Бейнелеу өнері пәнінен сабақ жоспары Ұлттық нақыштар (6-сынып)

Раздел Изобразительное искусство и Мировая художественная культура (ИЗО и МХК)
Класс 6 класс
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат doc
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Бейнелеу өнері пәнінен сабақ жоспары Ұлттық нақыштар (6-сынып)

Махамбеткеримова Индира Бодаубековна

№ 47 орта мектептің бейнелеу өнері және сызу пәндерінің мұғалімі.

Бірінші санатты. Деңгей: III


Сабақ № 7

Күні:

Пәні:

Мұғалімнің аты жөні:

Мектеп:

47

Сыныптар:

6-сыныптар

14.10.2014

Бейнелеу өнері

Махамбеткеримова И.Б

Оқушы саны:

24

Сабақтың тақырыбы: Ұлттық нақыштар

Сабақтың мақсаты:

Оқушылардың ұлттық нақыштар туралы көркемдік білімдерін арттырып, ой қиялы арқылы топтық композиция құрастыруға бейімдеу, бейнелеу дағдыларын жетілдіру, бірлесіп жұмыс жасау, достарымен пікірлесу, талдау жұмыстары арқылы өзін-өзі дамытуға жағдай жасау.

Нәтиже:

Қазақтың ұлттық нақыштарының мәні мен мазмұнын түсінеді;

Ұлттық нақыштағы заттардан құралған композициялық натюрморт құрастырады;

Сабақ мазмұнында кластер дайындайды.

Тақырып мазмұнында ойлаудың қырларын түсінеді.

Топтық жұмыс арқылы өзін-өзі дамытады, сөйлеу мәдениеті қалыптасады.

Әдіс-тәсілдері:

«Ойлан жұптас талқыла», критериалды бағалау, «ойлаудың алты қалпағы», «комплимент айту», «кластерлер», шығармашылық жұмыс дайындау, сергіту,кері байланыс парағы

Негізгі дереккөздер:

Слайдтар, Арғынбаевтың Қазақ қолөнері, А.Ғалымбаева «Қазақтың ұлттық киімдері» альбомы, «Қазақтың дәстүрлі мәдениеті», үлгі жұмыстар

liveinternet.ru .gmirk.kz сайты sunny-art.ru babyblog.ru/community/post/Advertising/1697722kaz.alemproject.kz

vkoem.kzmassaget.kz info-tses.kz kamila.kz

bilimdiler.kz kk.wikipedia.org

Психологиялық ахуалды орнату. Ұйымдастыру кезеңі 2 минут

Мұғалімнің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

1. Сәлемдесу.

2. Ұйымдастыру.

3. психологиялық ахуал тудыру. /комплимент айту/

4. Топқа бөлу. /ұлттық нақытар суреттері арқылы/

5. Үй тапсырмасын сұрау.

Әлемнің атақты суретшілері.

Өзіндік жұмыс дайындау.

6. Сабақтың мақсатымен, міндеттерімен, сабақтың барысымен таныстыру.

Сәлемдесу.

Өздерін ретке келтіру. Кітап құралдарды, сурет дәптерлерді дайындыққа келтіреді.

Шаттық шеңберін құрып, бір-біріне комплимент айтады.

Үй тапсырмасын дайындайды.

Өзіндік жұмыстарын қорғайды.

Сабақтың тақырыбын анықтайды.

Қызығушылықты ояту. 7 мин (барлық сыныппен)

Видеоролик «Көкшетау қолөнершілері»

Берілген видео бойынша тобымен талқылап, ортақ ой түйеді. Ойды жеткізу.

Сабақтың негізгі бөлімі. Мағынаны тану (Мұғалім жаңа тақырыпқа шығады. Тапсырманың мақсатына тоқталады) 25 мин.

Мұғалімнің іс әрекеті

Оқушының іс әрекеті

  1. Ойлан, жұптас, талқыла 10 минут

Оқушыларға ұлтық нақыштар тақырыбында ресурстар таратылады. Сол бойынша жұмыс жасайды.

1-топ Ұлттық ыдыс-аяқтар

2-топ Ұлттық музыкалық аспаптар

3-топ Зергерлік бұйымдар

4-топ Ұлттық киімдер

(1 қосымшада)

Сергіту сәті. Көңілді күн.

