Открытый урок на тему «Жасалған эскиз бойынша жұмысты орындау»

Раздел Изобразительное искусство и Мировая художественная культура (ИЗО и МХК)
Класс -
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Открытый урок на тему «Жасалған эскиз бойынша жұмысты орындау».Открытый урок на тему «Жасалған эскиз бойынша жұмысты орындау».Открытый урок на тему «Жасалған эскиз бойынша жұмысты орындау».Открытый урок на тему «Жасалған эскиз бойынша жұмысты орындау».Открытый урок на тему «Жасалған эскиз бойынша жұмысты орындау».Открытый урок на тему «Жасалған эскиз бойынша жұмысты орындау».Открытый урок на тему «Жасалған эскиз бойынша жұмысты орындау».Открытый урок на тему «Жасалған эскиз бойынша жұмысты орындау».Открытый урок на тему «Жасалған эскиз бойынша жұмысты орындау».Ашық сабақ



Тақырыбы:

«Жасалған эскиз бойынша

жұмысты орындау».


Пәні: бейнелеу

Сыныбы: 5

Пән мұғалімі : Тұрлыбек Қ

Сыныбы: 5

Сабақтың тақырыбы : «Жасалған эскиз бойынша жұмысты орындау»


Сабақтың мақсаты: білімділік: композициялық жұмыстың жасалу

жолдарын түсіндіру.

Дамытушылық: оқушылардың шеберлігін

шыңдап шығармашылықпен жұмыс жасауға

мүмкіндік туғызу.

тәрбиелік: эстетикалық талғамға сай жұмыс

жасай білетін тұлға тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: аралас сабақ

Сабақтың әдісі: түсіндіру, сұрақ -жауап, іздену, сарамандық жұмыс

топпен жұмыс, СТО технологиясы

Пәнаралық байланыс: бейнелеу өнері, математика, тарих, қазақ тілі,

биология

Сабақтың көрнекілігі: нұсқау карта, мақал -мәтел, сөзжұмбақ, эскиздер,

қауіпсіздік ереже, кәдесыйлар.

Сабаққа керекті құрал -жабдықтар: қайшы, бисер, жез сым, сызғыш, гипс,

су, нұсқау карта, шыны ыдыс.

Сабақтың барысы:

Сабақ жоспары:

І Ұйымдастыру кезеңі.

ІІ Үй тапсырмасын тексеру

ІІІ Жаңа сабақ

Қызығушылықты ояту

Мағынаны тану( түсіне білу)

Ой толғасын (бағдар)

ІV Сарамандық жұмыс

V Қорытынды

VІ Бағалау(мадақтау)

VІІ Үйге тапсырма

Ұйымдастыру кезең

  • Оқушылардың сабаққа дайындығын бақылау, оқушыларды түгендеу

  • Проблемалық жағдайларды шешу

  • Кіріспе инструктаж

Үй жұмысы

Эскиз орындап түстік үйлесімін табу. Екі топтың жасап келген

эскиздерін тексеру.

Жаңа сабақ

Қызығушылықты ояту

Эскизді көрсету арқылы жаңа сабақтың тақырыбын анықтау.

Олай болса біздің бүгінгі сабағымыздың тақырыбы: «Жасалған эскиз бойынша жұмысты орындау.»

Эскиз дегеніміз не?

Мына жасалған эскизге қарайық

Мұғалімнің іс- әрекеті

Оқушының іс - әрекеті

Осы эскизбен не жасаймыз?

Балалар жауап береді. Кәдесый

Біз кәдесыйды қандай бұйыммен жасаймыз?

Балалар жауап береді. Бисер

Бисер дегеніміз не?

Балалар жауап береді.

Мағынаны тану.( Түсіне білу)

І -ІІ топ окушылары асықтағы сұраққа жауап береді.

Қоржыннан асық алу

6

5

4

3

2

1


Сұраққа жауап беру арқылы мағынаны ажырату

Берілген сұрақтар:

  1. Бисер қай кезден бастап пайда болған?

  2. Бисерді неден жасайды?

  3. «Бусра» деген атаудың мағынасын атап бер.

  4. Бисер тоқу нені талап етеді?

  5. Моншақ пен бисердің айырмашылығын айтып бер.

  6. Бисердің шығу тарихы туралы не білесің?

Кім тапқыр.(Танымдық тапсырма)

Өнерлінің

сарқылмас

өлшейсің

Өнер

өмір

жоқ

Өнер

қолы

кең

Өнерде

білсең

қазына

Өнер

өрісі

өрнегі

Шебердің

өлшем

ортақ

Жауабы:

1.Өнерлінің өрісі кең

2.Өнер білсең өлмейсің

3.Өнер сарқылмас қазына

4.Өнерде өлшем жоқ

5.Өнер өмір өрнегі

6.Шебердің қолы ортақ

Әсем, жанға жайлы қасиеттеріне сәйкес халқымыз көбінесе қыздардың есімдерін моншақ атауларымен де атаған. Енді моншақ атауларымен байланысты қыздардың есімдерін ата: Інжу, Маржан, Меруерт, Гауһар, Асыл, Лағыл.

Ой тоғаныс.(Бағдар )

Венн диаграммасы

Ағаштан ойып жасау.


Әр түрлі жіптермен кесте тоқу, панно жасау. Әртүрлі құрақ құрау.

Бисермен тоқу


Бисермен моншақтарды араластырып тоқу (алқа, әмиан, сырға, моншақ және т.б.). Бисермен панно жасау.

Кәдесый жасау әдісі




Сармандық жұмыс

І-ІІ топ бір -біріне сәттілік тілейді.

«Көңілсіз жұмыс өнімсіз» дегендей сарамандық жұмысты әуенмен бастаймыз.

1.Кіріспе инструктаж

2.Қажетті құралдар: бисер, моншақ түрлері, сым, қайшы, сызғыш

3. Жұмыстың мақсаты: бисермен моншақты ажырата білу, бисердің шығу тарихымен танысу, кәдесый жасап үйрену.

Жұмыстың орындалу реті:

1.Бисер тоқу технологиясы

2.Нұсқау карта бойынша жұмыс жасау

Қорытындылау

Сөзжұмбақты шешу арқылы сабақты қорытындылау

1. Шашқа тағатын әшекей зат.( Шашбау)

2.Әйнекті тұңғыш ойлап тапқан ел.(Финикия)

3.Туған күнге тарту.(Сыйлық)

4.Қыздың есімі.(Меруерт)

5.2000 жылдық тарихы бар көне қала.(Тараз)

Открытый урок на тему «Жасалған эскиз бойынша жұмысты орындау».

Ізгілендіру диаграммасы бойынша жұмыс

VІ.Бағалау: Сарамандық жұмыс барысында оқушылардың орындаған жұмыстарының сапасына, алған білімдеріне тиісті баға қойылады.

VІІ.Үйге тапсырма: сәндік бұйым жасау.Жұмыс орнын жинастыру.





© 2010-2022