Сабақтың тақырыбы: Түрлі түсті қарындаштармен жұмыс

Сабақтың тақырыбы: Түрлі түсті қарындаштармен жұмыс.Сабақтың мақсаты:Білімділік: Түрлі түсті қарындаштармен жұмыс істеу тәсілдерін оқушыларға меңгерте отырып, олардың түс үйлесімділігін табу.Дамытушылық:Бағыт-бағдар бере отырып, өздігінен жұмыс істеуге дағдыландыру, ой-өрістерін дамыту, қорытынды жасай білуге үйрету.Тәрбиелілік: Белсенділігін арттыра отырып, бір-біріне көмектесумақсатымен оқушыларды ұйымшыл болуға тәрбиелеу.Сабақтың көрнекілігі: Түрлі түсті қарындаштармен орындалған жұмыстар (с...
Раздел Изобразительное искусство и Мировая художественная культура (ИЗО и МХК)
Класс 6 класс
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Батыс Қазақстан облысы

Тасқала ауданы

Ы.Алтынсарин атындағы ЖББОМ

Бірінші санатты бейнелеу өнері пәнінің мұғалімі

Насемов Нурлан Тулегенович

Сабақтың тақырыбы: Түрлі түсті қарындаштармен жұмыс.

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: Түрлі түсті қарындаштармен жұмыс істеу тәсілдерін оқушыларға

меңгерте отырып, олардың түс үйлесімділігін табу.

Дамытушылық:Бағыт-бағдар бере отырып, өздігінен жұмыс істеуге

дағдыландыру, ой-өрістерін дамыту, қорытынды жасай білуге үйрету.

Тәрбиелілік: Белсенділігін арттыра отырып, бір-біріне көмектесу

мақсатымен оқушыларды ұйымшыл болуға тәрбиелеу.

Сабақтың көрнекілігі: Түрлі түсті қарындаштармен орындалған жұмыстар

(слайд), мультфильм, сиқырлы қарындаш.
Қажетті құрал-жабдықтар: Сурет альбомы, түрлі түсті қарындаштар.
Пәнаралық байланыс: Геометрия, сызу, әдебиет, орыс тілі, химия.
Әдіс -тәсілдері: Ауызша баяндау, тақтада жұмыс, сұрақ - жауап, тест.
Сабақтың түрі: Аралас сабақ

Сабақтың жоспары:

  1. Ұйымдастыру кезеңі.

  2. Үйге берілген тапсырманы тексеру.

  3. Жаңа тақырыпты түсіндіру.

  4. Тапсырмаларды орындау.

  5. Сабақты бекіту.

  6. Үйге тапсырма.

Сабақтың барысы:

1. Ұйымдастыру кезеңі
а) Сәлемдесу
ә) Оқушыларды түгендеп, топқа бөлу (сары, көк, қызыл қарындаштар арқылы).
б) Бүгінгі сабаққа дайындығын тексеру.
2. Үйге берілген тапсырманы тексеру «Графика» тест.
1. Арнаулы әк тасқа салынып, арнайы ерітіндімен шайылып өңделетін графиканың түрі?

А) Литография, Б) Натюрморт, В) Гравюра.
2. Француздың grower «қию», «тырнау» деген сөзінен шыққан графиканың қазақша баламасы қалай аталады?

А) Гравирлеу, Б) Портрет, В) Сәулет өнері.
3. Шетіне сурет ойып салынған тақтаны да, сондай - ақ одан алынған басылымды да, не деп атайды?

А) Гравюра, Б) Литография, В) Офорт.
4. Француз тілінен аударғанда «ащысу» деген, азот қышқылы мен бір - біріне қосылып, әсерлену процесі қалай аталады?

А) Офорт, Б) Графит, В) Ағаш.
5. Көшірме түсірілетін бедерлі ағаш тақта немесе білік арқылы шыныға жазылған типографиялық бояу қалай аталады?

А) Оттиск, Б) Қарындаш, В) Эстамп.
6. Грекше xylon - кесілген ағаш, grarho - деп аталады яғни ағашқа жасалған гравюраны ата?

А) Ксилография, Б) Пейзаж, В) Мүсін.

7. Линолеумге жасалған гравюра қалай аталады? А) Линогравюра, Б) Графит, В) Офорт.

3. Жаңа тақырыпты түсіндіру.

- Менің қолымнан қандай бейнелеу өнеріне қажетті құралды көріп тұрсыңдар?

  • Қарындаш қандай жұмыс атқарады?

  • Қарындааштың қандай түрлерін білесіңдер?

  • Бүгін біз қандай тақырыпта жұмыстанамыз деп ойлайсыңдар?

Ендеше оқушылар! Бүгінгі біздің сабағымыздың тақырыбы: Түрлі түсті қарындаштармен жұмыс.

Менің қолымдағы қарындаш жай қарындаш емес «Сиқырлы қарындаш». Бұл қарындаштың сендерге берер тапсырмалары бар. Сабақ барысында осы тапсырмалармен танысып, орындайсыңдар!

Оқушылар өз беттерімен оқулықпен жұмыстанады, жаңа тақырыпты оқып өз түсінгендерін айтады. 48-49 бет.