  1. Практикалық жұмыс 15 минут

Берілген ресурс бойынша сәндік сурет пен кластер құрастыру тапсырмасын беру.

Жұмыстарға бағыт беру.

3. Суреттерді бағалау критерийлері:

1.Қағаз бетіне үйлестіру./суретшілер/

2.Бейнелеу заңдылықтарының сақталуы. /суретшілер/(Жарық, көлеңке, түстік, тондық ерекшеліктер)

3. Тақырыптың ашылуы. /Өнертанушылар/

4. Эстетикалық сапа./екеуіне ортақ/

5. Уақыт./екеуіне ортақ/

Бес балдық жүйемен:

22-25 ұпай - «5» «ең үздік сурет»

18-21 ұпай -«4» «көркем сурет»,

14-17 ұпай - «3» «қанағаттанарлық сурет»

Жұмыстар формативті бағаланады.

Рерурс бойынша жеке ойланып, жұбымен пікірлесіп, одан соң топпен талқылайды. Бейнелеу өнері оқулығынан материалдармен танысады.

67-75 бет.


Берілген тапсырмалар бойынша топ ішінде «суретшілер» және «өнертанушылар» болып бөлініп, суретшілер сәндік сурет салумен, өнертанушылар кластер құрастырумен айналысады

Тапсырмаларды бағалаудың ортақ критерийлерімен танысады..

Топтар

критерийлер

1

2

3

4

5

1


2


3


4


5


жалпы


Бағасы


Топтар бір бірлерінің суреттерін бағалайды.

1-2-3-4-5-1 әдісімен.

Ой толғаныс 6 мин

«Қазіргі кезде қазақтың ұлттық киімінің орны қандай?» тақырыбында Эдуард де Бононың «Ойлаудың алты қалпағы» бойынша жұмыс.

Ақ (ақ бұлттар) - фактілер, цифрлар және мәліметтерді таза күйінде беру

Қызыл (от) - ішкі сезім, эмоция, сезінулер және интуицияны білдіру

Қара (тұман) - негативті ойлау, мысалы: "бұл орындалмайды, себебі...."

Сары (күн) - оптимизмді, ашықтықты, позитивті және конструктивті ойлар, ұсыныстар, мысалы: «неге, бұл міндетті түрде орындалады!»

Жасыл (дала) - жаңа идеялар ағымын тудыратын шығармашылық ойлар

Көк (аспан) - жоғары деңгейдегі жалпы көзқарастарды, білдіреді, қорытындылайды

Қорытындылау

Оқушылардың ойын қорыту.

Бүгінгі сабақтан алған білімдерін қорытады.

Бағалау 2 мин.

Мұғалімнің іс әрекеті

Оқушының іс әрекеті

Критерийлерді ескере отырып, жиынтық баға шығару

2-қосымшада

Бірін-бірі формативті бағалайды.

Үйге тапсырма 1 мин

Мұғалімнің іс әрекеті

Оқушының іс әрекеті

Тапсырмаларды түсіндіру

Ұлттық нақыштардың нобайлық эскиздерін салып келу, ою өрнектермен әшекейлеу.

Тапсырмаларды күнделіктеріне белгілеп алады.

Рефлексия 2 мин


Мұғалімнің іс әрекеті

Оқушының іс әрекеті

Бүгінгі сабақтан алған білімдерін, «Не ұнады?», «Не ұнамады?», әдісі бойынша пікірін білу.

Өздерінің пікірлерін, стикерге жазып іледі.



Сабақты бағалау критерийі

/2-қосымша/

Бағалау критерийлері

Орындалатын деңгейлер

Межелі

ұпайлар

Өзінің

ұпайы

Мұғалімнің

ұпайы

Үй жұмысына атсалысуы

Жартылай

1

9-10 ұпай- «5»

6-8 ұпай- «4»

4-5 ұпай- «3»



толықтай

2

Берілген тақырып бойынша топтық талқылауларға қатысуы

Жартылай

1

толықтай

2

Берілген уақытты тиімді пайдалануы

Жартылай

1

толықтай

2

Практикалық жұмыстағы белсенділігі

жартылай

1

Толықтай

2

Сабақ барысында басқаларға сұрақ қоюы.

