ұлтжандылыққа тәрбиелеу.

Көрнекілігі: Наурыз туралы слайд презентациясы, шаңырақ, гулдер, шарлар, ленталар.

Жабдықтары: Компьютер.

Әдістері:Интерактивті, әңгімелеу, көрініс, ән айту.

Сабақтың түрі: Аралас.

Барысы:

  1. Ұйымдастыру.

  • Қонырау соқты тағы да,

Бізді шақырды сабаққа.

Кел балалар, отырайық,

Бейнелеу өнері сабағын бастайық!

  • Сабаққа дайындықтарын тексеру.

  • Сәлемдесу.

  1. Өткенді қайталау.

  • Дизайн өнері дегеніміз не?

  1. Жаңа тақырыпты түсіндіру.

  • Күн жылынды, қар еріді

Жер қарайды, бұл қашан болады?

(Көктемде)

  • Көктем келгенде қандай бір үлкен мереке келеді?

(Наурыз мерекесі)

  • Ертеден ерте Наурыз жылдын басы,

Жарасқан келбетіне нұр тұлғасы.

Сыр шертіп, шаттық құйып жүректерге,

Сұлу жыр, әсем әң болып сыңғырлашы!

«Наурыз» - парсы тілінен «Жаңа күн» деген мағынаны білдіреді. 22 Наурыз күні күн мен түн теңеледі. Ежелгі шығыс күнтізбесі бойынша әр бір келген жыл - жыл басы болып табылады. Биылғы келген жыл - Жылқы жылы.

  • Наурыз туралы не білесіңдер?

(Оқушылардың жауаптары)

Қазақтар Ұлыс күнді «жыл басы» санайды.Ұлыс күні қазақ елі үшін әрқашан қасиетті, киелі саналған. Ол күні қар не жаңбыр жауса, «нұр жауды», «туар жыл жақсы жыл болады» деп қуанған.

Наурыз күні қуанышқа кеңеліп, барлық адамдар сәнді киімдерін киіп, далаға шығады. Бұл күн көрісуден басталады.

  • Жасын құтты болсын!

  • Ұлыс бақты болсын!

  • Ұлыс береке берсін!- деп құтықтайды.

Осы күні таңертен ертемен ерлер қолдарына күрек, кетпен, ал қыз-келіншектер құрт, ірімшік, сүт, пысқан ет алып далаға шығады. «Бұлақ көрсен көзін аш» деп жігіттер бастаулардың көздерін ашса, «Атаңнан мал қалғанша, тал қалсын» деген қариялар бұлақтың басына тал егеді. Әйелдер атып келе жатқан күнге «Армысың, қайырымды Күн-Ана! деп иіліп сәлем береді. «Жер - ана, құт дарыт, жарылқа!» деп ашылған бұлақ көзіне май құйып, жаңа егілген ағаштарға ақ бүркеді. Содан соң қазан көтерілді.

  • Наурыз мерекесі қалай тойланады?

(Оқушылар көрініс көрсетеді)

1 топ. Наурыз көже.

  • Қымбат білген адамға сөз өнері,
    Бұрқ-сарқ етіп қайнасын көжелері.
    Жаңа жылда елімнің көркі өсіп,
    Гүлге толсын көгеріп көшелері.

  • Наурыз мерекесінің бір ерекшелігі- «Наурыз көже» пісіру.

Қыстан қалған етті қазанға салып пісіріп, «Наурыз көже» пісіреді. Наурыз көже жеті тағамдан тұрады. Олар: ет, су, күріш, бидай, айран, құрт, тұз. Наурыз көжені адамға дәм татуға береді. Наурыз көже ішкен адамның күш-қуаты артады, тілектері орындалады.

2 топ. Күй орындау.

  • Наурыз мерекесі тойланғанда киіз үй тігіліп, ұлттық ойындар ойналады. Күй тартылып, әндер айтылады.
    Шат күлкіге шомылып замандары,
    Бақыт кешсін ғайыптан адамдары.
    Әрбір жанның арманы орындалып,
    Сәтті болсын биылғы қадамдары.
    Ел-жұртымның тілеуін тілесейік,
    Жаңа жылда қалайық бір есейіп.

  1. топ. Бата беру.

«Береке басынан басталады» демекші, «жыл басы жақсы басталса, аяғы да жақсы болады» деген қағиданы берік тұтынған халық бүкіл ыдыс атаулыны дәнге, аққа таза суға толтырып бетін ашық қалдырған. Бұл 21 - Наурыз күнгі таң алдында орындалады екен. Бұның мәні: дала аралаған Қызыр Ата келіп «қыдыр, құт дарытып» кетеді дейді екен. «Қызыр Ата» келеді бата береді.

  • Ақ мол болсын,
    Қайда барсаң жол болсын.
    Ұлыс бақты болсын,
    Төрт түлік ақты болсын,
    Ұлыс береке берсін,
    Бәле-жала жерге енсін.
    Әумин!»

  • Келді Наурыз - жыл басы.

Күлімдеп қарап күміс күн,

Аспаның бүркіп пүліш түн.

Ұлы күні Ұлыстың,

Келді Наурыз - жыл басы!

  1. Практикалық жұмыс.

Тапсырма: Paint бағдарламасында Наурыз эмблемасын салу.

  1. Сабақты бекіту.


Наурыз




  • Наурыз туралы өлең құрастыру.

  1. Наурыз

  2. Көңілді, қызықты, мерекелі

  3. Келді, ойналды, тартылды.

  4. Мерекелі Наурыз келіп ойын ойналды, күй тартылды.

  1. Қорытынды.

  • Оқушылардың жұмыстарын тексеру.

  • Бағалау.

  • Үйге: Наурыз туралы сурет салып келу.


© 2010-2022