Өзімнің іс-тәжірибеме өзгерістер енгізу туралы рефлективті ойлау жазылған есеп

Мұғалімдерге арналған нұсқаулық бойынша: 2«Дәстүрлі оқытудан алынған механикалық  есте сақталған мәліметтерді емтихан кезінде ұтымды пайдалануға болады бірақ мән-мағынасы терең меңгерілмей, жай ғана жатталғандықтан, тақырыпты оқыту аяқталған соң немесе емтихан біткен соң керексіз болып қалады және оқушы оны өмірде пайдалана алмайды. Сындарлы оқытудың мақсаты – оқушының пәнді терең түсіну қабілетін дамыту, алған білімдерін сыныптан тыс жерде , кез келген жағдайда тиімді пайдалана білуін қамтамасы...
Раздел Изобразительное искусство и Мировая художественная культура (ИЗО и МХК)
Класс -
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Өзімнің іс-тәжірибеме өзгерістер енгізу туралы рефлективті ойлау жазылған есеп

1«Мектеп жұмысы мен оқушы жетістіктерін өрістеудегі негізгі тұлға - мұғалім». Осыған орай мен өз іс-тәжірибеме көптеген өзгерістер еңгіздім.

  • Сабақ беруде әдіс-тәсілдерімен бірге формаларын де өзгерттім.

  • Жұмысым үлкен қадамдармен алға баса бастады деп те айтуға болады.

  • Сабақтарымды 45 минутта өткізіп үлгермей жатырмын, сабақта барлық балалар жұмыс жасайды, бұрынғыдай көлеңкеде қалып қоймайды.

  • Көптеген жаңалықтарды аштым өзім үшін.

  • Жаңа әдіс-тәсілдермен жұмысымды жоспарлағанда басқа мұғалімдермен қарым-қатынас жасаған тиімді болады деп шештім.

  • Мақсатыма жету үшін мен бірлескен жұмысты жоспарладым.

  • Менің өткізген сабақтарыма басқа қызығушылық танытқан әріптестерімді, сабақтарыма шақырып, жаңа әдіс-тәсілдер туралы өзімнің білгендеріммен бөлістім.

  • Мектеп мұғалімдеріне жиналыс өткізіп қысқаша деңгейлік курстары туралы мәлімет бердім.

  • Презентациялар арқылы, сыни тұрғысынан ойлау әдіс-тәсілдерін көрсету арқылы ақпараттар бердім.

Мұғалімдерге арналған нұсқаулық бойынша: 2«Дәстүрлі оқытудан алынған механикалық есте сақталған мәліметтерді емтихан кезінде ұтымды пайдалануға болады бірақ мән-мағынасы терең меңгерілмей, жай ғана жатталғандықтан, тақырыпты оқыту аяқталған соң немесе емтихан біткен соң керексіз болып қалады және оқушы оны өмірде пайдалана алмайды. Сындарлы оқытудың мақсаты - оқушының пәнді терең түсіну қабілетін дамыту, алған білімдерін сыныптан тыс жерде , кез келген жағдайда тиімді пайдалана білуін қамтамасыз ету» деп жазылған соған байланысты сабақ беру формасын күрт өзгертуге тура келді, сонымен қатар сабақ берудің әдіс-тәсілдерін де өзгерттім. Ең негізгі жасаған жұмыстарымды сабақ беруге бағыттадым. Сабақ берудегі еңгізген өзгерістерді төменде салыстырмалы түрде көрсеттім.

Дәстүрлі сабақтағы болған жағдай

Қазіргі жағдай

Дәстүрлі сабақ болатын

Өзімді өзім реттедім. Жаңа әдіс-тәсілдерді қолданған сабақ жүргіздім. Сабақ жоспарына жеті модульді кіріктіріп құрастырып үйрендім. Сабақ жоспарын балалар үшін құрастырдым. Балаларға өздінінен білім беру мен білім алуларына жағдай жасадым.

