Қарапайым тіліктерді орындау және белгілеу

Раздел Изобразительное искусство и Мировая художественная культура (ИЗО и МХК)
Класс -
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Қаралды ____________

____________2016 ж

Сызу 9- сыныптар 16. 01.2016 ж

Сабақтың тақырыбы: Қарапайым тіліктерді орындау және белгілеу

Сабақтың мақсаты: тақырып бойынша түсінік беру

Тәрбиелік : ұқыптылыққа , сызбаларды дұрыс орындай білуге тәрбиелеу

Дамытушылық : оқушылардың ой өрісін дамыту, сабаққа деген ынтасын арттыру

Құрал жабдық, көрнекіліктер:

Сабақтың түрі: аралас сабақ

Әдіс тәсілдері: түсіндіру, сызбалар орындау

Сабақтың барысы : ұйымдастыру

а) оқушылармен амандасу

б) сыныптың сабаққа қатысын тесеру

в) үй тапсырмасын тексеру

Жаңа сабақ: Сызбада тек нәрсені мен қималардың көмегімен ғана бейнелеу әр уақытта мүмкін бола бермейді. Егер қандайда бір тетікте ішкі беттер бар болса, осы беттердің сипаттамасын тетіктің тіліктерінде көрсетеді.

Тетікті бір немесе бірнеше қиюшы жазықтықпен ойша қиғанда алынатын кескін тілік деп аталады.

Тілік пен қиманы шатастырмау керек. Тіліктің қимадан айырмашылығы мынада: тілікте қиюшы жазықтықтағыны ғана емес, сонымен біргеқиюшы жазықтықтың арғы жағында жатқандарды да көрсетеді.

Тетік қиюшы жазықтықпен ойша қиылады да, тетіктің бақылаушы мен қиюшы жазықтық арасында орналасқан алдыңғы бөлігі алынып тасталған сияқты болады. Қалған бөлік проекция жазықтығына проекцияланады. Мұнда қиюшы жазықтықта орналасатын және тіліктің құрамына енетін қима фигурасы штрихтаумен ерекшеленеді. Тетіктің қиюшы жазықтықта жататын тұтас бөліктері штрихталады.

Тілікті орындау нәтижесінде көріністе штрих сызықтармен жүргізілген ішкі контурдың сызықтары көрініп тұрады, сондықтан тұтас негізгі сызықтармен кескінделуі тиіс.

Қиюшы жазықтықтың проекция жазықтығына қарағандағы орналасуына байланысты тіліктерді горизанталь,вертикаль және көлбеу тіліктер деп бөледі.

Бұл тіліктердің барлығы да тетікті ойша бір ғана қиюшы жазықтықпен қию барысында алынған жағдайда қарапайым тіліктер деп аталады.

Вертикаль тіліктердің өзі фронталь және профиль тіліктер болып екі түрге бөлінеді.Фронталь тілікті тетікті фронталь прекция жазықтығына параллель қиюшы жазықтықпен ойша қию арқылы аламыз.

Профиль тілікті, тетікті профиль проекция жазықтығына параллель болатын қиюшы жазықтықпен қию кезінде алуға болады.

Горизонталь тілік тетікті горизонталь прекция жазықтығына параллель болатын қиюшы жазықтықпен қию кезінде пайда болады.

Горизонталь проекция жазықтығымен тік бұрыштан өзге бұрыш жасай орналасатын қиюшы жазықтық жасайтын тілік көлбеу тілік деп аталады.

Көлбеу тілік қарау бағытына сәйкес салынуы және орналастырылуы тиіс. Қажет болған жағдайда көлбеу тілікті сызба алаңының кез келген жеріне орналастыруға болады.

Үйге тапсырма: Тілікті алу және орындау

© 2010-2022