Сызу пәні әлеміне саяхат

Раздел Изобразительное искусство и Мировая художественная культура (ИЗО и МХК)
Класс 9 класс
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Сабақтың тақырыбы: Сызу пәні әлеміне саяхат.

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: Сызу пәні арқылы оқушылардың білімдерін

тиянақтау,білім,білік дағдысын тексеру.

Дамытушылық: Оқушыларды практика және теория жүзінде салыстыра

білуге, оны сауатты сызып ойлау қабілетінің дамуына,

сапалы да саналы да шешім қабылдауға азаматтық

көзқарасын қалыптастыру.

Тәрбиелілік: Оқушылардың әдемі де әдепті болуына баулу,бір-

бірімен тұлғалық қарым-қатынасты қалыптастыру.

Міндеті: Өз білімдерін,ойларын еркін айта және аша білуі.

Түрі: Дәстүрлі емес.

Типі: Сыныптан тыс сабақ.

Әдісі: Топпен жұмыс,сұрақ жауап,баяндау,ой-қозғау,тыңдау.

Саламатсыздар ма, құрметті ұстаздар мен оқушылар!

Талпынған өр шыңдарға жас таланттар,

Ақ орда аспанында ән қалықтар.

Күтіп тұр арман қуған өрендерді,

Ән жырмен ойға толы сын сағаттар,-дей келе сайысымызды бастауға рұқсат етініздер.Сайысымызға қатысатын екі топты ортаға қошаметпен шақырамыз! Сайыс болған соң сайыскерлерімізге әділ баға берер әділ-қазы болады.Бүгінгі кеште әділ де лайықты баға беріп,байқау жеңімпаздарын анықтауға өз үлестерінізді қосыңыздар.Ендеше ортамыздағы әділ-қазы мүшелерін таныстырайық.

Байқаудың шарттарымен таныстырып өтейік:

1. «Сәлем сөздің атасы» таныстыру.

2. «Білімділер» бекеті.

3. «Қандай сызықтар жетіспейді»бекеті.

4. «Адасқан көріністер» бекеті.

5. «Білім туралы мақал-мәтелдер»бекеті.

6. «Фигуралар әлемі»бекеті.

7. «Кім жылдам?»бекеті.

1.«Сәлем сөздің атасы» таныстыру.

Білім қуып сайыскерлер өтер деймін

Бір басына өнері жетсе деймін

Бәске түскен сайыскерлер кезектесіп

Таныстырып өздерін өтсе деймін.

(Әр топ өз төс белгілері жөнінде және топтың аты туралы айтып өтеді)

Таныс болдық сайыскерлердің тегіменен

Туып өскен мекенімен жеріменен

Абайдай бәрі ақын көрінді

Таныстырып кетті ғой төгіп өлең-деп сайыскерлерімізбен таныс болдық.

Енді келесі сайысымыздың бөліміне көшсек «Білімділер» бекеті деп аталады.(Мектеп бағдарламасына сай сызу пәні бойынша сұрақтар қойылады)

Өнер білім негізінен,

Өтеді енді сынақтар

Мазалайтын,ойланатын

Қойылады сұрақтар.


1.Қаттылығы орташа карандашты қалай атайды?

2.Сызбада неше тұтас сызық бар?

3.Өлшем сызығын ата?

4.А4 форматының өлшемі?

5.Масштабты неше топқа бөлеміз?

6.Аксонометрия сөзінің қазақша баламасы?

7.Көріністерді қалай орналастырамыз?

8. Аксонометрия нешеге бөлінеді?

9.Қай кескін негізгі деп аталады?

10.Көз мөлшерімен сақтай отырып,қолмен орындалатын кескін?

11.Алдыңғы көрініс қалай аталады?

12.Сол жақ көрініс қалай аталады?

Мінекей «Қандай сызықтар жетіспейді»бекетіне де жеттік.Мына көріністерде қандай сызық жетіспейтінің А4 пішіміне сызып көрсетіңдер.

Өнер білім еңбекке

Жақын болар ұрпақпыз.

Он саусағы майысқан

Шебер болар ұрпақпыз.

Тұла бойы тұнған бір

Өнер болар ұрпақпыз-дей келе «Адасқан көріністер» бекетіне келдік.Мына берілген геометриялық денелердің орындары ауысып кеткен әрқайсының орындарын тап.

Келесі сайысымыз «Білім туралы мақал-мәтелдер»бекеті.Екі топ білім туралы мақал-мәтелдерді айтып жарысады.

«Фигуралар әлемі» бекетінде оқушылар берілген фигуралардың аттарын атайды.

Білім мен өнер жарысып,

Тәрбие,тәлім табар ма?

Бұл бәйге ойдың бәйгесі,

Кім жүйрік ойға саларда.

«Кім жылдам?» бекетінде берілген уақыт ішінде жылдам жауап беру.

Ақылдылық оқушыға жарасады,

Көзі ашыққа кім бүгін санасады.

Келесі сұрақ-жауап сайысында,

Сыналар білім мен парасаты,

1.Кубтың неше қыры бар?

2.Циркуль сөзінің қазақша баламасы?

3.Үзік сызық не үшін қажет?

4.Формат қай елдің сөзі?

5.Параллель сызықтар дегеніміз не?

6.Проекция қай елдің сөзі,оның қазақша баламасы?

7.Диметрия дегеніміз не?

8.Жазықтықтың қанша түрі бар?

9.Сызба қағазы қалай аталады?

10Карандаштар графиттеріне қарай неше топқа бөлінеді?

11.Сызбада неше сызық қолданылады?

12.Бір түзу сызықтың екінші түзу сызыққа біртіндеп көшуі?

13.Горизонталь қандай көрініс?

14.Изометрия дегеніміз не?

15.Төрт жақты пирамида үшін неше көрініс жеткілікті?

16.Алдыңғы,үстіңгі сол жақ,астыңғы,артқы көріністер жалпы қалай аталады?

17.Нәрсенің неше есе кіші, неше есе үлкен екенің көрсететін шама?

18.А3 форматының өлшемі?

19.Шардың проекциясында өзгеріс болады ма?

20.Проекциялардың профиль жазықтығындағы кескіні не деп аталады?



© 2010-2022