Бейнелеу өнері Сиқырлы кілем

Раздел Изобразительное искусство и Мировая художественная культура (ИЗО и МХК)
Класс 1 класс
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат doc
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

1 сынып. Бейнелеу өнері

Тақырыбы: "Сиқырлы кілем"

Мақсаты: Ою-өрнек туралы білімді бекіту және ою-өрнек түрлері туралы әсемдік ою-өрнектің құрылымы. Ою-өрнектің қолданылуы. Ерекшеліктері.Қазақ ою-өрнектің түрлері.Әсемдік ою-өрнектің құрылуы.. Ою өрнектің белгілері.

Тәрбиелік: Эсететика өнерге және әсемдік көз-қарасын қалыптастыру

Дамытушылық: Ою-өрнектің шығармашылықпен орындалған үйлесімін табуға, әлемдік өнерде ою-өрнектің нышандарын тани білуге

Жобаланған нәтижелер:

Заттық: Қазақтың ұлттық ою-өрнектеріндегі қарапайым бөлшектердің түйіндесулерін білу.

Қайраткерлік-жүйесі: шығармашылық ойлауын қолдану, әсемдік кейіптің беруде графикалық іскерін көрсету.

Жаңа сабаққа арналған материалдар

Слайдтар ,Қазақ халқының ұлттық ою өрнегі атты картасы

Пән аралық байланыс : Дүниетану, әдебиет , математика

Жаңа сабақтың жүрісі:

I Ұйымдастыру кезеңі.

Амандасу

Жұмыс орнын дайындау

II Сабақтың тақырыбы бойынша жұмыс

Қайталау: Оқушыларға хабарлама:

Әсемдік-қолданбалы өнер дегеніміз не?

Ою-өрнектің құрылуының көзі?

- Ою дегеніміз не? Слайд №2

- Оюды құраушы бөліктері ою кескіні Слайд №3

- "Тұйық ою" деген не? Слайд №4

- "Тізбекті ою" деген нені білдіреді? Слайд №5

- "Тор көзді ою" деген нені білдіреді? Слайд №6

- Ою- бұл "ата-бабалардың сиқырлы хаты" Слайд №7

Тұрмыстағы оюдың қолданылуы және қазіргі дизайн өнерде Слайд №8

III Біз бүгін «Сиқырлы кілем» атты жұмыс орындаймыз.

Ол үшін біз ерте-ертедегі ертеертегіні еске түсірейік,

Ертегіні тыңдау

Мына жарық дүниеде өте ертеде Қарашаш сұлу өмір сүріпті. Қарашаш тек қана сұлу болып қана қоймай, ақылды, қолөнер шебері болыпты. Қарашаштың сүйген жігіті Ермағанбет батыр болыпты. Ермағанбет бір күні аңға шығып кеткенде ауылға жауыз дәу шабуыл жасапты. Ауылдың барлық тұрғынын тұтқынға алып, алыстағы тау арасына, өзінің үңгіріне алып кетіп, өзіне жұмыс істетіп қойыпты. Аңнан келген Ермағанбет, ауылдың талқаны шыққанын , адамдар жоқ екенін көреді.

Сұлу Қарашаштың қайда кеткені белгісіз екенін көріп,шошып кетіпті. Біздің батыр өзінің Қарашаш сұлуды іздеуге шығыпты. Таулардан өтіп, кең қалалармен жүріп демалмастан келе жатып, бір өзенге тап болыпты. Атын өзенге суарып алайын деп тоқтаса кенет өзен үстінде ағып келе жатқан бір кілемді көріпті. Өзеннен Ермағанбет кілемді жоғары алып шығып, орауын жазып қарап, жүрегі жарыла жаздапты. Бұндай оюды тек қана Қарашаш сұлу тоқиды екен. Кілемді қараған батыр оған оюмен жазылған хаттай болып көрініпті. Міне толқын оюы- бұл өзен толқыны, міне толқын тәріздес сызық- бұл жақындағы қырат, тау, міне үшбұрыш -бұл тау жотасының шыңы, шеңбер-бұл күн мен түн жұрт отырып, тау жотасынан асып түсіп, тау шыңына кездесіп, үңгірді іздеді. Ермағанбет батыр жауыз дәумен кездесіп онымен шайқаста жеңіп, екеуін босатып алып қойыпты. Сөйтіп Ермағанбет Батырдың сүйген жары сұлу Қарашаш өзінің өнері арқылы елді аман алып қалыпты.

4. Дене шынықтыру сәті.

- Қолдарыңды жоғары көтеріңдер.

Бастарыңды тіке ұстаң

- Қолдарыңды төмен, бастарың тіке ұстаң- отырған құсша.

5. Алынған біліміміздді тәжірибеге қолдану

Жұмысқа көңіл-күй сыйлау үшін Құрманғазының күйін тыңдату.

Ою-өрнектің әр түрінен және аттарын қарастыру. Бұйымға таңдау жасап,

Ою-өрнек салудың әр түрлі жағдайларын қарастыру.

Кілем дайындау мақсатында қағаз бетіне оюларды орналастырып жолдарын қарастыру

6. Тәжірибелік жұмыс.

Желім мен қайшы пайдалануда болатын қауіпсіздік шараларға қарастыру

- Үлгі бойынша оюды қиып алу

- Қоқыстардан жұмыс орнын тазарту

- Өрнекті орналастыру

- Желімдеу

- Жұмысты әсемдеу

7. Оқушылардың жеке гигенасы.

8. Шығармашылық жұмыстың көрмесі

9. Жұмыстар көрмесі.

9. Қорытынды:

- Ою-өрнек өзінің кейпінде қандай түрде бекінеді?

- Ою-өрнек қайда кең алынады?

Бағалау

© 2010-2022