Баяндама Болашақ мамандарды ұлы тұлғалар үлгі-өнегесімен тәрбиелеу

Қатира Ермекқызы мен Шалва Александровичті қатар алып, параллель жүргізуімнің мәні –  мен үшін бұл жандар- Нағыз Ұстаздар. Менің үлгі-өнеге алып үйренетін тұлғаларым. Сондықтан, шәкірттерімнің де осындай тұлғаларға ұқсап бақса екен деген ізгі ниетімнен еді.  Баяндаманы осылай етіп алуыма  Амонашвилидің «Я –учитель» деген өлеңін оқыған кезде,  Қатира апамыз көз алдыма елестеді, сөйтіп мен үшін екі ұлы тұлға параллель тұрды...  Менің ойымша,   жастар үшін Гуманистік педагогика тетіктерін ашу және ...
Раздел Изобразительное искусство и Мировая художественная культура (ИЗО и МХК)
Класс -
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Болашақ мамандарды ұлы тұлғалар үлгі-өнегесімен тәрбиелеу

Сұлтанова Ғ.Т.

Қ.Дүтбаева атындағы Атырау гуманитарлық колледжі


Ел үміті жастарды мұғалімдік мамандыққа дайындауда қазіргі заман Педагогы қандай болу керек деген басты сауалға негізделетініміз, жауап іздейтініміз белгілі.

Қазақстан Республикасы үздіксіз білім беру жүйесіндегі тәрбие тұжырымдамасын жүзеге асыру мақсатында Білім беру жүйесінің басшы және ғылыми-педагогикалық кадрлары біліктілігін арттыратын республикалық институттың тәрбие және тұлғаны әлеуметтендіру кафедрасы қызметкерлерінің қатысуымен Қазақстан Республикасы азаматына жалпы адамзаттық және ұлттық құндылықтар негізінде тәрбие берудің үлгісі әзірленіп, оны басшылыққа алып жүрміз. (Дорожкина Л.А., Тайтанова Н.Қ., Маханбетова А.Ә., Қалдарова Қ.И. Қазақстан Республикасы азаматына тәрбие берудің үлгісі. Алматы, 2010 жыл )

Үлгіде тәрбиенің дүниетанымдық негізін, идеологиясын, мақсатын, міндеттерін, мазмұнын, қағидаларын, тәрбие іс-әрекетіндегі негізгі әдістері мен түрлерін, тәрбие үдерісінің мониторингісін анықтайтын негізгі ой-пікірлер жиынтығы берілген, сонымен қатар, Қазақстан Республикасы азаматының және педагог-тәрбиешінің үлгілері бөліп көрсетілген. Сонымен, осы құжат негізіндегі Қазақстан Республикасының педагогының үлгісіне назар аударсақ, ол:

-өз халқы, оның дәстүрлері мен мәдениетін мақтаныш тұтатын Қазақстан Республикасының елжанды азаматы; жалпыадамзаттық негіздер мен құндылықтарды құрайтын саналы көзқарастар мен қағидаларды ұстанады; қазіргі білім саласындағы, педагогикадағы, әдістемедегі, философиядағы мақсаттық бағдардың мәнін түсінеді; ел азаматын тәрбиелеудің үлгісіне сәйкес этнопедагогика, этнопсихология, этномәдениет негізінде тәрбие үрдісін ұйымдастырады; әртүрлі технологияларды, оқушыларды оқыту мен тәрбиелеудің әдістері мен тәсілдерін жақсы біледі; білім берудің мақсаттары мен мазмұнына сәйкес оқушы тұлғасын дамытатын оқытудың және тәрбиелеудің тиімді әдістерін қолданады; оқушылардың іс-әрекетін белсенді ету және өмірге әлеуметтік жағынан бейімдеу мақсатымен олардың қызығушылықтарын дамытуда тәрбие әдістерін қолданады; тәрбие үдерісінде тәрбиелеудің белсенді түрлерін қолданудың жолдарын және мәнін біледі; баланың психологиялық-физиологиялық, педагогикалық дамуының ерекшеліктерін біледі; білім берудің мәдени-шығармашылық қызметін түсінеді, қандай да болмасын жағдайларда педагогикалық әдептің ережелерін сақтайды, баланың ар-намысына тимейді; білімдарлығы мен ой-өрісі кең; оқушыларды табысты іс-әрекетке бағыттайды, олардың шығармашылығы мен білімқұмарлығын дамытады және қолдау көрсетеді,-деп жинақталған.

