Бейнелеу өнеріндегі кескіндеме атты мақала

Раздел Изобразительное искусство и Мировая художественная культура (ИЗО и МХК)
Класс -
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат doc
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

БЕЙНЕЛЕУ ӨНЕРІНДЕГІ КЕСКІНДЕМЕ

Домаева Асем - Алматы қаласы, И.Қ.Мандоки атындағы №154 ЖББМ бейнелеу өнері пәні мұғалімі

Кескіндеме - бұл нәрсені эстетикалық тұрғыда бейнелейтін бейнелеу өнері. Кескіндеме - бейнелеу өнерінің неғұрлым бай әрі кемел түрі, онда бейнелеудің сан алуан құралдары қоданылады. Бұнда нақтылы көрсетілетіндіктен, оның көрерменге әсері өте көп. Басқа өнердің арасында кескіндеме суретшінің қырағы көзі шалғанның бәрін мейлінше толық бере алады. Сан жүздеген жылдар бойы ол табиғаттан үйреніп, дүниені қызықты ететіннің бәрін бейнелеудің, таңдай қақтыратын жаңа әдістерін ойлап тапты.

Кескіндеме, кескіндеу өнері (живопись) - бейнелеу өнерінің бір түрі. Ол белгілі бір заттың беттіне бояу арқылы салынатын көркем шығарма өнердің барлық басқа түрлері сияқты, кескіндемеде идеологиялық және танымдық қызмет атқарады, адамға эстетикалық ләззат беретін құнды да әсем шығармалар тудырады.

Арналуына, орындалу сипатына, бейнелеріне қарай кескіндеме бірнеше топқа бөлінеді.

Олар:

1) Монументтік сәндік кескіндеме.

2) Қондырғылы кескіндеме суреттер, яғни картиналар.

3) Сәндік суреттер.

Суреттің өңін келтіретін бояулардың түрлері мен оны салу әдістеріне қарай да кескіндеме туындылары жіктеледі. Мысалы: майлы бояу кескіндемесі, фреска, секко, темпера желімді бояумен, балауызбен, сырлы бояумен салынатын суреттер. Кескіндеменің керамикалық бояумен, силикаттық бояумен салынатын тағы басқа да түрлері бар. Мозайка мен витраж да кескіндемемен ұштасады. Кескіндеме туындыларын жасауда гуашь, акварель, тушь, пастель молынан қолданылады. Сонымен қоса кескіндеме өнерінде түстерді қолдана білудің де маңыздылығын айта кету қажет. Атақты суретші Леонардо да Винчидің « Көз - сезімнің әміршісі екен, онда кескіндеме - өнер падишасы», - деген қанатты сөзінің өзі кескіндеме өнерінің қаншалықты керемет екендігін ашып бергендей. [1,119 б]

Кескіндеме - бұл майлы бояумен жазылған және рамаға салынған, біз музейлерден қызықтайтын картиналар ғана емес. Кескіндеме ұғымы кең, әрі мейлінше сан алуан техниканы қамтиды. Мысалы, түрлі сулы бояулармен - темперамен, гуашьпен, акварельмен салынған живопись болады.

Мұнда бәрі станоктік, яғни станокта (мольбертте) жасалатын кескіндеме. Сондай - ақ (жарықтанатын) кескіндеме шыныдан жасалған картинадан өтіп, түрлі - түсті жарық түсіретін кескіндемеде болады.

Майлы бояулармен сурет салуға көптеген материал қолданылады. Суретшілер картонға немесе сызба қағазына этюдтерді жиі салады. Майлы кескіндемеге арналған материалдардың ішінде көп таралғаны - кенеп - кендірден, зығырдан жасалады.

Кескіндеме - өнер әлеміндегі орасан зор, өзіне еліктіріп әкететін сиқырлы аймақ, ол адамзат дамуының таң шапағатында, біздің тарихтан бұрынғы ата - бабаларымыздың үңгірінде дүниеге келді. Сан ғасырлар бойына суретшілердің басшылықа алған идеялары, олардың ұмтылыстары өзгеріп отырды, бір стильдің орнын екінші стиль басты. Бірақ бәрібір кескіндеме жасап, дами берді.

