«Менің жаңа формация педагогі ретінде қалыптасуым» эссе

          Өтілген үшінші деңгейлік курс бағдарламасы бойынша көптеген жаңа технологиялармен, жаңаша сабақ беру әдіс-тәсілдерімен танысып, жұмыс істеу бағытымды жаңа формацияға байланысты толық өзгерттім.  Кембридж ғалымдары ұсынған жаңашыл жобаның тиімді екеніне бір жылдық жұмыс барысында көзім жетті. Ең алдымен өзімді-өзім реттеу мақсатын алдыма қойып жасаған жұмысымды талдауға тура келді           Бұл алған білімнің оқу үрдісінде және жеке өзімнің сабақтарымда пайдасы мол деп ойлаймын. Дәстүрл...
Раздел Изобразительное искусство и Мировая художественная культура (ИЗО и МХК)
Класс -
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

«Менің жаңа формация педагогі ретінде қалыптасуым»

Өтілген үшінші деңгейлік курс бағдарламасы бойынша көптеген жаңа технологиялармен, жаңаша сабақ беру әдіс-тәсілдерімен танысып, жұмыс істеу бағытымды жаңа формацияға байланысты толық өзгерттім.

Кембридж ғалымдары ұсынған жаңашыл жобаның тиімді екеніне бір жылдық жұмыс барысында көзім жетті. Ең алдымен өзімді-өзім реттеу мақсатын алдыма қойып жасаған жұмысымды талдауға тура келді. Бұл әдіс-тәсілдің біразымен ертерек таныс болғанмын, жаңа технологиялардың кейбір элементтерін сабақ барысында қолданып келдім, сабақтар қызықты болып өтетін, бірақ сондай жақсы нәтижелерге жеттім деп айта алмаймын. Енді курстан алған білімде жаңаша әдіс-тәсілдер аралас түрінде пайдаланылатын болды, жеті модульді сабақтарымда және тәрбие жұмыстарында қолдандым. Берілген барлық әдіс-тәсілдерді аралас түрінде пайдаланған өте тиімді, оқушыларға да ыңғайлы, топпен жұмыс жасағанды олар қолайлы деп санайды. Себебі жеті модуль арқылы мен өз сабақтарымда оқушыларды ынталандыруға, өз бетімен жұмыс істеуге, ізденуге жағдай жасаймын, бұл маған тез арада жақсы нәтижелерге жетуіме көмек болды.

Бұл алған білімнің оқу үрдісінде және жеке өзімнің сабақтарымда пайдасы мол деп ойлаймын. Дәстүрлі әдіс бойынша сабақтың тақырыбын айтып, түсіндіргеннен кейін оқушыларды сабаққа қызықтыру өте қиын болатын. Енді сабақтың басынан бастап аяғына дейін оқушылар бір құпияны ашуға асық болып отырғандай болады, сабақ үстінде қызығушылықпен мәтінді талдайды, бірігіп сурет салады, мүсіндейді, коллаж жасайды, бір бірімен пікір алмасады. Топпен салған суреттің бастапқы сабақтарда сапасы болмады, жұмыс түрлерін өзгертуге тура келді, әр түрлі техникада жұмыс жасады, кейіннен жұмыстары жақсара бастады. Бірнеше сабақтан кейін оқушылардың ұйымшыл болғандығын байқадым, бір-біріне түсініспеншілікпен қарайтын болды. Оқушылар топпен жұмыс істегенде, өзін-өзі немесе топтағы сыныптастарын бағалағанда, аз уақыттың ішінде көптеген өзгерістерді байқадым. Бұрынғы сабақта үндемейтін, сурет салуды ұнатпайтын оқушылар белсенділік танытты. Оқушылардың өзара қарым-қатынас мәдениеттері жоғарылай бастады. Ең бастысы қойылған мақсаттарыма жету болып табылады. Оған себеп болған, сабақтарымда пайдаланылған әр түрлі стратегиялар ЖИГСО, РАФТ, синквейн құрастыру, автор орындығы, Выготскийдің ЖАДА (жақын арада даму аймағы) үлкен рөл атқарғанын атап өту орынды болады. Оқушылар сабақта барлығы жауап бергендіктен, сабақтарға және сынып сағаттарына жауапкершілікпен қарайтын болды, үй тапсырмасын дайындап келіп отырады. Жасалған жұмыстарымның нәтижелерін анық көретін болдым, бұл маған мұғалім ретінде әрі қарай тәжірибемді жоғарылатуға уәждендіреді, жұмысымды осы бағытта жалғастыруға ынталандырады.

Бір жылдың ішінде өзіме көп тәжірибе жинақтап, шыңдалған сайын, сыни көзқарасым өзгере түсті. Мен оқытудың жаңа формасын енгізу арқылы тиімді жұмыс жасау жолдарын таптым. Курста алған біліммен мектепте жүргізілген тәжірибемді ұштастырған сәтте, бүгінгі оқушының сұранысын қанағаттандыратын, мұғалімді жаңашаландыратын жобаның білім жүйесіне енгізілуінің орынды екенін түсіндім. Жұмысымды талдай отырып, мен бағдарламаны толық игердім деп айтпасам да, нақты жұмысты қалай істеуім керек екенін білемін.

Мектептегі балалардың барлығын осы жаңа әдіспен оқытсақ, өте үлкен нәтижелерге жететініміз анық. Балалардың бір-біріне деген қарым-қатынасы және мұғалім ретінде өзімнің де көзқарасым көп нәрсеге өзгергенін мойындаймын. Бұл әдіс арқылы жалпы оқушылар мен мұғалімдер заман талабына сай өзгереді. Бұл келешек өмірде біздің еліміз үшін өте маңызды екеніне еш күмәнім жоқ!

Автордың ТАӘ

Жұмыс орны

Лауазымы

Эссе атауы

Байланыс телефоны

Эл. пошта мекенжайы

Аманбаева Жулдыз Отелбаевна

Бурабай кенті Сәкен Сейфуллин атындағы орта мектеп

Бейнелеу өнері және сызу пәнінің мұғалімі

«Менің жаңа формация педагогі ретінде қалыптасуым»


8 771 256 56 65

8 777 474 50 76

Үй 8(716 30)59185

[email protected]

Бурабай кенті Школьная көшесі 27 үй 10 пәтер


© 2010-2022