Қабырғасынан әйгілі ғалымдар мен белгілі тұлғалар түлеп ұшқан біздің қара шаңырақ- колледжіміздің Қатира Ермекқызы Дүтбаева есімімен аталуының өзі онда оқып-тәрбиеленіп жатқан студенттерді ғана емес, оқытушы педагогтарды да Ұстаз қандай болу керек деген сауалға жауап тауып, осы Ұстаз өнегесі арқылы тәрбиеленіп, міндеттейді деп түсінемін. Кімнен үйренем, кімге теңелем деген қиындық жоқ. Өйткені, жақсының өмірі - өнеге деген сөз бар, гуманист ұстаз, ұжымға басшы болғанымен, үйінде қарапайым әйел, сүйікті жар, аяулы ана, сүйкімді келін болған - Қатира Ермекқызының салып кеткен сара жолын өнегесінен үйреніп, оның ізбасарлары, шәкірттері ұлағатты ұстаздың ісін жалғап келеді. Осындай тұлғалардың істері мен іздері, үлгісі-өнегесі мол, тек соны жастарға жаткізіп, оларға таныта білсек болғаны.

Қазіргі уақытта тек білімді маман даярлау жеткіліксіз, жалпы адамзаттық құндылықтарға негізделген ұстанымы бар, өз Отанын сүйетін, өз жерінің, елінің патриоты болып табылатын ұстаз ғана ақыл-ойы озық, ұлттық рухы күшті жастарды тәрбиелей алады. Яғни, гуманист педагог жас ұрпақты дамытуда «Мен кіммін?», «Мен осы дүниеге неге келдім?», «Осы дүниедегі басты құндылықтар не?» т.б. мәселелерге ерекше мән береді. «Мен кіммін?» деген сұрақ төңірегінде «адам болу», «адамшылық», «адамгершілік сапаларды» дамытуға байланысты адамгершілік қағидалар туралы білімге ие болады. «Осы дүниедегі басты құндылықтар не?» деген сұраққа- жалпыадамзаттық рухани құндылықтар: адамның таңдау еркі мен бостандығы, ішкі рухани дүниесінің негізгі сапалары - үміт, сенім, махаббат үнемі даму барысында жетіліп отырады.

Ұлттық рухани мәдениет - ұлттың әдет-ғұрпына, салт-дәстүріне, оның өмір сүру ортасына және айналасына, осындай үлгі болар адамдарға да байланысты екені белгілі. Сонымен бірге ұлттық мәдениетті біздер өзге халықтармен тарихи және үйлесімдік байланыстар таба алғанымызда ғана сақтай аламыз. Сондықтан біздің рухани құндылықтарымыздың бүкіл адамзат биігінен табылуы аса маңызды екенін жадыдан шығармаған абзал. Студенттерге Қатира Ермекқызының қандай жан болғандығы, оның өмірдеректерінен, еліміздің белгілі адамдарының естеліктерінен, мұражай- мұрағаттардан ғана белгілі емес, әр сабағымызда адамгершілік үлгі-өнегесі әрдайым тілге тиек, әңгімеге арқау болуда.

Осы тұста мен өз баяндамамда Қатира апамызбен қатар қоятын, өзге ұлттың өкілі болса да, жанымызға жақын, әр сөзі мен ісі адам баласын ізгілікке жетелейтін, нағыз педагог- білім берудің ізгілендіру технологиясының негізін қалаған Ш.А. Амонашвили туралы, оның ілімімен жастарды қалай таныстыратыныма тоқталғым келеді.