аз мөлшерде

1

айтарлықтай

2

Жалпы




/1-қосымша/ Ресурстар

1-топ

Бейнелеу өнері пәнінен сабақ жоспары Ұлттық нақыштар (6-сынып)

Көшпенді өмір салтына байланысты қазақтардың ыдыс-аяқтары алғашқыда тек теріден және ағаштан жасалған. Себебі, азық салуға, ас дайындауға сынбайтын ыдыс қажет болды. Ошақтың негізі болған мыс қазан біздің заманымыздан бұрынғы 3-4 ғасырда пайда болған дейді тарихшы ғалымдар.

Жылқының, өгіздің мойын терісінен жасалатын, қымыз құюға арналған торсықтың негізінен екі түрі бар. Біріншісі, дөңгелене келіп, ағашпен жиектеліп, терімен қапталады. Қылқа мойынды ұзынша, тығын салатын аузы бар. Екіншісі, айбалта пішінді. Үлкен иіннен жоғары шыққан қошқар мүйізді қос қапталы бар және мойыны ұзын. Торсық тек қымыз құю үшін ғана емес, оны бабында ұстауға да ыңғайлы. Ұзақ сапар кезінде шайқалып, қымыз қашанда бабында сақталады. Ал қымыз ашытатын ең үлкен ыдыс - саба. Ол тұтас теріден (екіден бес теріге дейін) тігіледі. Әрқайсысының өз аты болған, мысалы «бес биенің сабасы», «тай жүзген» деген сияқты. Сондай-ақ түйенің мойын терісінен қымыз ашыту үшін сүйретпе жасаған. Оның емдік қасиеті де бар екен.

Ыдыста да ырыс бар...

"Шешесін көріп - қызын ал, ыдысын көріп - асын іш" деген қазақ мақалында пәлсапалық, әлеуметтік ой жатыр. Демек, ата- бабаларымыз ұлт тұрмысында ас сақталатын ыдыс аяққа да үлкен мән берген. Олар ыдысты көбіне ағаштан (еменнен, қайыннан), малдың (жылқының, ешкінің) терісінен, металдан (мыстан, жезден) жасайтын болған.

Қазақ дәстүрге, ырымға, қолөнерге өзінше бай, оның ішінде ұлттық ыдыстарымыз да. Біз бүгін өскелең ұрпаққа ұмыт қалып бара жатқан осындай ыдыстарды таныстыра кетуді жөн көрдік. Қарапайым деген шәугімнің орнын тефаль, күбінің орнын сепаратор басқан заманда мұны білу маңызды. Өзіңіз біліңіз, өзгеге айтыңыз...

Аяқ - ағаштан жасалған көлемі шұңғыл табақтан кіші, әсем, сырлы ас құятын ыдыс.

Аяққап - киізден, былғарыдан істелген, кереге басына ілетін, аяқ сақтайтын ыдыс.

Бейнелеу өнері пәнінен сабақ жоспары Ұлттық нақыштар (6-сынып)

Астау - ет салатын, көлемі табақтан үлкен, ұзынша ағаш ыдыс.

Бұлқыншақ - жылқының, ешкінің бітеу сойылған сан терісінен жасалған сұйық құятын ыдыс.

Бақыраш - су құйып алуға арналған темір ыдыс.

Бүйен - ал бүйенінен жасалған, май сақтауға арналған ыдыс.

Жанторсық - жолаушы жанында жүретін, сусын құятын шағын тері ыдыс.

Жуаз - май шайқайтын ағаш ыдыс.

Зерен - шара тәріздес, беті қақпақты, күміспен, сүйекпен шекетулеген кәделі ағаш ыдыс.

Бейнелеу өнері пәнінен сабақ жоспары Ұлттық нақыштар (6-сынып)

Күбі - талдан, аршадан қиып жасалатын, айран, қымыз пісуге арналған іші кең ыдыс.

Кеспек - еменнен жасалып, сырты темірмен құрсалған, су немесе іркіт құятын үлкен ыдыс.

Бейнелеу өнері пәнінен сабақ жоспары Ұлттық нақыштар (6-сынып)

Керсен - ағаштан жасалған шұңғыл табақтың үлкені.

Кесекқап - кесе сақтайтын аяққап тәріздес ыдыс.

Көзе - қыштан жасалатын, түбі кең, аузы тар сұйық құятын ыдыс.

