Бейнелеу өнері 3 сынып Оригами

Раздел Изобразительное искусство и Мировая художественная культура (ИЗО и МХК)
Класс 3 класс
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат doc
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Бейнелеу өнері

3 сынып

Тақырыбы: Оригами. Балық.

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: Оригами өнерімен таныстыру, Жапон өнері жайлы мағлұматар

беру,

Жапон өнерінің әлем мәдениетіндегі маңызы жайлы айту.

Дамытушылық: Оқушылардың ой - қиялын, есте сақтау қабілетін

шығармашылығын дамыту.

Тәрбиелік: Оқушылардың эстетикалық талғамын, өнерге деген көзқарасын

тәрбиелеу.

Сабақтың көрнекілігі: Оригами - құстар, қайық.

Сабаққа қажетті құралдар: Түлі түсті қағаздар, қайшы, қарындаш, фломастер.

Сабақтың түрі: Жаңа сабақ.

Сабақта қолданылатын әдістер:

Ауызша:

  • Тақырыпты және сабақтың өту ретін түсіндіру.

  • Тапсырманың міндеттерін түсіндіру.

  • Сабақты қорытындылау.

Көрнекілігі:

  1. суреттерді көрсету.

  2. жұмысты орындау кезеңдері.

Практикалық: өзіндік жұмыс.

Сабақтың барысы

Оригами отаны - Жапон елі. Қағаз бүктеу өнері Күншығыс елінде көп ғасырлар бойы бұрын өмірге келген. Ерте заманда оригамимен храмдарды безендірген. Каннон құдайының храмына әкеліп қоятын. Өйткені оригами сөзі жапон тілінен аудрылғанда, «ори» - бүктеу, «ками» - құдай және қағаз дегенді білдіреді.

Көп жылдан кейін храмдарға апару ұмытылып, император сарайына жетеді. Сарай қызметкерлерінің қағаздан зат, бұйым жасау, үлкен бір өнер, мәдениет болып саналған. Ол жылдары қағаз өте қымбап және сирек кездесетін болған. Бай отбасыларында оригами фигуралары олардың елтаңбасы және мөрі болып саналған. Кейін бұл өнермен әйелдер мен балалар айналысытаны болады. Ұлттық дәстүрлерінде, карнавал, ұлттық мерекелерінің бір бөлігі болып қала берді.

XIX ғ. екінші жартысында оригами жапон елінің сыртына шықты. Еуропа елдерінде классикалық оригамимен таныса бастады. Оригами дамуы екінші дүниежүзілік соғыстан кейін, Акира Йошизава деген оригами шеберінің арқасында басталды.

Бұл кісі 1911 жылы өмірге келген.Соғыс кезінде ол әскери заводта жұмыс істеген. Ол оригами өнерін жаңғыртып, мыңдаған әдемі, әсем фигураларды құрастырды. Оригами 1941 жылы 6 тамызда болған трагедиямен байланысты, Хиросима қаласына атом бомбасы тасталынған. Осы экспериментте 420 мың адамнан 80 мыңы қайтыс болады.Өлгендердің арасында балалар көп болды. Ауру балалардың арасында, өмір символы, құсы - тырна жайлы аңыздар тарады. Мың тырнаны жасаса, ауруынан сауығып, тірі қаламыз дегенге сенген. 12 жасар аура қыз тек 644 тырнаны жасап үлгереді.

Оригами балықты жасау жолдарын түсіндіру.

Тапсырма: «балық» бейнесін жасау. Технологиялық картаны пайдалану.

Өзіндік жұмыс.

Жұмысты аяқтау.

Бағалау.

Сабақтың құрылымы

Сабақ кезеңдері

Мұғалімнің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

Уақыты

Не жасалады

1. Ұйымдастыру кезңі

Оқушылармен сәлемдесу,журналға келмеген оқушыларды белгілеу, сабақ барысымен таныстыру.

Кезекшілер сабаққа келмеген оқушылар тізімін береді немесе ауызша айтады.

1 мин.

2. Үй тапсырмасын тексеру.

Фронталды және жеке ауызша сұраймын. Жұмыстарын бағалаймын.

Сұрақтарға жауап береді.

7 мин.

3. Сабақты қайталау арқылы ойын өткізу.

Жауап береді.

3мин.

4. Сабақтың тақырыбын түсіндіру.

Жаңа сабақтың тақырыбы, мақсаты мен міндеттерін түсіндіру.

Альбомға сабақтың тақырыбын жазады.

1мин.

5. Жаңа сабақты меңгерту.

Әңгімелеу, түсіндіру, таныстыру.

Сұрақтары болса қояды.

10 мин.

6. Жаңа тақырыпты бекіту.

Өзіндік жұмыс. Кезеңдер бойынша жұмыс жасау.

Жұмысты орындайды.

20 мин.

7. Сабақты қорытындылау.

Сұрақ - жауап:

-жаңа сабақта не білдіңдер? Сабақ ұнады ма? Өзіндік жұмыстарын бағалаймын.

Сұрақтарға жауап береді, пікірлерін айтады.

2 мин.

8. Үй тапсырмасы.

Үй тапсырмасын орындауды түсіндіру.

Күнделікке жазып алады.

1 мин.



© 2010-2022