Сиқырлы қалам шығармашылық сайыс

Раздел Изобразительное искусство и Мировая художественная культура (ИЗО и МХК)
Класс -
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат doc
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы


Білім беру саласы: Шығармашылық

Тобы: Балауса тобы

Ұйымдастырылған оқу іс әрекеті: Бейнелеу

Тақырыбы: Бұйра тоқтылар

Мақсаты: Тоқтылар туралы жалпы түсініктеме беру,оның мінезімен,түр сипатымен таныстырып өту. Бұйра тоқтының жүндерін штрихтау әдісі арқылы толықтырып штрихтау.Қағаз бетіне дұрыс орналасуын және құрал жабдықтармен сауатты жұмыс жасауын қадағалау.Балаларға эстетикалық тәрбие беру және әдемілікке,әсемдікке тәрбиелеу.

Көрнекілік:

Кезең бойынша орындалған қошақан суреті.Штрих түрлері.

Қолданылатын құрал-жабдықтар:

Қағаз,қара графит,түрлі түсті қарындаштар

Қостілділік компонент:

Тоқты - овца- sheep

Іс-әрекет кезеңдері

Мұғалім әрекеті

Бала әрекеті

Мотивациялық - қызығушылық


Ұйымдастыру-ізденушілік

Сиқырлы қалам шығармашылық сайыс

Сиқырлы қалам шығармашылық сайыс


Рефлексивті-түзету

Балалармен амандасу.

  • Шаттық шеңбері:

Күндей жайнап, гүлдей бойлап,
Туған жерден нәр алып,
Күліп ойнап, күнде тойлап,
Өтеді біздің балалық.

Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің тақырыбы айтылады.

Балалардың назарын аудару. Суреттермен түсіндірме жұмысын жасау.

Түрлі үй жануарларының суреттерін көрсетіп атауларын айтқызу арқылы ойларын дамыту.

Сурет салып бастамас бұрын кезекті ережелерге мән береміз:

  • Алдымен қағаз бағытын көлденеңінен орналастырамыз;

  • Қарындаш көмегімен қошақан нобайын салып аламыз;

  • Орнын белгілейміз,денесін саламыз;

  • Оған шеңбер арқылы басын біріктіреміз;

  • Аяқтарын,құйрығын,бас бөлшектерін салуды да ұмытпаймыз;

  • Тоқты ауада қалқып тұрмауы үшін оның жанына шөптер,гүлдер салуға болады,

  • Аспанға күнді,бұлтты салу арқылы сюжет құрастырамыз;

  • Осылайша біздің нобайымыз аяқталады;

  • Келесі кезеңде суретімізге түс беруге көшеміз;

  • Тоқтыны штрихтау яғни сызықтармен сызғылау арқылы шығарып аламыз;

  • Әрі қарай түстерді реттілікпен қолдана отырып жұмыты аяқтау;

Сыртына шығармай бояу;

Балалар біз бүгін ненің суретін салдық?

Тоқтыға жалпы сипаттама берейік.

Оны қалай бейнеледік?

Суреттерің өздеріңе ұнадыма?

Үлгірімі төмен балаларға түзетулер жүргізу. Балалардың барлығын жиі мадақтау. Жұмыстарын тексеріп, бағалау.



Күтілетін нәтиже:

Білуі тиіс: Үй жануарлары туралы, бұйра тоқтылар жайында жалпы мағлұмат.

Игеруі тиіс: Сурет салу барысында әр түрлі сызықтарды еркін сыза алу. Өз бетімен сурет салуды игеру.

Істей алады: Берілген тапсырманы уақыты орындау.

Мұғалім: Жолмағанбет Р.Б.

Сиқырлы қалам шығармашылық сайыс

© 2010-2022