Көнек - теріден қатырып жасалынған, шүмегі бар бие сауатын шелек.

Қазан - шойыннан жарты шар үлгісінде құйылған, ұстауға қолайлы, төрт құлағы бар, көлемі әр түрлі, бетінде қақпағы бар тамақ пісіруге арналған ыдыс.

Қарын - бұзаудың, қойдың қарнынан жасалған май сақтайтын ыдыс.

Қасық - ағаштан, темірден жасалған сұйық тамақ ішетін ыдыс.

Құты - су, сусын құятын шағын ыдыс.

Құмыра - қыштан жасалған, сұйық ас құятын ыдыс.

Құман - қолға су құятын шәйнектің бір түрі.

Құманша (ақ құман) - шай бұқтыратын шағын ыдыс.

Ожау - сұйық құятын сапты ыдыс.

Мес - ас құятын, сақтайтын тері ыдыс.

Саба - жылқы терісінен тігілетін, қымыз құятын кәделі ыдыс.

Бейнелеу өнері пәнінен сабақ жоспары Ұлттық нақыштар (6-сынып)

Самаурын - шай қайнататын ыдыс.

Табақ - ет тартатын, кәделі, жиекті ағаш ыдыс.

Таба - отқа салып нан көметін екі бетті ыдыс.

Бейнелеу өнері пәнінен сабақ жоспары Ұлттық нақыштар (6-сынып)

Торсық - су, сусын құятын шағын тері ыдыс.

Тостаған - ағаш аяқтың шағын түрі.

Тегеш - металдан жасалған мескенің бір түрі.

Тегене - ағаштан жасалған шұңғыл тік жиек ыдыс.

Топатай - су, сүт құятын кішкене ыдыс.

Түйемойнақ - түйенің мойын терісінен жасалған, су құятын тозбайтын үлкен ыдыс.

Піспек - сабадағы, күбідегі асты шайқайтын дөңгелек басты сапты құрал.

Шөген - шойыннан жасалған шұңғыл, қазан тәрізді ыдыс.

Шелек - су таситын, мал сауатын қаңылтыр не ағаш ыдыс.

Бие - шелек тек бие сауатын шелек.

Шәугім - құманның бір түрі.

Шара - ағаштан ойып жасаған қымыз немесе сұйық ас құятын шұңғыл тік жиек ыдыс.

Бейнелеу өнері пәнінен сабақ жоспары Ұлттық нақыштар (6-сынып)

Шәйнек - жезден, мыстан жасалған құманның бір түрі.

Шөміш - қазаннан ас құятын ыдыс





2-топ

Домбыра аспабының қалай пайда болғанына байланысты қазақ халқының ортасында сақталған аңыз аса мол. Солардың біразын Б. Сарыбаев, Қ. Жұбанов, Ө. Жәнібеков, А. Сейдімбеков еңбектерінде жақсы көрсеткен.
Домбыра және домбыра күйі туралы сөз қозғағанда осы зерттеушілердің еңбектеріне сүйенеміз. Ақселеу Сейдімбек «Күй шежіре» еңбегінде осы аңыздардың екеуіне ерекше назар аударады. Соның бірі Шығыс Қазақстан обылысы Күршім ауданының тумасы Арғынбек Қилыбаев ақсақалдың айтуымен хатқа түскен «Қос ішек» күйінің аңызы.

