Абай өлеңдеріне иллюстарация жасау ашық сабақ

Раздел Изобразительное искусство и Мировая художественная культура (ИЗО и МХК)
Класс -
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Сабақтың тақырыбы: Абайдың шығармаларына иллюстрация жасау.

Сілтеме: жоспар.

Мақсаты: Абайдың табиғат жайлы шығармалары туралы түсінік беру, «Желсіз түнде жарық ай»өлеңінің мазмұнын түсіне отырып, иллюстрацияны графика түрінде бейнелеуді үйрету, өзара бірлесіп жұмыс жасауға тәрбиелеу.

Күтілетін нәтиже: Абайдың табиғат туралы өлеңдерін біліп, түсінігін бейнелей алатын болады, иллюстрацияны графика түрінде бейнелеуді үйренеді,бірлесе жұмыс жасауды білетін болады.

Негізгі идеялар: Абайдың «Желсіз түнде жарық ай» өлеңінде табиғат көрінісі суреттелген. «Желсіз түнде жарық ай» өлеңінің мазмұнына иллюстрацияны- графика түрінде орындау, түнгі табиғат көрінісін әдемі де, мағыналы етіп көрсетеді.

Сабақтың түрі: аралас сабақ.

Сабақтың әдісі: галерея аралау, ой қозғау, түзетулерді орындау, кейіпкерге хат, сұрақ-жауап.

Сабақтың көрнекілігі: Слайд арқылы жасалған таныстырылым.

Пәнаралық байланыс: әдебиет, музыка.

Сабақтың барысы:

l.Ұйымдастыру.

1. Оқушылардың назарын сабаққа аудару.

2. Топқа бөлу. Сынып оқушылары (Желсіз түнде жарық ай, Қараңғы түнде тау қалқып, жазғытұрым) өлеңдері арқылы үш топқа бөлінеді.(3 минут)

II.Үй тапсырмасын сұрау. « Галерея аралау» әдісі.(3 минут)

Оқушылардың «Сурет салу кезеңдері» тақырыбындағы суреттері тақтаға ілінеді.

Өздеріне ұнаған суретке сынып оқушылары стик жапсыру арқылы баға береді.

ІІІ.Ой қозғау.

Қанеки, балалар барлығымыз көзімізді жұмып, мына әнді тыңдайықшы. Абайдың «Желсіз түнде жарық ай» әні оқушыларға тыңдатылады.

IУ. Жаңа тақырыпқа оқушылардың зейінін аударуға арналған сұрақтар:

(ашық, жабық) (5минут)

-Балалар әннен нені ұқтаңдар?

-Балалар, бұл кімнің әні?

-Әннің аты қандай?

-Абай Құнанбаев кім?

- Абайдың табиғат көрінісін суреттейтін тағы қандай өлеңдерін білесіздер?

- Өлеңнің «Желсіз түнде жарық ай» аталуының себебі неде?

У.Жұптық жұмыс. «Түзетулерді орындау» (5 минут)

«Желсіз түнде жарық ай»өлеңінің сөздері орны ауыстырылып,жұптарға таратылады.Жұптар берілген тапсырманың ішінен қателерді табады. Оқушылардың жауаптары келесі жұпқа ұсынылады,келесі жұп тақтада көрсетілген дұрыс жауаптан кейін сәйкес жұмысты бағалайды. Әрбір дұрыс жауапқа -1 баллдан беріледі.

YІ.Топтық жұмыс. (10 минут)

1- топ: «Абай» сөзжұмбағын шешу.

2- топ: Сәйкестендіру тесті.

3-топ: «Кейіпкерге хат». Оқушылар ақын Абайға арнап өз ойларын қағаз бетіне түсіру арқылы хат жазады.

Топтар бір - бірін екі жұлдыз, бір ұсыныс арқылы бағалайды.

YІІ.Жеке жұмыс. (15 минут)

«Желсіз түнде жарық ай» өлеңін (балауыз,тушьты пайдаланып) графика түрінде бейнелеу.

Жұмыс төмендегідей жоспармен жүреді:

1.Ең алдымен ауыл көрінісін қағаз бетіне дұрыс орналастырыңыз.

2.Сызықтарды балауызбен басып шығыңыз, кейбір жазықтарды бояп та жіберуге болады.

3.Қағаз бетін тұтастай қара тушьпен қылқалам арқылы бояп шығыңыз.

Ескерту: Балауызбен жұмыс істегенде өте ұқыпты болу керек. Бояу әдісінде,сызық жүргізгенде, қайталап үстінен баса жүргізу қажет.

УІІІ. Сабақты бекітуге арналған сұрақтар:

  • Абайдың табиғат көрінісін суреттейтін тағы қандай өлеңдері бар?

  • Абайдың «Желсіз түнде жарық ай» өлеңін сендер қалай иллюстрациялайтын едіңдер?

ІХ. Бағалау.

Кейінгі оқу: Абай өлеңдеріне иллюстрация жасау.

Кейінгі тапсырма: Абайдың «Қыс» өлеңіне графика түрінде иллюстрация жасау.




© 2010-2022