• Преподавателю
  • ИЗО, МХК
  • Бейнелеу өнері пәнінен сабақ жоспары: Түстердің ерекшеліктері. Түстік шеңбер. Жылы және суық түстердің орналасу реттері

Бейнелеу өнері пәнінен сабақ жоспары: Түстердің ерекшеліктері. Түстік шеңбер. Жылы және суық түстердің орналасу реттері

Бейнелеу өнері деген не, оның адам өміріндегі маңыздылығы, оның басқа өнер түрлерімен байланысы. Хроматикалық және ахроматикалық терминдерімен таныстыру. Суық және жылы түстерді айыра білулерін үйрету.  Оқушы алған білімі өз дамуына әсер ету өмірде алған білімін қолдана алу. Логикалық ойын ойнау арқылы оқушылардың қызығушылығын ояту. Жаңа тақырыпқа  оқушылардың білетін білімі арқылы кіру, барлық білетін түстерін қайталау. Оқушылардың өздерін-өздері оқыту арқылы білім беруге ықпал жасау, сыни тұр...
Раздел Изобразительное искусство и Мировая художественная культура (ИЗО и МХК)
Класс -
Тип Рабочие программы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Сабақты құру және жоспарлау кестесі.

Сабақ жүргізген мұғалімнің аты-жөні

Жұлдыз Аманбаева

5 сынып

Ақмола облысы Бурабай ауданы Сәкен Сефуллин атындағы орта мектеп

1 апта

06.09.14

5 сабақ 11.35-12.25 №10 дәрісхана

Сабақтың атауы

Түстердің ерекшеліктері. Түстік шеңбер. Жылы және суық түстердің орналасу реттері.

Сілтеме

Қ. Болатбаев, Ұ Ибрагимов 5 сынып оқулығы Слайдтар

Жалпы мақсаттары

Бейнелеу өнері деген не, оның адам өміріндегі маңыздылығы, оның басқа өнер түрлерімен байланысы. Хроматикалық және ахроматикалық терминдерімен таныстыру. Суық және жылы түстерді айыра білулерін үйрету. Оқушы алған білімі өз дамуына әсер ету өмірде алған білімін қолдана алу.

Міндеттері

1. Логикалық ойын ойнау арқылы оқушылардың қызығушылығын ояту.

2. Жаңа тақырыпқа оқушылардың білетін білімі арқылы кіру, барлық білетін түстерін қайталау.

3. Оқушылардың өздерін-өздері оқыту арқылы білім беруге ықпал жасау, сыни тұрғыдан ойлау процестері арқылы әр баланы қамтуға жағдай жасау.

4. Жаңа сабаққа белгілі бір ой қорытындылар жасау.

Сабақта туындаған негізгі идеялар

1.Оқушының өмірдегі біліміне, білетініне, сүйену

2.Жаңа теориялық ақпаратты беру арқылы оқушыға жаңа ойлау дағдысын, мәнерін, амалдарын қалыптастыруға ықпал жасау

3. Проблемалық сұрақтарды шешуге итермелеу арқылы СТО

Күтілетін нәтиже

1. Түсті спектр жайлы ұғым, білімінің негізін қалау.

2.Жаңа теориялық ақпаратты беру арқылы оқушыларды колорит туралы өздерінің білімдерін кеңейту

3.Жаңа түсінікті пайдаланудың мүмкіндіктері қандай деген жаңа сабаққа үлкен қызығушылық тудыру

Тапсырмалар

Бейнелеу өнері оқулығы.

1 сабақ Тақырыбы: Түстердің ерекшеліктері. Түстік шеңбер. Жылы және суық түстердің орналасу реттері.

Оқытуға арналған мектептің жалпы қабылданған ғылыми стандартын анықтау

Сабақта қолданылатын ұғымдар

Балаларға арналған идея немесе идеяны балалар қалай ұғынды?

Оқыту сұранысын анықтау. Оқыту қажеттіліктерін анықтаңыз?

Түстердің адам өмірімен байланысы, әсемдігі

Колорит, хроматикалық ахроматикалық түстер, түсті спектр

Жылы және суық түстерді айыра алмайды, түсінбейді

Бейнелеу өнерінің түрінің негізі ретінде қарастыру .

Сабақтың жүрілуі бойынша мұғалімнің жазбалары: Мұғалімдер немен айналысады және оқушылар немен айналысады.

Оқушыларды ұйымдастыру, / сәлемдесу

Сто сұрақтары

Сабақ барысында жасалған мұғалім мен оқушылардың іс-әрекеті

Сабақтың маңыздылығы не?

-оқушылар не алады?

-бұрынғы білімін қалай пайдалана алады?

-өмірден алған тәжірибесінің әсері?