Ертеде бір аңшы жігіт болыпты. Сол аңшы жігіт биік таудың қиясын, қалың қарағайдың арасын тұрақ еткен бұғы - маралды аулап, кәсіп етсе керек. Бірде жолы болып, биік таудың қиясынан теңбіл марал атып алады да, маралды етекке түсіру үшін ішек - қарынын алып тастайды. Содан арада айлар өткенде, аңшы жігіт аң атуға ұрымтал жер еді ғой деп, баяғы теңбіл маралды атқан жерге соқса, құлағына бір ызыңдаған дауыс естіледі дейді. Барлап қараса, өткенде атқан маралдың ішек - қарынын қарға - құзғын іліп ұшқан болу керек, қарағайдың бұтағына қос тін болып керіліп қалғанын көреді. Ызыңдаған дыбыстың сол ішектен шығып тұрғанын аңғарады. Қарағайдың бұтақтарына керіле кепкен ішекті сәл ғана жел тербесе ызыңдап, жанға жайлы дыбыс шығарады. Оның өзі бірде уілдеп, бірде сарнап, енді бірде сыңсып жылағандай болып, аңшы жігітті алуан түрлі күйге бөлейді. Сол жерде аңшы жігіт «қой мына қос ішекке тіл бітейін деп тұр екен, бір амал жасайын» - деп, ішекті үйге алып келеді де, бір аспап жасап, соған қос ішекті тағады. Содан тартып көрсе, шынында да қос ішекке тіл біткендей сұңқылдап қоя береді. Бұл үн аңшы жігіттің ғана жанын жадыратып қоймайды, тыңдаған жанның бәрін ұйытады. Осылайша домбыра көптің сүйіп тыңдайтын аспабына айналады. (күй тыңдату Құрманғазы «Адай» орын: Мұрат Әбуғазы)

Шаңқобыз - қазақтың көне музыкалық аспабы. Ағаштан, темірден кейде күмістен жасалады. Ағаштан жасалған шаңқобызға жіп байланып, сол жіпті серпіп тарту арқылы ортасындағы тілше тербеліп, дыбыс шығарады. Ол ашалы сым темірден немесе күмістен жасалған.

Сыбызғы - қазақтың үрмелі көне музыкалық аспабы. Қурайдан, ағаштан, кейде жезден де жасалады. Ұзындығы 600 - 650 см

Адырна - қазақтың көп ішекті шертпелі аспабы. Аспаптың шанағы қуыс, беті көн терімен қапталады. Б. з. б. аңшылар ұстанған көне аспап саналады. Оның көне үлгісі әуелде садақ тәріздес болған. Кейін бұғы, марал, киік, бөкен тәрізді аңдарға ұқсастырып жасап, мүйіз бен құйрықтың екі арасына ішектер тартып ойнаған.

Жетіген - (жеті ішекті) көп ішекті шертіп ойналатын музыкалық аспап. Жалпы тұрқы ұзынша, жәшік тәріздес, бетіне жұқа тақтайдан қақпақ жабылып, үн беретін ойықтары салынады. Жетіген аспабының жасалуы да, ойнау әдіс - тәсілі де өте күрделі. Ертеректе ел арасында сақталған көне жетігеннің ішегі аттың қылынан тағылып, тиектің орнына асықтар пайдаланылатын болған. Аспаптың құлақ күйі осы асықтарды әрлі - берлі жылжыту арқылы келтірілген. Ішек сандары жетеу болғандықтан, аспап жетіген аталған.


Зергерлік сәндік әшекей бұйымдар

3-топ

Бейнелеу өнері пәнінен сабақ жоспары Ұлттық нақыштар (6-сынып)

Қазақ зергерлері негізінен әйелдердің сәндік әшекей заттарын (сырға, білезік, жүзік, сақина, шолпы, алқа, қатырма, шашбау, т.б.), ұсталары - батырлардың қару-жарақтарын (айбалта, көксүңгі, алдаспан, дулыға, кісе, қорамсақ, садақ, шоқпар), шеберлері - үй іші мүліктерін (кебеже, жүк аяқ, ағаш төсек, асадал, адалбақан, зерлі аяқ), аңшылық жабдықтар (томаға, тұғыр, балдақ, оқшантай), музыка аспаптарын (асатаяқ, қобыз, домбыра, сыбызғы, дауылпаз, сазсырнай) әсем жасай білген. Қазақтың зергерлік заттарында жан-жануарларға байланысты мифтік ұғымдағы өрнек түрлері (қошқар мүйіз, түйе табан, таңдай), көкөніс өрнектер (жапырақша, гүл, сабақша), ұласымды өрнектер (ырғақ, сағақтау, айқас), геометриялық өрнектер кездеседі.Бейнелеу өнері пәнінен сабақ жоспары Ұлттық нақыштар (6-сынып)
Қазақтың қыз-келіншектерін ажарландыра түсу үшін, оларға арнап алуан түрлі әшекейлі бұйымдар жасаған. Олардың ішіндегі ең көрнекті де қымбаттысы - сәукеле.