Түрлі түсті қарындаштар - графиканың тамаша құралы. Бірақ, өкінішке орай, олар қазіргі кезде көп пайдаланыла бермейді. Көптеген белгілі суретшілер сурет салуда түрлі түсті қарындаштарды қолданған. Түрлі түсті қарындаштарды біз көбіне сәби балалардың ермегі деп санаймыз. Бірақ қарындашпен салган суреттің өзі біршама еңбектену мен дағдылануды талап етеді. Түрлі түсті қарындаштың акварель мен гуашь бояуларынан айырмашылығы жұмыс жасау тәсілі қарапайым, езілмейді, артық жағылып, қағаз бетін былғамайды. Бұл құрал жазда пайдалануға өте ыңғайлы. Ал бояулар кебу үшін ұзақ уақытты алатын техникалық қиындықтар пайда болмайды. Түрлі түсті қарындаштар - суретшіге ұзақ жолда, жұмыста да қажетті құрал. Жұмыс істеу барысында алдын ала жұмыс орнын дайындап, әуреленудің де қажеті жоқ. Сонымен қатар басқа сурет құралдары сияқты қарындаштардың да өзінің техникалық қиындықтары болады. Мысалы, олар сулы бояу сияқты бір-бірімен палитра бетінде араласа алмайды, бірақ олар қағаз бетінде бір-біріне қосылып, басқа түс бере алады. Түрлі түсті қарындашпен жұмыс жасаған кезде, өшіргішті аз қолдануға тура келеді. Өйткені өшіру барысында қағаз беті түтіліп, салынған сурет әсем көрінбейді. Қарындаштармен салынған суреттер пастельмен жасалған жұмысты еске түсіреді. Бірақ пастельге қарағанда қарындаш қағаз бетіне жақсы жұғады. Түрлі түсті қарындаштармен жұмыс жасау үшін беті аздап бедерленген қатты қағазды пайдаланған жөн. Түрлі түсті қарындаштармен жұмыс жасауды меңгеру үшін түсті қағазды пайдаланудан бастайды. Егер дайын түсті қағаз болмаса, оны өздерің дайындауларыңа болады. Ол үшін ақ қағазды планшетке тартып, акварель бояуымен, қызыл шаймен немесе кофемен бояп шығуға болады. Бояу түсі солғын да ашық болу тиіс. Пайдалануға ыңғайлы болу үшін түсті қарындаштарды түсінің жақындастығы бойынша таңдайды. Сары, көк, қызыл, жасыл түстілерді бір бөлек топтайды. Жасалынып біткен жұмысты кәдімгі шашқа себетін лакпен бекітуге болады. Ол үшін салынған суретті 30-50 см қашықтықта тік қалпында қойып, лакты себелеп шығады. Түрлі түсті қарындаштармен жұмыс жасауды меңгеруді өсімдіктердің, кішкентай натюрморт, табиғат көріністерін, ағаш бұтағын, гүл және жапырақтарды салудан бастаган жөн.

Сабақтың тақырыбы: Түрлі түсті қарындаштармен жұмыс.



Кезекті «Сиқырлы қарындашқа» берейік. Қарындаштың тапсырмалары. Слайдпен жұмыс.

1 тапсырма - «Жұмбақ шешу» Әр топқа жұмбақтар таратылады.

Жұмбақтар

Қабы сояу,

Дiнi - бояу. (Қарындаш)

Қысқа таяқ дiңi бар,

Шиырлаған iзiнде

Сайрап тұрар тiлi бар. (Қарындаш)

Жіп жіңішке денесі,

Ортасында шегесі. (Қарындаш)

Бір жорға бар шабысты,

Ақ қағазға жабысты.

Жорғаласа тайпалап,

Келтірер көп табысты. Қарындаш

Бір нәрсе ала шұбар, қара тұмсық,

Қарасаң басқан ізі қисық-қисық.

Өзі жансыз, жандының күшіменен,

Борайды ат үстінде желдей есіп. Қарындаш

Өзгені бақытты етем деп,

Өзі қажалып кетеді. Қарындаш

2 тапсырма - Топтық тапсырмалар.

Сары қарындаштар тобы: «Қарындаштар спектакілі».

Қызыл қарындаштар тобы: «Ақындар». Қарындаш туралы төрт жол өлең шығару.

Көк қарындаштар тобы: «Ертегілер әлемінде» Қарындаш туралы қысқа ертегі жазу.

3 тапсырма - «Біз галереяға барамыз» Әр оқушыға жеке тапсырмалар таратылады. Оқушылар суреттерді көшіріп салып, түрлі-түсті қарындаштармен бояп түс береді.

4. «Сиқырлы қарындаштың сыйлығы» мультфильм «Мышка и карандаш».

Бекіту:
Венн диаграммасы. Тақтаға сызу, оқушылар дәптерлеріне сызбаны көшіріп, жазумен толықтырады.

Айырмашылығы
Жай қарындаш ұ Түрлі-түсті қарындаштар

қ
с
а
с
т
ы
ғ
ы
«Галереяға саяхат» Оқушылардың жұмыстарын тақтаға іліп көрме ұйымдастыру, бағалау.

Қорытынды:
1. Түрлі түсті қарындаштармен орындалған сурет қай өнерге жатады?
2. Графиканың бейнелі құралдары?
Үйге тапсырма беру: Натюрморт салу.








© 2010-2022