Кескіндеме түс, сурет, сәуле мен көлеңке үйлесімділігі, композицияға мүмкіндік беру, бай бояу әлемінде жазықтықты көрсету, ауа түсі, оның тереңдігі көрсетіледі. Кескіндеме туындылары жеке бір тұлғаны, дара көріністі бейнелеп қана қоймай, күрделі сюжетпен үлкен оқиғаларды, шытырман соғыстарды да бейнелеп, олардың мәнін ашады. Нақтылы өмір шындығын кеңінен көрсетуге кескіндеме ролі орасан зор. Бұл оның көп жанрларында байқалады. Мысалы, тұрмыс - салт көріністері, соғыс жанры, т.б. «Кескіндеме сөзі өнер емес» - дейді Эжен Делакруа.[2, 156 б]

Кескіндеменің дамуына импрессионистер көп әсер етті. Олар өз картиналарында өмір шындығынан алған әсерлерін түстер арқылы көрсете алды. Олар қоршаған ауа кеңістігінің жарығынан әсерінен туындаған түс өзгерістерін бірден қабылдап алып отырған. Импрессионистер түс үйлесімділігінің жаңа жақтарын, әсемдігін аша білген. Импрессионистер анық түсті қабылдап және оны дәл сол қалпында картинаға түсіруді үйренген ең алғашқы кескіндемешілер болды.

Кескіндеме бейнелеу өнерінің ең көп тараған түрі болып табылады. Ол белгілі бір жазықтықта бояудың көмегімен салынатын туынды.

Кескіндеме әрі бай, әрі күрделі, оның бағалылығы адамның арқасында ертеден қалыптаса бастаған. Кескіндеменің ертедегі туындыларын өнер зерттеушілері зар үңгір қабырғаларынан тапқан. Онда аңшылық, жануарлар өте керемет бейнеленген. Осы кезден бастап қабырғаға бояумен сурет салу пайда болған. Ол монументалды кескіндемеге сәйкес келеді.

Станокты кескіндеме. Оның өзіндік мәні мен мағынасы бар. Станокты кескіндеменің бірнеше түрі мен жанрларын атап өтуге болады. Олар: натюрморт, пейзаж, портрет, ботальды жанр, тарихи жанр, тұрмысық жанр.

Монументалды кескіндеме. Монументалды кескіндеменің екі түрі ажыратылған.Олар: фреска және мозайка. Италия тілінен аударғанда fresco - жаңа, masaique - музаларға арналған деген мағынаны береді.

Монументалды кескіндемеден станокты кескіндеменің айырмашылығы, ол қабырға жазықтарына емес, еркін түрде салына береді. Аталған түрлері мен жанрларынан басқа станокты кескіндеменің декрациялық түрі де бар. Ол театрлық, кинодекорациялық, костюм эскиздері, сонымен қоса миниатюралар және икона сияқты түрлерге ажыратылады.

Фреска таза штукатуркаға таза немесе әкті сумен ажыратылған бояумен салынатын кескіндеме техникасы.

Мозайка ол әр түрлі немесе бірдей тас үгінділерін әкке немесе цементке жапсырмалап жасалатын бейне.

Фреска мен мозайка монументалды кескіндеменің ертеде қалыптасқан және өзінің түсінің тұрақтылығының арқасында архитектуралық көлемдер мен жазықтыққтарды әсемдегенде қолданылып келеді. Атақты монументалистердің ішінде А.А.Дейнеки, П.Д.Корина, А.В.Васнецовты атап өтуге болады.

Кескіндеменің әдебиеттен айырмашылығы әр түрлі техникада және әр түрлі материалда орындалады. Соның ішінде живописьте ең көп қолданылатын бояу түрі - майлы бояу. Майлы бояуды XV ғасырдан бастап қолдана бастаған.

Кескіндемеде жоғары жетістіктерге жетуі үшін суретші түстерді өте жақсы ажыратып, бейнелей алуы керек.

Кескіндеме жанрының түрлері:

  1. Портрет

  2. Пейзаж

  3. Натюрморт

  4. Тарихи жанр

  5. Тұрмыстық жанр

  6. Анималистік жанр

  7. Мифологиялық жанр

  8. Ботальды жанр

  9. Релегиялық жанр

Көптеген атақты суретшілер тек бір жанрда ғана емес, әр түрлі жанрда жұмыс істеген.