Бейнелеу өнері пәнінен сабақ жоспары Ұлттық нақыштар (6-сынып)Қазақ әйелдерінің ең көп тұтынатын бұйымы - білезік. Ол көбінесе жұмыр, төрт қырлы және ширатпалы болып келеді. Білезіктің ашылып жабылатын түрі де болады. Әйелдерге арналған әсем бұйымның бірі - жүзік. Оның үстіңгі бетіне әр түрлі тастардан не өңді әйнектерден ою-өрнек жүргізіледі.
Бейнелеу өнері пәнінен сабақ жоспары Ұлттық нақыштар (6-сынып)Жүзікке көбінесе күмістен көз, балдақ, құс тұмсық орнатылады. Соған орай көзді, балдықты, құс тұмсық жүзік деп аталады. Сондай-ақ мөр жүзіктер де болады. Әйелдерге және ерлерге арналған сақиналар да соғылады. Күміс сақиналар көбінесе шапқымен шикіліп, бізбен ғана безіледі.

Бейнелеу өнері пәнінен сабақ жоспары Ұлттық нақыштар (6-сынып)

Беті көлемді құдағи жүзіктерде істеледі. Әйелдер құдағи жүзігін көбінесе келіндеріне, не қызының біріне мұра ретінде сыйға тартқан. Шебер ұсталар сақина мен жүзікке есімдерді де өрнектеген. Аса қадірлі жүзікке Мұхамедтің атын жазған.


Бейнелеу өнері пәнінен сабақ жоспары Ұлттық нақыштар (6-сынып)Қазақ әйелдеріне арналған көркемдік бұйымның тағы бір түрі - сырға. Сырғаны көбінесе бойжеткен қыздар құлаққа тағады. Сондықтан сырғалар әсем де жеңіл жасалады. Сырғаның ай, айшықты, тұмар қозалы, салпыншақты, тас алтын, күмісті, қоңыраулы, күмбезді т.б. түрлері болған.
Бейнелеу өнері пәнінен сабақ жоспары Ұлттық нақыштар (6-сынып)

Қазақ әйелдерінің ең жеңіл бұйымдарының бірі - алқа. Ол бір-бірімен шығыршық арқылы жалғасады және бірнеше төрт бұрыш, үш бұрыш, дөңгелек әшекейлерден көрініп тұратын болғандықтан асыл тастармен өңді әйнектермен безендіріледі.

Бейнелеу өнері пәнінен сабақ жоспары Ұлттық нақыштар (6-сынып)

Мойынға тағатын әшекей заттың бірі - бой тұмар. Оны ертеде әйелдер ғана емес, еркектер де тағатын болған. Тұмар іші қуыс, әдемі былғарыдан тігіліп, ою-өрнектеліп күміс шынжырмен мойынға асып алады. Адамды пәле-жаладан, тіл-көзден сақтау үшін оның қуысына қасиетті дұғаны қағазға тығып қояды.

Бейнелеу өнері пәнінен сабақ жоспары Ұлттық нақыштар (6-сынып)

Қазақтың бойжеткендері шолпы таққан. Шолпының ызған не кестелі бауға тағып, шашпен бірге өріп қойған. Жас әйелдердің көп қолданылған әсем бұйымының бірі - шаш қалта. Оны тана моншақпен безендіріп өрген шашты соған салып қояды.


Бейнелеу өнері пәнінен сабақ жоспары Ұлттық нақыштар (6-сынып)

Әйелдер мен еркектер үшін істеліп, көп тұтынатын заттың бірі - түйме. Шебер зергерлер бойжеткен қыздың немесе батырдың түймесін алтын, күміс, мыс т.б. металды қолданып, әшекейлеп, оюлап жасайды. Дөңгелек, үш бұрыш, төрт бұрыш түймелер істелген. Түйменің сабағы, сағағы жоғын тана деп атайды.

Бейнелеу өнері пәнінен сабақ жоспары Ұлттық нақыштар (6-сынып)
Қазақ зергерлері қыздар мен келіншектердің ісмер, шебер болуы үшін және қолды жарақаттап алмауы үшін оларға арнап әдемі оймақтар жасаған. Оймақ көбінесе күміс пен мыстан өрнектеліп, ине тоқтар жері көп шұқыланып бейнеленген. Оймаққа өте жіңішке күміс бау да тағылған. Оймақ былғарыдан да жасалады. Оны матадан көйлек, камзол т.б. іш киімдер тігуде қолданады.




