Кеңістік перспективасы. Табиғат көрінісі

Пән Бейнелеу өнері   /6 сынып  уақыты 3.02.14 ж/     Сабақтың тақырыбы:                    «Кеңістік перспективасы.Табиғат көрінісі»       Білімдік мақсаты:                            Кеңістік перспективасымен танысу           Сабақтың дамытушылық мақсаты:        Түс арқылы кеңістік перспективасын салып үйрену         Сабақтың тәрбиелік мақсаты:                  Табиғатты бейнелеу арқылы талғампаздыққа үйрету         Сабақтың жабдығы:                       Интерактивті тақта , альбом, қарындаш, акварель, қылқалам т.б     Сабақтың жүрісі:      1.Ұйымдастыру бөлімі   3 мин.                                                                                                Оқушылармен амандасу, жоқ оқушыларды белгілеу.    2.Үйге тапсырманы тексеру. Үйге «Сызықтық перспектива. Бөлме іші«тақырыбына сурет салып келу тапсырылды. Сол жұмыстарыңды тексеремін.                                                                                                                                                      3.Жаңа сабақ.  Кеңістік перспективасын бейнелеу жарық пен түстік қатынастарға негізделген.  Кеңістік перспективасын сурет салғанда адамға кеңейіп немесе қағаз бетіндегі жазықтықта алысқа сүңгіп,еніп бара жатқан көз же...
Раздел Изобразительное искусство и Мировая художественная культура (ИЗО и МХК)
Класс -
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Пән Бейнелеу өнері /6 сынып уақыты 3.02.14 ж/

Сабақтың тақырыбы: «Кеңістік перспективасы.Табиғат көрінісі»

Білімдік мақсаты: Кеңістік перспективасымен танысу

Сабақтың дамытушылық мақсаты: Түс арқылы кеңістік перспективасын салып үйрену

Сабақтың тәрбиелік мақсаты: Табиғатты бейнелеу арқылы талғампаздыққа үйрету

Сабақтың жабдығы: Интерактивті тақта , альбом, қарындаш, акварель, қылқалам т.б

Сабақтың жүрісі: 1.Ұйымдастыру бөлімі 3 мин. Оқушылармен амандасу, жоқ оқушыларды белгілеу.

2.Үйге тапсырманы тексеру. Үйге «Сызықтық перспектива. Бөлме іші»тақырыбына сурет салып келу тапсырылды. Сол жұмыстарыңды тексеремін. 3.Жаңа сабақ. Кеңістік перспективасын бейнелеу жарық пен түстік қатынастарға негізделген. Кеңістік перспективасын сурет салғанда адамға кеңейіп немесе қағаз бетіндегі жазықтықта алысқа сүңгіп,еніп бара жатқан көз жетпес қиырды,ауаға толы орасан зор кеңістікті беруге мүмкіндік жасайды.Кеңістікті беру арқылы табиғат көрінісін нақты да дәл беруге болады. Заттар қашықтаған сайын бояу түстері мен реңктерінің өзгеруінде кеңістік перспективасы үлкен рөл атқарады. Ауа-райы , жыл мезгілдері,тәуліктік сағаттық уақыт, жарықтың түсуі, сонымен қатар ауадағы булану ,шаң және түтіннің болуы да заттардың әр түрлі көрінуіне әсер етеді. Бейнелеу өнерінде алдыңғы план, ортаңғы план және артқы план деп алынған ұғымдар пайдаланылады. Алдыңғы планда барлық заттар барынша көлемді,олардың жарық-көлеңкесімен болуы мейлінше бір-біріне қарама-қарсы болып қабылданады.Екінші планда мұның бәрі барынша жұмсарады,ал үшінші планда ауа мұнарына тұтаса жымдасып кетеді. Сурет салуды былай үш планға бөлу шартты түрде алынған. Ауа перспективасын бірінші болып байқап, өз шығармаларында бейнелеген Қайта өрлеу дәуірінің атақты итальян суретшісі Леонардо да Винчи /15 ғ./ Ауа перспективасының өзіндік заңдылықтары бар, 1 заңдылық - жақын тұрған заттарды нақтылап,алыстағыны жалпылама бейнелейміз, 2 заңдылық - жақын тұрған заттардың контур сызығы қаттырақ басылады,алыстаған сайын айқындығын жойып, мұнарланады, 3 заңдылық - алыстаған сайын ашық түсті заттар қарайып , қара түсті заттар бозарып көрінеді. 4 заңдылық - жақын тұрған заттар /контрастты/көлемдірек,алыс заттар жазық болып көрінеді, 5 заңдылық - алыстаған сайын заттар ауа түтінімен бүркемеленіп,сұрқай болып көрінеді.

4.Сынып жұмысы. Енді осы заңдылықтарды сақтай отырып табиғат көрінісін салып шығайық.

5.Сабақты қорытындылау, бекіту.

Сонымен біз бүгін кеңістік перспективасымен таныстық. а/ Кеңістік перспективасы дегеніміз не ? Кеңістік перспективасы дегеніміз заттардың бізден алыстаған сайын түсінің, контурының , көлемінің өзгеру құбылысы. б/Суретті шартты түрде неше планға бөлуге болады ?.Олар қалай аталады ? Суретті шартты түрде үш планға бөледі.Алдыңғы, ортаңғы және артқы план. в/Жақын тұрған заттар қалай бейнеленеді ? Түстері қанық ,контуры нақты болады. г/Алыстағы заттар қалай бейнеленеді ? Алыстағы заттардың түстері солғын ,контуры жіңішке етіп бейнеленеді. 6.Үйге тапсырма Үйден табиғат көрінісін акварель бояуымен бояп аяқтап келеміз.

© 2010-2022