Сабақтарда сабақтын тақырыбын айтып басталатын

Қазіргі сабақтарда балалар сыни тұрғыдан ойланып сабақтың тақырыбына өздері келеді. Сабақтың басынын аяғына дейін диалогтық оқыту қолданамын

Жеке жұмыс болған жоқ

Жеке жұмыс іске асқанда, балалар өздігінен әрқайсысы жеке нобай салғанда олардың қиялдары арта түсті ортаға салатын суретім басқаларына қарағанда жақсырақ болса екен деп тырысты, бәсекелестік пайда болды, сонымен қатар сабақтарға қызығушылықтары артты, жұмыстарын қорғап бір бірімен салыстырғанда өзіне сеген сенімділігі арта бастады.

Шағын топпен жұмыс болмайтын. Әрқайсысы өз суретін салып соны бағалауға әкелетін. Сабақ үстінде балалар бір бірімен араласпайтын, ақылдаспайтын

Шағын топпен жұмыс балаларды өте қызықтырады. Оларға бір бірімен ақылдасып, бірге сурет салған өте ұнайды. Шағын топтағы салған суреттеріне әңге құрастыру, суреттерін қорғау оларды жақсы жұмыс істеуге ынталандырады. Басқа топтың алдында ұятқа қалмау үшін, берілген мәтіндерді, тапсырмаларды жақсы меңгеріп отыруға тырысады. Мен шағын топтарда дарынды балалармен оқуға ынтасы жоқ балаларды бірге отырғызу арқылы жұмыс процессіне қызықтырамын, дарынды балалар басқа балаларды оқу жүйесіне қосады, топтың ішінде жұмыс істетуге мүмкіндік береді, өздеріне сенімділіктерін арттырады.

Бағалауда мұғалім бағалайтын, тек суммативті бағалау болды.

Білім беру үшін бағалау және оқытуды бағалуды қолданамын. Қазіргі сабақтарда бағалаудың формативті түрлерін қолданамын: балаларға өзін-өзі және достарын бағалауды үйретемін (бағалау парағы таратылады, оқушылар оны өздері толтырады.), жұптарда өзара бағалау, топтардағы өзара бағалау, оқушылардың арнайы қабілеттерін бағалау, (сурет салғанын, топтағы идея айтқанын, синквейн құрастыруда үлес қосқанынт.б.) өзін-өзі бағалау, оқушылардаң сұрау және алу т.б. сабақтарда қолдануға болады. Балаларға мұғалімнің қойған бағасынан ла өздері бірін бірі бағалауды ұнатады.

Сабақтарда тек сурет салатын. Сурет салу техникасын өзгертетін

Сабақтарда жұмыстың бірнеше түрлерін қолданады: суреттер қарайды, кластер құрастырады, сурет салады, мүсіндейді, коллаж жасайды, әңгіме құрастырады, слайдтар, бейнефильмдер көреді, өз ойларын білдіреді, бір бірімен ақылдасады, ортақ шешімге келеді, жұмыстарын қорғайды, өздерін өздері бағалайды, әр сабақтын аяғында кері байланыс жүргізеді, өздерінің сабақтан алған әсерлері жайында жазып отыады.

Сабақтарда жай ойлау процессі болатын

3«Сыни тұрғыдан ойлау «ойлау туралы ойлану» деп сипатталған. Ол маңызды нәрселерді талқылауды жәнетәжірибені ой елегінен өткізуді қамтиды» деп айтылғандай, балаларға проблемалық сұрақтар қойдым, өз ойларын еркін айтуға жағдай жасадым. Айтарлықтай сыни тұрғысынан ойлауды қолдандым: сұрақтар қою, шешім табуды қажет ететін мәселені анықтаудан басталады, өзіндік және жеке ойлау, оқушы нені ойлау керектігін шешу, мәселені шешудің жолын өзі іздеп табады да, сол шешімді негізі бар саналы дәлелдермен нақтылай түседі. Балалар терең ойлайды. Сыни тұрғыдан ойланады, деректер жинайды, сұхбат алады, сабақтар әр-түрлі әдіс-тәсілдермен ұйымдастырылады, проблемалық сұрақтарға жауап берді

Сабақтарда мен тақтаға сурет салып балалардын сол суретті дұрыс көшіріп алуды талап ететінмін.

