Урок ИЗО 6 -класс «Искусство квиллинг»

"Описание материала: Сабақта оқушылар квиллинг өнері туралы мағлұматтар алады.Квиллингтің шығу тарихымен танысады.Әр түрлі материалдармен жұмыс жасап дағдыланады. Квиллинг өнерінің жұмыс істеу тәсілдерін оқушылар меңгеріп, олардың келешекте шығармашылықпен жұмыс жасауларына көп көмегін тигізеді. Оқушыларды өнердің әр алуан түрлерімен таныстыру, олардың бейнелеу өнеріне деген қызығушылығын арттырады. Оқушылар сабақта технологиялық карта және кесте бойынша«Гілдер» композициясын жасады.Жақсы шыққан...
Раздел Изобразительное искусство и Мировая художественная культура (ИЗО и МХК)
Класс -
Тип Рабочие программы
Автор
Дата
Формат doc
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Сулейменов Е.О.

Т.Рысқұлов атындағы орта мектебінің

сызу және бейнелеу өнері пәні мұғалімі

Сабақ 6-сынып «Квиллинг өнері»

Сабақтың мақсаты. Білімділігі: квиллинг өнері жайлы мағлұмат беру, оның тарихымен және әдіс-тәсілдерімен таныстырып, шағын композицияларды жасауға үйрету.

Дамытушылығы: оқушының өздігінен шығармашылықпен жұмыс істеу дағдыларын қалыптастыру.

Тәрбиелігі: өнерге деген қызығушылығы мен сүйіспеншілігін оятып, әсемдік талғамын қалыптастыру, ұқыптылыққа және шыдамдылыққа тәрбиелеу.

Түрі: дәстүрлі.

Типі: жаңа білімді меңгеру.

Әдісі: ұғымды баяндау, интерактивті тақта арқылы квиллинг үлгілерімен таныстыру, жұмыстың әдіс-тәсілдерін көрсету.

Көрнекілігі: слайттар, квиллинг үлгілері, технологиялық карталар, кестелер.

Техникалық оқу құралдары: интерактивті тақта.

Қажетті құрал- жабдықтар: қағаз жолақшалар, түрлі-түсті қағаз, қатырма қағаз, қайшы, кеңсе пышық, ПВА желім, таяқша, темір сызғыш, шаблон.

Сабақтың барысы:

І.Ұйымдастыру кезеңі.

Оқушыларды түгендеу, сабаққа даярлығын тексеру.

1)Қағаз пластика өнері туралы ұғым беру.

Қағаз пластика өнері деген, қайшы, пышақ, желем арқылы қағаздан әр түрлі бұйымдар мен көлемді композицияларды жасау. Қағаз пластиканы «өткір пышақ өнері» деп те атайды. Қағаз пластиканың бір түрі - квиллинг, ағылшын тілінде «guilling», ол «guill» - құстың қауырсыны деген сөзден шыққан. Өйткені XIV ғасырда Еуропада қағазды құстың қауырсынының ұшымен бұрап, шиыршықтап әр түрлі әсем бұйымдар жасаған болатын.Сондықтан, квиллинг бірінші Европада пайда болып, сосын бүкіл әлемге тараған. Орыс тілінде квиллинг «бумагокручение», ал қазақша «қағазды бұрау, шиыршықтау» деген мағынаны білдіреді.Квиллинг техникасы сондай қиын емес, бірақ ұқыптылықты, шыдымдылықты және шығармашылықпен жұмыс істеуді талап етеді.

2)Интерактивті тақта арқылы квиллинг үлгілері көрсетіледі.

3)Сабақтың мақсатымен және талаптарымен таныстыру.

Бүгінгі сабақта біз технологиялық карта және кесте арқылы квиллинг элементтерінен «Гүлдер» деген композиция құрастырамыз . Негізгі талап - шығармашылықпен жұмыс істеп, әрбіреуінен ерекше, әдемі, көзге тартымды композиция шығару.

4)Қауіпсіздік ережелері.

Сабақта кеңсе пышақ, қайшы және желім қолданылатын болғандықтан қауіпсіздік ережелерін сақтау қажет. Жұмыс уақытында тәртіп сақтау, жұмыс құралдарын үстелдің ортасына рет-ретімен орналастыру, пышақ және қайшымен жұмыс істегенде оларды биікке көтермей, лақтырмай, бір-біріне істік жағымен бұрмай, жабық түрінде орнына қою, желіммен жұмысты ұқыпты жасау, төкпей, тамызбай,көзге және киімге тигізбей, сабақ аяқталғаннан соң жұмыс орнына жинап, тазалап қою керек.

5)Квиллинг әдіс-тәсілдерімен таныстыру.

Мұғалім квиллингтің негізгі элементі - шиыршақ (ролл) екенін түсіндіреді де кесте арқылы содан жасалатын пішіндердің түрлерімен таныстырып, олардың жасалу әдістерін көрсетеді.

а )Шиыршықты жасау үшін жолақша қағазды ұшы айырылған тіс тазалайтын таяқшаның көмегімен бірнеше рет бұраймыз, содан кейін таяқшаны алып тастап, саусақтармен бұрап шиыршықты аяқтаймыз. Шиыршық тығыз болу керек.

ә )Шиыршықты керекті өлшемге келтіру үшін әр түрлі тесіктері бар шаблонға салып бос жібереміз.Өлшемге келген шиыршықтың бос шетін желімдейміз.

б )Шиыршықтың қажетті пішінін кесте бойынша жасаймыз. Мұғалім әр түрлі пішіндердің жасалу жолдарын көрсетеді.

в )Егер шиыршықты бірнеше түстен жасау керек болса, онда керекті түсті жолақшалар бір -біріне желім арқылы қосылып бұратылады.

г )Барлық квиллинг пішіндерін дайын болғасын, олардың бір жағына желім жағып, таңдаған қатырма қағазға композиция шешімі бойынша рет ретімен бекіту керек.

6)Сарамандық жұмыс.

Оқушылар технологиялық карта және кесте бойынша «Гүлдер» композициясын жасайды. Мұғалім жұмыс барысында бақылау жасап, балаларға жәрдем көрсетеді, кеңес береді.

7)Қорытындылау және бағалау.

Дайын жұмыстар тақтаға ілінеді де оқушылар өздері оларға сараптама жасап, ең сәтті шыққан жұмыстарды анықтайды. Мұғалім қысқаша қорытынды жасап, оқушыларға алғысын білдіреді. Барлық жұмыстар бағаланады.

8)Үйге тапсырма.

Қолдарын жаттықтыру үшін үйге өз еркімен қарапайым композиция құрастырылуға тапсырылады.

Шығыс Қазақстан облысы

Тарбағатай ауданы

Тұғыл ауылы

© 2010-2022