-Мақсаты

-оқушы ой қозғау арқылы тақырыпқа әкелу

-тақырып жайлы бұрынғы білетіндерін анықтау, соған сүйену жолдарын табу

Бейнелеу өнері сабағы басталар алдында оқушылардың көңіл күйлерін білу үшін мынадай ойын жүргіземін. Бұл ойынға таза қағаз бен гуашь болуы қажет. Оқушылар қағаздың жарты бетіне қылқаламмен кез келген дақ салады содан кейін қағазды бүктеп екінші жартысына жабыстырады. Сонсын қағазды ашып пайда болған дақтан қандай бейне шыққанын айтады.

Көңіл күйлері төмен оқушылар дақтан нашар нәрселерді көреді, олар көк немесе сиякөк түстерді таңдайды. Ондай оқушыларды сабырлы оқушылармен отырғызған жөн.

Сабырлы бала ашық түстен дақ жасайды және шыққан суретінен жақсы нәрселерді көреді.

Ашуланшақ балалар қызыл немесе қара түстерді таңдайды.

Оқушылар таңдаған түстері арқылы топтастырып отырғызылады.

Оқушылардың логикалық ойларын дамытуға тағы мынандай ойындарды қолдануға болады. Оқушыларды кез келген түсті айтып, сол түсті бес нәрсені тез арада айтуларын талап ету. Бір минуттың ішінде бес нәрсені атай алмаған бала ойыннан шығады. Аталған нәрселерді қайталауға болмайды. Бала тез ойланған арқылы түстерді қайталайды.

Мұғалім сұрағы: Біз осы ойынды не үшін ойнадық? Қалай ойлайсыңдар?

Ойлануға уақыт беріледі. Жауаптары қабылданады

Сын тұрғысынан ойлау үшін мүмкіндіктер

-еркін ойлауға қан-дай мүмкіндіктер жасалды?

-өздігінен ізденуге қандай мүмкіндіктер жасалады?

Мұғалімнің іс-әрекеті:

-әрі қарай не болатынына қызықтыру, белсенділіктерін ояту

-алатын білімінің пайдалылығына көздерін жеткізу

-білімін, ақпаратты жүйелеуге үйрету

ІІ мағынаны тану

  • Мұғалім. «Табиғаттың құбылыстары» дегенді естігенде ойларыңа не келеді? Аталған түстерге оның қандай қатысы бар? Ойланамыз. Қысқаша топпен ақылдасып жазамыз

  • Жазғанды топтан бір оқушы шығып оқиды. Бірін бірі толықтырады. Табиғаттың құбылыстарына байланысты жылы және суық тустерге тоқталу, оларды талдау.

  • Кемпірқосақтын түстеріне келіп тоқталады. Түстердің реттілігі туралы айтылады.

  • Сурет салу Түстердің реттілігін түстік шеңберде орналасуын салғызу. Ахроматикалық түстердің ақтан қараға біртіндеп көшуін салуды талап ету.

Мағынаны ажыра-ту сатысы (жаңа ақпарат)

-оқушыларды белсе-не қатыстыру

-стратегияларды жүйелі қолдану арқылы оқушылар-дың жұмысын ұйымдастыру (сауал қоя білу, талдау жа-сай білу, баяндау және қызу ой талқы-сын жасай білу қабі-леттерін жетілдіру жолдарын беру)

-оқушылармен бір-лесіп жұмыс жасау, қарым-қатынас шеберлігін ұтымды пайдалана білу

Сурет салу, тапсыма орындау. Түстердің реттілігін түстік шеңберде орналасуын салғызу.

Ахроматикалық түстердің ақ түстен қара түске біртіндеп көшуін салуды талап ету.

Суретті салып болған соң балаларға мәтін тарату.

Мәтін топтағы талантты, дарынды балаға беріледі, оқығаннан кейін ол өзінің түсінгенін топтағы оқушыларға айтып береді де суретке жаңа мағына береді. Шағын топта өздері ақылдасып бір тұжырымға келеді. Сабақ бойы не туралы айтылғаны туралы бір шешімге келеді.

Толғаныс (рефл-я)

-сабақта үйренген-дерін бекіту, қолдану жолдарын беру

-жаңадан үйренгенін пайдалана отырып, білімін жүйелеу

жауап шешімі осыған байланысты жұмыстар беру арқылы түсінік деңгейін тексеру

-сабақтың болашақта оқушыға қандай пайдасы бар?

Оқушылардың ойларын сұрап, сыныппен ақылдасып, жасаған жұмысты қорытындылап, сабақты тұжырымдаймыз. Сабақты қорытындылау.

Сабақты аяқтау түрлері

-бір пікірге келу...

-өз пікірін дәлелдеу...

-үйде жалғастыру...

Үйге тапсырма беру:

Келесі сабаққа бояуларын, альбом, қылқалам, суға ыдыс әкелу.

Балалар сабақ бойы білгендерін, танысқандарын қорытындылай келе айналадағы қоршаған түстердің сан алуандығын көре, сезіне білуді үйренеді. Үйде түстер туралы білгендерін толықтырып келу тапсрылды.

© 2010-2022