Пуантилизм тақырыбында ашық сабақ 3 класс

Раздел Изобразительное искусство и Мировая художественная культура (ИЗО и МХК)
Класс 3 класс
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Қызылорда қаласы

№ 197 қазақ орта мектебі

Бейнелеу өнері пәнінің мұғалімі Әлібекова Нұргүл Орынтайқызы

1. Сабақтың тақырыбы: Пуантилизм деген не?

2. Сабақтың мақсаты:

а) Білімділік: пуантилизм туралы түсінігін тереңдету; акварель, гуашь бояуларын мақта таяқшалары арқылы нүктелеп сурет салуға үйрету;

ә) Дамытушылық: оқушылардың көру, бейнелі ойлау қабілеттерін дамыту; шығармашылық ойлау қабілетін, ой-қиялын арттыру;

б) Тәрбиелік: эстетикалық талғампаздыққа және еңбекқорлыққа тәрбиелеу;

3. Сабақ әдісі: сұрақ-жауап, түсіндіру.

4. Сабақ көрнекілігі: пуантилизм техникасымен салынған шығармалар, суретші шығармалары көрсетілген слайд-шоу, «Нүктемен сурет салуды кезең бойынша орындау» әдістемелік кестесі, бояумен салынған суреттер.

5. Қажетті құрал-жабдықтар: акварель және гуашь бояулары, су құйылған құтылар, мақта таяқшалары, сурет дәптері.

6. Сабақ барысы:

1. Ұйымдастыру кезеңі

Оқушыларды сабаққа даярлау.

Сабаққа қажетті құрал-жабдықтарын түгендеп, жұмыс орнын ұйымдастыру.

2. Үй тапсырмасын тексеру

Үйге берілген тапсырма - пуантилизм. Фломастер арқылы нүктелеп сурет салу. Оқушылардың жұмыстарын қарап шығып, талқылау. Бағалау.

3. Жаңа сабақ

Өткен сабақты еске түсіру.

Өткен сабақта пуантилизм - кескіндемедегі сурет салудың ерекше әдісімен таныстық, жалпы мағлүмат алдық.

Сұрақтар қою:

  • «Пуантилизм» сөзінің мағынасы не?

  • «Пуантилизм» сөзінің француздың «пуант» - «нүкте» сөзінен шыққан, яғни нүктелермен сурет салу дегенді білдіреді.

  • Сонымен қатар «пуант» сөзі «пуанта» яғни балерина аяқ киіміне де қатысты мағынаны білдіреді. Балет бишісінің қауырсындай жеңіл қимылмен билеген іздері нүктедей екендігі даусыз.

Пуантилизм тақырыбында ашық сабақ 3 классПуантилизм тақырыбында ашық сабақ 3 класс

  • Пуантилизм сөзінің екінші бір атауы бар. Ол дивизионизм - бөлінген, майдаланған дегенді білдіреді.

  • Пуантилизм бағытының негізін салушы кім?

  • Бұл бағыттың негізін салған француз суретшісі - Жордж-Пьер Сера (1859-1891).

Кескіндемедегі бұл бағыт 19 ғасырдың 2 жартысында пайда болған. Пуантилизм бағытымен жұмыс жасаған суретшілер кенеп бетіне таза араласпаған бояуларды жағып отырған. Бөліктермен қатарлап жағу арқылы сурет салған. Олардың түрлі түсті боп араласып көрінуі картинаға жалпылай қарағанда білінеді. Мұндай тәсіл оптикалық араластыру деп аталады.

Біз өткен сабақта пуантилизм техникасын үйрену үшін фломастерлерді қолданған едік. Енді акварель немесе гуашь бояуларын қолданып нүктемен сурет салып көрейік.

Үлгі суреттер көрсету.

Пуантилизм тақырыбында ашық сабақ 3 классПуантилизм тақырыбында ашық сабақ 3 класс

Бізге қажетті құрал-жабдықтар:

1. сурет дәптері

2. Жай қарындаш

3. Өшіргіш

4. Акварель немесе гуашь бояулары

5. Су құйылған құты

6. Мақта таяқшалары

Пуантилизм техникасын бояу және мақта таяқшаларымен сурет салу кезеңдерін түсіндіру.

Салып көрсету

Пуантилизм тақырыбында ашық сабақ 3 классПуантилизм тақырыбында ашық сабақ 3 класс

Балалар түстер жайлы білеміз бе?

Негізгі түстерді атаңдаршы (қызыл, көк, сары)

Олай болса осы үш түске сәйкес үш топқа бөлінейік.

1 топ - қызыл түс тобы

2 топ - көк түс тобы

3 топ - сары түс тобы

Топтарға тапсырма беріледі.

4. Өзіндік жұмыс

Тапсырма - нүктелермен сурет салу, пуантилизм әдісімен әр топ тапсырма орындайды.

1 топ - гүлдер суретін салу

2 топ - жемістер суретін салу

3 топ - ыдыстар суретін салу

5. Сабақты қорытындылау

Балалар сабағымызды тест сұрақтармен қорытындылайық.

1. "Пуантилизм" сөзінің мағынасы
а) бояумен сурет салу
ә) нүктемен сурет салу
б) тырнап сурет салу

2. Пуантилизм бағытының негізін салушы
а) Жорж Сера
ә) Анри Матисс
б) Ван Гог

3. Пуантилизм бағыты қай уақытта пайда болды?
а) 17 ғасырда
ә) 18 ғасырдың аяғында
б) 19 ғасырдың ІІ жартысында

Оқушылардың дайын жұмыстарына шолу жасап, үздік жұмыстарды мадақтау.

6. Үйге тапсырма.

Жұмысты аяқтап келу.


© 2010-2022