Кескіндеменің ұлы мәні - сансыз жүректерді бір мәнді ойда, бір күшті сезімде бірге соғуға мәжбүр етуінде. Ол шапшаң, бірден әсер етеді, оның тілі халықаралық тіл: оған аудармашылар қажет емес. Оның алдында уақыттың өзі кейін шегінеді.

Басқа өнерлерге қарағанда кескіндеме өнері суретшінің қырағы көзі шалғанның бәрін мейлінше толық бере алса керек. Сан жүздеген жылдар бойы ол табиғаттан үйреніп, дүниені қызықты ететіннің бәрін бейнелеудің таңдай қақтыратын жаңа әдістерін ойлап тапты. Оның бейнелеу құралдары шексіз бай бола бастады. Сызықтардың өте батыл жүргізілуі, бояулардың бай үндестігі, жарық пен көлеңкенің батыл, күтпеген контрасттары, бейнелеп отырған нәрсені орналастырудағы ойлы мөлшерлестік және айқын логика, қиялдың қызықты құбылмалылығының бәрі живопиське өз міндеттерін шешу үшін берілген. Сауыттарының жылтылын, жібек маталарының асқан әдемілігін, көз жанарының дымқылдануын, жас қыз денесінің нәзіктігін және ағаштардың дөрекі қабығын көзге түсетіндей етіп беру, тіс қаққан кескіндемешіге қиындық келтіре қоймайды. Кең жайылған емендердің қуатын, көктемгі аспанды, мөлдір сұр тұманды және айлы түндердің тылсым, жұмбақ әлемін, буырқанған көк теңізді, қызықты етіп, сан қырлы кескіндеме өнері ғана көрсетіп бере алады.

Ал ең ғажабы бұл емес! Бар ықыласымен берілген суретші шапшаң, батыл да нәзік қимылмен холст (кенеп) бетіне қылқалам мен бояу жағады міне енді бұған адамдар ерекше көз тастайды! Суретші адамдардың жүзіндегі көзге шалына қоймайтын ой - нышандары мен құштарлықтарын таңғажайып қырағылық пен холст бетіне түсіріп, бір мезгілде оның жан - дүниесін ашып берген.

XV ғасырларда ерте орыс кескіндемесінің ескерткіші ретінде Андрей Рублевтің қолымен салынған «Троица» иконасын атап өтуге болады.

Кескіндеме бейнелеу өнерінің басқа да түрлері сияқты ерекше бейнелемелік тілі бар оны суретшілер өздерінің сезімі, ойы арқылы суреттеп жеткізеді.[3]

Кескіндемеде түстің маңыздылығы орасан зор.

Түс - көркем өнеркәсіпті және ұлттық көркем шығармаларды анық етіп көрсетудің бірден бір тәсілі. Кескіндемеге үйретудің ең басты мақсаты - болашақ суретшіні жазықтыққа, шындықтың, қоршаған әлемнің әдемілігін түстің көмегі арқылы көріп және соны жеткізе білуге үйрету. Белгілі бір затты бейнелеу процесінде түсті және оның көптеген белгілерін сезінуі дами түседі. Кескіндемені анық етіп көрсетудің ең басты жолы түстерді қолдану болып табылады. «Әдемілік», «бояулар», «бояу» сөздері көбінде бір мағынада қолданылады. В.Дальдің анықтамалық сөздігінде «бояу - безендіру, әдемілік беру, көруге жағымды ету» - деп жазылған.[4, 69 б]

Түсті қабылдау, табиғаттан адамға берілген ең ғажап сапалардың бірі. Адам көзі 200-ден аста түс белгілерін ажырата алады. Кескіндемеде түс пен қалып әрқашан байланысты, бірлікте болуы керек.

Кез келген заттың өзіне тән түсі болады. Мысалы, піскен лимон - сары, апельсин - тоқ сары, қияр - жасыл. Әр заттың табиғи түсі жарық жақсы түсіп тұрса анық көрінеді, ал егер жарық ауысқан кезде заттың түсі өзгеріп, қараңғылықта мүлдем көрінбей қалады. Яғни жарық затты және оның түсін көрнекті ете алады.

Табиғи дене түсі үш қасиеттерден тұрады.: 1) табиғи түс; 2) сәуле арқылы өзгеріске ұшыраған түс; 3) қанық немесе қанық емес түс.

