Натюрморт и композиция (5 класс)

Раздел Изобразительное искусство и Мировая художественная культура (ИЗО и МХК)
Класс 5 класс
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

№ 12 Пәні: Бейнелеу өнері Сынып: 5- сынып Күні: 26.11.15

Сабақтың тақырыбы: «Натюрморт и композиция»

Сабақтың мақсаты:

а) білімділігі; Натюрморт жазуда композиция жайлы терең түсінік қалыптастыру. Натюрморт

қоюдағы композиция іздестіру процесін үйрету.

ә) дамытушылығы; Суретті бейнелеуді тушь немесе қарандаш техникаларында орындай

отырып, оқушының шығармашылық қабілетін дамыту.

б) тәрбиелілігі; Эстетикалық, патриоттық , талғампаздық және байқағыштыққа тәрбиелеу.

Әдіс-тәсіл: Сұрақ- жауап, жаңа білімді меңгеру, сарамандық жұмыс.

Көрнекілік: Иллюстрация, натюрмортты орындау алгоритмі

Сабақтың барысы; І. Ұйымдастыру.

Оқушылармен сәлемдесу және сабаққа дайындығын тексеру

ІІ.Үй жұмысын сұрау.

1. Бейнелеу өнерінің түрлерін ата?

2. Ақ және қара түсте орындалатын өнер түрін ата?

3. Жануарларды бейнелеуді қандай жанрға жатқызамыз?

4. График суретшілерді ата?

ІІІ Жаңа сабақ

Натюрморт-француз сөзі, дәл мағнасы «өлі табиғат»деген ұғымды білдіреді.

Натюрморт- күнделікті тұрмыс заттарын, жеміс-жидектер, гүлдер, түз құстары мен теңіз байлығын бейнелейтін кескіндеме өнері жанрларының бірі.

Натюрморт алғаш рет ХҮІІ ғасырдың басында Голландияда пайда болды. Содан көптеген елдерге тарап, ХҮІІІ ғасырдың ортасында бейнелеу өнеріндегі кең тараған жанрға айналды. Осыдан кейін натюрморт салудан тамаша шеберлер шықты. Олар голландиялық В. Вельде, Ван Гог, Француз суретшісі П.Сезанн еді.

Қазақ суретшілерінен Айша Ғалымбаеваның «Дастарқан» атты натюрморты ашық, жылы түсті бояулармен қазақтың өзіне тән дастарқан мәзірін бейнелей отырып, ұлттық ерекшелігімізді, халқымыздың қоңақжай, ақжарқын кеңпейілділігін аса бір нәзік сезіммен жеткізе білген.

Натюрморт и композиция (5 класс)Натюрморт и композиция (5 класс)

А.Ғалымбаева «Дастархан» К. Есіркеев «Натюрмотр»

Композиция - латын сөзі, «ойлап шығару», «құрастыру» деген ұғымды білдіреді.

Композиция - адамның ой-қиялының жемісі. Тез арада композиция құрау ой зеректігін жетілдіреді.

Натюрморт и композиция (5 класс)

ІҮ. Сарамандық жұмыс

1) Техникалық қауіпсіздікті сақтау.

2) Натюрмортты бейнелеу алгоритмі

Натюрморт и композиция (5 класс)Натюрморт и композиция (5 класс)Натюрморт и композиция (5 класс)

1-кезең 2-кезең 3- кезең

Ү. Сабақты бекіту.

1. Штрихты, реңді суреттерді салып үйрену үшін қандай заттарды бейнелеу керек?

2. Натюрморт дегеніміз не және ол қашан, қайдан пайда болды?

3. Композиция дегеніміз не?

4. Натюрморт жанрында жұмыс істеген қандай суретшілерді білесің?

ҮІ Үйге тапсырма беру: 46- 51 беттерді оқу.

ҮІІ. Бағалау. Жұмыс орнын тазалау.













Натюрморт и композиция (5 класс)



Натюрморт и композиция (5 класс)

© 2010-2022