Сабақ беруді өзгерттім, сабаққа дұрыс қатыспаған балаларды зерттеуге алдым. Ол балаларда пайда болған кедергілерді жою жұмыстарын өздерінің сыныптастары арқылы жүргіздім. Сыныптағы балалардың үлгерімдері әр-түрлі болғандықтан, әр сабақ сайын оларға еңгейлік тапсырмалар беріп отырдым. Сабақ берудің формаларын өзгерттім: топпен оқыту, жұппен оқыту, дербес оқытуды сабақтарымда қолдандым.

Сабақтарда АКТ-ны тиісті деңгейде қолданбайтынмын

Білім беруде ақпараттық-коммуниккациялық технологияларды пайдаландым: Теледидар бағдарламаланы, сандық теледидар, интернет, ұялы телефон, ұтқыр қондырғылар, компьютер, ноутбукпен жұмыстар жасауға сабақтарда мүмкіндік беремін. Әр сабақта интерактивті тақтаны қолданамын. Практика кезінде сабақтарымды видеокамераға түсірдім, балалардың іс әрекеттерін фото суретке түсірдім,бас кезінде балалар қысылса да кейін балалар камераға үйреніп өздерін еркін үстай бастады. Бұның балаларға болашақ өмірде пайдасы тиеді деп ойлаймын.

Жеке дарынды және талантты балаларға сабақ үстінде арнайы көңіл аударылмайтын.

Талантты және дарында балаларды оқыту: Сауалнамалар арқылы дарынды және талантты балаларды анықтау, оларға күрделірек тапсырмаларды беру, тапсырманы кеңейту, тереңдетіп оқыту, кең көлемді жобалар немесе зияткерлік тапсырмаларды кеңейту түрінде берілуі. Балаларды зерттедім, қиыншылықтар мен кедергілерді таптым, оларды жою амалдарын таптым

Сабақтаға көшбасшылық болатын, бірақ сабақты өзім түсіндірдім, өзім бағаладым, сабақтарда балаларға еркіндік берген жоқпын.

Сабақ беру кезінде мен көшбасшы ролін атқардым, балаларды бақылап, бағыттап отырдым. Тапсырмалар бердім, мәтін тараттым, проблемалық сұрақтар қойдым. Сабақ үстінде балалар еркін сөйледі, ойларын еркін жеткізді.

Сабақты бір формамен өткізетінмін

Қазіргі сабақтарда әр түрлі стратегияларды қолданудамын: сұхбат алу, ой тастау, миға шабуыл, эссе, синквейн, пікірталас, Б-Б-Б, Блум таксономиясы, басты терминдер, проблемалық сұрақтар қою, қиындықтарды шешуге қажетті стратегияларды құру, интерактивті технологияны қолдануды меңгерудемін. Аталған стратегияларды сабақ үстінде қолданып отырмын. Қазіргі сабақтарда сабақтын тақырыбына оқушылар сыни тұрғыдан ойлап, біраз әрекет жасап өздері келеді. Балалардың ойлануларына проблемалық сұрақтар қойылады. Ол балалардың терең ойлануларына ықпал етті. Балалардың өзінің айтқан ойларының маңыздылығына көздері жеткенін байқадым.

Бір ай «Бетпе-бет» кезіндегі алған білімді практикамен ұштастырған кезде көптеген өзгерістер болғанын бақыладым. Сабақтардың сапасы көтерілді. Ең бастысы сабақта барлық балалардың жұмыстарын бағалау болды. Балалардың да сабақтардан алған әсері мол, жасаған жұмыстары нәтижелі. Осы алған білімнің менің тәжірибемдегі орны ерекше, маңызы зор. Әрі қарай жалғастыруға және өз практикамда қолдануда көп жетістіктерге жеткізетініне сенімдімін.

Сілтемелер:

  1. Мұғалімге арналған нұсқаулық: (Strong6 Ward & Grant6 2011) 5 бет.

  2. Мұғалімге арналған нұсқаулық: «Білім берудегі Кембридж тәсілінің теориялық негіздері» 5 бет.

  3. Мұғалімге арналған нұсқаулық: «Сыни тұрғыдан ойлауды үйрету» 48 бет7

/2270 сөз/


© 2010-2022