Қатира Ермекқызы мен Шалва Александровичті қатар алып, параллель жүргізуімнің мәні - мен үшін бұл жандар- Нағыз Ұстаздар. Менің үлгі-өнеге алып үйренетін тұлғаларым. Сондықтан, шәкірттерімнің де осындай тұлғаларға ұқсап бақса екен деген ізгі ниетімнен еді. Баяндаманы осылай етіп жазуыма Амонашвилидің «Я -учитель» деген өлеңін оқыған кезде, Қатира апамыз көз алдыма елестеді, сөйтіп мен үшін екі ұлы тұлға параллель тұрды...

Менің ойымша, жастар үшін Гуманистік педагогика тетіктерін ашу және жеке тұлғаны рухани дамыту, тұлғаның рухани санасын қалыптастыру ізгілік іс-әрекетімен миллиондарға танымал болып жүрген керемет педагог - психолог Шалва Александрович Амонашвили тек жастарға ғана емес, педагогтарға, ата-аналарға, жалпы салғырт емес жандардың бәріне де үлкен бедел, көмек иесі болады деп айтсам, артық емес!

Күлімдеген жүзінен мейірім шуағы төгілген, айтқан сөздеріне адам қалтқысыз иланатын, әрбір сөзі даналық - осы адам кім?

Артық етпес білгенің деп, жас маманға, студент жастарға заманымыздың ұлы педагогы туралы тоқтала кетсем, Шалва Александрович Амонашвили 1931жылы, 8-наурызда, Тбилиси қаласында дүниеге келген. Ұстаз-новатор, ынтымақтастық, бірлесу педагогикасын зерттеген ғалым, адамды дамыту мектебінің оқытушысы, психология ғылымдарының докторы, профессор, Ресей білім беру Академиясының академигі, Ресей Федерациясының Мемлекеттік сыйлығының Лауреаты, Украина педагогика ғылым академиясының шетелдік мүшесі. Сонымен қатар, Сәуегей Климент Охридский (Болгария) атындағы София университетінің құрметті докторы, Мәскеу Мемлекеттік педогогикалық Университетінің еңбегі сіңген профессоры, әр түрлі мемлекеттердің бірнеше университеттерінің құрметті профессоры. Ол Москвада жыл сайын өткізіліп тұратын Халықаралық педагогикалық Оқулардың бастамасын қалап, жүзеге асырды. РФ-ның Білім беру Министрлігі оның «Өмір мектебі» жүйесі ( тұлғалық-адамгершілікке бағыттайтын тәсілдемесін) тәжірибеде қолданылуды ұсынды.

«Ұстаз әрдайым жайдарлы жүру керек», -деген ұстанымды насихаттайтын Нағыз Ұстаз өзінің тәжірибесімен үлкендердің үздіксіз бақылауында болмаған және зорлық көрмеген бала үлкен жетістіктерге жете алатынын дәлелдейді. Профессор Амонашвилидің ұстанымы келесідей: «Әр бала белгілі борышпен өмірге келеді. Және әрбір сәбидің тек өзіне тиесілі жаны - ішкі дүниесінің сәулесі бар. Ата-ана мен педагогтың міндеті сол сәуленің жоғалып кетуіне жол бермей, балаға өз өмір жолына бағыт көрсету». Шалва Александрович балаға тұлғалық-адамгершілікке бағыттайтын тәсілдеменің бар қағидаларын әлемдік педагогика классиктері - К. Д. Ушинский, В.А. Сухомлинский, Януш Корчак, А.С. Макаренко және тағы басқалардан үйренгендігін айтады. Ұлылардың тәжірибелерінен әр түрлі, әр түсті кірпіштерінен біріктіріп, өз тұжырымдамамды сомдадым дейді ол. Шалва Александрович өте қарапайым жан, ол ізгілік технологиясының негізін қалаған жоқпын, тек осы ғылымды дамытушымын дейді. Шалва Александровичтің қарапайымдылығына бас ие отырып, тәрбиенің әр ғасырдағы әрқилы мозаикасынан тұтас картина жасау оның үлкен жүрек иесі, жан-жақты білімді, шебер маман болғандығынан екеніне күмәніміз жоқ. Оның әр идеясы жаңашыл, сондықтан ол новатор-педагог.