Бейнелеу өнері пәнінен сабақ жоспары Ұлттық нақыштар (6-сынып)Қазақ келіншектерінің ең әдемі, ең көп қолданған әшекей заты -түйреуіш. Әсіресе, кербез әйелдер алтындаған, күмістеген және оқшантайлы белбеу буынған. Қазақ әйелдері алтындаған, күмістеген, әрі жіңішке әрі жібекпен шеккен, шығыршықты ілмекті үзбелі белбеу тұтынған. Оның қалай және неден істелгенін, қалай әшекейленгенін, нендей қосымша пайдаланатын құралы барлығын білдіреді.Оның қалай және неден істелгеніне байланысты «шығыршықты белбеу», «мақпал белбеу», «дүрия белбеу» т.б. аттары бар.

4-топ

Әйелдердің бас киімдері
Қазақ әйелдері жасы мен отбасы жағдайына байланысты өзіндік ерекшелігі бар баскиімдер киген. Олар-дың жазғы, қысқы түрлері болады. Әйелдердің негізгі баскиімдері: бергек, бөрік, жаулық, желек, жырға, кимешек, күндік, орамал, қарқара, сәукеле, тақия, шәлі (жібек, шілтер, оюлы ж.т.б.).

Ұлттық киімдердің түрлері Бас киімдерXIX ғасыр мен XX ғасырдың бас кезіндегі қазақтың ұлттық киімдеріне зерттеу жүргізген И.В.Захарова мен Р.Р.Ходжаева ер адамдардың бас киімдерін 6 топқа бөледі. Олар мынандай:

1. Дөңгелек, жеңіл, өзін сырып, кестелеп матадан тіккен және қалпақ, тымақ астынан киетін кішігірім бас- киім - тақия.
2. Матадан тігілген кішкентай, етегі терімен көмкерілген баскиім - төбетей.
3. Киізден тігілген баскиім - қал-пақ.
4. Қалың матадан тігілген башлық (күләпара).
5. Тері қапталған жылы баскиім - бөрік.
6. Аң терісінен жасалып, суықта киетін баскиім - тымақ.

Ерлердің бас киімдері
Тақия - шағын сәтен, шұға, барқыт тәрізді маталардан тігіледі. Ол зерлі, үкілі, оқалы, сырма, шошақ төбе, тікше, қатипа тәрізді бірнеше түрге бөлінеді. Қытайдағы Шыңжан қазақтарының найман тайпасындағы қызай руында «Қызай тақия» бар.
Қалпақ - ақ киізден, қалың матадан жасалады. Ол биік төбелі болып келеді. Қойдың ақ жүнінен, қозының ақ күзем жүнінен, ешкінің ақ түбітін қосып басқан шымыр киізден тігеді.
Мұрақ - екі жағы қошқар мүйізді, лауазымды адамдар киетін қалпақ. Оны сән - салтанатқа киеді.
Тымақ - аңның, малдың терісінен тігілген қысқы баскиімдердің жылысы. Биік төбелі, маңдайы, екі құлағы бар, артқы етегі желке, жотаны жауып тұрады.
Вл. Плотников 1859 - 1862 жылдары тымақтың 15 түрі туралы жазған. Олардың бізге жеткен кейбір түрлері мынандай: жаба салма тымақ; қайыр-ма тымақ; дөңгелек төбелі тымақ; шошақ төбе тымақ; жекей тымақ.
Құлақшын - бағалы аң терілері мен бұзау, құлын, қозы - лақтың бұйра терісінен (елтірі) тігіп, киеді. Қысқы баскиім.

Киімге байланысты ырымдар
Жас қыздың басына ақ, қара орамал тартпайды. Ақ - жаулықтың, қара - қайғының белгісі.
Жаңа түскен келін киім-кешегін қысқартса, нәрестесі кем туады немесе ол түсік тастайды.
Нәрестенің иткөйлегін далаға тастамайды. Олай жасаса, сәбиге сырқат жұғады. Сәбидің бақыты иткөйлегін кигеннен басталады.

«Қазақтың ұлттық киімдері» альбомының авторы, қазақстанның халық суретшісі А.Ғалымбаева, көптеген эскиздер салумен айналысқан.



© 2010-2022