Табиғи түс дегеніміз - табиғи жаратылыс түсі. Мәселен, күзгі жапырақ - сары, жер - қоңыр. Екіншісі , күн сәулесінің әсерінен өзгеріске ұшыраған түс. Өзгеріске ұшыраған түс дегеніміз - күннің әрбір мезгілде табиғи түстерінің өзгеруі. Нақтылап айтсақ, таң мезгілде ағаш көкшіл, түсте жасылға айналады, ал кешкі күн батарда сарғыш қызыл түске боялады.

Қанық немесе қанық емес түс дегеніміз - біртекті түстердің бір-бірінен айырмашылығы, яғни, екі алма да қызыл түстес болып келгенмен, біреуі - ашықтау, екіншісі қанықтау келеді. Осы дене түсінің үш қасиеті кескіндеме өнерінде есте сақтайтын құнды мәселелердің бірі.

Уақыт өте келе талғаммен бірге түс үйлесімділігін түсіну де өзгере түседі. Өнер өмірмен байланысты және сонымен бірге өзгеріп отырады.

Кескіндемеде қолданылатын бояу түрлері

Кескіндемеде қолданылатын материалдардың әр түрлілігі жазудың әр түрлі технологиясымен анықталады. Олар: акварель, гуашь, майлы кескіндеме, темпера, пастель, энкаустика т.б. Кескіндемеде түстің анық бейнеленуі жазу түрінен ғана емес, сонымен қоса бояудың сәйкес келуі мен жазықтыққа да байланысты.

Кескіндеменің әр түрлі материалдарымен, техникасымен таныс болайық.

Акварель (латын тілінен aque - су) - сумен араластырылған өсімдік желіміндегі бояу.

Түсті акварельмен салынатын кескіндеме сонау Ежелгі Египетте танымал болған. Бізге ол кезден папируста және күріш қағазында салынған суретшілердің туындылары ғана жеткен. Орта ғасырларда Батыс Еуропада акварельмен шіркеулік кітаптарды безендіргенде, одан кейін миниатюралық кескіндемеде, баспа кітаптарын қолмен бояғанда қолдана бастаған.

Таза акварель XV ғасырларда кеңінен қолданысқа түсе бастады. Оның сапалары - бояудың түссіздігі, түсінің тазалығы. Акварель тон байлығын және графикалық тәсілдерді өзіне біріктіреді. Акварельдің спецификалық тәсілдері - жайылу, ағу. Олар қозғалыс эффектілерін береді. Қылқаламмен орындалатын акварельде көбінде перомен және қарындашпен салынатын суреттер қолданылады.

XV - XVII ғасырларда акварель қолданбалы мағынада болған және ол гравюра, сызба, эскиздерді бояғанда пайдаланылады.

XVIII ғасырдың екінші жартысынан басатап акварель пейзаж кескіндемесінде кеңінен қолданыла бастады. Сол кезден бастап акварелист суретшілер пайда бола басатады. Олардың түстері анық емес пейзаждарды дымқыл қағазда орындайды.

XIX ғасырдың аяғында Италияда көп қабатты құрғақ қағазда орындалатын акварельді кескіндеме пайда болды. Бұл бағытта Россияда К.П.Брюллов және П.А.Иванов жұмыс жасаған.[5, 8 б]

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі


  1. Леонардо да Винчи = Leonardo da Vinci. - М.: «Издательство АСТ» Леонардо да Винчи/Гениальный художник и ученый. Издательство «Клуб семейного досуга» - 143 с., 2002. - с. 144. - ISBN 5-17-010617-3.

  2. Ситник К. А. Э. Делакруа. М.-Л., 1947. По материалам из книги "Энциклопедия импрессионизма и постимпрессионизма"/ Сост. Т.Г. Петровец. - М.: ОЛМА-ПРЕСС, 2000. -320 с.: ил.

  3. portal.vkgu.kz

  4. Даль В.И. Толковый словарь живого великорусского языка: В 4 т. - Спб., 1863-1866.

  5. Любимов. Л «Батыс Еуропа өнері» - Алматы, 1982.

Резюме

В данной статье рассматривается вопросы живописи, а также автор дает определение живописи, раскрывает сущность и роль живописи как в целом одной из важных видов изобразительного искусства.

Resume

In this article examined questions of painting, and also an author gives determination to painting, exposes essence and role of painting as on the whole one of important types of fine art.









6


© 2010-2022