Ш.А.Амонашвили бойынша, ізгілендіру технологиясының мақсаты - баланың жеке қасиетін аша отырып, азамат етіп тәрбиелеу. Баланың жаны мен жүрегіне жылылық ұялату, танымдық күшін қалыптастыру және дамыту, білімін кеңейтуге жағдай жасау.Бұл технологияның өзгелерінен ерекшеліктері: онда ынтымақтастық педагогикасы тұжырымдалады; бала психикасын дамыту, есеюге және еркіндікке құштарлығын қалыптастыру; әсемдікті, әдемілікті сезіну, қабылдау; ізгілікті, жеке қарым-қатынас жасау; рухани жетілдіру; ата-анамен бірлесіп жұмыс істеужүзеге асырылады. Шалва Александрович зиялы қауымға, педагогтарға, ата-аналарға адамгершілікті педагогиканың әдістері жайлы түрлі семинарлар мен оқуларда, шебер кластарында баяндап, көрсетіп жүр. Интернет жүйесінен жас педагогтар мен студенттер осы мүмкіндіктерді пайдалана алады, Шалва Амонашвилидің бірегей педагогикалық қағидаларымен және ұстанымдарымен таныса алады. Бұл адамнан дәріс алған адам салғырт болып қалмасы анық.

Ш.А. Амонашвилидің еңбектерімен сабақта таныстырған кезде студент жастар оны нағыз дана деп атайды, қызыға қабылдайды. Мысалы, «Оқыту әдістері», «Жаңа педагогикалық технология», т.б. деген тақырыптарды оқу барысында «озық тәжірибе-көпке ортақ» деген айдармен түрлі педагогтардың әдістеріне талдау жасаймыз. Видеороликтен бірнеше шеберкласс сабақтарын қызыға көріп, талдадық. Студенттер өз беттерімен интернеттен осындай жұмыстарды тауып танысып, ойларымен бөліседі. Педагогикалық практика барысында осы ғалымның еңбектерінен танысқан әдістерін, видео роликтен көріп бақылаған шебер класс, әдістемелерін пайдалануға тырысатындарын айтады. Міне, бір студентім биыл курстық жұмысын осы феномен адамның педагогикасын зерттеуге арнауды мақсат етіп отыр, бастамасы жаман емес. Амонашвилидің қаламынан ондаған педагогикалық, психологиялық және көркем әдеби туындылар шықты, оның біразы әр түрлі тілдерге аударылды. Алайда қазақ тіліне аударып, жастарға жақындату- мына біздер мен сіздердің құзыретімізде. Ал мына өлең жолдары аудармасыз да түсінікті емес пе?

Я -учитель…

Я - Любовь и Преданность,

Вера и Терпение.

Я - Радость и Сорадость,

Страдание и Сострадание.

Я - Истина и Сердце,

Совесть и Благородство.

Я - Ищущий и Дарящий,

Нищий и Богатый.

Я - Учитель и ученик,

Воспитатель и Воспитанник.

Я - Прокладывающий Путь

И Художник Жизни.

Я - Убежище Детства

И Колыбель Человечества.

Я - Улыбка Будущего

И Факел Сущего.

Я - Учитель от Бога

И Соработник у Бога.

/Ш.А.Амонашвили./



РЕЗЮМЕ


В статье рассматриваются проблемы духовного развития учашейся молодежи, их саморазвитие и самопознание на примере личностей, таких как К.Е.Дутбаева и Ш.А.Амонашвили. Раскрытие механизмов гуманистической педагогики и духовного развития личности способствуют формированию духовного сознания личности.


ӘДЕБИЕТТЕР

  1. Ли Кэрролл. Крайон. Последние времена (ченнелинг - информация переданная с любовью). Ли Кэрролл / Перевод с англ. 1 том. - М.: изд. дом «София», 2006.

  2. Живая этика: Избранное /Сост. М.И.Ключниковой. - М.: Республика, 1992.- 414л.

  3. К.Дутбаева туралы (мұражай деректері)

  4. Ш.Амонашвили еңбектері.




© 2010-2022